Оқушыларды басына іс түскен адамдарға жанашыр бола білуге тәрбиелеу .
Міндеттері: Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйласымдылық, адамгершілік, сүйіспеншілік
- Оқушылардың «жанашыр», «ниеттес» туралы түсініктерін кеңейту;
- Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу;
- Оқушыларды қамқорлық көрсетуге, жәрдем беруге тәрбиелеу
1. Дәйексөз.
Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле....
А.Иүгінеки
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.: Оқушыларды басына іс түскен адамдарға жанашыр бола білуге тәрбиелеу .
Міндеттері:
- Оқушылардың «жанашыр», «ниеттес» туралы түсініктерін кеңейту;
- Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу;
- Оқушыларды қамқорлық көрсетуге, жәрдем беруге тәрбиелеу
Өзін.docx
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп «Подгорное негізгі мектебі» КММ Мерзімі:
Тақырып: Жанашырлық – жанға қуат
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйласымдылық, адамгершілік, сүйіспеншілік
Мұғалім: Елемесова З.З. Сынып – 6 сынып Оқушылар саны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды басына іс түскен адамдарға жанашыр
бола білуге тәрбиелеу .
Міндеттері:
Оқушылардың «жанашыр», «ниеттес» туралы түсініктерін кеңейту;
Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу;
Оқушыларды қамқорлық көрсетуге, жәрдем беруге тәрбиелеу;
Ресурстар:
(белсенді тақта,
кітап, дәптер,
слайд, ғаламтор
желісінен жаңа
ақпараттар)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Орманға саяхат
Жайлы баяу музыка қойылады.
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін,
тыныштықта сезінеміз.
Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан
шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.
Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры
ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі
жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа
тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен
гүлдердің иісі мұрынды жарады,қандай керемет иіс! Айналамыздағы
әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.
Гүлдер мен ағаштардың иісі мұрын жарады.Құстардың әсем
дауыстары, жәндіктердің ызылы құлаққа жағымды естіледі. Орманға
терең енген сайын ағаштар ұзын көрінеді. Орманда біз өзімізді бақытты
және қауіпсіздікте сезінеміз.
Біз енді аяндап алаңға шығамыз, аздап демаламыз. Өзіңізге
түбінде отырып,дем алатын ағаш таңдап алыңыз. Оған жақындап, оның
қандай мықты екенін аңғарыңыз,өзіңізді осы ағаш секілді мықты,
қайратты сезініңіз. Енді арқаңызды ағашқа сүйеп, көзіңізді жұмып, ішкі
жан дүниеңіз тыныштыққа бөленгенін назар аударыңыз.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай
тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі
керек, кез келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.
Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке аяңдаймыз. Міне, институттың да есігіне
келдік, тағы да айналамызға назар аударайық, таза ауамен терең дем
алып, мектепке кіріп өз орнымызды табамыз. Тыныштық пен разылықты
жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз,күлімсірейміз.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
«Бауырмалдылық» сөзіне сөзжұмбақ жасап келіңдер.
2. Дәйексөз.
Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле....
А.Иүгінеки
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен
жеткізеді.
3. Әңгімелеу.
Жанашырлық
Бір күні базар қақпасына кіре берістен Әбунасырдың төбесін көзі
шалғанда – ақ елпілдей жүгіріп, бір жігіт қасына жетіп барады.
Ассалаумағалейкум, ұстаз!
Уағалейкүи уәссалам, аманбысың, жігітім ? Әрекетің өнімді ме ?
Хадари – хал,ұстаз...
Маған бірдеңе айтайын деп пе ең ?
Базардан алған заттарыңызды үйіңізге жеткізіп берейін...
Ә, онда, соңымнан ер...
Әбунасыр базардан керек – жарағын алды да, көп айналмай үйіне
қайтты. Жігіт ұстаздың заттарын арқалап жүрді. Аулаға кірген соң,
Әбунасыр ақысын төледі. Сонда жігіт:
Ұстаз, ренжімесеңіз, маған жанашырлықтың не екенін түсіндіріп бермес
пе екенсіз?.... – деп өтінеді. Ғұлама тұңғиық ойға батып, жігітке қадала
қарады.
Жарайды, ұғындырайын, есіңде жүрсін, деді ғұлама жігіттің талабын
қостағандай күлімдеп. – жанашырлық ағыл – тегіл су емес. Ол –
адамның адамға бөлінген мейір – шапағаты арқылы пайда болатын
ізгілікті іс. Әр адам өзі көздеген мақсатқа жетуге ұмтылады. Сонда
қиындыққа тап болса,бір мейірімді кісі көмектесіп, жебеп жібереді. Ақ
ниеттен туған сол жақсылық – жанашырлық деп аталады.
Жігіт бас иіп, алғыс айтты да, кетіп қалды.
1.Жанашырлық танытудың мәні неде ?
2.Жанашырлық парыз ба, әлде міндет пе ?
4. Шығармашылық жұмыс.
Жағдаяттарды талдау.
Жұмыстан келген анасы ұлына: Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен
? – деді.
Жата беріңіз, деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.
Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр – күлдір еткізіп ренжи тұрды да үн
– түнсіз оның өтінішін орындады.
5. Топпен ән айту
Құс жолы
1.Аспан, аспан шайдай ашық,
Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.
Құс жолы ғарыш көкке туған жерден
Қараймын жандай ғашық.
Қолға келіп қонса жұлдыз,
Жанға серік болса жұлдыз.
Ғарышқа қанат қақты самғап.
Туған жерден қаншама ұл – қыз.
Қайырмасы:
Құс жолы шақырады арманға ұқсап,
Жұлдыздар жайып арман құшақ.
Жаса мәңгі жырға толы өлкем,
Жаса мәңгі жырға толы көркем өлкем,
Сен Отан, достық әннен қуат алған,
Бақыт құсы бүгін ұя салған.
2.Келді жайнап бала көктем,
Күткен еді дала көптен.
Шалғындай тербей есті ерке самал,
Жібектей жаңа леппен.
Ауыл, саған талмай ұштық,
Бұлақ суын қанбай іштік.
Қарлығаш тұя салған туған үйлер.
Бізге қандай ыстық.
6. Үй тапсырмасы.
«Риясыз жанашырлық жасау» тақырыбына шығарма жазып келіңдер.
7. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді
жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!
Ашық сабақ: "Жанашырлық – жанға қуат" 6 сынып
Ашық сабақ: "Жанашырлық – жанға қуат" 6 сынып
Ашық сабақ: "Жанашырлық – жанға қуат" 6 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.