"Ғылымға қадам" үйірмесінің авторлық бағдарламасы. 5-сынып
Оценка 4.9

"Ғылымға қадам" үйірмесінің авторлық бағдарламасы. 5-сынып

Оценка 4.9
docx
29.11.2020
"Ғылымға қадам" үйірмесінің авторлық бағдарламасы. 5-сынып
Чекетаева Роза.docx

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШҚО ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

ӨҚӘ  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ

 

 

Аптасына: 1сағат.

Сағат саны: 34  сағат

 

Сыныптар: 5 «а», 5 «б»

Жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл

 

 

 

 

 

 

                Дайындаған: Жоғары санатты

тарих пәні мұғалімі, педагог шебер,

тарих ғылымдарының кандидаты

Р.С.Чекетаева

                                                                       «Қ.Нұрғалиев атындағы

 №43 мектеп-лицейі» КММ

 

 

 

 

 

                                                                        

 

 

 

Өскемен, 2020 жыл

    

 МАЗМҰНЫ

 

     Түсінік хат

 

 

3 б

1.        Бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі

 

 

6 б

2.     Үйірме бағдарламасының мазмұны

 

 

10 б

3.     Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру

 

 

13 б

4.     Жоба

 

 

16 б

4.1.          Жоба әдісі

 

 

16 б

4.2.          Жобалардың әртүрлілігі мен жіктелуі

 

 

17 б

4.3.          Жоба әдісін қолдануға қойылатын негізгі талаптар

 

 

19 б

4.4.          Жоба бойынша жұмыс жүргізудің кезеңдері

 

 

19 б

5.     Оқушылардың өздік жұмыстары

 

 

20 б

 

 

     Әдебиеттер тізімі

 

 

 21 б

      Дидактикалық материалдар

 

 

 23 б


 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮСІНІК ХАТ

Өзектілігі. ҚР БжҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясын ұсынған ҚР орта білім беру  ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта: «Сабақтан  тыс уақытта балалардың жұмыспен толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін пән мұғалімдерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Пән мұғалімдері үйірмелер, секциялар жүргізе алады.  Қосымша мектептен тыс іс-шараларды, үйірмелер мен секцияларды ұйымдастырудың басты мақсаты -  баланың  дарындылығын ерте анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның жан-жақты қызығушылықтарының шеңберін қалыптастыру, кәсіби өзін-өзі анықтауға жәрдемдесу»  [1, 407 б] дегендіктен бұл үйірме жұмысының бағдарламасы өзекті мәселеге арналған.

«Ғылымға қадам» үйірме  жұмысының Бағдарламасы әдістемелік нұсқау хаттағы «білім алушылардың қажеттіліктері балаларға қосымша білім берудің  жобалық зерттеулер және басқа бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі» [1, 399  б] ұсынымын ескере отырып  әзірленді,  Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптары негізінде жұмыс бағдарламасы құрылған.

Үйірме жұмысындаоқушылардың функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік дағдыларын дамытуға ерекше мән берілген, сондықтан да дарындылығы бар оқушыларға бағытталған. Авторлық бағдарламада үйірме жұмысын жүргізуде қолданылатын әдістер, қағидалар мен зерттеу жұмысы, жобалар жайлы мағлұматтар, сабақ жоспарлары жинақталған. Үйірмеде тұлғаны қалыптастыру, оқушының танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды. Өйткені бүгінгі таңда оқушылар мектептен тек пәндік білім, білік, дағды мен тәрбие ғана емес, заман сұранысына қарай ХХІ ғасырдың кең ауқымды дағдыларына да ие болулары қажет.

Берілген сағат саны: Үйірмеге қатысушы сыныппен аудиториялық сағат аптасына  1 сағат, аудиториядан тыс сабақтар да жоспарланған (кітапхана, муражай, мұрағат, табиғатта т.б; жекелей оқушымен кеңестер т.б.).

Мектеп-лицей оқушыларының қажеттіліктерін ескере отырып, үйірмеге ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын орта буын оқушыларын (5сынып) қатыстыру жоспарланған.

Бағдарламаны жүзеге асыру уақыты:1 жыл.

Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.

Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігінигерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міңдеті болып саналады. Педагогтың басты міндеті - оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын ұйымдастыру.

Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын меңгерту және ғылыми жобаларға дайындалу жолдарын үйрету.

Міндеттері:

-         ғылыми жобаны орындау бойынша жалпы ұсыныстарды беру, жоба мазмұнына қойылатын талаптарды үйрету;

-         жобаның құрылымы мен мазмұнын жазуды  зерделеу;

-         оқушыларға әртүрлі ақпарат көздерін қосымша оқу, анықтамалық әдебиетпен, мәліметтердің электрондық базасымен, каталог, картотекамен өздігінен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын түру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Педагогикалык. үрдісте білім алушылардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.

Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекетгерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудьң маңызы зор.

Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.

Үйірме жұмысының бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

Бағдарламаны табысты меңгерген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары:

Үйірме бағдарламасын меңгергеннен кейін оқушылардан күтілетін нәтиже:

-         оқушының  терең түсіну қабілеті дамиды, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білетін болады;

-         оқушылардың түйінді идеяларды анықтай білу, түрлі дерек көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу,өз бетінше рефлексия жасау қабілеті  қабілеті  дамиды;

-         гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасайды;

-         мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құрады, бақылайды, эксперимент жүргізеді, зерттеу жұмсысының нәтижесін бағалайды және сипаттайды, пайымдайды, қорытынды шығарады;

-         ғылыми жоба жазуға дағдыланады.

Оқушының негізгі  білім–біліктілігіне, икем–дағдысына қойылатын талаптар:

-                     Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу, кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы жетіледі;

-                     ғылыми жобаның ғылыми аппараты. Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері. Зерттеу нысаны, пәні туралы біледі; ғылыми жобаның мазмұны, құрылымы жайлы  түсінік қалыптасады;

-                кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс;

-                коммукативті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдана  алуы керек.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады. 

Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды  және жетілдіреді.

Бұл «Ғылымға қадам» үйірмесі бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:

-     БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

-     дерекқордан және интернеттен ақпаратты  іздеу;

-     сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;

-     сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;

-     басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;

-     электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;

-     интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;

-     аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Білім беру бағдарламалары мақсаттарының бірі - түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін қажетті дағдылардың дамытылуы - түрлі формадағы қарым-қатынасты бағалайтын әрі қолдайтын, оқушының өз пікірі мен көзқарасын сенімді түрде білдіре алатын ортаның көмегі мен ынталандыруы арқылы жүзеге асырылады.

Оқу үдерісінде оқушылардың коммуникативтік, сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынаста әртүрлі ақпарат құралдарын пайдалана отырып, пәндік ғылыми тілді сауатты түрде қолдана білу дағдылары дамытылады.  Ауызша сөйлеуді дамыту мақсатында  жұппен үлкен және кіші топтарда сыныппен жұмыста қарым-қатынас жасаудың құралы ретінде диалог талқылау, пікірталас өз пікірін айту.

 

1.   БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

 

«Ғылымға қадам» үйірме жұмысын оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер:

Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады. Олар:

1. Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

2. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

3. Үйірме жұмысының оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы үйірменің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын ғылыми, шығармашылық, ақпараттық, тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

4. Үйірме жұмысында мақсат, міндеттер, күтілетін нәтижеге  қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Сабақтың түрлері: Дәрістер, мультимедиялық презентацияларды пайдаланған дәрістер, тренингтер, практикалық сабақтар, шеберлік сабақтары, дәріс-диалог, дөңгелек үстелдер, конференциялар т.б.

Сабақтарды жүргізу түрлері мен әдістерін мұғалім негізгі материалдың дидактикалық мақсаты мен мазмұнына қарай таңдап үйлестіріп отырады. Сонымен қатар сабақтар интеллектуалдық жаттығулар мен тесттер өткізу, рефераттар, шағын жобалар  жаздырып, оларды талқылау түрінде жүргізіледі.

Оқыту әдістері

-  Диагностика;

-  Оқытудың интерактивті әдістері;

-  Шағын топтармен практикалық жұмыстар;

-  Пікірталас;

-  Рефлексия;

-  Сараптамалық жұмыстар;

-  Кеңес беру;

-  Проблемалық дәріс;

-  Іскерлік ойындар т.б.

Оқушылардың дайындық  деңгейін  бағалау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу материалдарының сипаттамасы:

Оқушылардың білімдерін бақылау:

-         Сауланама, тестілеу;

-         Сынақ;

-         Жоба жұмысы т.б.

Оқушылардың білім дәрежелерін анықтау олардың күнделікті білім деңгейін қадағалау осы оқу бағдарламасының үлгісін жүзеге асыру барысында белгіленген уақытта оқушылардың өзін-өзі тексеруі қарастырылған, бірақ емтихан қарастырылмаған.  Оқу жылының барысында оқушылар шағын топта өз қызығушылықтары бойынша ақпараттық, шығармашылық, ғылыми жоба даярлаужоспарланған.

Оқушының өз бетімен ізденуі, метатануын дамыту үшін кейбір тапсырмалар, сұрақ-жауап, бақылау жұмыстары мен тест жұмыстары т.б электрондық  почта арқылы кері байланыс, агент, ұялы телефон, скайп арқылы қарастыру көзделген.

Оқушылардың жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үлгілерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды  сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде оқушы жұмыстарының сапасын арттырады.

Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

-       Критерийлер үшеу-төртеуден кем болмауы керек;

-       критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы қажет;

-       критерийлер оқушылармен бірге құрастырылса тиімді;

-       мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек;

-       бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер құру қажет;

-       критерийлер жазбаша түрде берілуі керек.

-       критерийлер жария түрде келтірілуі керек, тақтаға жазып не іліп қойған орынды.

Жазба жұмысын орындауда оқушының өз әрекеттерін бағалау

 

 

Критерийлер

 

 

Әрқа-шан

 

Әдетте

 

Кейде

Ешқашан

 

 

Мен жоба тақырыбы бойынша қажетті ақпарат көздерімен танысып, оларды жан-жақты қарастырып қолданамын

 

 

 

 

Мен оқулықты қайталамайтын, өзіндік түсінігімнен туындаған жаңа көзқарас пен пікірлерді келтіремін

 

 

 

 

Мен өз пікірлерім мен ұстанымдарды нақты дәлелдерге сілтеме жасау арқылы келтіремін 

 

 

 

 

Мен өз пікірлерім мен ұстанымдарды анық және айқын түрде келтіремін

 

 

 

 

Мен баяндау стилін мұқият қадағалап, соған сәйкес сөздер мен тіркестерді таңдаймын

 

 

 

 

Мен проблеманы шешуді практикалық тұрғыдан қарастырамын

 

 

 

 

Мен ой қорытуда проблеманы философиялық (жалпыламала) тұрғыдан қарастырамын

 

 

 

 

 

Оқушының өзін-өзі бағалау кестесі (Топ ішінде талқылау жұмысы)

 

Критерийлер

 

 

Әрқа-шан

 

Әдетте

 

Кейде

Ешқашан

 

 

Мен талқыланып жатқан мәселені басқа проблемалармен салыстырып (аналогия келтіріп), олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаймын

 

 

 

 

 

 

Мен мәселені жан-жақты қарастырып, жалпыламалап, қорытынды жасаймын, барлық ойлар мен болжамдарымды  ортаға саламын

 

 

 

 

 

 

Мен нақты дерек көздеріне сілтеме жасап, барлық ұсыныстарымды нанымды түрде дәлелдеймін

 

 

 

 

Талқылау барысында мен басқалардың пікірлерін мұқият тыңдаймын, олардың сөздерін  бөлмеймін, олармен санасамын

 

 

 

 

 

 

Проблема шешуде ортақ мәмілеге келу үшін мен өз пікірлеріме  өзгерту енгіземін

 

 

 

 

 

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері

 

Критерийлер

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Шығармашылық қабілеті

Жоғары

Жаңа ғылыми жолдарды табуда шығармашылық қабілет танытады

Орташ а

Жаңа тәсілдерді талдау жасауға шығармашылық қабілеті жетеді

Төмен

Жоба рефераттық сипатта

Ғылыми ойлау

Жоғары

Жобаның кіріспесінде ғылыми аппараты толық, негізгі бөлім, тұжырым, қорытынды ұсынысымен берілген. Нәтижесі жүзге асырылған

Орташа

Жұмыстың нақтылығы мен қажеттілігі, өзектілігі, күтілетін нәтижесінің құндылығы бар

Төмен

Жұмыстың ғылыми аппараты әлсіз,  қорытындысы берілген

Сөйлеу шеберлігі, материалдың жеткіліктілігі

Жоғары

Автордың аудиторияны толық өзіне тарта алады, жобаның негізгі сәттерін көрсете білуі, тәжірибелік т.б. материалдардың жеткілікті болуы

Орта

Автордың баяндау тәсілі түсінікті, жобаның негізгі сәттерін көрсете білуі, тәжірибелік т.б. материалдардың жеткілікті болуы

Төмен

Автордың баяндау тәсілі түсініксіз, жобаның толық ашылмауы, тәжірибелік т.б. материалдардың жеткілікті болмауы

 

«Ғылымға қадам» үйірме жұмысын  оқыту үшін қажетті арнайы жабдықтар, ресурстар мен материалдар: 

-     интернет желісінің қосылуы: компьютерлер/планшеттер;

-     проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар;

-     бейне және аудиоресурстар: тақырыптар бойынша бейнематериалдар жиынтығы;

-     баспаматериалдары (кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар);

-     оқу көрнекі құралдар: қағаз және интерактивті карталар, тарихи тұлғалардың портреттері, коллаждар, тақырыптық графиктер мен кестелер, слайдты альбомдар, тарихи жәдігерлер мен заттар немесе олардың көшірмелері.

Оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан ресурстар:

-     кітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар);

-     электрондық  және  мультимедиа  ресурстар;

-     желілік  файлдар, интернет (тарих, география, әлеуметтік ғылымдар  бойынша  негізгі  анықтамалық  сайттар  каталогі).

Әдебиетпен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар

Үйірме барысында оқушылар оқу бағдарламасымен, мектеп кітапханасында бар оқу, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысып қоймай, кітапханадан ұсынылған оқулық, оқу-әдістемелік құралдарды алуы қажет. Дәріс пен зертханалық жұмыстарды конспектілеу үшін дәптер бастаулары тиіс. Оқулықтар, кітаптармен жұмыс істей алу оқушының танымдық қабілетін қалыптастырудың басты шарты болып табылады.

-              Кітаппен жұмыс істеу барысында келесі мәселені білу қажет:

-              Біріншіден, әдістемелік нұсқаулықтағы зертханалық (практикалық) сабақтарға берілген жоспармен таныс болу керек. Екіншіден,  дәріс материалдарын, негізгі әдебиеттерді, мерзімді баспалардағы жаңа жариялымдарды өңдеу қажет. Сол сияқты ғаламтор материалдарын да пайдалануға болады. Міндетті және қосымша әдебиеттер, ғылыми мақалалар, оқулық, оқу құралдары, сөздіктердің тізімі әр сабақта ұсынылып отырады.

-               Үшіншіден,  негізгі әдебиеттер тізімінде көрсетілген барлық оқылған мақалалар, негізгі дереккөздерді қарастыру қажет. Күнделіктеріне жұмыс  барысында тек қажетті, пән үшін маңызды цитаталар ( беті мен дереккөзі көрсетілуі керек) алынуы тиіс. Күрделі мәтіндерді мағынасын толық түсіну мақсатында «зейн қойып» оқып, негізгі мәнін айқындау қажет. Материалдар  әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді сараптауға, өзіндік дәйектерді дәлелдеуге септігін тигізіп,  жеке пікірдің қалыптасуы жағдайын тудырады.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар (қысқаша): Оқушылар  сабаққа дайындалған кезде өз бетімен талқылауға сұрақтар дайындау, сол сияқты тақырып бойынша эссе, жоба, бағдарлама, презентация (бейне -көрсетілім) жасау ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ҮЙІРМЕ  ЖҰМЫСЫ   БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ   МАЗМҰНЫ

5  сынып

(аудиториялық  сағат жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

1.Кіріспе (1 сағ).

-  Үйірме  міндеттері. Техникалық   қауіпсіздік.

-  Ғылым  туралы   түсінік. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі.

-  Ғылыми жаңалықтардың аса маңыздылығы туралы және олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.

2.Зерттеу жұмысыныңқұрылымы, мазмұны (1 сағ).

- Зерттеу, зерттеудің түрлері;

- жұмыс  мазмұны.

3. Жоба (1 сағ).

- Жобамен жұмыс жүргізудің дербестігі;

- Жобаның өзектілігі, маңыздылығы, шешімнің ұйымдастырылуы.

4. Жобаның ғылыми аппараты(11 сағ).

- тақырыптың өзектілігі;

- зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері;

- зерттеу нысаны, зерттеу пәні туралы түсінік;

- тақырыптың зерттелу деңгейі, тарихнамасы;

- деректік негізі;

- әдебиеттер, деректермен жұмыс жасау, сілтеме;

- жобаны зерттеу әдістері;

- З.Ж. (жобаның) хронологиялық шеңбері;

- Болжам жасау. Жобаның жаңашылдығы;

- З.Ж. қолданбалы маңызы;

- З.Ж. сыннан өткізу.

5. Негізгі бөлім деген не? (1 сағ).

6. Жоба түрлері (3 сағ).

- ғылыми;

- ақпараттық;

- шығармашылық;

- әлеуметтік.

7.Ақпаратпен  жұмыс  жасау(2сағ).

- Әртүрлі  апарат   көздерін   қосымша  оқу;

- анықтамалық  әдебиетпен, мәліметтердің  электрондық  базасымен, каталог, картотека мен өздігінен  жұмыс  істей білу.

8. Ақпарат көздерінің түрлерін білу(2сағ).

- ақпарат көздерінің түрлерін білу (жазбаша, графиктік, мәтіндік, аудио-бейне және электрондық);

-    ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

-       бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзімдер, нәтиже);

-       әртүрлі ақпарат көздерін қосымша оқу, анықтамалық әдебиетпен, мәліметтердің электрондық базасымен, каталог, картотекамен өздігінен жұмыс істей білу.

9. Қарапайым  тәжірибелер жасау (3 сағ).

-  «Тәжірибе» ұғымын білу;

-   Қарапайым тәжірибелер жасау.

10. Шағын жобалар жасау (4 сағ).

- Барлық құрамдас бөлшектерінің өзара байланысының негізінде тұтас жобаны жасау үшін қажетті жүйе құраушы факторды таңдау.

- Жобаның мазмұнын әзірлеу жалпыға ортақ алгоритмді, яғни міндетті бөлімдердің тізбелерін және олардың құрылымын ескере отырып жүргізіледі.

11. Қорытынды  (3сағ).

- қорытынды жасауға үйрену;

- ұсыныс, тұжырым жасау;

- аннотация, пікір, сын пікір.

Күнтізбелік-тақырыптықжоспары

5 сынып (34 сағат).

 

 

Сабақтың тақырыбы

Сағ.

саны

мерзімі

 

1

Кіріспе

1

 

2

Зерттеу жұмысының құрылымы, мазмұны

1

 

3

Жоба. Жоба түрлері

1

 

4

Тақырыптың  өзектілігі

1

 

5

Зерттеу  жұмысының  мақсаты, міндеттері

1

 

6

Зерттеу  нысаны, зерттеу  пәні  туралы  түсінік

1

 

7

Тақырыптың  зерттелу  деңгейі, тарихнамасы

1

 

8

Деректік  негізі

1

 

9

Әдебиеттер, деректермен  жұмыс  жасау, сілтеме

3

 

10

Жобаны зерттеу  әдістері

1

 

11

З.Ж. (жобаның) хронологиялық  шеңбері

1

 

12

Болжам  жасау. Жобаның  жаңашылдығы

1

 

13

З.Ж. қолданбалы  маңызы

1

 

14

З.Ж. сыннан  өткізу

1

 

15

Негізгі  бөлім   деген не? Қосымша  деген не?

1

 

16

Жоба   түрлері: ғылыми, ақпараттық, шығармашылық, әлеуметтік

3

 

17

Әртүрлі  ақпарат  көздерін  қосымша   оқу, анықтамалық   әдебиетпен, мәліметтердің  электрондық  базасымен, каталог, картотекамен  өздігінен  жұмыс  істей   білу

2

 

18

Ақпарат  көздерінің   түрлерін  білу (жазбаша, графиктік, мәтіндік, аудио-бейне  және  электрондық) Ақпарат  көздерінің   артықшылықтары мен кемшіліктерін  анықтау  Бақылаудың   басты   белгілерін   анықтау

2

 

19

«Тәжірибе» ұғымын   білу   қарапайым   тәжірибелер   жасау

3

 

20

Шағын   жобалар жасау

4

 

21

Қорытынды жасауға үйрену. Аннотация, пікір, сын пікір

2

 

22

Қорытынды

1

 

Барлығы

34

3.ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

1.Дарында балаларды анықтау. Дарынды балалармен жұмыс білім мекемелері мен мемлекет қолдауын қажет ететін, үнемі дамитын, үздіксіз процесс. «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» туралы 1996 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: пәндік олимпиадалар, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары, спорт ойындары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің оқушылармен, ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Мектептерде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Дарынды балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың қалалық, республикалық, халықаралық ойындарға, ҒПК, олимпиадаларға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұр, ол дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс.

 Жалпы «дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі басымды қозғаушы күші тек қана генетикалық нышандар болып табылады деген пікір

Ф. Гальтон, Г. Айзенк еңбектерінда айқын көрінген. Екінші бағытты ұстанған ғалымдар негізгі фактор ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі таңда А.Т. Асмолов негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр. Л.С. Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт «дарындылықты» білімді өз бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді.

    Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Шығармашылық қабілет – бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

            Дарында балаларды анықтағанда және олармен жеке жұмыс жүргізгенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Дарында баламен жұмыс жасай алатын мұғалімнің сыныптағы атмосферасы мен дамытушылық жігері жағымды танылуы тиіс.

      Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :

 •Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттеу;

 •Оқушының сабақтағы сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;

 •Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.

      Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты, оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты       Сонымен қатар мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет, яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы, оқушы мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа алынуы.

2.Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу дегеніміз оны барынша күрделі біліммен «тығындау» емес, жеке тұлғалық дамуының алдын алушылық.

 Дарынды оқушылармен жұмыс істеу күрделі әрі қызықты. Олардың жоғары танымдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін дәстүрлі мектептерде іске асыру аса қиын. Сондықтан дарынды балалар үшін оқытудың арнайы жағдайы талап етіледі. Оларды оқыту мен тәрбиелеудін дұрыс жолын арнайы мектептер арқылы ғана нақты табуға болады, өйткені көптеген дарынды балалар ойлау қабілеті ерекшелігіне байланысты бұрынғы әдістер мен тәсілдерді қабылдай бермейді. Оларға жеке оқытатын сабақтар, арнайы курстар мен бағдарламалар қажет.

 Қазіргі таңда дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары берілген. Бұл бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей: Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; Жан-жақты ақпараттандыру; Коммуникативті бейімдеу; Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына көмек көрсету; Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы; Жеке бас құзыреттілігін дамыту.

 Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргізу керек:

Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құру; Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау; Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету; Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру; Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен тығыз байланыс жасауына ықпал ету; Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.

 Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге баса назар аудару керек:

Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру. Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру; Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анамен бірігіп құруы тиіс.

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардың ата-аналарымен де бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.Олар: Ата-аналар күндерін ұйымдастыру; Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға кеңес беру;

 Дарынды оқушылармен жұмыс мектептерде көп жылдар бойы жүргізіліп келеді. Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, портфолиосы жинақталады, оқушылардың білім жетістіктері мен психологиялық дамуының диагностикалары салыстырылады.  Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізілді.

 Оқушылардың шығармашылық орталығы құрылады. Оқушылар дарындылық сферасына байланысты топтарға бөлінеді. Әр сфера бойынша жұмыс жоспары құрылады, жұмыс жоспарының орындалуына ,оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарына бақылау түрлері белгіленеді. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей мектептегі талай балалардың қабілеттерін ұстаздар ашқанының арқасында бірнеше оқушылардың дарындылық, шығармашылық қабілеттері ашылып, жоғары жетістіктерге жетеді.

3. Шығармашылық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру.

Қажетті тарихи материалын оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.

Зерттеу әдісі – шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.

Пән бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі. Тарихи құжаттар өткен дәуірдің ескерткіші. Олар оқушыларға оқытып жатқан материалды нақтылай түсуге, өткен оқиғалардың бейнесін айқынырақ елестетуге, сол дәуірдің ерекшелігін дәл көрсетуге көмектеседі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.

Мектепте ең басты назарды оқушылардың бойындағы функциональды сауаттылық және өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға аудару болып отыр. Сондықтан ұстаз жаңа кезеңдегі мұғалімнің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықты қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын болуы қажет.

 

                        4. ЖОБА

4.1 Жоба әдісі

XXI ғасырдың мектеп бітірушісі сын тұрғысынан ойлана білуі қажет, яғни бейтаныс ахуалда бағдарлап, қажетті ақпаратты ала білу, оны жаңа білім түрінде игеру және осы білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі қажет. Сондай-ақ, ақпараттық ғасырда ұжымда тығыз топтасып жұмыс істеу маңызды.

Жоба әдісін америкалық философ және педагог Дж.Дьюи әзірлеген.Дж.Дьюидің оқушысы мен ізбасары В.Х.Килпатрик оқытуда жоба әдісін қолданған. Жобада Дж.Дьюидің әзірлеген «іс-әрекет арқылы оқыту»қағидатына көп көңіл бөлінеді. Ғалым оқушының мақсатты іс-әрекеті арқылы белсенді негізде білім түзуді ұсынған. Балаларға шынайы өмірлік жағдайда оларға қажет болатын, меңгерілетін білімдерге деген жеке қызығушылығын көрсету маңызды [3,  19  б].

Жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық дағдыларын, өз білімдерін өз бетінше құрылымдай білу шеберлігін, ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар таңдай білу икемділігін дамыту, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлауды дамыту жатыр. Жоба әдісі белгілі бір пән шеңберінде пайдаланылатын болса, бұл дидактика, жеке әдістеме саласына қатысты болады.

Әдіс – бұл дидактикалық санат. Бұл тәжірибелік немесе теориялық білімнің, іс-әрекеттің белгілі бір саласын игеру тәсілдерінің, іс-шаралардың жиынтығы. Бұл – таным жолы, таным үдерісін ұйымдастыру тәсілі. Сондықтан біз жоба әдісі туралы айтқан кезде, онда проблеманы (технологияны) толық әзірлеу арқылы дидактикалық мақсатқа жету тәсілін меңзейміз, ол белгілі бір үлгіде ресімделген, толық шынайы, нақты нәтижемен аяқталуы тиіс. Дидактиктер мен педагогтер өздерінің дидактикалық міндеттерін шешу үшін осы әдіске жүгінген. Жоба әдісінің негізінде «жоба» ұғымының мәнін құрайтын идея, оның нәтижеге прагматикалық тұрғыдан бағытталуы жатыр, оны белгілі бір тәжірибелік және теориялық маңызды проблеманы шешу кезінде алуға болады. Осы нәтижені көруге, ұғынуға, нақты тәжірибелік әрекетте қолдануға болады. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін балаларды немесе ересек студенттерді өздігінен ойлауға, осы мақсат үшін әртүрлі саладағы білімдерді жұмылдыра отыра,проблемаларды табуға және шешуге үйрету, шешімдердің әртүрлі нұсқаларының нәтижелері мен ықтимал салдарларын болжай білуге, себеп-салдарлық байланысын анықтай білуге үйрету қажет.

Жоба әдісі әрқашан оқушылардың дербес әрекетіне, оқушылардың белгіленген уақыт мерзімінде орындайтын жеке, жұптық және топтық әрекетіне бағдарлануы қажет. Осы әдіс топтық әдістермен үйлесімді үндеседі. Жоба әдісі әрқашан белгілі бір проблеманың шешілуін көздейді. Проблеманы шешу, бір жағынан, әртүрлі әдістердің, оқыту құралдарының жиынтығын пайдалануды көздесе, екінші жағынан, ғылым мен техниканың, технология мен шығармашылықтың әртүрлі саласынан алынған білімдерін қолдану икемділігін өзара ықпалдастыру қажеттілігін қарастырады. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі», нақты болуы тиіс, яғни егер бұл теориялық проблема болса, онда оның нақты шешімі болуы тиіс; егер тәжірибелік проблема болса – қолдануға болатын (сабақта, мектепте, шынайы өмірде) нақты нәтижесі ұсынылуы тиіс. Егер жоба әдісін педагогикалық технология ретінде қарастыратын болсақ, онда бұлтехнология өзінің мәні жағынан шығармашыл болып келетін зерттеу, ізденіс, проблемалық әдістердің жиынтығын қамтиды[3,  20 б].

Жоба жұмысының негізгі қозғаушы тетігі түрлі шешім нұсқалары бар тапсырмалар болып табылады, ал оқу жаттығуларының негізінде осындай тапсырмаларды қалай шешу туралы түсінік жатады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, мұндай тәсіл оқыту үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді (Блуменфилд және т.б., 1991). Оқу бағдарламасында ұсынылған жоба жұмысының оқу мақсаттарында жобаны жоспарлау, орындау, талдау және бағамдауға бағытталған үдерістерге ерекше назар аударылады. Оқушылардың бойында бұл дағдыларды дамыту нақты міндеттер мен проблемаларды зерделеу арқылы және мұғалімнің оқушылар жеткен нәтижелерді емес, олардың қолданған тәсілдері мен әрекеттерін бағалауы арқылы іске асырылады.

Е.С. Полат оқуға ықпал ету үшін қолдануға болатын (Полат, 2000) және осы саладағы басқа да зерттеулердің (мысалы, Кандаурова, 2007, Кутуева және Костина, 2013). негізіне алынған жобалардың көптеген нұсқаларына сипаттама берген. Оның алғашқы жұмысы шет тілдерін меңгеруге көмектесу үшін қолдануға болатын жобаларға қатысты болды, бірақ кейбір әдістерді барлық пәндерге қолдануға болады. Ол жобалардың ерекшеліктерін сипаттау үшін қолдануға болатын кейбір сипаттамаларды анықтады.

 

4.2. Жобалардың әртүрлілігі мен жіктелуі

Негізгі жаттығу түрі бойынша  [3,  21 б] жобалардың бірнеше түрі бар:

Зерттеушілік жоба. Оқушылар нақты сұрақтарға жауап алу үшін зерттеуді қолданады. Мұндай жобалар көбінде күрделі құрылымдалған болып келеді.

Ақпараттық жоба. Оқушылар белгіленген нақты бір тақырып бойынша ақпарат жинайды және бар ақпаратты талдайды. Олар басқаларға ақпарат беру үшін қолдануға болатын ақпаратты жинақтайды және қорытады.

Шығармашылық жоба. Оқушыларға шығармашылық тапсырманың қысқаша сипаттамасы ұсынылады (мысалы, газетке мақала жазу, сценарий жазу, бейне жазба түсіру). Оқушылар мұндай тапсырманы қалай орындау керектігін өздері таңдайды.

Жобалық-рөлдік ойын. Оқушыларға рөлдік  ойын   бөлініп  беріледі (мысалы, бизнес рөлдер  немесе  әдеби  кейіпкер). Ары қарай  оқушылар  жобаны  орындайды, көбінде  өздерінің  рөлдерін  топпен  бірге   ойнайды.

Тәжірибеге  бағдарланған  жоба. Жобаның  күтілетін  нәтижелері   оқушылар  үшін  жеке   қызығушылығын  туғызатын  және/немесе   әлеуметтік   мәні бар тақырып   болуы   мүмкін.

Қамтылатын   пәндердің саны бойынша: Бір  пән («дара жоба» деп те аталады); Пәнаралық.

-       Жобаның  күтілетін   нәтижелері   бойынша   [3,  22 б]:

-       Жоба жұмысының жазбаша қорытындысы (мысалы, есеп, эссе, тізімдеме, хат, газет мақаласы, альманах және т.б.);

-       Визуалды қорытынды (мысалы, альбом, жоспар, карта, сызбалық диаграмма, плакат, сурет, анимация және т.б.);

-       Ауызша қорытынды (мысалы, таныстырылым, пікірталастар, драма, жазба, видео және т.б.);

-       Өнім түріндегі қорытынды (мысалы, жобалау талабына сай өнім, 3D үлгі және т.б.)

-       Іс-шара түріндегі қорытынды (мысалы, көрме, еңбекті қорғау бойынша жоба, әлеуметтік жоба және т.б.).

Қатысушылардың саны бойынша: Жеке; жұптық; топтық;  әртүрлі мектептерден/ мемлекеттерден қатысушыларды тарту арқылы іске асырылатын топтық (байланыстың электронды құралдарын пайдалану арқылы).

Жобаның ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді;  орта мерзімді;  ұзақ мерзімді.

Жоба жұмысын орындауды үйрету әдістемесі негізінен, ғылыми зерттеуге қатыстыруға негізделеді. Абрахам мен Миллардың (2008) терминологиясы бойынша, тәжірибе жүзінде тапсырмаларды орындауға оқушылардың «басы» да, «қолы» да қатыстырылуы керек; олар оқушының «бақыланатын нәтижелер саласы» мен «идеялар саласы» (экспериментке қатысты теориялық тұжырымдамалар) арасында байланыс орнатуда қолданатын қуатты құралы болуы тиіс. Мұндай көзқарас тұрғысынан ғылыми эксперимент оқушылардың танымдық дамуына ықпал етудің маңызды тәсілі болып табылады. Атап айтқанда, оқушылардың дамуына мүмкіндік беріледі – тек нақты ойлаудан (яғни тек өздері тікелей бақылау барысында сезіне алатынның мәнін ұғынудан) абстрактылы ойлауды қамтуға дейін (яғни олар тікелей сезіне алмайтын нәрселердің тұжырымдамалық моделін қалыптастыру) (Пиаже және Инхелдер, 1973).

Жоба жұмысын дайындау барысында топтық жұмысты қолдану идеясы бөлінген оқу қағидатына негізделген (Нарди, 1992), оған сәйкес оқушылар өз білімдері және түсініктерімен алмасып, бір-бірінің көмегімен білімдерін нығайтады. Олар өз түсініктерін ұсынады және сол түсініктерге негізделген өз болжамдарын ұсыну арқылы өздері де мәселені айқын түсіне алады, әсіресе, бұған сұрақтардың өз құрдастары тарапынанқойылуы зор ықпал етеді. Мұғалімнің рөлі ынталандырушы материалдар мен ресурстарды қолдана отырып, қажет болған жағдайда, оқушыларға мақсатқа сай қолдау көрсету болып табылады.

Командалық жұмыс және оқу мен тәрбиедегі бірлескен тәсіл тұрақты кері байланыспен және өзін-өзі бағамдау мүмкіндіктерімен қатар тәрбие үдерісін мектеп тәжірибесіндетабысты іске асыруға ықпал етеді.

 

4.3. Жоба әдісін қолдануға қойылатын негізгі талаптар

1.   Зерттеу, шығармашылық тұрғыда маңызды, ықпалдастырылған білімді, оны шешу үшін зерттеушілік ізденісті (проблеманы зерттеу және т.б.) талап ететін проблеманың /міндеттің болуы.

2.   Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңызы (мысалы, аталған өңірдің демографиялық жағдайы туралы, осы жағдайға әсерін тигізетін факторлар, осы проблеманы дамытуда қадағаланатын үдерістер туралы тиісті қызметтерге баяндама жасау; бірлесіп газет шығару, оқиға орнынан репортаж алып, альманах жасау; әртүрлі жерлерде орманды қорғау, іс-шаралар жоспары, т.б.);

3.   Оқушылардың дербес (жеке, жұптық, топтық) іс-әрекеті.

4.   Жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау (кезеңдік қорытындыларды көрсету арқылы).

5.   Іс-қимылдың белгілі жүйелілігін көздейтін зерттеу әдістерін пайдалану:

-         проблеманы және одан туындайтын зерттеу міндеттерін анықтау («миға шабуыл», «дөңгелек үстел» әдісін бірлескен зерттеу барысында пайдалану);

-         оларды шешудің болжамды жолдарын шығару;

-         зерттеу әдістерін талқылау (статистикалық әдістер, эксперименттік, қадағалау және т.б.);

-         соңғы нәтижелерді ресімдеу тәсілдерін талқылау (таныстырылым қорғау, шығармашылық есеп, байқаулар және т.б.).

-         мәлімет жинау, оны жүйелендіру және талдау;

-         қорытынды шығару, нәтижелерін ресімдеу, оларды көрсету;

-         қорытынды жасау, зерттеудің жаңа проблемаларын қозғау[3,  23 б].

 

4.4.Жоба бойынша жұмыс жүргізудің кезеңдері

1.       Дайындық кезеңі;

2.       Диагностика және жобалау нысанын талдау. Проблема, жобаланатын нысанның күшті және әлсіз жақтары анықталады, қарама-қайшылықтар немесе сәйкессіздіктер айқындалады. Жобалау нысаны күрделі болған сайын, диагностикалық әдістемелерді, оларды қорыту мен талдауды кеңірек қолдану талап етіледі.

3.       Шығармашылық топ құру;

4.       Жұмыс қағидаттарын талқылау;

5.       Мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, топтық жұмысты жоспарлау – зерделенетін проблема бойынша алынған ақпаратты құрылымдау: зерттеудің теориялық негіздері, тәсілдері, қандай бағыттар бойынша кеңесу қажеттігі айқындалады.

6.       Жобалауды теориялық тұрғыдан қамтамасыз ету. Бұл төмендегідей ақпарат іздеуді қамтиды:

а) педагогикалық жүйелер мен үдерістерге қатысты теориялық және эмпирикалық зерттеулер туралы;

б) осыған ұқсас жұмыстарды іске асыру тәжірибесі туралы;

в) осы сияқты нысандарды жобалау тәжірибесі туралы;

7.       Жобалауды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Жобалау құралдарын жасауды қамтиды (сызбаларды, құжат үлгілерін әзірлеу және т.б.). Жобалау пішінін таңдау. Оның неше кезеңнен тұратынына байланысты, сонымен қатар, кез келген жобалау пішіні мақсатқа сай, педагог пен оқушының ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек.

8.       Жобалау. Барлық құрамдас бөлшектерінің өзара байланысының негізінде тұтас жобаны жасау үшін қажетті жүйе құраушы факторды таңдау. Жобаның мазмұнын әзірлеу жалпыға ортақ алгоритмді, яғни міндетті бөлімдердің тізбелерін және олардың құрылымын ескереотырып жүргізіледі.

9.       Әзірленетін жобада тәрбие үдерісін ұйымдастыру нысандарының сипаттамасы.

10.      Жобаның сапасын тексеру.

11.      Жобамен жұмыс жүргізудің дербестігі. Жобаның өзектілігі, маңыздылығы, шешімнің ұйымдастырылуы [3,  24 б].

 

5.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

1.     Ақпараттық жобалар

1.     Ұлы  Жеңіске 75 жыл.

2.     Шығыс Қазақстандықтардың ерлігі.

3.     Патриотизімнің биік үлгісі – Қ.Нұрғалиев.

4.     Жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Т.Тоқтаров.

5.     Жерлесіміз, Халық қаҺарманы Қ.Қайсенов.

6.     Қазақстандықтардың Мәскеу шайқасында ерлік көрсетуі.

7.     Қазақстандықтардың Ленинград  шайқасында ерлік көрсетуі

8.     Сталинград шайқасында ерлік көрсетуі.

9.     Қазақстаннан табылған алтын адамдар.

10.  «Ұлы даланың жеті қыры» бойынша тарихи фактілер ұсыну.

2.     Ғылыми жобалар

1. АБЖАД есебінің сыры.

2. Шежірелердің тарихи шындықты анықтаудағы маңызы.

3. Ұлттық идея контексіндегі Фарабитанушы Ақжан әл- Машани.

4. Ж.Ақбаевтың өмірі мен қызметі.

5. Әл Фараби мен Абай үндестігі.

6. Абайдың қарасөздерінің шындығы және Тәуелсіздік.

7. Әл Фарабидің симетрия туралы зерттеулері.

8.Абай шығармалары мен Елбасы еңбектерінің сабақтастығы.

9.Үржар абыз әйелі (алтын адам) сыры.

Әдебиеттер тізімі

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер

1.     ҚР БжҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясын ұсынған 2019-2020 оқу жылына ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарда ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат. Астана, 2019.

2.     «Қазақстан-2050» стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж 14 желтоқсан).

3.     Мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына арналған нүсқаулық. – Астана, «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. -2015.

4.     ҚР ғылым мен білімді дамытудың 2020-2025 ж.ж арналған  мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2019.

5.   «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2014 ж11 қараша).

6.     Битуова Т.Р., Құлахметова А.Т., Ысқақова А.Е. Ғылыми жобаны әзірлеу және қорғау бойынша әдістемелік құрал. – Астана, -2011. – 68 б.

7.     ГОСТ 7.1Ақпарат, кітапханалық және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. М.:БАИ стандарттар баспасы,  2004. -170 б.

8.     Купчищин. А.И. Диссертацияның концептуалды-терминологиялық аппараты // Ақпараттық бюллетень. Әл-фараби атындағы ҚазҰУ. – 2005. -  №5.

9.     Крутов В.И., Грушко И.М. и др. Основы научных исследований. – М.: Высшая школа, 1989.

10. Е.С. Аскаров, Е.К. Балафанов, Б.А. Койшынов. Основы научных исследований. Учебно-методическое пособие. – Алматы: ИНТ, 2004.

11. «Тиімді оқыту мен оқу» мұғалімге арналған нұсқаулық.  Астана, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016.

12. Қазақстан  Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) негізінде әзірленген мұғалімге арналған нұсқаулық. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 118 б.

13. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.- Алматы, 2013. – 447 б.

14. Әлімов А.  Интербелсенді оқу әдістемесін  мектепте қолдану. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188 б.

15. Тәжімбетов Ж. Интерактивтік оқыту деген не? //Қазақстан тарихы.– 2006. - №11. -22-27б.

16. Қазақстан  Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы  негізінде әзірленген мұғалімге арналған нұсқаулық. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 118 б.

17. Мұғалімге арналған үлестірме материалдар. Жаңартылған білім мазмұны бойынша  «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» біліктілікті арттыру курсы. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016.

18. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалдық бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Астана, 2016. -54 б.

19. Мұғалімге арналған үлестірме материалдар. Жаңартылған білім мазмұны бойынша  «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» біліктілікті арттыру курсы. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016.

20. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарты. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2016 жылғы «13» мамырдағы № 292 қаулысына  6-қосымша.

21. Үшінші негізгі деңгей. Бірінші бетпе-бет ресурстары.- Cpm. Kz.

22.  Чаппиус Дж. Оқытуды бағалаудағы жеті стратегия.  Нью-Джерси: Пирсон Эдьюкейшен. ЖШС, 2009.

23. Мирсеитова С. Словарь RWCT.- Алматы: Верена, 2005.- 144 с.

24. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.- «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 306 б.

25. Тиімді оқыту мен оқу. Бірінші бетпе-бет ресурстары. - Cpm. Kz.

26. Махат Д. Тіл мен діл тағдыры: тарихи деректер, уақыт бедері және  ақиқат. – Астана, 2007.-  190 б.

27. Қозыбаев М. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. 2-ші кітап. - А.: Ғылым, 1997 67-6. (280).

28. Клустер Д. Что такое критическое мышление? // Русский язык. – 2002. -№2.

29. Методическое пособие для тренера: Программа «Street Law»/сост. А.К.Мухтарова, Ю.О. Булуктаев, А.А. Калинина, Г.С.Асанбекова. – Алматы: Фонд «ХХІ век». -  2001.

30. Зайниева З.С., Шёфильд Дж., Якавец Н.  Роль учителя в самооценивании учащихся. // Педагогический диалог. - №3 (17). – 2016.

31. Манойлова М.А. Акмеологическое развитие эмоционального интеллекта учителей и учащихся. – Псков: ПГПИ, 2004.

32. Конаржевский Ю.А. Анализ урока. Москва: Центр «Педагогический поиск», 2000. – 336 с.

 

Оқушыларға арналған әдебиеттер

        

1. Назарбаев Н. Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017

2. Қазақстантарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000,2010.

3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: ZhasylOrda, 2015. – 328стр.

4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан  тарихы. – Алматы, 2010.

5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқанмемлекеттіңжаңасаясибағыты». ҚРПрезиденті-ЕлбасыН.Ә.НазарбаевтыңҚазақстанхалқынаЖолдауы. – ЕгеменҚазақстан, 15 желтоқсан 2012ж.

6. Қазақ  хандығының   құрылуы  тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа  үйі, 2015. – 520 б.

7. Алаш  қозғалысы: Құжаттар мен материалдар  жинағы: сәуір 1920-1928 жж. /Бас ред.: ҚойгелдиевМ.Қ.; Жауапты құраст.: Грибанова Е. М., Жағыпаров Н. Р. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 304б.

8Қозыбаев М. «Өркениет және ұлт». – Алматы, 2001. -369б.

9. Қозыбаев М. История и современность. – Алма-Ата, 2003. – 265б.

10. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алаш - Орда. – Алматы,1995.

11. Мендикулова Г.М. Казахская диаспора: история и современность. –Алматы, 2006. – 343С.

12. Армстронг, Карен. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны: [монография] / К. Армстронг; ауд. Д. Кенжетай [жәнет.б.], - 2018. – 421б.

13.            Махат Д. Тіл мен діл тағдыры: тарихи деректер, уақыт бедері және  ақиқат. – Астана, 2007.-  190 б.

14.            Қозыбаев М. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. 2-ші кітап. - А.: Ғылым, 1997 67-6. (280).

15.            Клустер Д. Что такое критическое мышление? // Русский язык. – 2002. -№2.

16.            Ақжан әл-Машани. Б.Т.Толеуов. Геомеханика. - Алматы, 1995. - 125 б.

17.            Ақжан әл-Машани. Әл-Фараби және Абай. - Алматы, 1994.

18.            Ақжан әл-Машани. Әл-Фараби көпірі - Алматы, 2005 – 350 б.

19.            Ақжан әл-Машани. Жер сыры. - Алматы, 2001 – 285 б.

20.            Ақжан әл-Машани. Тасқа түйілген тарих. - Алматы, 2006 – 285 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 1.

І. Дәрістің тақырыбы: Зерттеу жұмысының құрылымы, мазмұны

ІІ. Сабақтың түрі: дәріс.

ІІІ. Мақсаты: Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру жолдары және мектептің ғылыми-зерттеу жұмыстарының әлеуетін көтеру.

Міндеттері:

1.  Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін көрсету.

2 Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

3 Ғылыми жобаның құрылымдық элементтері және мазмұнына қойылатын талаптарын анықтау.

ІV. Дәрістің жоспары:

1.Ғылыми жобаны орындау бойынша жалпы ұсыныстар .

2. Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар.

3.Ғылыми жобаның құрылымы мен мазмұны.

V. Әдебиеттер тізімі:

1.     Битуова Т.Р., Құлахметова А.Т., Ысқақова А.Е. Ғылыми жобаны әзірлеу және қорғау бойынша әдістемелік құрал. – Астана, -2011. – 68 б.

2.     ГОСТ 7.1Ақпарат, кітапханалық және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. М.:БАИ стандарттар баспасы,  -170 б.

3.     Купчищин. А.И. Диссертацияның концептуалды-терминологиялық аппараты // Ақпараттық бюллетень. Әл-фараби атындағы ҚазҰУ. – 2015. -  №5.

4.     Крутов В.И., Грушко И.М. и др. Основы научных исследований. – М.: Высшая школа, 1989.

5.     Е.С. Аскаров, Е.К. Балафанов, Б.А. Койшынов. Основы научных исследований. Учебно-методическое пособие. – Алматы: ИНТ, 2004.

1 Ғылыми жобаны орындау бойынша жалпы ұсыныстар.

Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттің мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік күш ретінде білімнің аталуы тегін емес.

Мектепте ең басты назарды оқушылардың бойындағы функциональды сауаттылық және өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға аудару болып отыр. Сондықтан ұстаз жаңа кезеңдегі мұғалімнің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықты қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын болуы қажет.

Ғылыми-зерттеу жұмысы оқу орны, мектеп ұжымының қызметiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады, оқу-тәрбие барысымен тығыз байланысты, оқыту, ғылым және практиканың  өзара байланысын қамтамасыз етуге себiн тигiзедi. Оқу мекемесiндегi ғылыми-зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдары, бұйрықтары, нұсқаулары және басқа заң актiлерi, сонымен қатар оқу орнының Жарғысы және  ережеге сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы әрбiр оқытушының тiкелей мiндетi болып табылады: оқушылардың ғылыми шығармашылығын дамыту, оларды зерттеу жұмыстарына дағдыландыру; ғылыми бәйгелерге, олимпиадалар мен байқауларға қатыстыру.

 Ғылыми-зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – жас ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін.  Оқушының өзгету таным әрекеті - зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс, яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.

Зерттеуге оқыту біздің елімізде соңғы уақытта оқушылардың ғылыми қоғамын, ғылыми жобалар жарысын аудандық, облыстық, республикалық, сондай-ақ халықаралық деңгейде ұйымдастыру арқылы кең тарады.

Мектеп, гимназияларда қабілетті және дарынды оқушылар мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Мектеп әкімшілігі қабілетті және дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мазмұнының әдістемелік жүйесін іздестіруде.

Ғылыми жобалар сайысы бойынша соңғы жылдарда оқушылар жетістігі республикалық және халықаралық деңгейге шығып отыр. Көрсетілген жетістіктермен қатар кемшіліктер де жылма-жыл қайталанып отыр. Біріншіден, мектепішілік қорғауға оқушылар жұмысының асығыс жазылуна орай, басым көпшілігінің реферативті сипатта болуы. Екіншіден ғылыми-жетекші мұғалімдер тарапынан жұмыстың маңыздылығына аса назар аударылмауы. Үшіншіден, ғылами жетекші-мұғалімдердің осы бағытта іс-тәжірибелерінің аздығы. Жұмыстардың мазмұнында көкейкестілігін, ғылымилығы мен жаңашылдығын ашып көрсете алмауында. Ұсынылып отырған жобаның теориялық мазмұныын терең жазылғанымен оны практикалық тұрғыда дәлелді көрсетілмеуінде және модельдеу, макетін жасау, қолданыс аясын, болашағын көрсете алмау қазіргі негізігі кемшіліктер.

Дегенмен, ғылыми бағыттағы жүргізілген шаралар өз деңгейінде өттіп жатыр деуге болады. ҒПК өзекті тақырыптарды таңдап, зерттеу жұмыстарын жүргізу, рәсімдеу  әлі де болса ғылыми жетекші тарапынан сауатты, сапалы көмек жасау, ШҚМУ, ШҚТУ ғылыми жетекшімен бірлесе жұмыс жүргізу керек. Жыл бойы жетекші оқушымен жоспарлы түрде жұмыс жүргізу. Ғылыми-зерттеу қызметі әр секцияның жұмысы болып табылады. Бұл тәжірибе мен зерттеу сипатына қарай жіктеледі:

-Ғылыми мекемелерге , кәсіпорындарға, офистерге барып тұру.

-Осы саладағы ғалым мамандармен кездесу.

-Ғылыми мәселелерге байланысты көрмелерге бару.

-Мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу.

Ғылыми жобаны дайындау және қорғау дегеніміз – оқушының зерттеу жұмысы нәтижесінің ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен қорытындылануы және оқу-шығармашылық қызметінің соңғы кезеңі болып табылады.

Ғылыми жоба тақырыбын өзекті, жаңашылдығы бар тақырып   таңдап алу, практикалық жұмыстарды арнаулы лабораторияларда өткізу керектігі айғақ. Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады. Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі бойынша, тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:

         Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі мәселелер ескерілу керек:

        Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары - соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан-жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

      Тізімге енген барлық жұмыстар сілтемелік тәртіппен орындалу керек, тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты-жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.

2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.

3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

         Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

         Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану...» [ 5 ].

Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.

      Зерттеу күнделігін жүргізу.   Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:

 

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы_______________________________

Оқушының Т. А.________________________________

Мектеп, сынып _________________________________

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________

Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады: 

Ескерту

         Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

        Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.

2. Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар. Ғылыми жобалар мемлекетаралық стандарттау меторология  және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен қабылданған,  МБСТ (ГОСТ) 7.32-2001 және 7.1- мемлекетаралық стандартына сәйкестендіріліп орындалуы және рәсімделуі қажет.

Ғылыми жобаны рәсімдеу  бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі: Ғылыми жобада:

- бет (титул)  парақ;

- мазмұны;

- кіріспе;

-негізгі бөлім;

- қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер, деректер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

       Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.

 Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;

- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады ( Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.);

- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).

- зерттеу күнделігі.

Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).

 Мазмұны бар беттерді ресімдеу:

а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;

ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:

б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;

в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).

 3.Ғылыми жобаның құрылымы мен мазмұны. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның ғылыми және практикалық мәні негізделеді. Кіріспеде мынандай параметрлер болуы керек: Қорғауға ұсынылған зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, әдісі, тақырыптың зерттелу деңгейі (тарихнамасы), деректік негізі, зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы, зерттеу жұмысының сыннан өтуі, зерттеу жұмысының құрылымы. (2 бет)

Зерттеудің өзектілігінде өзінің шешімін талап ететін ғылыми проблеманың  маңыздылығы, замануилығы, мәні.

Зерттеудің мақсаты – үйлестірілгн іс қимылдарды анықтау нәтижесінде қойылған ғылыми проблеманы, міндетті шешудегі ғылыми зерттеудің бағыты. Зерттеудің мақсаты бір сөйлеммен түсінікті, қысқа, айқын, сипатталған болуы керек.

Зерттеудің  міндеттері – зерттеу мақсатына жету үшін шешімдерді қажет ететін өзара байланысқан және өзара келісілген сұрақтардың жиынтығы. Зерттеудің  міндеттері нақты ғылым зерттеу іс-қимылдарының орындалуын болжайды (орнату, анықтау, есертеу, зерделеу т.б) Мәселенің тарихын зерделеу, ғылымдағы бар көзқарастарға шолу жасау, бар материалдарды жинақтау - зерттеу міндеттеріне кірмейді.

Зерттеу нысаны -  шешілуі ғылыми зерттеуді қажет ететін мндеттердің бар екендігін сипаттайтын объективті әлемнің бөлігі.

Зерттеу пәні – зерттеу нысаны мен пәні ғылыми жобаның категориясы  ретінде бір-бірімен жалпы және жеке өзара байланысады.

Зерттеу әдістері – теориялық және практикалық зерттеудің жолдары, әдістері, мақсатқа жету жолдары.

Зерттеудің жаңашылдығы – автор алғаш рет қол жеткізген жаңа, сирек кездесетін, өзіндік нәтижелер.

Негізгі бөлімде жобаның әрбір бөлімі зерделеніп жатқан тақырыптың басты мәселелерінің бірін ашуы керек. Бөлімдер бөлімшеге бөлінуі мүмкін (10-12 бет).

Қорытындыда тақырыпты зерделеудің нәтижелерін келтіру, басты мәселелер бойынша өзінің көзқарасын негізге ала отырып жазуы керек. Қорытынды да жаңа мәліметтер, айғақтар келтірілмейді, қорытынды жұмыстың негізгі мәтінінен туындауы қажет. (көлемі 1 бет)

ҚОСЫМША 2.

 

Өскемен қаласы Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің

 10 «А» сыныбының оқушыларыАйнагүл Саят, Амина Жырғаубайқызының «Елдігіміздің тұғырын бекітуге бағытталған «Мәңгілік Ел» идеясы Елбасы және халық тарихы арнасында»  тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына ғылыми жетекшінің

 

ПІКІРІ

 

Қазақстан халқы ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 35-4.3 хаттамасының 1.1-тармағын орындау үшін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы бойынша ғылыми-зерттеу жүргізу бүгінгі таңда өзекті.  Осы тұрғыдан алғанда оқушының ғылыми жобасының  тақырыбы - өзекті, әрі тың.

Авторлар 10 сыныптың оқушысы болсада зерттеуді нақты, фактілік материалды зерделеу, ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру, салғастыру және басқа жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізген.

Ғылыми жоба тақырыпқа толықтай сәйкес келеді және өзара байланысқан мәселелерді шешеді.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде ізденуші «Мәңгілік Ел» идеясының шығу төркініне зерттеу жасап, тұжырымдап, өз қорытындыларын берген.

Жұмыстың екінші бөлімі бойынша автор тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы ұлттық идея, Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы бойынша зерттеу жүргізген. Мысалы, түркі дәуірінде басталған идеяны «100 нақты қадам»  бойынша 85-қадамда «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеуге тапсырма берілген болатын, нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды деп сабақтастықта қарап, бір ізге салған. Тәжірибелік бөлімде «Мәңгілік Ел» кабинетінің жоспарын жасады.

А.Саят, А.Жырғаубайқызының «Елдігіміздің тұғырын бекітуге бағытталған «Мәңгілік Ел» идеясы Елбасы және халық тарихы арнасында» атты ғылыми жобасы қойылған талаптарға сай келеді деп тұжырымдауға әбден болады, оқушылардың ҒПК қорғауға ұсынамын.

 

 

 

Ғылыми жетекшісі                                           ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы

№43 мектеп лицей» КММ

мұғалімі Орамалова А.Ж.

                                                     

 

 

ҚОСЫМША 3.

 

 

Өскемен қаласы Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің

10 «А» сыныбының оқушылары Саят Айнагүл, Амина Жырғаубайқызының «Тарихи кеңістіктегі» елдігіміздің тұғырын бекітуге бағытталған «Мәңгілік Ел» идеясы Елбасы және халық тарихы арнасында»  тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына

 сарапшының

 

П І К І Р І

 

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата - бабаларымыз – түркілердің мәңгілік ел идеясын – қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялауы кездейсоқ емес», - деген. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаттың өзінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісісін кеңінен насихаттау жолға қойылған, демек сын пікір беріп отырған жоба тақырыбы өзекті, әрі ауқымды. Ол, Отандық тарих ғылымынан жаңа көзқарас тұрғысынан толық зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі. Бүгінгі күні өткен тарихты біржақты қарау рухани кемелдікке апаратын жол емес. Мақсат-ақиқатын көрсету, аңыздардан аршып алу. Міне, осы ізденіс жолында «Мәңгілік Ел» идеясы бойынша ұлтымыздың тарихи  мұрасына шынайы баға беру басты міндет.

Сонымен бірге, зерттеудегі барлық нәтижелер авторлардың өзіндік көзқарастарымен тұжырымдалған. Оқушылардың жоба жұмысы түсінікті тілмен баяндалған. Зерттеудің ішкі бірлігі кіріспеде белгіленген мақсат пен міндеттер жұмыстың негізгі нәтижелерінде көрініс тауып, барлық бөлімдер арасында логикалық байланыс сақталғанынан байқалады.

«Тарихи кеңістіктегі» елдігіміздің тұғырын бекітуге бағытталған «Мәңгілік Ел» идеясы Елбасы және халық тарихы арнасында» тақырыбына жазылған ғылыми жобаны аяқталған дербес жұмыс ретінде бағалауға болады. Сондықтан, оқушылардың облыстық  ҒПК ұсынуға лайық деп бағалаймын.

 

Сын пікір беруші:                            

 

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы

№43 мектеп-лицейі» КММ

директордың ТЭЖ (ОЭР) орынбасары,

тарих ғылымдарының кандидаты                                   Чекетаева Р.С.

 

                                                    

 

ҚОСЫМША 4.

 

АНДАТПА

 

Ғылыми жобада «Мәңгілік Ел» идеясының кезеңдеріне философиялық, идеологиялық негіздеріне тарихи талдау жасалды. Көне түркі жәдігерлеріндегі «Мәңгі» сөзінің мағынасы қаралды. Осы уақытқа дейін 10 сынып оқушысы көзқарасымен «Мәңгілік Ел» идеясы кешенді және жүйелі қарастырылмаған. Бұл тақырыпты зерттеу «Мәңгілік Ел» идеясының Қазақстан қоғамындағы алатын орнын және рөлін көрсетеді. «Мәңгілік Ел» идеясы – біздің ұлттық идеямыз, ата-бабаларымыздың арманы, жалпықазақстандық мұратымыз», дей отырып «Мәңгілік Ел» кабинетінің жоспарын жасаған.

Зерттеудің басты мақсаты Мәңгілік Ел идеясының негізін талдау, зерделеу.

Ғылыми жобаның құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

 

АННОТАЦИЯ

 

В научном проекте сделано исторический анализ и исследованы основные этапы идеии «Мәңгілік Ел»,  рассмотрено идейно-философских/идеологических основ идеи Мәңгілік Ел, в тюркском историко-лингвистическом понимании слово «мәңгі».  До настоящего времени идея «Мәңгілік Ел» не была объектом комплексного и системного научного исследования с взглядом ученика 10 класса. Изучение темы позволяет определить роль и место «Мәңгілік  Ел» в общественной жизни Казахстана. «Мәңгілік Ел» – это национальная идея нашего общеказахстанского дома, мечта наших предков.

Цель научного проекта: анализировать, изучить основы идеи «Мәңгілік Ел».  

Структура научного проекта. Он состoит из введения, трех частей, заключения, списка использованных источников и приложении.

 

 

RESUME

 

The research project made a historical analysis of the main stages and investigated ideii "Mangilik El", considered the ideological and philosophical / ideological foundations of the ideas Mangilik Yel in Turkish historical and linguistic understanding of the word "mәңgі". Until now, the idea of ​​"Mangilik El" was not subject to comprehensive and systematic research with student eyes 10 class. Topics Study to determine the role and place "Mangilik El" in the social life of Kazakhstan. "Mangilik Yel" - is all Kazakhstan national idea of ​​our house, the dream of our ancestors.

Aim of scientific project: to analyse, study bases of idea of "Мәңгілік Ate".

Structure of the thesis and volume. The thesis consists of introduction, two parts, conclusions, the list of the used literature.

ҚОСЫМША 5.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ

 

 

 

 

 

 

Бағыты: Қазқстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

 

Секция: Тарих, өлкетану, этномәдениеттану

 

Тақырыбы: «Тарихи кеңістіктегі» елдігіміздің тұғырын бекітуге бағытталған «Мәңгілік Ел» идеясы Елбасы және халық тарихы арнасында

 

 

 

 

 

                                                                              Орындаған:

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы

№43 мектеп лицей» КММ 

10  «А» сыныбының оқушылары

Жырғаубайқызы Амина,

Саят Айнагүл

                                                                        

                                                                              Ғылыми жетекшісі:

                                                                              ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп лицей» КММ

тарих мұғалімі Орамалова А.Ж.

 

  Ғылыми кеңесші:

тарих ғылымдарының кандидаты

Чекетаева Р.С.

 

 

 

 

Өскемен, 2017

 

 

Мазмұны

      

КІРІСПЕ ....................................................................................................

3

1.«Мәңгі ел»  идеясының бастауы ..........................................................

5

1.1. «Мәңгі ел» көне түркі жазба ескерткіштерінде жариялануы

және Әл-Фараби шығармаларында берілуі ..............................................                                                   

6

1.2. «Мәңгілік ел» идесы халық тарихы арнасында ...............................

8

2.«Мәңгілік Ел» Тәуелсіз Қазақстанның

жалпыұлттық идеясы ...............................................................................

10

3.Тәжірибелік бөлім ....................................................................................         

12

ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................

15

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................................

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігін негіздеу. Қазақстан халқы ассамблеясында Мәңгілік Ел патриоттық актісі жарияланса, қазір жалпы білім беру стандартында да  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы кіріктірілген.  Сондықтанда қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөліктері – «Тәрбие және білім», «Атамекен» бағыттарында  Мәңгілік Елге ерекше мән беріп отыр. Сол себептен тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жүргізу бүгінгі таңда қоғамдық сұраныстан туындаған.  Демек тақырып өзекті, әрі ауқымды. Өйткені, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда, өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеруде, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру бойынша қазақстандық патриотизм идеясында тәрбиенің ұлттық жүйесін байыту өзекті мәселелердің біріне айналды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.  Мәңгілік  Ел идеясына қатысты алғашқы деректер түркі дәуірінен бастап жарық көре бастап, бүгінгі күнде де жазылуда. Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған құлыптастарындағы жазулардан бастау алады. Орта ғасырларда әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн еңбектерінде, кейін қазақ жыраулары, Алаш қайраткерлері еңбектерінде қаралған. Мәселенің кейбір қырлары Н.Н.Назарбаевтың еңбектерінде, Қазақстан-2050, 100 нақты қадам, Мәңгілік Ел патриоттық актісі т.б  дәйектелген. Мәңгілік Елге қатысты кезеңдік басылымдарда жүздеген мақала жарияланды. Сонымен қатар, біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады.

Кілтті сөздер. Мәңгілік Ел, патриот, тәрбие, рухани жаңғыру, мұғалім, оқушы, тұлға т.б.

Зерттеу нысаны. Қазақ елінің тарихи тағдырындағы Мәңгілік Ел идеясы.

Зерттеу пәні. Мәңгілік Ел идеясының үш негізі ғылыми тұрғыдан талданып, қазіргі тарих ғылымы талаптарына сай зерттелуі болып табылады.

Жобаның мақсаты. Мәңгілік Ел идеясының негізін оқушы көзқарасымен талдау, зерделеу.

Осы аталған мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

-                     Мәңгілік Ел идеясының шығу тарихын зерделеу;

-                     мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

-                     бүгінгі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, тақырыптың ең түйінді, өзекті мәселелеріне жалпы адамзаттық тұрғыдан өз пікірімізді білдіру.

Жоба жұмысының деректік негізі. Ғылыми жобада негізгі деректер Елбасы жолдауларынан, мемелекеттік актілер,   мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар конференция жинақтарынан алынды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу нақты, фактілік материалды зерделеу, ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру, салғастыру және басқа да жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді. Социометрия,  әңгімелесу, кері байланыс, рефлексия  сынды жұмыс түрлері қамтылды. Алынған нәтижелер талданып, қорытындысымен жұмыс жүйелі жүргізіледі.

Жобаны зерттеу кезеңдері, қысқаша жұмыс жоспары:

1 кезең. 2015-2016 ж.ж. теориялық материалдармен танысып, жинастыру. Жоспар құру, кіріспенің ғылыми аппаратын жазу, негізгі бөлімді аяқтау.

2 кезең. 2016-2017 ж.ж. Жоба бойынша ғылыми практикалық конференцияларға қатысып сыннан өткізу, он-лайн, қашықтықтан қатысу. Тақырып бойынша мектепте сыныптан тыс шаралар өткізу.

3 кезең. 2017-2018 ж.ж. қорытынды, өнім дайындау.

Жобаның болжамы, күтілетін нәтижесі. Егер, адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болса, онда балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарымен қамтылған оқушылардың үлесі артады. Нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар өз елінде қалып немесе кейіннен өз туған жеріне оралып, өз еліне қызмет атқарады. Себебі, Өскемен, Шемонайха, Риддер, Зырян мектептерінде мектеп бітіруші түлектер ҰБТ бармай, жақын жатқан шет мемлекеттерге жоғарғы оқу орнына кетіп, кейіннен сонда қалып қою жағдайы кезедседі.

Жобаның жаңашылдығы.

- Мәңгілік Ел идеясының түп негізі түркі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі уақытпен сабақтастықта зерделенді;

- «Мәңгілік Ел» тарихи ұғымына қатысты көне дәуірлерден бүгінгі күнге дейінгі ғылыми-көпшілік түсініктемелер топтастырылды;

- өзіміз оқитын мектепте Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде  және «БАҰО «Өрлеу» АҚ ШҚО ПҚ БАИ және «Мәңгілік Ел»  кабинеті ашылды, жоба негізінде жасаған стенд қолданылды (қосымша 1,2).

- «Мәңгілі Ел» бойынша мультимедиялық материалдар жинақталды.

Жобаның қолданбалы маңызы. Бұл жобаны сынып сағатында, патриотизмге тәрбиелеу үшін мектепішілік іс-шараларда, сабақтарда қолдануға болады.

Жобаның сыннан өту: мектепішілік, қалалық ҒПК және сырттай Түркістан қаласында өткен ҒПК қатысып, сертификат берілді. «Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының құндылықтарын   білім беру мен тәрбиелеуде жүзеге асыру»  әдістемелік нұсқаулықта  (авторлары Чекетаева Р, Шаянбаева Ж) жоба жарияланды. Ғылыми кеңесшімен бірлесе жасалған жоба негізінде жасалған Мәңгілік Елдің жеті құндылығына байланысты стенд (Қосымша 1) «БАҰО «Өрлеу» АҚ ШҚО ПҚ БАИ және Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде  «Мәңгілік Ел» кабинетінде берілген.

Ғылыми жобаның құрылымы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1.                 «МӘҢГІ ЕЛ»  ИДЕЯСЫНЫҢ БАСТАУЫ

 «Мәңгі ел»  идеясының үш негізі. Белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін  негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте өмір сүріп отырған  халықтың мақсат-мүддесімен, болмысымен толық  сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монтескье: «Заңдар үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен көлеміне, климатына, топырақ   сапасына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, санына, байлығы мен қабілетіне, әдет-ғұрпына сәйкес болу  керек», – дейді. Екіншіден, идеологияның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиет оның сол мемлекет тарихымен сабақтас болып, ұзақ мерзімдер бойы сол қоғамда үйреншікті, жетекші идеологиялық деңгейде болу тиістігін айтады [3,289 б.]. Осы негізгі екі белгі де, бірінші бөлімде дәлелденгендей, түркілердің ұлы қағанатын құрғанда бар еді.

Жалпы, ежелгі түркілердің «Мәңгі ел» идеясын екі мағынада алып қарастырған дұрыс. Біріншісі – кең мағынада, яғни біртұтас түркі елі немесе қағанат, бірнеше ұлыстар мен ру-тайпалық мемлекеттерді біріктірген ірі бірлестік, ал екіншісі – тар мағынада, яғни жекелеген түркі мемлекеттері, немесе хандықтар мен ұлыстар. «Мәңгі ел» идеясының алғаш рет манифест, яғни үндеу тұрғысынан жарияланғаны - кең мағыналық сипатта еді. Өйткені ол кезде түркі жұрты – Ұлы Түркі қағанатын, яғни біртұтас елін құраған заман болатын. Кейін Түркі қағанаты бөлшектеніп, бірнеше жекелеген  мемлекетке айналғанда бұл «Мәңгі ел» идеясы тар мағынада, яғни әр түркі мемлекетінің өзіндік ұлттық идеясына айналды. Мұнда, әрине біз «мәңгі ел» деген сөз тіркесі кездеспейді екен деп, ол идея жоқ деп айтсақ,  мәңгүртікке бір табан жақындар едік. Мысалы, ескіден келе жатқан «ел боламыз десек» деген сөздің өзі «мәңгі ел» идеясы ұғымын беріп тұр емес пе?! Қазірде, мысалы Елбасы Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабындағы  «егер біз мемлекет болғымыз келсе», «мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе» деген сөз тіркестері  де «мәңгі елдік»  ұғымды білдіріп тұрғанына ешкім күмән келтірмесе керек.

Ежелгі түркілердің  «Мәңгі ел»  идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: 1. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгі ел» манифесінің жариялануы; 2. Әл - Фарабидің философиялық шығармаларында (әсіресе «Қайрымды қала» шығармасында), «Мәңгі ел» идеясының теориялық-методологиялық тұрғыдан негізделуі және  3. Жүсіп Баласағұн  осы идеяның іс жүзіне асуын қамтамасыз ететін мемлекеттің Ата заң үлгісінде қызметін атқаратын «Құтты Білік» дастанын жазды. Бұлардың бәрі  бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейіңгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейіңгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «мәңгі  елдік»   идеямен сабақтасады.

 Әдетте, «идея» (грек. ідеа – түсінік, елес, бейне) – теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік  мағынасында қолданылатын философиялық термин. XVIII ғасырдағы немістің классикалық философиясының негізін салушылардың бірі  И. Канттың тілімен айтсақ: «Адам білімінің қайсыбірі болмасын, түйсіктен басталып, түсінікке ұласып, идеямен аяқталады» [2, 124 б.]. Осы бір қарапайым сөз тіркестері «идея» түсінігінің мәнін және қалыптасу жолдарын қысқаша түрде  нақты бере алады.

Осы уақытқа дейін «Мәңгі ел» идеясының негізін салған «Көне түркі жазба ескерткіштері», әл- Фараби мен  Жүсіп Баласағұнның мұраларын сол ғұламалардың өмір сүрген заманымен ғана байланыстырып зерделедік. Енді кейіңгі ұрпақтары егеменді мемлекет құрып, азат санаға ие болған кезде бабаларымыз іргетасын қалап  кеткен «Мәңгі ел» идеясыың теориялық негіздері меноны  ұлттық тарихымыздағы хандар мен билер, Абай мен Алаш азаматтары және де егеменді мемлекетіміздің  Елбасы, Ұлт лидері Н.Назарбаев пен қазақ қоғамындағы зиялылардың іс жүзінде жалғастырып отырғандығын біртұтастықтықта, сабақтастықта зерделей алмасақ, тарих бізді кешірмейді.

 

1.1.      «МӘҢГІ ЕЛ» КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА БЕРІЛУІ

Алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Күлтегінге арнап қойылған бітіктаста түркі еліне жария етілген. Күлтегін ескерткішіндегі жазудың сол жақ [4,190 б] бетінде: «Өтікен жынысында отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең», – деп айтылған. Тура осы сөздер Білге қаған ескерткішінің  оң жақ [4,262 б] бетінде қайталанған. «Мәңгі» сөзі айтылмаса да, оның мағынасы Тоныкөк ескерткішінің екінші ұстынының сол жақ бетінде  «ел» сөзінің бір сөйлемде екі рет  қайталануы  арқылы берілген: «ел  де ел болды» [4,319 б.].

Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйтқысы болу қажеттігі  түп нысана  ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айрылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейіңгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгі ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.

Көне түркі жазба ескерткіштерін алып қарастырсақ, біріншіден, олардың заттық, яғни материалдық сипатқа ие болып, еркіндік, азаттық пен тәуелсіздіктің нышандарын айғақтайтын мемлекеттік рәміздер белгілерін  көруге болады. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің ұшар басы бөрі бейнелі бесбұрышты қалқан түрінде ойылуы кездейсоқ емес. Көк бөрі – түркі халықтарының ежелгі тотемдік нанымына негізделгендігі белгілі. Түркілер әулетінің негізін қалаған Ашина Алтай тауына қоныс тепкеннен кейін, «өзінің тегін ұмытпайтындығын елге жария ету үшін қақпасына қасқыр басты туын іліп қойды»  -  делінген  қытай жылнамаларында. Толық бөрі бейнесін оның басы арқылы беру «тұтастықты бөлшек арқылы беру» деген ғылыми принципіне негізделген. Мұндағы бөрі бейнесі  көркемдік емес, саяси-әлеумет-тік, яғни елдік пен еркіндікті, тәуелсіздік пен азаттықты айшықтайтын тудың рәміздік нышаны. Бөрінің бейнесі көптеген түркі тайпалары мен руларының таңбасы болған. Қазірде кейбір түркі тілдес халықтар қауымдастығының рәмізі ретінде қолданыста.

Л.Н.Гумилев те  өзінің орхон-енисей ескерткіштеріне талдау жасағанда руникалық жазулар эпитафиялық емес, публицистикалық сипатта деп жаңа бір пікірді білдірген болатын: «үш жазудың мәтіндері де түркілердің  барлық қоғам мүшелеріне  үндеу тұрғысында айтылған, оның өзінде ештеңемен  бүркемелемей, халықты сендіргісі келеді. Ендеше жазу – үндеу, ондағы берілген материал таңдап алынған. Мұндай жанрдың болуының өзі  сөздің түркі қоғамында  нақты күш екендігін көрсетеді. Олай болса, дамыған қоғам және қоғамдық пікір де бар». О.Сүлейменов те публицистиканы әлемдік тарихқа ескерткіштің кірігуінің кезеңі ретінде, сонымен қатар, бұқаралық санаға кеңінен тартылуы тұрғысынан қарастырады Ендеше, бұдан шығатын қорытынды: «Мәңгі ел» - көне  түркі жазба ескерткіштерінде Ұлы Түркі қағанаты мемлекетінің манифесі ретінде жария етілген.

Ескерткіште «мәңгі ел» Өтікенде, яғни түркі мемлекетінің бас  ордасымен бірге айтылған. «Қаған», «қан», «хан» атауларының бір-бірімен тығыз байланысты екеніне кәсіби мамандар ерекше көңіл бөледі. В. Бангтың пікірінше: «йетікан» (жұлдыз атауы) сөзіндегі «кан» және «мәңгілік елдің» сақталуын Түркі қағанатының астанасы – «Өтікенмен байланыстырған Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштеріндегі («Өтікен жынысында отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең») сөздің соңғы буыны  «кен» ~ «кан» да осы [ 5, 40 б.]. «Қан» сөзі батыс ғұндарда да болғанын Атилланың Арықан [Арығ қан -таза, пәк патшайым) есімді әйелі болғанынан байқауға болады [6, 173 б; 7, 221 б]. Атақты ақ ғұн әміршілерінің бірі Византия деректерінде Күн хан (V ғ.) деп көрсетіледі  және «хан»  сөзінің ғұндар дәуірінің өзінде «ел» терминімен қатар қолданылғаны мәлім болып отыр [8, 322 б.]. Асылында түрікше екені белгілі және кей жер атауларында кездеседі (мысалы: Ханбалық - Хазар астанасы) [8, 452 б]. Бұл термин түріктер исламды қабылдаған соң да қолданыстан түскен жоқ. Сөздің кең географиялық аймақта әр түрлі мағынада қолданылғаны мәлім.

Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің  «Мәңгі ел» философиясының теориялық негіздемесін  жасап берді.  Ғалым «Мәңгі ел» теориясының негізгі  ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында  баяндайды. Ғұлама ғалым өмір сүрген кезеңде түркілердің қала - мемлекеттері көп болған еді. Сондықтан ол «мемлекетті» көбінесе «қала» түсінігімен қатар қойды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы  қайрымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл - Фарабидің тұтас әлеуметтік - саяси  теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен   қоғамның кемелденуі туралы әлеметтік-саяси теориясында  мемлекет басқарушылары мен  сол қоғамда өмір сүретін  адамдардың да ұстануы тиіс  мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері ашылды. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркі тілдес мемлекеттердің  ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс.

Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады. Мәдениетсіз қалалардың барлық түріне қарама – қарсы қайырымды қалаға ең жақыны коллективті қала дейді . Бұл қаланың тұрғындары  барлық іс – қимылды тең құқылы, бұл  жерде бағыныштылар мен билік етушілер жоқ. Ал  қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана бола алады. Фараби  бостандықпен тең құқылыққа ықыласпен қарайды, бірақ басшысыз, оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бақытқа жету мүмкін емес деп есептейді.

Өзінің  «қайырымды» және  «қайырымсыз» қалалардың әр түрлі мінездемелерімен  классификацияларында Фараби қоғамның жетілдірілген  әлеуметтік құрылымын қайта жасады. Ол қала – мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық мінездемесін  береді. Фараби  «адамның  жануарлар  әлемімен бөлініп тұратыны ақыл  ойы және тәнінің жетілдірілгендігімен , бірақта адам одан әрі жетіле түсу үшін ол тіл және әр түрлі  өнерге зәру» - деді.

Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы  міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті мемлекеттің қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі  міндеті мемлекеттің  өз халқының  бақытқа жетуі үшін  көрнекті шараларды  іске асыру  керек:  Әділеттілікті  орнату , халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру оны  адамгер-шілікке  тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізілетін  әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі  экономикалық және саяси мәселелерге яғни негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың  бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді .

                          

1.2  МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕСЫ ХАЛЫҚ ТАРИХЫ АРНАСЫНДА

 «Құтты білік» дастаны орта ғасырларда өркениетті ел болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүни өзінің «Құтты білік»  дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, əлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, əскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің əл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды.

Сол сияқты, саманидтердің түркі әулетінен шыққан, Бұхараны билеген эмирі Ахмед ханның баласы Исмаил өте әділ, өзінің халыққа жасаған көп жақсылықтарымен көзге түскен. Оның бір әдеті болған екен.Қыстыгүні қатты суық пен боран болғанда өзі атына мініп алып, қаланың ортасындағы алаңда  түскі намазға дейін болуды әдетке айналдырған. Мұның себебін: «Мүмкін, маған жолығу үшін аймақтардан келген адамдар боран мен суықты күндерде біздің сарайды тауып келе алмауы, тамақ ішетін  немесе тоқтайтын жері болмауы мүмкін. Ал мен алаңда тұрсам, олар келіп, бірден шаруаларын айтып, тындырып кетулеріне мүмкіндік алады»-деп түсіндіреді.

Түркілер құрған империя тек «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» ғана құрылған емес еді. Ежелгі Қытай данышпаны Лу Цзя: «империяны атқа отырып жаулауға болар, бірақ оны ат үстінде отырып басқару мүмкін емес» дегеніндей, түркі басшылары өзінің иеліктерін билеуде түрлі бейбіт іс-шараларды шебер пайдаланды. Мысалы, иеліктерін басқаратын жергілікті өкілдеріне лауазымдар мен атақ дәрежелер беріп отырды, діни наным-сенімдердің әр түрлілігіне толеранттылықпен қарады, қыз берісіп,қыз алысу сияқты сол кездегі дипломатиялық әдіс-тәсілдерді де ұтымды пайдаланып отырған.

Алтын Орда дәуірінде. Дамыған ортағасырдағы Ұлы Даланың мемлекеттік басқару дәстүрінің негізі, белгілі бір дәрежеде, орхон-енисей түркілерінің дәуірінде ақ қаланған еді. Шыңғыс ханның Алтын Орда империясы да өзінің мемлекеттік басқару жүйесін құрғанда  өзінің алдындағы, яғни Түрік қағанатының ел басқару құрылымдарын тек жоғары деңгейде  қайталаған болатын.  Алтын Орда дәуірінде «Мәңгілік Ел» идеясы «Мәңгі Тәңірінің күші» тұрғысында кездеседі.

-Күйік ханның мөрінде;

-Арғұн ханның француз королі Филипке жазған хатында;

-Алтын Орда ханы Өзбектің елшісін растаған құжатта:«Мәңгі Тәңірінің күші» сөздерімен басталған.

Қазақ хандығы тұсында -  «Алаш» идеясы осы Мәңгілік Ел идеясының жалғасы болды. Қазақ тарихын зерттеуші әйгілі американ тарихшысы Марта Олкотттың: «Осындай ұлан-ғайыр жерге иелік ету оларға оңай болмаған. Сондықтан бір Алаштың баласымыз деген ой-тұжырым тамаша идея болды. Себебі осы идея қазақтардың басын қосты» дегені белгілі.Ал, Мұстафа Шоқайдың «Бір тұтас Түркістан идеясы» осы  «Мәңгілік Ел» идеясының түркі әлеміндегі бір көрінісі болды.

Алаш зиялылары мен қайраткерлерінің «Мәңгілік Ел»  мұраты жолындағы күресі. Абайдың қарасөздері, Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,Мұстафа Шоқай, Смағұл Садуақасов, Міржақып Дулатов және т.б. шығармаларында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басындағы Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты мен Кеңес үкіметінің тоталитарлық жүйесіне қарсы күресті.Сонымен қатар осы кезеңдегі қазақ халқының болашақта алдыңғы қатарлы ел болып қалыптасуының жолдарын қарастырып, халықты білім мен ғылымға, озық шаруашылық ұйымдастыруға шақырды. Кеңес дәуірінде Ә.Ермеков және Ж. Тәшеновтің қазақ жерінің біртұтастығы үшін күрестіі.

 

2.                 «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылы Қазақстан халқына  Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жариялады. Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналды. Оны Елбасының кеше ғана жария еткен  2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры».

Бес реформа – ұлт жоспары «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары қазақ елінің «Мәңгілік елге» айналуының кепілі. «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.  Мысалы, 85-қадамда «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеуге тапсырма берілген болатын, нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев  тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті. Елбасының мына сөзінің мән-мағынасы әр қазақстандықтың жүрегінде жазылып тұруы тиіс: «Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы».

«Елдің мәңгілігін армандаудан асқақ қандай идея болмақ»,- дейді бүгінгінің ойшыл ғалымы. Мұнан байқайтынымыз, арада мыңдаған жылдар өтсе де, көшпелілердің ойлау жүйесіндегі, дүниетанымдарындағы сабақтастық үзілмеген, қайта ауыздан ауызға тарап, өз болмысын сақтап қалған секілді. Астана – қазақ даласының төсіндегі мәңгілік елдің мызғымас тұғыры.

Қазақ дәстүрі бойынша өмір есігін жаңа ашқан сәбиге үлкендер «Ғұмырлы болсын!» деп батасын береді. Қазақ қай нәрсенің де тұрақты, уақыт өлшемі жағынан тозбайтын, өзгермейтін ұзақ болғанын қалаған. Адам өмірінің өтпелі екенін біле тұра, оған да ұзақ өмір тілейді. Қорқыт бабамыз да сол өтпелі өмірден қашқан, сондықтан да мәңгіліктің кілтін табуға тырысқан. Мәңгілік философиясы – біздің ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дүниетаныммен астасып жатқан жүйелі ойлар желісі. Асан қайғының да арманы – елді шөбі, суы мен ауасы тірі жанға дауа жерұйыққа жеткізу болған. Мәңгілік өмірді ол жерұйықта деп түсінген. Ал жиырма бірінші ғасыр бедерінде қазақ елі сол мәңгілік арманды жүзеге асыруға кірісті.

Мәңгілік ел ол ел ішіндегі тұрақтылыққа, төзімділікке тікелей байланысты. Қазір әлемде болып жатқан оқиғаларға көз жібере отырып, бір елді екіншісіне айдап салу, сол елдің ішіндегі сан алуан діни көзқарастар мен саяси ала-құлалықты өз мүддесіне пайдаланып отырған кейбір жымысқы топтардың әрекеттерін айқын аңғаруға болады. Олардың көксейтіні сол қантөгіс оқиғалардан өздеріне тиімді пайда табу ғана. Ал екі ортада қарапайым халық зардап шегеді, жазылмас қайғы-қасірет арқалайды. Ондай топтардың біздің елде де өз әрекеттерін іске асыруға ұмтылатындықтары айдан анық. Соңғы жылдары әр жерден қылаң беріп қалатын террорлық әрекеттердің астарында сол қаскөй топтардың қолтаңбалары жатыр. Оның алдын алу, айлакерлікпен жүргізетін азғыруларына ілесіп кетпеу үшін біріншіден саяси сауатты болу керек, екіншіден өзіміз өмір сүріп жатқан отанның шынайы патриоты болуымыз керек. Ал отаншыл болу деген сөз ол тек осы өзіміз тұрып жатқан жерді ғана жақсы көру емес, сол жерде бізбен бірге өмір сүріп, күнделікті аралас-құралас жүрген барлық адамдарды жақсы көру деген сөз. Әрине барлық адам баласы бірдей емес екені де түсінікті, бірақ бір жерде, бір елде тұрған соң әркімнің адами болмысына, адамгершілік қасиеттеріне, ұлттық дүниетанымына, діни көзқарастарына түсіністікпен қарасақ, олар да біздің дінімізді, тілімізді, ділімізді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдайды деп ойлаймын. Бұл мен айтып отырған абстрактылы нәрселер емес, өзіміз талай жылдардан бері көріп, біліп, сан жылдар бойғы тәжірибеде сыналған таным-түсініктер. Егер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын болсақ, біз алмайтын қамал, біз аспайтын асу болмайды.

Мәңгілік - ол саналы адам үшін аяқталмас шексіз ғұмыр. Елдің мәңгілігі оның шаңырағының  шайқалмауы, өз тәуелсіздігін баянды етуі деген сөз. Сол баяндылықты сақтау үшін барша халық болып Ата заңымызды қабылдадық. Онда Қазақстан республикасындағы  азаматтардың еркіндіктері мен құқықтары көне дәстүрлерімізді ескере отырып, жаңа заманға лайық сипатта нақты жазылған. Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің әр бір азаматына оның ұлтына, тегіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан оқуына, еңбек етуіне, демалуына, шығармашылықпен айналысуына, жеткілікті тұрмыста өмір сүруіне, ұрпақ өсіруіне т.б тең құқық беретін басты кепілдік.

Ата заңымыздағы әр бір баптың дұрыс орындалуын сақтай отырып, кез-келген қазақстандық азамат өзін рухани және кәсіби тұрғыда дамытуы тиіс. Елімізде әр бір азаматтың кемелденген жеке тұлға болып қалыптасуы ол біздің мемлекетіміздің байлығы, елдігімізді сақтаудың алтын арқауы. Қазақстан азаматтарының сапалы білім алуларына, олардың салауатты өмір сүрулеріне, әлеуметтік жағдайларының заман талабына сай бай-қуатты болуларына ел үкіметі әрдайым жіті назар аударып, оны дамыған елдер қатарына қосу жолында әр алуан ізденістер жасауда.

Күні кеше қабылданған «100 – нақты қадам» Ұлт жоспарында «Мәңгілік Ел» жобасының аясында қазақстандық қоғамның жаңа сапалық сипаттағы келбетін қалыптастыру, рухани-мәдени санаттағы құндылықтарымызды дұрыс түсіну, оны қабылдаудың тың үлгілерін жасау және жаһандық кеңістікке барынша танымал ету Ұлт жоспарындағы «Біртектілік пен бірлік» бөліміне енгізілген қадамдардың басты идеясы.

Ендеше, Қазақстан Мәңгілік еларнасында қуатты елдіктің терең идеясы іс жүзінде өрістете алатын ел болатыны сөзсіз.

 

3.     ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

 

Жоба жұмысының 1,2-ші кезеңдерінде  жобаның теориялық жағын қарастырдық. Әдебиеттер оқыдық. Жобаны жаздық. Дегенмен мектепішілік, он-лайн ғылыми практикалық конференцияларға қатыса отырып өз жобамызға баға бердік және рефлексия жасай отырып түйгеніміз жоба бойынша бір өнім жасау болды. Көбіне  математикалық-жаратылыс тану пәндері бойынша тәжірибе жұмыстары жүргізілетіндіктен тарих  пәнінен бізде бірқатар қиыншылықтар болды.  Сауалнама алу жолымен оны шешу жолы ескі әдіс болды. Біз оның орына тарихи талдау және рефлексия әдістерін қолдандық. Нәтижесінде осы жобаны жаза отырып тек өз білімімізді ғана толықтырып қоймадық. Мектептің бастауыш, орта, жоғары буын оқушыларына дәрістер өткізіп, сынып сағаттарына қатыстық. Сен білесінбе? деп сұраудың орнына оларға үйреттік. Мектептегі радиодан да хабарлама жасап отырдық. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жолдауын насихаттау үшін мектептің оқушыларыды басқару ұйымдарымен «Жас ұлан, Жас қыран» жұмыс жүргіздік (фотосурет 1).

 

Мектеп оқушыларының кері байланысы негізінде олардан ұсыныс келіп тұсты. «Мәңгілік Ел» кабинетін жасау бойынша. Облысымыздың басқа мектептердің, білім беру ұйымдарының ( ЖОО, колледж т.б) кабинеттерін зерделей отырып олардың жалпылама жасалғаның байқадық.

Өз күшіміз жетпейтін болғандықтан мектебіміздің директордың тәжірибелік эксперимент жұмысы (ОЭР) бойынша орынбасары, т.ғ.к Р.С.Чекетаеваны және «БАҰО «Өрлеу» АҚ ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы С.Г.Щегловтан ғылыми кеңесші ретінде көмек алдық.

Жобада жинақталған материалдар негізінде 7 құндылықтың әрқайсысына жекелей таныстырылым/слайд жасалды,  кабинеттің жоспары/проектысы сызылды (сурет 1,2). Қажетті қаражат есептеліп, демеушілік қордан қаржыға сұраныс жасалды. Мысалы:

Нысанның орналасуы: 1-ші) Өскемен қаласы, Дзержинский көшесі 7, ӨҚӘ Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ, 28 кабинет.

2-ші) Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 160 ү, «БАҰО «Өрлеу» АҚ ШҚО ПҚ БАИ, 6 кабинет.

1-ші нысандағы кабинет. Стендтер (7 құндылық бойынша, ШҚО картасы, ҚР Мемлекеттік рәміздері) құны 110 000 теңге. «Простор» Жекеменшік мекемесінен басылып шығарылды.

Елбасы портреті 5 000 теңге.

Теледидар 109 000 теңге.

Барлық шығын 204 000 теңге.

Шкаф, сөрелер, дөңгелек үстел, кітаптар қоры мектептің бұрынға материалдық базасынан алып жабдықталды.

Жоба нәтижесінде Мәңгілік Елдің жеті құндылығы толық қамтылған стенд және кабинет біздің мектеп  пен облысымыздың мұғалімдердің біліктілікті арттыру нститутында  жасалды. Кабиеттің презентациялық бейнеролигі жасалды (сурет 4). Қажетті құжаттар, жолдаулар, кинолар т.б медиақоры жасалды.

Сурет 1.  «Мәңгілік Ел» кабинетінің бастапқы сызба жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.  «Мәңгілік Ел» кабинетінің бастапқы сызба жоспары

 

 

Сурет 3. Стенд жасау барысындағы сызба нұсқалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4.  Кабиеттің презентациялық бейнеролигі

 

 

Р.Чекетаева, Ж.Шаянбаеваның құрастыруларымен  «Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының құндылықтарын   білім беру мен тәрбиелеуде жүзеге асыру»  әдістемелік нұсқаулық жазылды. Бұл нұсқаулыққа мектебіміздің оқушыларының шығармалары, эсселері, суреттерін жинастыруға көмек бердік. Сол нұсқаулыққа біздің жобамыз енгізілді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Мәңгілік ел – ол біздің ғана өміріміз емес, біздің баламыздың, баламыздың баласының, немереміздің немересінің, жинақтай айтқанда, күллі Қазақстан халқы ұрпақтарының өмір жалғастығы. Мәңгілік ел – тәуелсіздіктің, азаттықтың, татулықтың мәңгілік өмір сүруі. Ол қазір идея, ал оны жалпыұлттық идяға айналдыру үшін, оның шын мәнінде жүзеге асуы үшін әрбір Қазақстан азаматы бүгіннен бастап сол бағытта талмай еңбектенуі керек. Әрқайсымыз атқарып жатқан ісіміздің келер ұрпаққа тозбай сапалы жетуіне мүдделі болғанда ғана, ел өзінің мәңгілік сипатына ие болмақ. Елбасының өзі бұл туралы: «Мемлекеттік тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе тек қазіргі ұрпақтың ғана меншігі емес. Ол – өткеннің алдындағы борыш және келешектің алдындағы жауапкершілік», - деген болатын. Мәңгілік ел идеясының өзі келешектің алдындағы жауапкершілікті сезінуден туған кемел ой екенін пайымдаймыз.

Мемлекет болған жерде оның өзіне тән ішкі, сыртқы саясаты, халқымен бірге жүзеге асырар идеологиясы болады. Елдің ертеңін ойласақ, біз бүгіннен бастап болашақ ұрпағымыздың тәлімді тәрбие алуын, білім сапасының әлемдегі таңдаулы елдермен салыстырғанда ешқайсысынан да кем болмауын қамтамасыз еткеніміз жөн.

Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы бойынша жобаның тұжырымдамасы:

-         Тәуелсіз Қазақстан - «Елдің мәңгілігін армандаудан асқақ қандай идея болмақ»;

-         ҚР Елордасы Астана – қазақ даласының төсіндегі мәңгілік елдің мызғымас тұғыры;

-          Мәңгілік философиясы – біздің ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дүниетаныммен астасып жатқан жүйелі ойлар желісі;

-         Мәңгілік Ел – ол біздің ғана өміріміз емес, біздің баламыздың, баламыздың баласының, немереміздің немересінің, жинақтай айтқанда, күллі Қазақстан халқы ұрпақтарының өмір жалғастығы;

-         Әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы: Мәңгілік Ел идеясының іске асуына мүдделі болуында.

Қазақстандық бірегейлік пен біртұтастық бейбіт өмір сұру формуласы.

     Қазір статистикалық мәліметтерге қарағанда облысымыздың мектептерінде мектеп бітіруші түлектер ҰБТ бармай, жақын жатқан шет мемлекеттерге (Ресейге) жоғарғы оқу орнына кетіп, кейіннен сонда қалып қою жағдайы кезедседі. Егер оқушыларға Мәңгілік Ел құндылықтары бала кезде бойларына сіндірілсе олар өз елінің патриоты болыды. Президентіміз Н.Назарбаевтың «Адамға, оның білім алуына, мәдениетке қаржы салу – бұл мемлекеттің болашағына қаржы салу» деген сөзі – осы ойымыздың нақты айғағы. Мәңгілік ел болудың басты шарттарының бірі де сол білімді, тәрбиелі, қай жағынан болса да бәсекелестікке қабілетті ұрпақты бүгіннен бастап дайындау, олардың өз замандастарының алды болуларына жағдай жасау деп қорытындылаймыз.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.

2. Монтескье Шарль Луи. Избранные произведения. – М.: Госполитиздат, 2. 1955. 

3. Кант И. Сочинения в 6 томах, 4  – том. - М., 1963.

4. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. –Астана: Күлтегін,2007.-306 б.

5. F. Laszlo. Kagan ve aіlesі. // Türk Hukuk Tarіhі Dergіsі, І. – Ankara, 1944.

6. Eberhard W. Birkaceski Turk unvani hakkinda. Belleten, no.35.Ankara, 1945.

7. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы,1996.

8. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. А. 1957.

9. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана,  2012 ж. 14желтоқсан.

10. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана,  2014 ж. 17 қаңтар.

11.Ұлт жоспары «100 нақты қадам».  Астана, 2015 ж. 20 мамыр.

12. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 70 б.

13.«Мәңгілік Ел». Патриоттық актісі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында сөйлеген сөзі. – Астана қ., 2016.- 26 сәуір.

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МАЗМҰНЫ Түсінік хат 3 б 1

МАЗМҰНЫ Түсінік хат 3 б 1

ТҮСІНІК ХАТ Өзектілігі. ҚР БжҒМ

ТҮСІНІК ХАТ Өзектілігі. ҚР БжҒМ

Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын меңгерту және ғылыми жобаларға дайындалу жолдарын үйрету

Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын меңгерту және ғылыми жобаларға дайындалу жолдарын үйрету

Оқушының негізгі білім–біліктілігіне, икем–дағдысына қойылатын талаптар : - Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу, кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы жетіледі; - ғылыми жобаның ғылыми аппараты

Оқушының негізгі білім–біліктілігіне, икем–дағдысына қойылатын талаптар : - Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу, кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы жетіледі; - ғылыми жобаның ғылыми аппараты

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Осы үйірменің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын ғылыми, шығармашылық, ақпараттық, тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады

Осы үйірменің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын ғылыми, шығармашылық, ақпараттық, тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады

Оқушының өз бетімен ізденуі, метатануын дамыту үшін кейбір тапсырмалар, сұрақ-жауап, бақылау жұмыстары мен тест жұмыстары т

Оқушының өз бетімен ізденуі, метатануын дамыту үшін кейбір тапсырмалар, сұрақ-жауап, бақылау жұмыстары мен тест жұмыстары т

Мен талқыланып жатқан мәселені басқа проблемалармен салыстырып (аналогия келтіріп), олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаймын

Мен талқыланып жатқан мәселені басқа проблемалармен салыстырып (аналогия келтіріп), олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаймын

Оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан ресурстар: - к ітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар); - электрондық және мульти медиа ресурстар; - желілік…

Оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан ресурстар: - к ітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар); - электрондық және мульти медиа ресурстар; - желілік…

ЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

ЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

Тәжірибе» ұғымын білу; - Қарапайым тәжірибелер жасау

Тәжірибе» ұғымын білу; - Қарапайым тәжірибелер жасау

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 1

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 1

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру

Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;

Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;

Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады

Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады

Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін балаларды немесе ересек студенттерді өздігінен ойлауға, осы мақсат үшін әртүрлі саладағы білімдерді жұмылдыра отыра,проблемаларды табуға және шешуге үйрету, шешімдердің әртүрлі…

Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін балаларды немесе ересек студенттерді өздігінен ойлауға, осы мақсат үшін әртүрлі саладағы білімдерді жұмылдыра отыра,проблемаларды табуға және шешуге үйрету, шешімдердің әртүрлі…

Шығармашылық жоба. Оқушыларға шығармашылық тапсырманың қысқаша сипаттамасы ұсынылады (мысалы, газетке мақала жазу, сценарий жазу, бейне жазба түсіру)

Шығармашылық жоба. Оқушыларға шығармашылық тапсырманың қысқаша сипаттамасы ұсынылады (мысалы, газетке мақала жазу, сценарий жазу, бейне жазба түсіру)

Мұғалімнің рөлі ынталандырушы материалдар мен ресурстарды қолдана отырып, қажет болған жағдайда, оқушыларға мақсатқа сай қолдау көрсету болып табылады

Мұғалімнің рөлі ынталандырушы материалдар мен ресурстарды қолдана отырып, қажет болған жағдайда, оқушыларға мақсатқа сай қолдау көрсету болып табылады

Жобалауды теориялық тұрғыдан қамтамасыз ету

Жобалауды теориялық тұрғыдан қамтамасыз ету

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер 1

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер 1

Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ

Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ

Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат

Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат

ОСЫМША 1. І. Дәрістің тақырыбы:

ОСЫМША 1. І. Дәрістің тақырыбы:

Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – жас ғалымның таным қызметі

Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – жас ғалымның таным қызметі

Мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу

Мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу

Зерттеу күнделігін жүргізу.

Зерттеу күнделігін жүргізу.

Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз)

Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз)

ОСЫМША 2. Өскемен қаласы Қ

ОСЫМША 2. Өскемен қаласы Қ

ОСЫМША 3. Өскемен қаласы Қ

ОСЫМША 3. Өскемен қаласы Қ

ОСЫМША 4. АНДАТПА Ғылыми жобада «Мәңгілік

ОСЫМША 4. АНДАТПА Ғылыми жобада «Мәңгілік

ОСЫМША 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ОСЫМША 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Мазмұны КІРІСПЕ

Мазмұны КІРІСПЕ

Кіріспе Тақырыптың өзектілігін негіздеу

Кіріспе Тақырыптың өзектілігін негіздеу

Социометрия, әңгімелесу, кері байланыс, рефлексия сынды жұмыс түрлері қамтылды

Социометрия, әңгімелесу, кері байланыс, рефлексия сынды жұмыс түрлері қамтылды

МӘҢГІ ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ БАСТАУЫ «Мәңгі ел» идеясының үш негізі

МӘҢГІ ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ БАСТАУЫ «Мәңгі ел» идеясының үш негізі

И. Канттың тілімен айтсақ : « Адам білімінің қайсыбірі болмасын, түйсіктен басталып, түсінікке ұласып, идеямен аяқталады» [2, 124 б

И. Канттың тілімен айтсақ : « Адам білімінің қайсыбірі болмасын, түйсіктен басталып, түсінікке ұласып, идеямен аяқталады» [2, 124 б

Мұндағы бөрі бейнесі көркемдік емес, саяси-әлеумет-тік, яғни елдік пен еркіндікті, тәуелсіздік пен азаттықты айшықтайтын тудың рәміздік нышаны

Мұндағы бөрі бейнесі көркемдік емес, саяси-әлеумет-тік, яғни елдік пен еркіндікті, тәуелсіздік пен азаттықты айшықтайтын тудың рәміздік нышаны

Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркі тілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс

Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркі тілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс

Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды

Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды

Кеңес дәуірінде Ә.Ермеков және

Кеңес дәуірінде Ә.Ермеков және

Асан қайғының да арманы – елді шөбі, суы мен ауасы тірі жанға дауа жерұйыққа жеткізу болған

Асан қайғының да арманы – елді шөбі, суы мен ауасы тірі жанға дауа жерұйыққа жеткізу болған

Күні кеше қабылданған «100 – нақты қадам» Ұлт жоспарында «

Күні кеше қабылданған «100 – нақты қадам» Ұлт жоспарында «

Р.С.Чекетаеваны және «БАҰО «Өрлеу»

Р.С.Чекетаеваны және «БАҰО «Өрлеу»

Сурет 3. Стенд жасау барысындағы сызба нұсқалары

Сурет 3. Стенд жасау барысындағы сызба нұсқалары

Сурет 4. Кабиеттің презентациялық бейнеролигі

Сурет 4. Кабиеттің презентациялық бейнеролигі

ОРЫТЫНДЫ Мәңгілік ел – ол біздің ғана өміріміз емес, біздің баламыздың, баламыздың баласының, немереміздің немересінің, жинақтай айтқанда, күллі Қазақстан халқы ұрпақтарының өмір жалғастығы

ОРЫТЫНДЫ Мәңгілік ел – ол біздің ғана өміріміз емес, біздің баламыздың, баламыздың баласының, немереміздің немересінің, жинақтай айтқанда, күллі Қазақстан халқы ұрпақтарының өмір жалғастығы

Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында

Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020