Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары 9 - сынып:: 1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация
Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
история
9 кл
27.04.2017
Қазақстан республикасында қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы нарықтық қатынастарға өтумен айқындалды. Әлеуметтік бағытталған нарықтың экономикалық қалыптасуы аса күрделі болып отыр. Бұрынғы одақтық республикамен шаруашылық-экономикалық байланыстарының үзілуі өндірістегі онсыз да күрделі жағдайды одан әрі тереңдете түсті. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтыған экономикалық дағдарыс пен Республикадағы қалыптасқан жағдай материалдық өндірістегі барлық салаларда өнеркәсіптің одан әрі құлдырауымен және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен, сондай-ақ шаруашылық қызметінің жалпы тұрақсыздығымен сипатталады
сабақ жоспары модернизация.docx
№56 Күні:
9«А»сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: 1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация
Сабақтың мақсаты
:
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам, Президенттік басқару
институтының енгізілуі, республика егемендігінің жариялануы туралы түсінік беру,
Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы, 1990 жылдардағы Қазақстандағы
экономикалық модернизация
Белсенділіктерін арттырып, тарихқа қызықтыра отырып білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары,
шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап,карточка , топтық жұмыс
Көрнекілік: тақта,кітап,дәптер,суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Доклад
3.Білімдерін жан –жақты тексеру
Қазақстанның даму сатылары
Қазақстан бағдарламалары
Қазақстан 2030 стратегиясының мәні
Қазақстан 2050 стратегиясының мәні
4.Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақстанда қалыптасқан жағдай
Қазақстандағы экономика
Қазақстандағы 1990 жылғы модернизация
Қазақстандағы әлеуметтік нарықтық экономика жағдайы
Қазақстан республикасында қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы нарықтық
қатынастарға өтумен айқындалды. Әлеуметтік бағытталған нарықтың экономикалық
қалыптасуы аса күрделі болып отыр. Бұрынғы одақтық республикамен шаруашылық
экономикалық байланыстарының үзілуі өндірістегі онсыз да күрделі жағдайды одан әрі
тереңдете түсті. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтыған экономикалық дағдарыс пен
Республикадағы қалыптасқан жағдай материалдық өндірістегі барлық салаларда
өнеркәсіптің одан әрі құлдырауымен және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен,
сондайақ шаруашылық қызметінің жалпы тұрақсыздығымен сипатталады
Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық
қатынастар орнауда әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсiпорындар пайда болды. 80жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы
бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда
байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып
отырған, оның 97%ы шикiзаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын.
Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық
қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған
кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСРiндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ
КСРiндегi шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы
экономика мин. құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экон.
қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына
жағдай туғызды, оның көл. 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен
бiрге адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла
бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясымен бiрiккен “ӘлБарака банк Қазақстан” банкi
құрылды, Оңт. Кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды.
Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен
Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң
қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы
тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экон. және технол. көмегiнсiз қалпына
келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап,
инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты.
Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:
Экономиканы мемлекет иелігінен алу
Жекешелендіру
Кәсіпкерлікті дамыту
Монополияны жою
Бағаны босату
Қатал ақшанесие және қаржы саясатын жүзеге асыру
Құнсыздану қарқынын реттеу
1990 жылдары нарықтық қатынастардың дамуындағы
негізгі экономикалық тенденциялар:
жекешелендіру
монополоиялық басқару құрылымын тарату
Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ.
қарыз ақша және қаржы саясатын қауырт жүзеге асыру
еркін баға.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше
тәсiлi қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц.
экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон.
тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеудi қамтамасыз ету.
Реформалар: бiрiншi кезең (1991— 92)
Бiрiншi кезең Қазақстанда соц. экономикадан кейiнгi экон. жағдайдың шиеленiсiп,
құлдырауымен сипатталады. Бұл 70жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты
секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеум.экон., қоғамдықсаяси бағытта жүргiзiлген экон. саясат өрiстеп
кете алмады.
90жылдардың басында ҚРның экон. саясаты соц. экон. жүйенi өзгертуге және ұлттық
нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы
ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеум.экон. аяға мемлекеттiң қатысуын
шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экон. қызмет нысандарын кеңейту, сырттан
инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың
негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау,
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi,
шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай
жасау.
Реформалар: екiншi кезең (1993 — 94)
Екiншi кезең экон. дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан
көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары
ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж.
және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши
түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының
жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс
1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90
жылдардың басындағы жалпы экон. дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн
тигiздi: Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды.
Дағдарысты шектеу қатаң экон. саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеум.экон.
ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экон. саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде
экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға
мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықар. валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты
еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
Реформалар: үшiншi кезеңде (1995 — 97)
Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң
шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай
мақсаттарды алға қойды: нарықтық экон. инттары мен инфрақұрылымды дамыту;
халықар. стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және
сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақшанесие
және нысапты бюджетсалық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына
қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының
қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу.
Модернизация
деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
5.Сабақты бекіту:
.жаңғырту) артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің
( франц
1990 жылғы Қазақстан жағдайы
Қазақстандағы экономиканың дамуы
Модернизация дегеніміз
Реформалар: бiрiншi кезең (1991— 92)
Реформалар: екiншi кезең (1993 — 94) Реформалар: үшiншi кезеңде (1995 — 97)
6.Бағалау:
7.Үйге тапсырма: сұрақтарға жауап, өткен жаңа тақырыпты қайталау
Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары 9 - сынып:: 1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация
Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары 9 - сынып:: 1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация
Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары 9 - сынып:: 1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация
Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары 9 - сынып:: 1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.