Тақырыбы:
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар.
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
Сынып іші: Батырхан терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Нұрлыбек кіріп келіп: - Батырхан, неге көңілсіз жүрсің?
Батырхан: - Е - е, Нұрлыбек, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Ана - өмірдің гүлі.docx
Бекітемін: С.Ражатов
Сыныбы: 5
Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға ата ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар.
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
Сынып іші: Батырхан терең ойда, сынып ішінде ерсілі қарсылы жүр. Сол кезде Нұрлыбек кіріп
келіп: Батырхан, неге көңілсіз жүрсің?
Батырхан: Е е, Нұрлыбек, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген
ойдамын.
Нұрлыбек: Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен
қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Батырхан: Жо о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша,
өзгеше құттықтау керек!
Нұрлыбек: Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер
ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ
бар екенін білейік.
Батырхан: Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Нұрлыбек: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралы ән айтайық.
Ән: «Анашым» әні орындалады. (Бақыт)
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, атааналар және гүлдей құлпырған ару қыздар!
Сіздерді келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор
денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді !.. Осынау үш әріптен құралған
қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар
махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде?
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар,
қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты тәрбие
сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
Еркебұлан:
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз
Жүргізуші: Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі.
Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей
жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын
Би: «Әсем ән» Гүлзат және Бақыт , Еркебұлан
Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен
ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең
Ән: «Асыл ана» Еркебұлан , Батырхан
Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің
достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.
Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді,
ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық
тарту таралғанның жоқ.
Батырхан:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың, мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар. Көрініс: «Ашушаң ана»
Жүргізуші: Ару өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе,
екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші!
Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі
– ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек,
бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ
әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық.
Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі
саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы
ұстаздар.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың құрметіне әсем ән. «Ана»
Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.
қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының
берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, дей келе келесі кезекті биге береміз.
Би: «Тюрок» Бақыт және Гүлзат
Жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген рәмізі сұлулықтың
Ана деген бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
КВН : жігіттеріміздің өнерін тамашалайық!
Жүргізуші:Ана осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр талай терең мағына жатыр. Ананың балаға
деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі ақтілегі сәби үшін қаншама қиындықты төтеп
беретін төзімділікті бәрі тек сөзге сыйып тұрғандай!
Жыл мезгілдеріндегі ең тамаша мереке 8 наурыз халықаралық аналар күнін тойлап атап өтуге
жиналып отырмыз.
Міне, аналар мейрамыда күлімдеп көктемде келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат
жанол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде күй арнамаған
күйші де жоқ шығар бәлкім.
Ән: «Анашым»
Жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ
сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да
жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып,
дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік
тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын
ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер
бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ,
мейірімді не рақымсыз, кесірқырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Алайда «Ананың көңілі
балада, баланың көңілі далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп атаанасын
сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Анатіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін,
аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!
Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, балашаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз, дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі
меңгерушісі С.Ражатов ағайға береміз.
Мұғалім:
Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің
үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары
келіп
Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: Ол анаңа, деді, екінші
кімге дегенде: тағыда Анаңа, деді, үшінші кімге дегенімізде: тағыда Анаға,деді төртінші кімге
дегенді:
Әкеңе,деді .
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт
дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!дей
отыра тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.