Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сара»
операсы
Тақырыбы: М.Төлебаевтың «Біржан Сара» операсы.
Музыка әлемі жарық күн секілді шексіз.Біз сіздермен дөп әлемде адасып
кетпес ушін бағытымызды анықтап алайық,я балалар!Осы бағытымыз
бізді салтдәстүр әндері мен опера өнерінің дамуына көп үлес қосқан
қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығына
алып келмек. Осы тақырыпты өтпес бұрын осы сабақтың мақсаты мен
танысып кетейік.
Мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға халық өнерпаздары Біржан мен
Сараның айтысы негізінде жазылған М.Төлебаевтың «Біржан Сара»
операсынан үзінділер орындату.
Ә) Дамытушылық: Көріністер қою арқылы халық әнші – сазгерлерінің
әндерін насихаттау, жәрмеңке мәнін ашу.
Б) Тәрбиелілік: Халықтың музыкалық мұрасын қастерлеуге, өз Отанын сүюге
тәрбиелеу.
Типі: Саяхат
Түрі: Кіріктірілген сабақ, концерт – сабақ,жәрмеңке сабақ
Әдістәсілдері: түсіндірмелі иллюстративтік, репродуктивтік, сұрақжауап
Көрнекіқұралдары Тақырыптық
суреттер,рефераттар,Сөзжұмбақтар,музыкалық сахналық костюмдер
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, бүгінгі 6 – сыныптар арасында өтетін тәрбие сағатымыздың
тақырыбы – М. Төлебаевтың «Біржан Сара» операсынан орындау деп
аталады.Мұқан Төлебаеваса көрнекті қазақ композиторы,қоғам қайраткері,
қазақ музыка өнерінің жарық жұлдызы.Өзінің өмірінде мол мұра қалдырып
кетті.М.Төлебаев 1913 жылы Талдықорған облысының Қарашаған ауылында
дүниеге келген.М.Төлебаевтың опералары бар.Мұқан Евгений
Брусиловскийден дәріс алған.Мұқанның әндері де бар.Мысалы Отан
даңқы,Мен көрдім ұзын қайың құлағанын т. Б.Мұқанның анасының аты
Тәжібала.Анасы суырып салма ақын, әрі әнші кісі болған.Мұқан анасының
өнеріне дұрыс көзбен қарап,Мұқан өзінің де өнерге деген құмарын арттырды.
Ол 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім. «Қояндыға саяхат»
2 бөлім. «Өнерпаздар Қарқаралыда бас қосты»
3 бөлім. «Біржан – Сара» сахнада Тәрбие сағатымыздың мақсаты – Халық әнші – сазгерлері әндерін
кеңінен насихаттау, халық өнерпаздары Біржан мен Сараның сонау Қоянды
жәрмеңкесіндегі айтысы негізінде жазылған М.Төлебаевтың осы аттас
«Біржан Сара» операсының сахнаға қалай жеткендігін көрсету және
жәрмеңке мәнін ашу.
Кіріспе бөлім «Қояндыға саяхат»
Енді осы айтыс – операмыздың дүниеге келген жері Қояндыға саяхат
жасайық. Қоянды Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты жер.
Талды өзенінің Қарасор көліне құяр сағасында орналасқан. Табиғаты әсем.
Бұл жерде Мәди әнге қосқан атақты Қарқаралы тауы бар.
Ал, жәрмеңке тақырыбына келер болсақ, өткен ғасырларда бұл
жерлерде, атап айтқанда Қоянды, Қарқара жерлерінде атышулы жәрмеңкелер
өткен. Жәрмеңкенің мақсаты – сауда – саттық жөнінде шартқа отыру,
өздеріндегі заттарды сатып, орнына тері – терсек, басқа да өнімдерді алып
кету. Оған алыс елдерден, әсіресе шығыс елдерінен саудагерлер келетін
болған. Мысалы: Үнді, Иран, Парсы жақтан келген саудагерлер парша, әшекей
бұйымдар әкелген. Қытай елінен шай, жібек мата әкеліп сатқан, т.б. Енді
осылай көпшілік жиналған жерде өнерпаздар міндетті түрде өз өнерлерін
көрсетіп, той – думан ұйымдастырған.
Әсіресе өнерпаздардың Меккесіндей болған Қоянды жеріне келіп өнер
көрсетпеген әнші – күйшілер кемде – кем. Мысалы: Тәттімбет, Балуан Шолақ,
Ақан Сері, Мәди, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Біржан т.б. Бұл турасында
мәліметтерді мына әдебиеттерден оқи аласыңдар (Көрнекіліктермен жұмыс).
Негізгі бөлім «Өнерпаздар Қарқаралыда бас қосты»
(Сахнада түрлі көріністер өтіп жатыр, балуандар күресі, өнерпаздар,
саудагерлер, т.б.)
Әр жылдарда осында халық әнші – күйшілері, сал – серілер өнер көрсетті.
Үкілі Ыбырай «Гәкку» Орындайтын: Жәнібек Айшабибі
Тәттімбет «Қосбасар» күйі
Ақын Сараның өнерінен көрініс. (Амангазиева Айым)Сараның әнін
орындайды.)
Көрініс. Біржан өзінің «Айтбай» әнін айтып отырады. (Әрі қарай Біржанның
Жанботаға ренжігені бейнеленеді).
Мұғалім сөзі:
Біржан сол жолы жәрмеңкені тастап кетіп қалды. Тағы бір жолы жәрмеңкеде
ақын қыз Сарамен айтысып қалады. Оны біз опера барысында көреміз.
1 – оқушы. Біржан туралы айтады.
2 – оқушы. Сара туралы айтады.
3 – оқушы. М.Төлебаев туралы айтады.
Қорытынды бөлім «Біржан Сара» сахнада.БіржанСара операсын бейне
таспадан көріп,өз ойымызды және қандай аспаптар қолданғанын зейін қойып
тыңдаңдар.Бұл бейне таспны көргеннен кейін 3 сұраққа жауап бересіңдер Операның мінезі қандай?
Осы операның кейіпкерлері кім?
Опера дегеніміз не?Қандай аспапатар қолданған?
(Сахна. Әнші Естай Қояндыға жиналғандарға арнау айтып жатыр.)
«Біржан Сара» операсынан Естайдың термесі. Орындайтын: Сабит Сатжан
Сара мен Біржанның операсы
Біржанның ариясынан үзінді.
«Біржан – Сара» операсынан үзінді. (Сараның Біржаннан жеңілуі туралы
әңгіме)
«Жар Жар» айтысын рольге бөліп орындау.
«Біржан Сара» операсынан Би мен Хор.
Сабақты қорытындылау.
М.Төлебаев кім?
Опера дегеніміз не?
Қоянды жәрмеңкесінде қандай өнерпаздар өнер көрсеткен?
Операда қандай қазақтың салт – дәстүрлері көрсетіледі?
Басты кейіпкерлер Сара мен Біржан кімдер?
Операны кім жазған?
Ария дегеніміз не?
Ариоза дегеніміз не?
Увертюра дегеніміз не?
Бағалау (Оқушыларды бағалау)
Уйге тапсырма М. Төлебаевтың өмірі мен шғармашылығын тереңдетіп
оқып келу.
Әнді жаттау
Сабақ аяқталды
Сау болыңдар!!!
Ашық сабақ музыка сабағы 4 сынып
Ашық сабақ музыка сабағы 4 сынып
Ашық сабақ музыка сабағы 4 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.