Ас атасы нан!
Оценка 4.9

Ас атасы нан!

Оценка 4.9
docx
12.06.2020
Ас атасы нан!
ас атасы нан.docx

Тақырыбы: «Ас атасы – нан»

Күні: 16.10.2019ж

Мақсаты: «Ас атасы – нан» деген мақалдың мағынасын түсіндіру. Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, диқаншылар еңбегімен таныстыру.  Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Оқу қызмет кезінде жүйелі сөйлеу, терең ойлау, зейін аудара білуге қабілеттерін дамыту. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын жетілдіру. Үш тұғырлы тілде сөйлеуге дағдыландыру. Үлкендердің еңбегін бағалауға, қасиетті нан тағамын қастерлеуге тәрбиелеу. Балаларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Нанның түрлері, диірменнің көрінісінен видео фильм.

Сөздік жұмыс: наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.

Алдын ала атқарылатын жұмыс: Нан жайлы өлең, мақалдар жаттау, «Нан қайдан шығады?» әңгіме жүргізу.

Билингвальды компонент:Бидай-пшеница, таба нан-хлеб, ұн-мука, тұз-соль, ашытқы-дрожжи, жұмыртқа-яйцо, су-вода.

Әрекет

Тәрбиешінің әрекеті

 

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Бүгін бізде ерекше күн! «Ас атасы – нан»атты оқу қызметіне қош келдіңіздер!

-Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, бәріміз қонақтармен амандасайық.

Оқу қызметі шаттық шеңберімен басталады:

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп, бас иеміз біз.

Армысыңдар, қонақтар!

Армысыңдар, достарым!

Дастарханында әр үйдің,

Болсын қасиетті нанымыз!

 Психожаттығу: «Күлімдейік»

- Балалар, адам жанының, жүрегінің кілті – біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап, көңілді жүрсек, біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан-жағымызға күлкі сыйлайық.

https://sun9-49.userapi.com/c858332/v858332710/ad7fb/CoKnaAzoiKI.jpg

Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды

Іздену кезеңі

Тәрбиеші:

-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Кәне атап шығайық
-Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
-Кәзір қандай ай?
Күз мезгілінде молшылығы көп жеміс – жидек пісіп, қамба астыққа толтырады.
- Балалар, бүгін оқу қызметіміз өте ерекше болмақ... Мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер:

Жұмбақ

Алтын, сары тоны бар,

Қауызында дәні бар. (Бидай)

 Асты тас, үсті тас,

 Ортасында піскен ас.(Таба нан)

Балалар:Бидай-пшеница, таба нан-хлеб.

Тәрбиеші:Неліктен біз «Ас атасы – нан»деп айтамыз? Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни, астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып, танымай тұрып-ақ, оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез-келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен, сол тамақтан жалығады. Бірақ, адам баласы наннан өмір бойы шықпайды. Нан -  сән салтанаттың асыл діңгегі.

https://sun9-27.userapi.com/c856028/v856028710/1278a7/JzQCD7tc59U.jpg

 «Ас атасы – нан»видео-фильм (нанның қалай, қайдан шығарылатыны туралы түсінік беру).

Балалар,дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Ерте көктем келісіменадамдар трактормен жер жыртып, тырмалап, жерге бидай дәнін себеді. Оны күтіп баптайды. Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған бидайды орып, тазартып, көлікке  салып, диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады, ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жібереді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріп, оны дүкендерге, балабақшаларға жібереді.

Тәрбиеші: Міне, балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен. Үйде аналарымыз ұннан қамыр илеп, ашытып, бізге неше түрлі дәмді нандарды дайындайды. Ал, қамырды илеу үшін бізге не керек екенін атап берейік:

Балалар:

Ұн-мука, тұз-соль, ашытқы-дрожжи, жұмыртқа-яйцо, су-вода.

Тәрбиеші:Енді қандай нан түрлерін білесіңдер?

Балалар: Ақ нан, бөлке, шелпек, қара нан, бауырсақ, тәтті тоқаштар, т.б.

Олай болса нанға байланысты кім қандай өлең-тақпақ біледі?

Тақпақтар:

Айниса:

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан – өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Юсуф:                       

Из чего печется хлеб,

Что едим мы на обед?

Хлеб печется из муки,

Что дают нам колоски.

Раяна:

Ей, бабалар, балалар!

Болмаңдар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

https://sun9-53.userapi.com/c856120/v856120710/120700/QcdznkZGKP8.jpg

Тәрбиеші:Балаларымыз өте алғыр, еңбекқор, берілген тапсырмаларды мұқият орындайды. Біздің балаларымыз нан туралы мақал-мәтелдерді де жақсы айтады.

Мақал-мәтелдер:

Ляйсан:

Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі – нан.    

Бекасыл:

Дастарханында наны жоқтың,

Тағамының дәмі жоқ

Айлин:

Тістем нанның қадірін,

Тарыққанда білесің.

Раиля:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Ерсултан:

Нан болса, ән болады.

https://sun9-19.userapi.com/c856120/v856120710/120736/N39bSE697VY.jpg

 Тәрбиеші:Балалар, шаршаған болармыз, қане барлығымыз бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

https://sun9-12.userapi.com/c857128/v857128710/c08f/tSVIVJto3Ok.jpg https://sun9-46.userapi.com/c857128/v857128710/c086/sjQliF7wQM8.jpg

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Мақсаты:Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, нан пісіру үшін қандай азық-түлік керек екенін табу.

1 топ: нанды пісірудің ретін еске түсіріп, қамыр илеу үшін не керек екенін табуы керек. Әр түрлі азық-түліктің суреттері тұрады. Қыздар өздері не қажет екенін тауып,артық суреттерді алып тастайды.

Мақсаты: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, нан дастарханға қалай келетінін рет-ретімен сурет бойынша көрсету.

2 топ: үстел үстінде жатқан суреттер арқылы құрастыру. Нанның қалай келетінін, суреттердің орындарын рет-ретімен тауып қоюы керек.

Тәрбиеші оқу қызметін дидактикалық ойынмен қорытындылайды.

https://sun9-9.userapi.com/c857128/v857128710/c07d/q1HcBxVdFX4.jpg  https://sun9-21.userapi.com/c857128/v857128710/c059/Sj3i1j10YwA.jpg

Тыйым сөздер:

1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.                 

3. Нанды аяқ астына тастама.

 

 

Күз мезгілі

 Бір жылда 4 мезгіл бар

 күз, қыс, көктем, жаз

 қыркүйек, қазан, қараша

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

 

Балалар мұқият тындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимыл-қозғалыспен сергіту жаттығуын жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 топ  нанды пісірудің ретін еске түсіріп, қамыр илеу үшін не керек екенін табады

 

2 топ үстел үстінде жатқан суреттер арқылы құрастырады.

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық - түзетушілік

Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі біздің ерекше оқу қызметіміз не жайында болды?

 -Балалар нан дастарқанға қалай келеді?Сурет арқылы балаларға қорытындылау

Нан–қасиет, нан–береке, нан–мереке дегендей,сендер нанды қадірлеп, қастерлей білуіңіз керек. Диқаншылардың маңдай терін бағалай білейік.

Дүниеде байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі – осы нан байлығы. Осымен «Ас атасы – нан»атты оқу қызметіміз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!

https://sun9-54.userapi.com/c856120/v856120710/120724/kUZu9V3q_iE.jpg

 

Балалардың жауабы

Күтілетін нәтиже:

Білді: Трактор,диірмен,комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.

Игерді:нанның дастарқанға келу жолын

Меңгерді: Көктем,жер жырту,тырмалау,дән егу,комбайнмен ору,диірмен,наубайхана сөзедін және нанды қастерлеуді,шашпауды меңгерді.

.


 

Тақырыбы: «Ас атасы – нан» К үні: 16

Тақырыбы: «Ас атасы – нан» К үні: 16

Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды Іздену кезеңі

Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды Іздену кезеңі

Ас атасы – нан»видео-фильм ( нанның қалай, қайдан шығарылатыны туралы түсінік беру)

Ас атасы – нан»видео-фильм ( нанның қалай, қайдан шығарылатыны туралы түсінік беру)

Нанда адамның еңбегі мен ары бар

Нанда адамның еңбегі мен ары бар

Бекасыл: Дастарханында наны жоқтың,

Бекасыл: Дастарханында наны жоқтың,

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Т әрбиеші : -Балалар жылдың қай мезгілі? -Бір жылда неше мезгіл бар? -Кәне атап шығайық -Күз мезгіліне қандай айлар жатады? -Кәзір қандай ай?

Т әрбиеші : -Балалар жылдың қай мезгілі? -Бір жылда неше мезгіл бар? -Кәне атап шығайық -Күз мезгіліне қандай айлар жатады? -Кәзір қандай ай?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.06.2020