Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі – Ыбырай Алтынсарин
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық .
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
(Ы. Алтынсарин)
Ыбырай (Ыбраһим) Алтынсарин – қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог. [1] Ы. Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі –адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастыру, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай атамыз.Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптастыруына әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін ақыл – парасаты жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды . Ыбырай Алтынсарин бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім – тәрбиесін,үлгі –өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңіре білді. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие мәселелерін қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ
Ы. Алтынсарин ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметіне көрініс тапты. Ы. Алтынсарин шығармалары салт –дәстүрі, әдеп – ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу –білім, өнерге құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірі оқушы зердесіне сіңіру үшін түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданды. [2]
Ы. Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік, нақыл - насихаттық
мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер мен білімге баулуды көздеді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер деп санады. Сол себепті Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда,Ақтөбеде,Қарабұтақта мектеп –интернат аштыртуының тарихи мән – маңызы зор болды.Ы. Алтынсарин қызметінде оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алды. Мектептегі оқыту мен тәрбие үрдісінде жүргізуші мұғалім деп таниды. Ы. Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндірді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» әңгімесінде көрінеді.
Шығармаларында оның өнерге деген ықылас –ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері мен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың әсемдігін,адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиеледі, оның өлеңдері мен әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Сиса көйлек үстінде,
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы,
Шоқуменен табылған. – деп педагогтік тәсіліменен балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. [3] Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана деп жазған болатын. Ы. Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімді үйрену, талпыну, адамды сыйлауға үгіттеді. Қоғамдық ой – сананы дамуына өзіндік үлес қосқан ұлы тұлғалардың қатарына Ыбырай Алтынсарин есімі де тұрады. Ұлы ғалам –педагог Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» және «Таза бұлақ» деген оқу – әдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады. Және болашақ ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі. Жеке тұлғаның оқу мен өнерге, мәдениетке, адамгершілік тәрбиелеуде
Ы. Алтынсарин аса бағалы,бай қор – қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Бұдан ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармашылығынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергенін көреміз. [4]
Ы. Алтынсарин еңбек үрдісінде бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білген. Мәселен «Асыл шөп» әңгімесінде Алтынсарин Бәтима бойынан сабырлықты, шыдамдықты, байлалдылықты көрсете бәлсе, ал, Злиханың іс –әрекетінен сабырсыздықты, шыдымсыздықты бейнелеген. Осы жерде қортынды жасай кететін болсам: мұндай балалар қазірге таңдада кездесип отыратындығын көруге болады. Осы орайда оқушыларды сабыр мен сабырсыздықты, шыдымдылық пен шыдымсыздықтың ара жігін ашып, біріз мағұлмат беруге болады. Ы.Алтынсарин осы іспектес әңгімелерін де еңбек үрдісінің адамның сана – сезіміне психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатындығын жақсы түсіндірген. Ыбырай келешегінен үміт күткен, өз халқын жан тәнімен сүйген. Халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсаған нағыз ұлтжан азамаматтардың бірі[О1] .
________________________________________________________________
1 – «Тарихи тұлғалар». Алматыкітап, 2008ж. 106 бет
2 - Ы. Алтынсарин тағылымы. Құрастырған М.Жармұхаметов
3 – Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» Алматы,1989 ж.
4 - Ы. Алтынсарин Алматы,2007ж.
Скачано с www.znanio.ru
[О1]Сілтемені қалай жазу керекқараңыз жөндеңіз
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.