Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін айқындау. Отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Сонымен қатар, ата-ана мен оқушының бірігіп жұмыс жасауына ықпал ету. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Мұғалім, ата-ана мен оқушы арасындағы байланысты нығайту.Мен және менің отбасым тақырыбында өткізілген сыныптан тыс жұмыс
сынып сағаты2018ж.docx
Күні:30.01.2018ж.
Сынып сағаты: «Мен және менің отбасым» 3 «Д» сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала тәрбиесіндегі атаананың алатын орнының ерекше екендігін
түсіндіру. Жанұядағы ата –анамен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ата
–анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата ана үштігін нығайту. Отбасы
мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым –қатынасты
қалыптастыру, үлкенді сыйлауға сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: қазақ халқының терең тамырлы, өнегелі әдет –ғұрпын, салт –
дәстүрін, мәденей мұрасын, оқушылар бойына дарыттып, теориялық білімдерін іс –
әрекетпен ұштастыру.
Тәрбиелігі: ата –аналар тәжірбиесінің ең жақсы үлгілерімен, имандылық, еңбекшілдік
және адамгершілік рухында тәрбиелеу.
Түрі: сайыс.
Әдісі: пікір алысу, ой қозғау.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал – мәтелдер жазылған
плакаттар.
І – бөлім: «Таныстыру»
ІІ – бөлім: « Білімдіге дүние жарық»
ІІІ – бөлім: «Күле отырып ойланайық»
ІV – бөлім: «Тығырықтан шығу»
V бөлім: «Мақалдың жалғасын тап» ойыны
VІ – бөлім: «Сөз тапқанға .....................»
VІІ – бөлім: «Көңіл күйді жаттықтыру» ойыны
VІІ – бөлім: «Қорытынды»
Халқымызда «Ата –ана – бәйтерек, бала жапырақ» деген дана сөз бар. Бәйтерек өз
тамырынан қоректік заттар алып, оны жапырақтарына жеткізеді. Жақсы ата – ана да
бәйтерек сияқты. Отбасында бала нені көріп өссе, соны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің
ең үлкен мектебі – ол өзінің отбасы. Бүгінгі балаларды біріктіріп, сайыс өткізудегі басты
мақсат егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар тәрбиелеу. «Менің отбасым»
сайысына қош келдіңіздер!
Алдарыңыздағы екі топты қарсы алыңыздар! 1 топ «Болашақ», 2топ «Жас қыран».
Бәйгенің аттарындай шабыстары
Білімнің ұшқыр болсын табыстары
Қол соғып қошеметтеп отырайық
Екі топ бүгін міне сайысуда
ІІ – бөлім: « Білімдіге дүние жарық»
І – топ
1. Балдан тәтті?(Бала) 2. Қара шаңырақтың иесі кім?(Кенже бала)
3. Балаға кім сыншы?(Ата)
4. Әкеден балаға берілетін зат?(Мұра)
5. Үйдегі алтын адам кім?(Ана)
6. Бес дұшпанды атаңдар?(Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
ІІ – топ
1. Тәрбиемен білімнің ортасы?(Мектеп)
2. 18 жасқа толмаған адам?(Бала)
3. «Өзін – өзі тану» бағдарламасының авторы кім?(С. Назарбаева)
4. Екі адамнаң бір – біріне деген адалдығы?(Достық)
5. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде?(Орта)
6. Бес асылды атаңдар?(Талап,еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой)
ІІІ – бөлім: «Күле отырып ойланайық»
І – топ
1.
2.
Дүниеде ең шапшаң нәрсе не?(Ақыл ой)
Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар көбірек атайды?
( Есімің)
ІІ – топ
1.
2.
Кім барлық тілде сөйлейді?(Жаңғырық)
Ұй ішінде төрт мысық, сол төрт мысықтың алдыңда үш мысық. Сонда үй ішінде
қанша мысық?(Төрт)
ІV – бөлім: «Тығырықтан шығу»
І – топ
1. Көктем мезгілі. Жолдасын сабақ оқуың азайтып,сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл
бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмен деп кетті. Сен не істейсің?
2. Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап,
адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
ІІ – топ
1. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.
Белгілі себептерімен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Сен не істейсің?
2. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар.Ол оқушыға деген көз
қарасың қандай?
V бөлім: «Мақалдың жалғасын тап» ойыны
Мақал сөздің мәйегі
Мақал сөздің атасы
Мен бастайын мақалды Жалғасын сен аташы.
Тоқсан ауыз сөздің де
Түйіні бар тобықтай
Сөз сиқырын сездің бе
Мағынасын толықтай.
І топ
1. Атаға қарап ....................(ұл өсер)
Анаға қарап ...............(қыз өсер)
2. Ананың көңілі балада ..........................(баланың көңілі далада ).
3. Ата – ананың қадірін ..........................(балалы болғанда білерсің)
4. Атаның баласы болма ...............(адамның баласы бол)
5. Ұяда не көрсең ................. (ұшқанда соны лерсің)
ІІ – топ
1. Балалы үй базар........... (баласыз үй мазар)
2. Ата көрген оқ жонар...................(ана көрген тон пішер)
3. Ананың сүті – бал ................ (бала тілі бал)
4. Ақылды қария – ағып жатқан..............(дария)
5. Ауылында қария болса,
Жазып қойған............... (хатпен тең)
VІ – бөлім: «Сөз тапқанға .....................»
І топ
1. Тілді қадірлейсіз бе?
2. Орысша сойлеуге қызығасыз ба?
3. Кітап оқығанды ұнатасың ба?
4. Достарыңыз кімдер, көп пе?
5. Тілімізді,дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?
6. Баланың бас ұстазыатаана ма?
7. 16желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?
ІІ – топ
1. Мектепке немен келесіз?
2. Көршіңмен татусың ба?
3. Дүниедегі қымбат жан?
4. Түлкі неге қу аң?
5. Су тіршілік көзі ме ?
6. Бақыт дегеніміз не?
7. Ит жеті қазынаның бірі ме ?
VІІ – бөлім: «Көңіл күйді жаттықтыру» ойыны
І – топ 1. Жылап тұрған адамның кейпін көрсетіңіз.
2.Қатты күліп тұрған адамның бейнесін бейнелеңіз.
ІІ – топ
1. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсетіңіз.
2.Ренжіп тұрған адамның кейпін көрсетіңіз.
VІІ – бөлім: «Қорытынды»
Сайысымыз осымен аяқталды, сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.
" Мен және менің отбасым". Сынып сағаты. 3 сынып.
" Мен және менің отбасым". Сынып сағаты. 3 сынып.
" Мен және менің отбасым". Сынып сағаты. 3 сынып.
" Мен және менің отбасым". Сынып сағаты. 3 сынып.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.