ЭССЕ
Абай Құнанбаевтың
«он тоғызыншы» қара сөзіндегі «естелік пен білімділік»
Абай –ұлт ақыны. Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десем, қателеспеген болар едім. Ғажайып суреткер, нәзік лирик, көркемсөз шебері, ең алдымен- ойшыл ақын. Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймаған рухани қазынасы.
Қазақ халқының рухани қазынасын тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін рухани құндылықтарға иесі болу шарт. Абай өз заманының сипатын, қазақ халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен.
Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып» деуіне үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылықты сақтайтын ұят-намыс керек дегенді айтады. Ол осы адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек-адамның ішкі сезімі деген ұғымда қолданған. Абай 50 жасқа келген шағында қара сөздерін жаза бастаған. Абайдың қара сөздерінің өзегінде қаншалықты терең ойлы пікірлерге мен толғаныстарға толы, тілі мен құрылысы ерекше. Ол туралы М.Әуезов: «Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді».
Кемеңгер ақын әр шығармасының түпкі негізгі-адам, толық адам. Қай кезеңде де адамның бар болмысын көрсету басты мәселе болып табылады. Менің ойымша, Абай атамыздың қара сөздері арқылы адам өзінің болмысындағы кемшіліктерін түсініп, сол кемшіліктерін түзеуге талпынды деген ойдамын. Абайдың қара сөздеріндегі адам болмысының сырын қғыну үшін «он тоңызыншы» қара сөзіндегі адам бойындағы қасиеттерді ұғыну, ілім-білімді игеру жөніндегі ой – пікірлерді саралаймын.
Абай атамыз өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып, ескере дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы» деген екен. Менің ойымша, адам өзінің бар өмірін ізденіспен өткізу керек. Күллі дүниені танып, танысып көрсе ғана адам естеліктің не екендігін ұғар. Өзі танып білген нәрселерді адам қайткенде де есте сақтап, оларды өзінің өмір серігі етудің әдістерін ойлағаны жөн деп ойлаймын.
«Білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - дер айтқан екен Абай ақын. Шынымен, осыны білсем, үйренсем деген ой-сезім тілектеріне жету жолында талмай еңбек етудің алар орны ерекше екендігі анық. Сөз қадірін, ой қадірін түсінген адам ғана білімді бола алады.
Ең бастысы «Білгенім, көргенім көп»-деген адамдардан сақтанғанымыз жөн. Ондай білімділерден жақсы нәрселерді ескере, ал жаман нәрселерден сақтанса ғана адам есті болар. Сонымен, адам болып дүниеге келу өиын іс. Адамдық қасиетті қалыптастырудың басты кілті-естелік пен білімділік. Осы өос ұңымды түсіну арқылы, өмірдің мәні не екендігін түсінесін, сонда ғана адам болып қалыптасасын.
Ойымды қорытындылай келе, есті сөзге сүйеніп, білімді болуға талпынып, өмірді тануға қызығушылық танытып, көңілге түйгенде ғана мәніне терең бойлап, өз өміріңе жаратады екенсің. Адамды бақытқа жетелейтін ілім-білімді игеру кім де кімнің қолынан келетін іс.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.