"Алтын оймақ" үйірмесі
Оценка 4.8

"Алтын оймақ" үйірмесі

Оценка 4.8
Разработки уроков
doc
труд
6 кл—9 кл
22.01.2018
"Алтын оймақ" үйірмесі
Жас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті бүгінгі таңда тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады. Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту тұрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап, жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғырып, күнде өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәруЖас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті бүгінгі таңда тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады. Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту тұрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап, жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғырып, күнде өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәру
Алтын оймақ 2016.doc
«БЕКІТЕМІН» _________                                 «КЕЛІСЕМІН»_______       Мектеп директоры:                                              Кәсіподақ комитетінің            Аубакирова А.                                                      төрайымы: Қасенова Б.С.      «___»  тамыз   2016 ж                                          «___» тамыз 2016 ж                   .                                                                                                                .                                                                         « АЛТЫН ОЙМАҚ »  ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ    Мұғалім:       Рахимжанова Мунира Маулетқызы 2016– 2017 оқу жылы     Сыныптар:    _________         Аптасына:    4,5­рет     Жоспар бойынша сабақтары: 154 сағ. Семей  қаласы Кіріспе Жас   ұрпақ   алдында   «Қазақстан­2030»   бағдарламасында   көрсетілген   «Барлық Қазақстандықтардың   өсіп­өркендеуі,   қауіпсіздігі   мен   әл­ауқатының   артуы»   сияқты   ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті бүгінгі таңда тұр. Демек, бұл   қоғамдық   саладағы   өзгерістерге   сай   жоғары   талаптар   қоя   отырып,   экономикалық бәсекелестік   жағдайында   сапалы   мамандар   даярлау   қажеттігін   алға   тартады. Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық  жаңалықтар  мен өзгерістерге  батыл жол  ашарлық  қарым­қатынас  жасаулары  керек. Оқыту   тұрлерін,   әдістері   мен   құралдарын   одан   әрі   жетілдіріп,   тиімді   тәсілдерді   нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Қоғамның дамуы адамдардың ой­санасының, мінез­құлқының өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап, жаңаша ойлайтын,  шығармашылық  қабілеті  дамыған,  күнде жаңғырып,  күнде өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәру.  Осыған орай, тарихи археологиялық бағыттағы А.Х.Марғұлан, С.М.Дудин, Б.В.Веймарин, А.Ақышев т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының мәдениетін сөз еткенде үй шаруасьшда қолданатын   заттар   мен   бұйымдарға   сипаттамалар   беріп,   мәнін   пайымдайды. Қазақ   қолөнерінің   туындау   тарихы   мен   өмірдегі   әлеуметтік   маңызын   Т.К.Басенов,   Е.   Р. Шнейдер,   У.   Джанибеков,     М.   С.   Мұқанов,   Ә.   Тәжімұратов,   С.   Қасиманов,   Х.Арғынбаев, Қ.Мұқанова, К.Ибраевалар ашып көрсеткен.Киім үлгілері мода айына емес күніне өзгеріп, небір жаңа киім­кешек, жиһаз, керек­жарақтардың түрі пайда болуда. Сонымен бірге, материалдарды өңдеудің де тың технологиясы, бұрын болмаған әдіс­тәсілдері қолданылуда.  Бұрынғы, ескі көркемдеу элементтерін  заманалық  бұйымдар  мен өнімдерде  пайдалану,  сол арқылы   оларға   жаңа   түр   беру   де   кең   орын   алуда. Бұл   өз   кезегінде   бүгінгі   оқушылардың шығармашылығын   танытып,   қалыптастырудың   жаңа   технологиясы   арқылы   жүзеге   асады. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жалпы шығармашылық үрдістің пайда болуына шарт түзуден   басталатыны   белгілі.   Шығармашылық   үрдісті   зерттеуші   ғалымдар   В.И.Андреев, Д.Б.Богоявленская, А.В.Бушлинский, А.М.Коршунов, Я.А.Пономарев, А.Б.Мигдал, А.Н.Лук т.б. оның қарастырады. Кейінгі   кездерде   оқу   үрдісінде   оқушылардың   шығармашылығын   дамыту   технологиясы,   білім және   тәрбиелеу   технологиясы   деген   ұғымдар   туындап,   қалыптасып   келеді.   Бұл   ретте А.С.Белкин,   А.Бенно,   В.П.Беспалько,   Э.Ф.Зеер,   М.В.Кларин,   Г.К.Селевко,   Ф.Янушкевич   т.б. зерттеуші   ғалымдардың   еңбектерін   атауға   боладыБіз   зерттеу   жұмысымызда   оқушылардың шығармашылық,   ісмерлік   дағдыларын   қалыптастыру   жолдарын   қарастыруда   осы   үрдістің психологиялық тетіктері мен педагогикалық  әдістерін жан­жақты талдап, зерделеу мәселесін шешу ілігі туындап отырғанын ескердік.Халқымызда ежелден қолданып келе жатқан "ісмерлік", орыс тілінде кең тараған "партной" ­ француз сөзінің баламасы. Орыс тілінде швея ­ тігінші, қазақ тілінде ­ ісмер, шебер дегенді пайдалану, осы кәсіптің маңызын дұрыс ашып беретін секілді. Ісмерлік дағдылар ­ дегеніміз тігіншілік дағдылардың, басқаша айтқанда, ине шаншу әдіс­тәсілдерін   меңгеріп,   маталар   және   басқа   тігіншілікке   қажетті   ісмерліктерді игеріп, соған дағдылану деп пайымдап, осыны дәлелдеудің педагогикалық жолдары осы қалыптасуы, жолын   туындап     даму уақытқа   дейін   қарастырылмаған.Бұлар   зерттеу   тақырыбын   "Технологиядан   үйірме сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру" ­ деп алуға мүмкіндік береді. ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТҚА САЙ ТАЛАП, МАҚСАТТАРҒА,  МІНДЕТТЕРГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. Оқыту   бағыты   оқушыларды   материалдық   құндылықтардың   заманауи   өндірісінің   негізгі технологиялық   үрдістерімен   таныстыруға,   кейінгі   кәсіптік   білім   алуға   және   еңбек   етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.  Үйірме   мазмұны   бағдарламадағы   оқушының   жеке   тұлғасы,   отбасы   және   қоғамның қажеттіліктерін,   қазіргі   заманғы   педагогикалық   ғылымының   жетістіктерін   ескере   отырып белгіленген.  Мақсат:  техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар,   технологиялық   ойлау   қабілетін,   болмысқа   деген   шығармашылық   көзқарасын   дамыту болып табылады. ҮЙІРМЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ өз  бетінше  идея  ұсыну; эскиз  моделін  жасай  білу; қолайлы конструкторлы – технологиялық  шешімдерді  анықтай  білу; өнімді  өндіру  бойынша  технологиялық  ілім  кешенін  тәжірибе  жүзінде  мегеру.         «Ұлттық  қол  өнер  бұйымдарының  технологиясы» пәннің  мақсаты  мен  міндеті қолөнер  бұйымдарын  дайындау  кезеңінің  технологиялық  процестерімен  таныс  болу.                  Өнеркәсіптік   және   жеке   өндіріс   жағдайында   бұйым   үлгілерінің   дизайнын, пішімін,техналогиялық  тізбектілігін  ұсына білу .   Қолөнер бұйымдарын  дайындау кезінде жұмысқа деген ынталарын   шығармашылық негізде арттыру және негігі эстетикалық талғамды дамытуға үйрету болып табылады. Үйірменің мақсаты – қазіргі нарық заманындағы тұтынушылардың тапсырмаларын табысты шешуге қабілетті профессионал маман дизайнер дайындау. Үйірменің міндеті – қолөнер бұйымдарын дайындаудың технологиялық процестерін игеру. болашақ дизайнерлерді ұлттық қолөнер бұйымдарының түрлері және пішімі, оған қойылатын талаптарымен таныстыру.         Үйірмеге қатысқан     оқушылар  нені білуі  керек:     Күтілетін нәтиже:  егер оқушылардың ісмерлік жүйесін айқындап, оның технологиясын белгілейтін  болсақонда бұл қазақтың қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әшекейлеуде  қолданудың   педагогикалық мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді; оқушылар теориялықбілім және дәйекті шығармашылық дағдылармен қамтамасыз етіліп,  нарықтық жағдайдакүнде өзгеріп отырған талаптарға сай қажетті білім, біліктерді  меңгереді. Үйірменің теориялық мәнділігі: ­ "ісмер" ұғымына анықтама беріліп, алғаш рет жаңа сипатта  қолданылып, ғылыми­ теориялық негізделіп, айналымға түсті; ­ оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру  жүйесі жасалып,  оның педагогикалық, психологиялық тұстары ашып  көрсетілді. Шығармашылық  мәнділігі:  орта буын оқушыларына қолөнер бұйымын әзірлетуде олардың шығармашылық және  ісмерлік дағдыларын қалыптастырудың әдіс­тәсілдері анықталып, бұйымның  материалдық және технологиялық ерекшеліктері ашып көрсетемін. Қажетті  құрал­жабдықтар пайдалану барысында оқушылардың  білуге тиіс  және сақтауға міндетті ТҚЕ:  ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды білу;   қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;  қиып, қосып, біріктіру тігістерін орындай білуі;  жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;  құрал­жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуіді;  түстерді дұрыс сәйкестендіре білуіді;  сурет сала білуіді;  бұйымды эскизін орындай білуді;  ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуіді;  шаблон үлгілерін дайындауды білуі;  технологиялық карталармен жұмыс істей білуді;  үтікпен жұмыс жүргізуді білулері керек. Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:  инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;  инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;  жіпті тістеп кесуге болмайды;  инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;  ­сынған инені жерге тастауға болмайды. Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:  үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;   ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.  үтікті мата түріне қарай қыздыру керек. Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:  қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;  қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой. Желіммен жұмыс істеу тәртібі:  желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;  желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;  жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек. ОҚУШЫЛАР ТІЗІМІ № Оқушылар тізімі Сынып 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ № Тараулар   атауы, реті Сыныптағы сабақтар практика теория 1­тоқсан    Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру Сәндік   қолданбалы   өнерінің   түрі   кесте   тігу   өнері   Кесте   тігу өнерінің шығу, даму тарихы Кесте түрлері  Кесте тігуге арналған құрал­жабдықтар  Оқушыларға құрал­жабдықтарды дұрыс пайдаланауды үйрету,  техникалық қауіпсіздігі Кесте тігуге арналған құрал­жабдықтарды дайындау (кергіш,  мата, жіп, ине т.б). Кесте тігуге композиция дайындау,  Дайындалған нобайды мата бетіне түсіру. 1 2 3 4 5 6 Кестені тігуге кірісу және тігілу жолдары. (айқас тігу, тепшіп  тігу, шалып тігу, айқыш­ұйқыш т.б.) 7 8 Жұмысты аяқтап безендіру. (моншақтар қадау, безендіру). 9 Жібек таспамен кестелеудің шығу тарихы. 10 Жібек таспамен кестелеу технологиясы. 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 10 1 2 1 2 2 12 2 2 6 30 2­тоқсан 11 Қазақ халқында жүнді пайдалану ерекшеліктері. 12 Жүннен жасалатын бұйымдар технологиясы  Жүннен жасалатын бұйымдар. Текемет басудың шығу тарихы  Текемет, киіз басу технологиясы. Сырмақ жасау технологиясы. 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 Түскиіз жасау технологиясы Дорба, қоржын, сөмке тігу технологиясы.  Аяққап, кесеқап, торсық тігу технологиясы 3­тоқсан Жапсырмалау (коллаж) аппликация өнері. Жапсырмалау арқылы колаж,паннолар дайындау Өздеріне қажетті заттар даярлау Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы  Гобелен тоқу технологиясы. Теріден, былғарыдан сыйлық бұйым жасау технологиясы Ши тоқу технологиясының әдіс тәсілдері. Ши тоқу Теріден, былғарыдан сыйлық бұйым жасау технологиясы. Сумоншақпен кестелеу технологиясы. Алқа тоқу            4­ тоқсан    Қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері. 1 1 1 1 1 1 1 7 1 1 1 1 1 1 1 1 1 10 1 1 1 1 5 4 3 5 6 25 ­ 6 7 7 6 ­ 7 ­ 7 40 ­ 4 30 31 32 33 34 Қазақ әйелдерінің бас киім үлгілері. Ою­өрнек Ұлтық кимдерге  ою –өрнек орналастыру,безендіру Қазақ халқының зергерлік өнері. Құрақ құрау технологиясы Құрақ құрау Жұмыстарын қорғау Барлығы: 1 1 1 1 1 1 2 10 37 5 2 3 7 2 7 ­ 30 117 Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары. Тақырыбы:  Кесте тігу. Мақсаты:     Оқушыларды қол тігістері арқылы шеберлікке баулу. Кесте тігу өнерін үйрету  барысында  оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбек  сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Технологиялық карта,  қол тігістің түрлері, кесте түрлері, сәндік жастықтар. Қажетті құрал­жабдықтар: Бір түсті мата, түсті кесте жіптер, ине,  қайшы, кергіш, бор,  үлгі, калька қағазы. Барысы: Өрнек­ бұл қандай да бір зат немесе бұйымдарды сәндеуге     арналып,   бір   элементті   бір   ырғақпен   қайталай   отырып   құрастырылған   немесе   бүтін   композиция құрайтын сурет. Кесте өрнек құрастыру кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды. Қазақ сәндік бұйымдарын   кестелегенде   көбінесе   кесте   тек   тұрмыстық   бұйымдарды   сәндейді,   бірақ   ол өзінше жеке мәнге ие бола алмайды. Ал, бұйым кестенің көмегімен ғана көркем де сәнді болып бағалана алады. Қазақтың ұлттық, жануарлар, өсімдік бейнесіндегі геометриялық ою­ өрнектерін таңдайды. Олардың өзін кестеленетін бұйымның түріне, материалдық фактурасы мен   кесте   түріне   қарап     қолданылады.   Мысалы   геометриялық   өрнектерді   көбінесе   ірі тоқылған маталарға айқас тігісінен кесте тіккенде салады. Кестеленетін кестенің қай түрімен немесе қандай жіппен тігуіне байланысты әр түрлі етіп салуға болады.Өрнекпен бұйымның барлық жері тегіс немесе оның жеке бөліктері дастархан шеті,   жастық   қаптың   ортасы   т.с.   кестеленіп   сәнделеді.   Өрнектің   барлық   бөліктерінің өлшемдерін   дұрыс   орналастыру   керек.   Ереже   бойынша   кесте   белгілі   бір   геометриялық формамен шектелген жазықтық бетіне түседі, мысалы төртбұрышты дастархан, үшбұрышты шәлі, дөңгелек формалы жастық қап. Қазақ кестелері негізінен симметриялы болып келеді. Өрнектің орналасуы бұйым түрі мен шебердің ойластыруына байланысты         Түс.Кестеленетін бұйымға жіптерді дұрыс таңдау үшін түстердің үйлесімділігін, олардың бір­біріне әсерін ескеру керек. Түстік оң­бұл әр түстің өзіндік ерекшелігі­ қызыл, көк, сары, т.с.с.   Түстік   оң   түстерді   бір   бірінен   ажыратуға   көмектеседі   (   жасылды   көктен,   көкті көгілдірден т.с.с.) Мысалы , қызыл түске диаметрлік қарама қарсы түс жасыл көгілдір, қызыл­ сарыға көгілдір, сарыға көк т.с.с. сарының жасыл сарымен үйлесімділігі. Ақ қарамен, қара сұрмен,   ақпен.   Барлық   жағдайдада   олардың   үйлесімділігіне   екі   түстің   бірі   үлкен   ықпал береді. Түс нәрсенің формасын және өлшеніп көз мөлшерінде өзгертіп көрсетеді. Ашық және түстер үлкейтіп нәрсені бізге жақындатады. Бұл ерекшелікті өрнектікң қандайда бір бөлігін ерекшелеп көрсету үшін пайдалану керек. Жіптердің түсін бұйымның түріне, көлеміне және өрнектің   қалоай   орналасатынына   қөарап   таңдайды.   Ереже   бойынша   фонға   (мата   түріне) қосымша орын, ал өрнекке негізгі деп қарау шарт. Фон  өрнектен ашық болып ерекше көзге түспеу керек. Түстік шешім сонымен бірге кестенің орындалу техникасына да байланысты. (Айқас тігіс, шым кесте, әредік кесте т.б.) Мата мен жіп таңдау.Мата мен жіпті   болашақ бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу   техникасына   қарап   таңдайды.   Мысалы,   дастархан,   қол   орамал   сияқты   үй жиһаздарына шым кесте орындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталға жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) мен бір түсті қабатты мулиме жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс. Ойма кесте орындау үшін негізгі жібі мен арқау жіптері бірдей  жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен мата жарамайды. Себебі оның негізгі мақта­ мата жіп те, арқауы лен болады. Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен , жібек, жұн, сукно, клетка, жолақ түскен, тіпті күрделі кұрылымы ( егер олар , әрине,кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса) маталар бола береді. Кесте   тігу   үшін   лен,   мулине,   жүн,   штапель,   жібек,   синтетикалық     жіптер   түстерін пайдалануға   болады.   Жіп   мықты   бірқалыпты   боялған,   сумен   күнге  оңбайтын   болу   керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады. Мулиненің бумасын ашып, оны түйінделген жерінен қияды. Жіп жазып 50­60 см жобасында бірнеше бөлікке бөліп барлық жіптерді қосып жіпті ішінен оңай суырып алуға болады. Кесте тігуге дайындық. Бұйымға     кестені   пішімі   кесілмей   тұрып   немесе   кесілген   пішімге   тігу   керек.   Бірінші жағдайда бұйымның бөлігіне пішіп бойынша  сызықтар түсіріліп, оның ішіне өрнек салынып, содан   кейін   ғана   кестеленеді.   Қарапайым,   күрделі   емес   өрнектерді   дайын   бұйымдарда кестелей   беруге   болады.   Өрнекті   көшірерде   матаның   астына   қатты   қағаз   немесе   ағаш тақтайша қою керек. Жазық матаға кесте түсірерде (дастархан, қол орамал т.с.с.) матаның шетін тегіс қию үшін шетіндегі бір жіпті суырып алып тастаймыз,  пайда болған түзу сызықтың бойымен қиып шығамыз.  Матаның енін де ұзындығын да осы әдіспен қияды. Дастарханның жиектерін көркем тігіс түрлерімен кестелеуде матаға түзу сызықты жіптерін суырып алып тастау арқылы түсіреді. Көлденеңнен, тігінен суырылған   жіптердің арасынан пайда   болған     тік   төртбұрыш,   төртбұрышткр   арасына   негізгі   өрнектер     көрсетіледі.   Ал, суырылған жіптің үстіне өрнектің қосымша тігісі түседі. Егер өрнек геометриялық, ал мата біркелкі   жіптермен     тоқылған   болса,   оны   матадағы   жіптерді   есептей   отырып   орындауға болады. Ал, кесте түрі мата структурасына  байланысты болмаған дағдайда (шым, біз, әредік кестелер) өрнекті мата бетіне көшіріп салу керек.   Суретті матаға көшіру. Бірінші   кезекте   түп   нұсқадағы   өрнек   жақсы   ұшталған   қаламмен   калька   немесе милиметрлік қағазға көшіріледі. Содан кейін ғана барып матаға көшіру керек. Суретші   көшірме   қағаздың   көмегімен   түсіру.   Алдын   ала   үтіктелген   матаны   тегіс жазықтыққа (үстел, тақта) тегістеп жаяды. Сызықпен   немесе   іші   толтырылған   (сабақты,   бір   жақты   шым)   кестеге   арналған   өрнек салынған     кальканы   түйреуіштер   арқылы   матаға   бекітеді.   Кальканың   астына   майлы   бетін матаға қаратып көшірме қағаз салады да, өрнек сызығы   бойымен өткір ұшталған қаламмен сызып шығады. Мүмкіндігінше  көшірме қағаздың түрлі түсін алып қойған дұрыс. Ашық түсті маталар үшін қара түстес маталарға ашық (ақ, сары) түсті көшірме қағаздар пайдаланылады. Өрнек сызылып боялған соң, көшірме қағазды алып тастап, кальканың бір жағының ғана түйреуіштерін  алып   тастап,  суреттің матаға    дұрыс   көшірілгендігін  тексеру  керек.  Содан кейін ғана кальканы алып тастайды. Геометриялық   өрнектерді   (   есептеп   тігетін   жіптер   үшін)   де   осылай   көшірме   қағаздың көмегімен көшіруге болады. Бұл үшін жуан иненің ұшымен ( мектеп циркулының аяғымен) милиметрлік және көшірме қағазда өрнекте көлденең, тік сызықтардың түйіскен жерлерінен тесіп шығады. Матада  нүктелерден құралған өрнек пайда болады. Мата мен жіп кірлемес үшін бұрын пайдаланылған көшірме қағазды   пайдаланған дұрыс. Жаңа  қағазды пайдаланбас бұрын, оның майлы бетін құрғақ мақтамен немесе матамен сүртіп тастау керек. Тігіс түрлері. 1. бүрмелеу, ілгектеп тігу, шарбақтап тігу және т.б. Жай   тігістер:   қаю,   көктеу,   бүгу,   тепшу,   жапсырма   қауыстыру,   қабу,   сыру,   торлау, Көркем тігістер: айқас тігіс, алтындап тігу, бедерлеп тігіс, кесте тігіс, зерлеу, оқалау 2. және т.б. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сөз жұмбақ пайдалану. Практикалық жұмыс.  Бұйымды қол және кесте тігістерімен тігу. Пысықтау кезеңі. Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін тексеру үшін тақырыпқа   сәйкес тест сұрақтарын дайындап, оқушылар білімін байқау. Қорытындылау. Оқушылардыңбілімін ескеріп, жасаған практикалық жұмыстарын тексеріп бағалау. Тақырыбы: Геометриялық көпбұрыштардың  ұлттық қолөнерде қолданылуы Мақсаты:  «Көпбұрыштар­ ұлттық қол өнерде» атты ғылыми жоба арқылы құрақ құрау өнерінің қыр ­  сырын және геометриялық  жолмен шығару жолдарын , тәсілдерін насихаттау арқылы құрақтың  түрлерін ойлап шығару. Міндеттері: 1) Құрақтың түрлерін, үлгілерін жасап халыққа  ұсыну.  2) Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей құрақ құрау өнері ерте заманда  пайда болған. Құрақтың геометриялық фигуралар көпбұрыштардан құралатындығын ,олардан  қазақ халқының үй бұйымдарын (  көрпе, жастық ,түскиіз, алаша  сияқты т.б.) заттар  жасайтындығын, құрақтарды келістіріп қалай қолдана білу керектігін ұғындыру. Нәтижесі:  Әрбір құрақ түрін жасаған кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Құрақ үлгісін дайындау  кезінде бірнеше нәтижеге жету үшін,  біріншіден құрақтың шығу тарихы зерттей келе қажеттілігін, сұлулығын үйрену қажет. Екіншіден, құрақ бөліктерін дәстүрлі өлшем түрлерімен көпбұрыштар түрлерін ( шаршы, тік  төртбұрыш , ромб, параллелограмм, трапеция, бесбұрыш, алтыбұрыш)­ты пайдаланып дайындау  жолдарын үйрену қажет. Ол үшін оқушының логикалық ойлау қабілетінің жоғары болуын талап  ету шарт.  Үшіншіден , осы логикалық ойлау арқылы оқушының құрақтың небір әдемі, халық тұтынатындай түрлерін ойлап шығару керек.  Кезеңдері өзім көптен қызығып жүрген өнер түрін оқушыларға насихаттаймын; мәліметтерді жинақтап, құрақ түрлерінің эскизін жасап үйренемін, әрі оқушыларға  үйретемін;  жинаған жұмысты талдаймыз;                                                                          қалдық маталарды пайдалану арқылы оқушыларға құрақтың түрлерін насихаттап  үнемділікке үйретемін; хабарланған талаптар бойынша жоба жұмысын  жинақтап, қортындылаймын.  Эпиграф: “Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді” М. Әуезов                                  Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім I. Геометриялық  көпбұрыштармен танысу. II. Мата түрлерімен танысу. III.   Құрақтың техникасымен (қиындыларымен) танысу. IV.  Құрақтың түрлері және түстерінің үйлесімділігі. V.   Құрақтың қолданылуы. Қорытынды Кіріспе Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан­ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан  қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде  баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл­ойды асқарға, қиялды­ қияға жетелейтін киелі мұра.   Қазақ халқы салт­дәстүр мен қолөнер түрлеріне өте бай ел.  Бұл – оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер:  Н. Шайкенов “Ұлт дәстүрі заңнан биік” – деген. Демек, салт­дәстүрлі ел­ мықты, әрі тұғыры  берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан­ғасырға ұлт қасиетін салт­дәстүрмен,  өнегелі әдет­ғұрыпымен, қонақжайлылығымен, әдепті ырым, тыйыммен, қолөнер түрлерін  үйретумен ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт­сана сабағы адамгершілік  тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет­ ғұрып пен жөн­жосықты біліп, үйренуі және өмірде қолдануы ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата­ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ата­әжелеріміз жастарға үйретіп,  айтып отырса ұтарымыз көп болар еді. Халық тұрмысында жиі қолданылатын қолөнер  түрлеріне: өру, тігу, тоқу, құрастыру, сызу, бейнелеу жатады. Соның ішінде ең көнесі ретінде  әже апаларымыздың құрақ құрау өнерін айтуға болады. Бұл өнер балаға көп тәлім­тәрбие  беретін өнердін бір түрі.Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің  ерекше түрі. Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Таңғажайып  талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Зердесінде зейіні бар әр  адамның қай­қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан  сәнді түстердің бір­бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын  аңғара алады.Құрақ құрау арқылы көпбұрыштарды пайдаланып аталған құрақтың  бірнешеуінің жасалу жолын көреміз. Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату  негізінде пайда болған. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі  бұйымдарды құрақпен безендірген.  Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке­ жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі­түсті маталар қиыстырылып тігіледі  Негізгі бөлім I тарау. Геометриялық  көпбұрыштармен танысу. 1.Үшбұрыштар. . Үшбұрыш дегеніміз үш нүктеден және олады тізбектей қосатын үш  кесіндіден тұратын фигура. Құрақтың көп бөлігі үшбұрыштардан  тұрады. 1.Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады. 2.Екі қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады. 3.Үш қабырғасының ұзындығы үш түрлі үшбұрыш қабырғалары әр түрлі үшбұрыш деп аталады. 2.Төртбұрыштар. Төртбұрыш деп төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын кесінділерден тұратын  фигураны айтамыз. Сонда бұл  нүктелердің  ішінде ешбір үшеуі бір түзудің бойында  жатпауы тиіс, ал оларды қосатын кесінділер қиылыспайтын болуы тиіс. Параллелограмм                                                                            Параллелограмм дегеніміз қарама – қарсы   қабырғалары параллель болатын, яғни параллель    түзулердің бойында орналасқан төртбұрыш. Параллелогаммның қасиеттері :    Қарама – қарсы қабырғалары тең.                                                                                                                         Қарсы жатқан бұрыштары тең.  Диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде  қақ бөлінеді.   Бұрыштарының іргелес біржақты жатқан қабырғаларының қосындысы  180º­қа тең.                                                                                                                                   Тіктөртбұрыш                                                                                              Анықтама. Барлық бұрыштары тік болып келетін  параллелограмды     тіктөртбұрыш деп атаймыз. Тіктөртбұрыштың қасиеттері:   барлық параллелограммның қасиеттеріне ие. Диагональдары тең.   Ромб                                                                                                                  Барлық қабырғалары тең болатын     параллелограммды   ромб                   деп атаймыз .Ромбтың қасиеттері:                                                                    Параллелограммның барлық қасиеттері ,  диагональдары перпендикуляр әрі   өздері шығатын бұрыштарының                                                                биссектрисалары болып табылады.  Квадрат (шаршы) Анықтама. Барлық қабырғалары тең болып келетін  тіктөртбұрыш                немесе барлық  бұрыштары тік ромб. Квадраттың қасиеттері: Тіктөртбұрыш пен ромбтың барлық қассиеттеріне ие,   диагональдары   өзара тең.                        Трапеция Анықтама. Траппеция деп тек қарама – қарсы екі қабырғасы                                         параллель, бүйір қабырғалары параллель емес  төртбұрышты айтамыз.Параллель  қабырғалары трапецияның     табандары деп аталады,  басқа екі қабырғасы   бүйір қабырғалары деп аталады, ал бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесіндіні    трапецияның            орта сызығы деп атайды. Трапецияның қасиеттері:                               Трапецияның орта сызығы оның табандарына параллель және сол табандардың  қосындысының жартысына тең болады.                                                     Егер трапеция тең бүйірлі болса онда оның диагональдары және табанындағы бұрыштары тең болады. Көпбұрыштар Бесбұрыш                                         2.Алтыбұрыш  1.     І І.   Құрақ маталары. Құрақ құрау үшін арнайы қамқа, шағи, шыт, тібен, бояқ, насар, мақпал, қыжым  секілді маталар қолданылады. Оның ішінде  маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен  кесінділері жеке­жеке бөлініп алынады. Яғни, маталар қалыңдығына, жұқалығына  байланысты бөлініп алынады. Содан соң түрлі­түсті маталар қиыстырылып тігіледі  Сонымен бірге небір шебер тігіншілер матаның басқа да түрлерін қолданады. Құраққа мынадай маталарды қолдануға болады:  ­Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.  ­Қатипа – жол­жолы бар, жұқа жібек мата.   Барқыт, шыт.  Торқа – ең қымбат жібек мата.  Батсайы – қалың жібек кездеме.  Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.  Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.  Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.  Пай – жібек мата.  Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата  және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.  Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.  Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.  Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.  Насар – жібек кездеме.  Ұштап – ақ түсті тығыз мата.  Шыт – арзанқол жұқа мата.  Сәрпөңке – астарлық жібек мата.  Бояқ – кездеменің боялған түрі.  Борлат – қызыл түсті жұқа мата.  Тібен – түрлі­түсті қалың мата. III.   Құрақтың техникасымен (қиындыларды құрау) танысу. Құрақ техникасы немесе пэчворк (patchwork – ағылшын тілінен аударғанда құрақ  құрау, құрастыру) қызықты жұмыс, үлкен қиял беруші өнер. Пэчворк техникасы геометриялық қиындыларды біріктіріп тігу арқылы қайта бүтін мата жасау. Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV­XVI ғасырдан бастап дамыған. Шеберлер бар  маталардың өлшеміне, түсіне, формасына байланысты геометриялық пішіндерден өнер  композициясын құрастырды.       Құрау технологиясы: 1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. 2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп  аламыз. 3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану  арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. 4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет­ретімен: ­ әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі  бөліктерді тігіп аламыз. Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз. Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі­түсті қағаздан қиып алып,  оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз.  Нәтижесінде түрлі­түсті әсем құрақтар пайда болады.      Елімізде XVI ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қарай құрақ құрау өнері кең  өріс алды.   Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда  болған. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі  бұйымдарды құрақпен безендірген. Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады, яғни маталардан барқыт,  жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке­жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі­түсті  маталар қиыстырылып тігіледі. Бұл қолөнердің негізі әртүрлі символдармен де  байланысты. Мәселен, үшбұрыш құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен,  яғни үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе­теңдік пен тұтастық. Бал арасының ұясы негізінде «Алты табақ» құрағы пайда  болған. Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Сонымен қатар құрақ өнері  арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне салуға болады екен. Өрнектер композициясы әр түрлі өлшемдердегі тік төрт бұрышты шаршылар,  үшбұрыштар және тік төртбұрышты жолақтар түріндегі құрақтардан құралатын.  Үшбұрыштардан жасалған өрнек – “тұмарша” (бойға тағатын тұмар, амулет), ортада  шаршы оған тіркесе тігілген тең бүйірлі үшбұрыштар – “ботагөз”, яғни ботаның көзі деп аталады. Ол сәттілік, байлық және бұйым иесін “сұқ көзден” қорғайды деп есептеген.  Біздің әжелеріміз де құрақ құрай отырып, немере қызына арналған құрақты – “Отан  болып құралып кетсін, өсіп­өнсін” – деген ниет тілекпен жасаған.      Баяғы Сақ заманынан бастап, өмір құбылыстарын қолөнер арқылы көрсетуге  машықтанған көшпелілердің қолөнер дәстүрінің нысандық мәні бар. Сол кездегі «жұп»,  «су» секілді мағыналы ою­өрнектер күні бүгінге дейін өз мән­мағынасын жоғалтпады.     I. 1.  Құрақтың түрлері. Негізінен құрақтың 200 ден астам түрі бар. Олардың арасында: «аққу», «шиқұрақ», «айқұрақ», «шаршықұрақ», «гүлқұрақ», «мүйіз құрақ», «қиықша құрақ», «үшбұрыш»,  «төртбұрыш», «ботакөз», «жұлдызша», «тырна», «майда», «гүл», «ою», «мүйіз», «сегіз  сай», «шахмат», «торкөз», «ботакөз», «алма», «жұлдызша» құрақтары ел ішінде кеңінен  таралған. Бұл құрақтардың өз тарихы, ерекшелігі мен маңыздылығы бар.  Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы – нәзік сезімді, түсті  аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс  болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы –  құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі – құрақтардың  ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі,  кекілік қас – ақ және қара маталардың қиындыларынан кекіліктің қасына ұқсатып  тігілген құрақ, қайшы құрақ – кекілік қас құрағының негізінде тігіліп, көздігінің жанына қайшы пішініндегі кішкене құрақтың ұластырылған түрі, таңлай құрақ – адам  таңдайының пішініндегі өте майда құрақтар, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді құрақтан  құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар –  тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б. 2. Құрақтың түстерінің үйлесімділігі. Матаның түстеріне қарай таңдаудың маңызы зор. Мата  түрін таңдағанда түстер мен  реңктер градациясын ескеру керек.  Түстердің түс шеңберіндегі орналасу реті.  Оларды жылы және суық түстер деп атайды. Түс шеңберінде бір­біріне қарама­қарсы тұрған түстерді қарама­қарсы түстер деп  атайды. Олар қызыл­жасыл, сары­күлгін, көк­қоңыр және т.б. ­Қызыл – оттың, күннің, рәміздік белгісі. Көне түрік тілінде қызыл түс­ Оңтүстікті ,  қара­ Солтүстікті, ақ­Батысты, көк­Шығысты білдіреді. ­Қара­ жердің түсі, берекенің түсі ­Ақ­ қасиетті түс, ол қуанышты хабардың, бақыттың тазалықтың белгісі. Ақ сонымен  бірге шындықтың, ақиқаттың, адалдықтың белгісі. ­Сары түс­ ақыл парасаттың белгісі. ­Жасыл түс­ жастық пен көктемнің белгісі. V. Құрақтың қолданылуы. Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата­бабамыз ұзатылған қыздың артынан  жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде «Аққу құрақ» көрпесін апарған. Сонымен  қатар, құрақпен тұрмысқа қажетті әртүрлі заттарды безендіруге де мүмкіндік мол. Оған зат салатын әртүрлі қоржындарды, қыз­келіншектерге арналған бұйымдарды, күнделікті қолданыстағы жастық, аяққап, қолқапшық, қиық сырмақты жатқызуға болады.  Қонағын төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол – сыйластықтың  белгісі. Дүниедегі әрбір зат майда бөлшектерден құралады. Сол секілді әр үйде  құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын құрайды. Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп (шетінеп) тоқтамаған отбасылардың үйін  «тіл­көзден аман болсын» деп ырымдап, «қырық құрақ» құрап, баласын соған ораған  екен.                 Шеберлер сәндік құрақтарды соншалықты дәлдікпен құрай білген.  Құрақтан қолдорба, шайдорба, түскиіз, керме, аяққап, жастыққап, сандық жапқыш,  көрпеге құрақ құраған. Қазіргі кезде жастық тыста, жиде, түскиіз, сүлгі, диванға,  орындыққа төсеніштер жасайды.                                                                Құрақ құрау  қолөнерімен кез келген адам айналыса алмайды. Өйткені бұл қолөнердің де өз  қиындығы бар. Алдымен, өнерді түсінетін, ұшқыр ой мен бояу сырын білетін танымы  бар адам ғана істің көзін таба біледі. Сондай­ақ түс пен түсті сәйкестендіру аса жоғары  шеберлікті қажет етеді. Құрақ өнерімен айналысудың пайдасы – адамды  шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке  баулып, жан дүниесін байытып, ой­өрісін кеңейтеді. Ерте заманда қыз балалар  кішкентайынан құрақ құрауды біліп, үйренуге тиіс болған. Қазіргі кезде бұл қолөнерді  ісмер қыз­келіншектер мен көнекөз әжелеріміз ғана ермек қылады.          Құрақ адамды үнемділікке үйретеді, кішкентай мата қиындысынан сәнді зат жасау өмірге қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарыңнан жасағанбұйым әрқашан да ыстық  болады. Қорытынды  Құрақ құрау өнерін дымытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап  қалып, дәстүрімізді жалғастыру кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгінгі  жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулып тәрбиелеу.      Жұмысты жасау барысында көптеген зерттеме жұмыстарын жүргіздім. Өз  жұмысымның ерекшелігі қазақтың салт­дәстүрін, ұлттық  қолөнер туындыларын зерттей отырып, құрақ өнерін меңгердім. Жалпы, құрақ өнерін зерттеу барысында, оның  түрлерін, жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін құрақ өнерінің  жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Құрақ – қызық, әрі құнды  өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс. Шын шеберлікке қоса  табандылықты талап етеді. Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін құрақ өнерінен көреміз. Ғылыми жұмысымды қорыта қеле,  түйген ой­пікірім: – құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт­дәстүрін білу. – құрақ өнері – есте сақтау, жобалау, шамалау, түстер жарасымдылығын жақсы айыра  білуге – құрақ өнері – өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиясында алға міндет етіп  қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра  бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы  бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып,  қолданудың маңызы өте зор.         Қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын  тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Ж ұ л д ы з ш а   құрақ Д и і р м е н   құрақ  Ж а с т ы қ ш а ғ а  о ю   құрақ Ш а р ш ы     құрақ Ү ш б ұ р ы ш    құрақ Тақырыбы: Маржаннан алқа тоқу. Мақсаты:   оқушыларың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету  оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, алған білімін өз бетінше қолдана білуін дамыту.  оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу. Әдісі: аралас, сарамандық. Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар, үлгілер, схема, кітаптар. Құрал ­ жабдықтар: моншақ, жіп, түйреуіш, қайшы, леска. Сабақ барысы:     Бисер тоқу ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармаларының  әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі  түрлі ­ түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік,  белдік, сөмкелер мен әшекейлер тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары  Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Халық шығармаларының осы түрі жаңа  өрлеу үстінде, дамудың сатысында. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен  шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс  істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық  қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін  нақты деректер жоқ. Дегенмен, әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясы Финикия елі  ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға  тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас  іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның ( натрий қосындыларының) үлкен  бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына  араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек  дүниеге келген. Бірақ финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен  жасалған бұйымдарды сатқан екен.Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны Ежелгі  Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс ­ аяқтар біздің  заманымызға дейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс,  марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан деседі.Ең  алғашқы «Бисер» атауы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра»  немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы  Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін  Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң әйнек  өндіруші шеберлер жан ­ жаққа тарап әлемге «Бисер» атауы мәлім бола бастады.  Бисерден тоқылған бұйымдар жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік  киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдері,  сөмкелер, т. б жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып  келетін жібек жіппен, лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою ­ өрнектерін,  тұмарша, өңіржиек, алқа, бойтұмар, сондай ­ ақ шашбау, сәнді әшекейлер; сырғалар,  мойынға тағатын алқалар, брошка, ожерелье жасауға болады.Жұмыс орнын  ұйымдастыру: бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды өту үшін тек құрал ­  саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орынды ыңғайлап алу, әсіресе, ол жерде  бисерді қалай орналастыруды ойластыру қажет. Ол үшін бедерлі фланель матаны төрт  бүктеп, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Көзге демалыс беру  үшін әр сағат сайын 10 ­ 15 минут үзіліс жасау керек. Сарамандық жұмыс:  маржаннан алқа тоқу. Базардағы алқа мен өз қолымен жасаған алқаны салыстыру. Базардағы алқа. Бағасы өте қымбат Бағасы өте қымбат Алқа тоқылған бисердің  Алқа тоқылған бисердің  сапасы нашар сапасы нашар Базардағы алқа Базардағы алқа Дизайн дәрежесі төмен Дизайн дәрежесі төмен Бұйым бір пайдалануға  Бұйым бір пайдалануға  ғана арналған ғана арналған ӨЗДЕРІ ЖАСАҒАН АЛҚА ӘДЕМІ ДИЗАЙН ЕҢБЕК ШЫҒЫНЫ АЗ ТОҚЫҒАН ЖІП БЕРІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ШЫҒЫН АЗ АЛҚА МАТЕРИАЛЫ ҚЫМБАТ  ЕМЕС ЖАСАЛУЫ ӨЗ  ОЙЛАҒАНЫНДА АЛҚАНЫҢ ӨЛШЕМІ ӨЗ  ОЙЛАҒАНЫНДАЙ ЖАСАУҒА ҚАЖЕТТІ  МАТЕРИАЛ  ЖЕТКІЛІКТІ Үйге тапсырма.таңдакған  әшекей бұйымдарын жалғастырып, аяқтау.  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНАН КӨРМЕЛЕР 1. Кигізден және жүннен «фелтинг және жапсырмалау» әдістерімен   жасалынған   жұмыстары ӘДЕМІ ДИЗАЙНАЛҚАЕҢБЕК ШЫҒЫНЫ АЗТОҚЫҒАН ЖІП БЕРІКМАТЕРИАЛЫ ҚЫМБАТ ЕМЕСАЛҚАНЫҢ ӨЛШЕМІ ӨЗ ОЙЛАҒАНЫНДАЙЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫН АЗЖАСАУҒА ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛ ЖЕТКІЛІКТІЖАСАЛУЫ ӨЗ ОЙЛАҒАНЫНДА 3.Қағаздан  жасалынған «оригами және модулдік оригамиден» жасалған  жұмыстар және қуыршақ сувенирлер қойылды 4«Кәде сыйлар» көрмесі «Наурыз-көрме» Қорытынды. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулықпен әсемдікті таңдайда, талғай   білген.   өз   тұрмысы   мен   мәдениетінде   қолөнерді   мұрат   тұтып   жетілдіре   білген. Шеберліктің небір сән саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап меңгеріп біздің дәуірімізге ұштастырған.    Халқымыздың сонау арғы кезеңдердегі мәдени өміріне көз жүгіртіп көрсек ерте заманда да он саусағынан өнері тамған іскер шеберлердің жасаған бұйымдары таңғажайып шежіре болып шертіледі. Олардың қолтаңбалары түскен өшпес салтанатына айналуда. Біздің ата­бабаларымыз өздерінің қандай рухани қазынаға мұрагер екенін жете танымаған. Сол   ол   халықтың   өтеуі   халық   қолөнерін   зерттеу   қалын   қауымның   игілігіне   айналдыру біздің   заманымызда     жүзеге   асырылып   келеді.   Сәндік   қолөнері­халықтық   мәдениет   пен өнердің айқын көрінісі «Өнегелі  елден  өнерлі,  өнегелі  бала  туар» ­дейді  халық  мақалы.  Көне  де келешегі  зор өнеріміздің   өркендеуіне   мемлекеттік   маңыз   беріліп,   өмірімізде   игілікті   қозғалыс байқалуда. Мемлекетіміздегі қолөнер шеберханаларының өнімдерінің саны мен сапасының жақсаруы­ оның бірден­бір айқын көрінісі деуге болады. Біздің қаламызда өнерге байланысты жалпы мектептердегі тереңдетілген сыныптар, арнайы көркем­сурет, өнер мектептері, колледждер, жоғары оқу орындары жұмыс істеп, жастар арасында   қолөнерді   көркейту   шараларын   насихаттауға   оқып   үйретуге   үлес   қосуда. Адамзат   қоғамында   бұрын   соңды   жасаған   мұраны   мәдени,   жүйесі   меңгеруге,   жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге жастарды тәрбиелеу қашанда маңызды мәселе.   Сондықтан   халқымыздың   келешегі   үшін,   оның   өсіп­өркендеу,   дамуы   үшін   жас ұрпаққа жақсы тәрбие беріп, өнер мен білімді үйреніп, мәдениетін көтеру қажет. Өнерге деген құштарлыққа тәрбиелеуде оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту үшін ең алдымен жанұяда, мектепте жан­жақты тәрбиелеуді қажет етеді. Мысалы: оқушыларды кесте   тігуге   үйретуде   жұмыстың   түсі,   өрнегінің   әсемділігі,   сурет   нұсқауларының көңілділігі және оқушының қолданбалы өнерге үйренуімен, мәдени мұраны игерумен білім дережесімен   байланыстыра   отырып,   эстетикалық   талғамын   дамытуға   болатындығы анықталды. Осыған байланысты оқушылардың бойында көзге ілінген заттардың ағашынан жирендіріп,   сұлуына   сүйсінетін,   адам   жанын   түсіне   алатын   адамгершілік   қасиетін қалыптастырамыз. Оқушылардың   өнерге   деген   қызығушылығын   арттыру   үшін   үйірме   жұмысын   жүргізудің әртүрлі әдістерін тиімді қолдану әдістері қарастырылды. Әдістемеллік жұмыстың зерттеу нысаналарының бір жағы балалардың шеберлігін ескере отырып өнерге қызығушылық жақтары қарастырылды. Сынып оқушыларына кесте өнерін, оның   түрлерін,   тігу   техникасын   игерудің   қарапайым   тәсілінен   күрделі   технологиясына көшу   жолдары   үйірменің   тақырыптық   күнтізбе   жоспарларын   құрастырып   көрсетуге тырыстым. Біріншіден бүгінгі заман ағымына сай кесте түрлерін тігуді үйрене отырып, кестені сәнді бұйым ретінде бағалы өнер туындысы деп қарауды ұсынамын. Мұнда аралас техниканы, яғни қайыс, табиғи заттарды (ағаш бұтақтары, шиді т.б.) әсем моншақтарды, гау¿ар тастарды пайдалана отырып жұмысты әсем де құнды етіп жасауға болады. Екіншіден, лабораториялық, ауызша баяндау әдістерін қолданамыз. Үшіншіден, нәтижеде оқушылардың сәндік қолданбалы өнердің бір түрі кесте тігуді үйрету барысында   олардың   эстетикалық   талғамын   қалыптастыруға,   қызығушылық   қабілетін арттыруға,   қиял,   ой­өрісін   қамти   отырып,   өнерге   деген   құрмет   сезімдерін   оятамыз. Практикалық   іс­әрекет   барысында   кергішке   мата   керуді   жіптерді   дайындау,   оларды   оқушыларға   кесте   тігуді   оқытып   үйрету   барысында   көрнекілік, бояуды,   материалды   үнемді,   дұрыс   пайдалануды,   құрал­жабдықтармен   дұрыс   жұмыс жасауды, өзінің жұмысына талдау жасауды, жұмысты ұқыпты жасауды үйрету. Әдістеменің қосымша бөлімінде кесте тігудің жолдары, оның түрлері, нобайлар, жұмыстың суреттері   көрсетілген.   Оларды   сабақта   қолдануға   және   олардың   негізінде   жаңа көрнекіліктер жэасап алуға мүмкіндіктер бар. Әдістемелік   жұмыс кесте түрлерінің барлығын жасап үйренуді қамтымаса да оқушыға құнды білім берірі анық. Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері­біздің мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып,   жер­жерде   халық   шеберлерінің   өнегелі   істерін   жас   ұрпақтарға   насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және иглікті іс болмақ.

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі

"Алтын оймақ" үйірмесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018