Ашық сабақ құстар
Оценка 4.8

Ашық сабақ құстар

Оценка 4.8
doc
02.12.2020
Ашық сабақ құстар
ашық сабақ 13.02.18ж.doc

 «Бөбек»  екінші кіші тобы үшін  ұйымдастырылған ашық оқу қызметі                                                                                                          

Өткізілген күні,айы,жылы 13.02.18 ж                                      

Тәрбиеші:Тохтарова Ә Т

Білім беру саласы: Коммуникация,Таным,Шығармашылық,Денсаулық,

Білім беру бөлімі: Сөйлеуді дамыту,

Көркем әдебиет,ҚМҰҚ,Мүсіндеу,Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Жас қамқоршылар»

Билингвальді компонент: Сәлеметсіз- Здраствуте-НеIIо үш бұрыш-треугольник. Шаршы-квадрат, домалақ-круг, қоян – заяц –rabbit тиын-белка құстар-птички,

Білімділік мақсаты:Қыс туралы білімдерін бекіту Дөңгелек, шаршы, үшбұрышты геометриялық пішіндерді ажырата білуді және  «көп» «аз»түсініктерін қалыптастыру.Ауа-райының жағдайын анықтай алуды,  тілдік қарым- қатынас іскерлігімен артикуляциялық дыбыстар, сөздер айтуға және жабайы аңдармен,дала құстарына деген қамқорлығын ояту жануарларды өздеріне тән белгілері бойынша білімдерін бекіту.

Дамытушылық мақсаты: Тілдің граматикасын дұрыс сақтау, сөздік қорын кеңейтуді дағдыландыру. Зат есімдер мен көмекші сөздерді қолданады.  ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, тәсілдерін пайдалана отырып, құстын жемін мүсіндеу арқылы жеке жұмыстарын көрмеге қоюға, есте сақтау,ойлау қаблеттерің және ұсақ қол маторикасын дамыту

 Тәрбиелік мақсаты:Тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға қамқорлықпен қарауға,достыққа, ұқыптылыққа, және қамқорлыққа,табиғатты қорғауға,сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Топтын іші безендірілген,ойыншық қоян,ойыншық тиын,құстын суреттері. алдарында клёнка, сары түсті ермексаз,тарелка,қол сүртетін майлық.

Залға балалар кіріп шаттық шеңберге тұрады.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар! Здраствуите- Hellо

Шаттық шеңберде бір бірімізге ізгі тілекпен,және қоңақтармен амандасайық.

Балалар:                                    Жарқырап күнде ашылды

                                                   Айналаға шашылды

                                                   Қайырлы күн балалар!

                                                   Қайырлы күн апайлар!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Жыл мезгілі қыс.

Тәрбиеші: Қыста ауа-райы қандай?

Балалар:Қыста ауа-райы суық.

Тәрбиеші:Қыста айналаның бәрі қандай?

Балалар :Қыста айналаның бәрі әппақ қар.

Тәрбиеші:Қар қандай?

Балалар:Қар жұмсақ,қар ұлпа,қар суық,

Тәрбиеші:Жарайсындар балалар!.Балалар бүгінгі күн қызыққа толы болмақ.Сендер орманға серуенге барғыларын келеме.

Балалар :ия орманға барайықшы.

Тәрбиеші:Бірақмен  немен баратынымызды білу үшін  сендерге жұмбақ жасырайын.  

Балалар: ия

Тәрбиеші:

Пуп-пуп деп дыбыстаған,

Аузынан қара көбік бұрқылдаған. 

Ол не ?              

Балалар: «Пойыз»-деп жауап береді.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар! Орманға бармас бұрын киініп алайық.

Ен алдымен не киеміз?

Балалар: Ен алдымен шалбар,тон,пима,қалпақ содан соң  қолбақ киеміз.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар!

Балалар:(шалбар.тон.пима,қалбақ,қолбақ.) киеді.

Тәрбиеші:Олай болса пойызбен саяхаттап серуендеп қайтайық.

Жақсы,енді мен пойыздын жол серігі болып сендерге билет сатушысы боламын.Сендер менен билет аласындар , қолдарына қандай билет түсе сол пойызга барып қалташасына саламыз.

Балалар:ия деп шуылдасады. (геметриялық пішіндер беріледі,қолдарындағы геометриялық пішінге сәйкестіріп, балалар пойыздын қалташасына салады)

Балалар айтады:Түсі қызыл-reg-пішіні шаршы.

Түсі көк-blue-пішіні домалақ.

Түсі жасыл-green-пішіні ұшбұрыш.

Тәрбиеші:жақсы балалар олай болса пойызбен әндетіп барайық:Қане айта қойшы Арафат пойыз туралы тақпақ.

Қане,кімнің бойы ұзын?

Паравозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық

Бір,екі,үш пуп-пуп-пуп

Бір,екі,үш пыш-пыш-пыш.

Орманға жетіп шыршаның жанына келеді.

Тәрбиеші: «Орман бекеттіне»келіп жеттік.

Тәрбиеші:  Орманда нелер мекендейді?

Балалар: Аю,түлкі,қасқыр,қоян.

Тәрбиеші: Ой балалар қарандаршы шыршаның астында не отыр?

Балалар: Шыршанын астында Қоян отыр.

Тәрбиеші: Қоян кайда мекендейді?

Балалар: Қоян жабайы аң, орманда мекендейді

Тәрбиеші: Қоянды маған сипаттап беріндерші?

Балалар: Оның құлақтары бар ұзын құйрығы бар,оның көздері бар, қысқа,жұмсақ,  жүні аппақ,әдемі, болады.

Тәрбиеші: Қоян нені жақсы көреді?

Балалар: Қоян сәбіз жегенді жаксы көреді.

Тәрбиеші:  жақсы,жарайсыңдар!

-Балалар жол жүріп шаршадық қоянмен бірге бойымызды сергітіп ойнап  алайық.

                                             Ұзын құлақ сұр қоян,

 Естіп қалып сыбдырды,

   Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

                                             Қарап еді артына,

                                             Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

                                             Көжегі екен өзінің.

 

Баяу музыка қосылады:

Тәрбиеші: балалар естіп тұрсыңдарма? Не естіп тұрсыңдар?

Балалар: тиының жаңғақ кемірген дыбысы-деиді.

Тәрбиеші:ия дұрыс айтасындар тиынның  жанғақ кемірген дыбысы.

Тиын қайда отыр?

Балалар: Тиын шыршанын жоғары жағында отыр.

Тәрбиеші: Айта қойшы тиын туралы не білеміз?

Балалар: олар қыста топпен өмір сүреді,ал жазда бір-бірін қуып,араздасып жеке –жеке өмір сүреді.

Тәрбиеші:Балалар тиын саңырауқұлақ жегенді жақсы көреді екен. Тиын сендерден көмек сұрап тұр, мына себеттегі саңырауқұлақтарды ажыратып беріндерші дейді.үлкен саңырауқұлақты үлкен себетке,кішкене саңырауқұлақты,кішкентай себетке салып берсін дейді.

Балалар: ия салып береміз.(Балалар салып береді:)

Мынау үлкен саңырауқұлақ, үлкен себетке саламын. Мынау кішкене саңырауқұлақты кішкене себетке саламын.

Тәрбиеші: Жарайсындар жақсы.Енді қарайықшы қай себетте коп саңырауқұлақ,ал қай себетте аз саңырауқұлақ?

Балалар: Үлкен себетте көп  саңырауқұлақ.

Балалар:Кішкентай себетте аз саңырауқұлақ.–дейді.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар тиын сендерге қуанып қалды.

Музыка әуенімен құстардын дыбысы естіледі.

Тәрбиеші:Балалар қандай керемет әуен, ненің дыбысы?

Балалар:  құстардың дыбысы.

Тәрбиеші:ия балалар бұл құстардың дауысы.

Балалар: Торғай,қарға,көгершін,сауысқан

Тәрбиеші:ия құстар немен қоректенеді.

Балалар: жем,наның қоқымымен қоректенеді

Тәрбиеші: Балалар құстар қалай дыбыстайды?

 Балалар:     торғай шырылдайды.шиқ-шиқ

                     қарға қарқылдайды.қарқ-қарқ

                     көгершін гуілдейді.гу-гу-гу

                     сауысқан саңқылдайды.санқ-санқ .

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!Құстар біздің досымыз.Құстарға қамқор болуымыз керек.

-қандай тыйым сөздерді білеміз?

Балалар: 1.Құсты таспен атпа.2.Құстарды қорғау керек.3.Ұяны бұзуға болмайды.

Тәрбиеші Кім тағы құстар жайлы тақпақ айтады.

Еркеназ:   Торғай,торғай тоқылдақ

                   Жерден тары шоқып –ап.

                   Бөтегесі бұлтиып,

                   Шиқ-шиқ-деп,отырмақ.

Құстардың дауысы үнтаспадан қойылады

Тәрбиеші:Балалар олай болса осы дала құстарына қамқорлығымызды көрсетіп оларға жемсауытқа салатын жем жасап берейік шеберханаға барайық.

(Баяу музыка қосылып тұрады)

(Балалар орындарына жайғасады. алдарында клёнка, сары түсті ермексаз,тарелка,қол сүртетін майлық,)

Тәрбиеші Балалар барлығымыз қарайық мен сендерге қалай жасайтынымызды көрсетейін,ермексазды аламын оның ұшынан аз мөлшерде үзіп аламда да жемсауытқа жабыстырамын.көріп ұғып алдық, енді бастамас бұрын саусағымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы:

Бала бала балақан

Қане қайсы алақан,

Саусақтарын әйбат

Былай былай ойнат.

Балалар құстарға жем жасап,алдарындағы жемсауытқа салады сосын майлықпен қолдарын сүртеді.

Балалармен ермексаздан жасалған жемсауыттарын  шыршаға іледі.

Арафат:    Торғай,торғай,торғайсың

                  Таяу келіп қонғайсың

                  Жем шашайын, тойып ал,

                  Сонда аязға тоңбайсың.  (Балалар қуанады)

Тәрбиеші: Көрмеге мақтау айтып балалармен ойларын бөліседі,балалар бір-бірінің жасағаңдарын мақтап жарыса айтады:

Тәрбиеші:Балалар жарайсындар енді барлығымыз пойызға отырып балабақша алаңына қайтайық

Музыка қосылады..

Балалар:әуенмен алаңға келеді

Балалар алған әсерімен бөліседі:

- Біз нелермен кездестік?

Балалар: Орманнаң қоянмен кездестік,

Орманда тиынмен,және құстармен кездестік.

Тәрбиеші: Тағы кімен кездестік?

Тәрбиеші: Қамқорлықты біз кімдерге жасадық?

Балалар: Біз құстарға қамқорлық жасадық.

Тәрбиеші: тағы не бердік құстарға?

Балалар: Біз құстарға жем жасап бердік.

Балалар өздері жасаған жемді жарыса қортындылайды.

Тәрбиеші:балалар сендердін сабақақа белсене қатысып ,қамқорлықпен қарап ,әдептіліктерінді көрсеткен үшін сендерге тосын сый беріп жіберіпті.

(балалар тосын сыйға қуанып рахмет айтады.

Қортындылау:  Біз қамқоршы баламыз,

                           Құстарға ұя саламыз.

                           Жем-су беріп қыс бойы,

                           Балапанын қорғаймыз.

Сабақты аяқтау: Балалар қонақтармен қоштасады.

 

 

 

 

 

 


Бөбек» екінші кіші тобы үшін ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Өткізілген күні,айы,жылы 13

Бөбек» екінші кіші тобы үшін ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Өткізілген күні,айы,жылы 13

Тәрбиеші:Қар қандай? Балалар:Қар жұмсақ,қар ұлпа,қар суық,

Тәрбиеші:Қар қандай? Балалар:Қар жұмсақ,қар ұлпа,қар суық,

Балалар: Қоян жабайы аң, орманда мекендейді

Балалар: Қоян жабайы аң, орманда мекендейді

Балалар: Торғай,қарға,көгершін,сауысқан

Балалар: Торғай,қарға,көгершін,сауысқан

Тәрбиеші:Балалар жарайсындар енді барлығымыз пойызға отырып балабақша алаңына қайтайық

Тәрбиеші:Балалар жарайсындар енді барлығымыз пойызға отырып балабақша алаңына қайтайық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.12.2020