"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба
Оценка 4.6

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

Оценка 4.6
Научные работы
doc
искусство
8 кл
11.11.2018
"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба
"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жобаны 8 сынып оқушысы Абилкасимов Олжас жазған. Жетекшілік жасаған бейнелеу өнері пәні мұғаліміГ.З.Ахметова. оқушы қара қамшы туралы мәлімет көрсеткен, қамшы түрлері туралы зерттеген. қамшы туралымақал-мәтелдерді, ырымдарды зерттеген. Асылбай шеберден қамшы жасауды үйренді. өз білгенін жас жеткіншектерге насихаттады.
Қазақтың қара қамшысы-атадан қалған асыл мұра.doc
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Шығыс Қазақстан облысы Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат                маршруттары. Секциясы: Этномәдениеттану Тақырыбы: Қазақтың қара қамшысы­атадан қалған асыл мұра.                                         Авторы:  Абилкасимов Олжас                                                             9 «Ә» сынып                                                         «№36 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ                                                         Семей қаласы                                         Жетекшісі: Ахметова Гулмира Зейнелгабиевна                                                           Бейнелеу өнері және сызу пәні мүғалімі                                                           «№36 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ                                                           Семей қаласы                                         Кеңесші:  Бралинова Даметкен Исаевна                                                          Шәкәрім атындағы МУ, аға оқытушысы                                                          Семей қаласы Мазмұны 2015 жыл Кіріспе ___________________________________________________________3­4 Қамшы І. Қазақтын қара қамшысы­ атадан қалған асыл мұра._______________ 5­11 1.1. сөзінің тарихы.______________________________________5-7 1.2. сырымы._______________________________________7-9 1.3. Қамшының негізгі бөліктері.______________________________________ 9 1.4. Қамшының түрлері._____________________________________________ 9­11 Қамшының шығу ырым- ІІ. Қамшы жасау технологиясы. ______________________________________11­13 2.1. Қамшы өрімі.__________________________________________________11­12 2.2. Өрім түрлері.__________________________________________________ 12 2.3. Өрім технологиясы._____________________________________________12­13 ІІІ. Асылбай Абылайхан Қалқаұлы шебермен кездесу._______________13­16 3.1. Асылбай Абылайхан Қалқаұлы шығармашылығы.__________________13­14 3.2. Шеберден алған сабағым._______________________________________14­16 Қорытынды _____________________________________________________17 Қосымша _______________________________________________________18­19 Әдебиеттер______________________________________________________ 20 Кіріспе Әрбір қазақ шаңырағы қамшыны әрі қару, әрі құрал, әрі қастерлі мұра  санаған. Қазір де көп үйдің төрінде ілулі тұрған қамшыны көреміз. Мұның бәрі  біздің ата­бабаларымыздың қамшыны жанына серік етіп, киелі әмбебап дүние деп  түсінуінен, «Қолымда бір қамшым бар алты таспа, Сұлудың керегі жоқ сенен  басқа», ­ деп махаббат жырларында да ой­сезімін қамшы атауымен бастауынан  болса керек. Қазақ халқының  мәдени­тұрмысында, салт­дәстүрінде, рухани  зердесінде қамшының алатын орны ерекше. Қамшы өнер туындысы, сый­сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті, кейде батырдың қаруы  да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал деп айта салу ағаттық. Осы сөзіміздің дәлелі бола алатын «Ақ дариға» әнінің мына бір шумақтарына назар аударып көріңізші: Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі, Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі. Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр, Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі­ай. Менің ғылыми жұмысымның мақсаты: өзім сияқты жас жектіншектерге  қамшыгерлік туралы ұғым беру, қамшыны жасау технологиясымен таныстырып,  қамшы өруді үйрету.  Зерттеу өзектілігі:  Жігітке жетпіс өнер де аз» деген еді атам қазақ. Қазіргі уақытта  жеткіншектер компьютер алдында көп уақыт өткізіп, компьютерлік салондарда  ойын ойнаумен бос уақыттарын өткізеді. Бұл денсаулыққа зиян және виртуалды  тәуелділікті туғызу мүмкін. Көптеген компьютерлік ойындар балаларды  агрессияға ұшыратады.  Сондықтан жеткіншектердің қазақтың қолөнеріне қызығушылығын дамытып, атадан мұра болып қалған қасиетті бұйымдарды бағалау, қамшы өру дәстүрін  жалғастыру қажет. Қазақтың салт­дәстүрінде қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні, ережелері болады. Мұны да білген жөн. Қамшы әрдайым оң қолға ұсталу керек. Жайшылықта   қамшыны   екі   бүктеп   ұстайды.   Қамшы   өрімін   салбыратып   ұстау дұшпандық, әдепсіздік белгісі деп танылған. Сондай­ақ, жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын болған.  Қамшыны   сыйға   тартқан   кезде кісінің   қолына   ұстатпайды,   жерге   тастаудың   мәні   береке­құт   бірге   кетпесін, ұшығы  жерде қалсын, салмақты жер ғана  көтереді дегіндігі. Қазақта қамшы ұрлау үлкен қылмыстың бірі саналады. Қамшыгерлік қазіргі уақытта ұмытылып қалған ұлттық өнердің бір түрі,  қамшымен соғудың, ұрудың көптеген әдістері болған.                                                                                                                                            3 Мәселен, олар: қамшы үйіру, қамшы білеу, қамшымен жасқау, сипай қамшылау,  батыра қамшылау, орап тарту, шықпырту, оса тарту, тіле тарту, баса тарту, көсіп  жіберу, серпе тарту, көсите тарту, салып қалу, сілтеп қалу.         Зерттеу обьектісі: Қазақтың қара қамшысы.         Зерттеу әдістері: Іздену, әңгімелесу, пікірлесу, сұхбат алу, бақылау, зерттеу,  шеберлермен кездесу.         Жұмыс нәтижесі: Қамшыны жасау технологиясымен танысып, қамшы өруді  үйрену. 4               І. Қазақтын қара қамшысы­ атадан қалған асыл мұра. 1.1. Қамшының шығу тарихы. Қамшы – ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Адамзат жылқыны қолға үйретіп мінісімен аттың өзін жүргізу және алдындағы  малды айдау үшін қандай да бір құрал қажет болған. Алғашында   атқа   мінген   адам   қамшы   ретінде   әртүрлі   шыбық,   ағаш   қолданған. Уақыт өте келе бұл құралды малдың шикі терісінің өзінен жасаған, бертінірек өрме өнері   шыққанда   шикі   қайысты   өріп,   өрменің   санына   байланысты   қамшылар   үш таспа өрім, төрт таспа, алты таспа, сегіз таспа, он екі, жиырма төрт, қырық сегіз таспа өрім болып бөлінген.  Жалпылама   айтқанда,   көлік   айдауға   арналған   құрал.   Ал,   Шоқан Уәлихановтың пайымдауынша, қамшы – әрі қару. Біздің ойымызша , қамшы – әрі құрал,   әрі   қару,   әрі   рухани   күш­қуат,   сый­сияпат,   жігіт   пен   қыздың   сәні   мен салтанаты, азамат айбыны, қолөнер туындысы, шаңырақтың киесі, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Қамшының   қарапайым   түрiнiң   бiрi — бишiк.   Ол   қамшыға   қарағанда қарапайым, өрiмi сабынан үш­төрт есе, кейде одан да ұзын болуы мүмкiн. Оны мал айдағанда,   ат­арба   не   ат   шанамен   жүргенде   жиi   пайдаланады.   Өрiм   алғашқы басында жуан болып ұшына қарай жiңiшкере бередi. Балаларға   ат   жалын   тартып   міне   бастағанда   әдейі   арнап   ер­тұрман жасатумен қатар ата­анасы қамшы өргіздіріп беретін.  Қазақта   әрбір   отбасы   мүшесінің   өз   қамшысы   болған.   Көші­қонда,   ас­ тойларда салт атты адамның, еркек болсын, әйел болсын қамшысыз жүруі сөлекет саналған. Қандай да болсын қамшы салдырмайтын жүрдек аттардың өзін сипай қамшылап   отырады,   бұл   қазақтың   әдетіне   айналып   кеткен.   Жетісуда   «жігіттің бесқасқа   жүгені   болса,   алты   өрім   қамшысы   болса   сәні   келеді»   деп   жатады, сондықтан кез келген бозбала, жігіт ағасы жақсы ер­тұрманмен қатар әдемі қамшы ұстағанды ұнатады. Ал   қыз­келіншектердің   қамшысын   ерекше   әшекейлейді.   Мәлімет берушілердің   айтуынша,   қазіргі   кезде   Моңғолия   мен   Қытай   қазақтарында   жиі кездесетін   сабына   жез   ораған   сарыала   қамшыларға   ертеден   алтын,   күміс шыбықтарды   шырмауықтай   орап,   шашақтарына   дейін   алтын,   күміс   домалақ салпыншақтар   орнатқан.   Мұндай   қамшылар   сән   қамшысы,   алтындалған   қамшы, күмістелген айтылатын. қамшы     деп Атақты бағзылардың қобызымен, сайтан қашар қамшысымен жерлеу – бергі XX ғасырдың басына дейін жалғасқан дәстүр. Алты таспа қамшыны – бұзау тіс қамшы,   сегіз   өрімдіні   –   дойыр   қамшы   деп,   Жетісуда   сегіз   өрімді   қамшыны   – қырғыз өрім деп атайды. Қамшының ең алғаш қандай бөліктерінің қалай аталғанын жазған Ш.Уәлиханов.  Қамшының   сабының   өлшемі   шынтақ   пен   жұдырық   арасындай   немесе   4­5 түйілген жұдырықтай не 7 тұтам, өрімнің ұзындығы бес алақанның көлеміндей, тұтаммен есептегенде өрімі сабынан бір­екі тұтам ұзын болу керек.                                                                                                                                  5           Негізінен, «қамшы» сөзі түбір мен қосымшадан тұрады. Диахрондық тұрғыда бұл сөздің түбірі – «қам». «Шы» ­ малшы, қойшы, егінші деген тәрізді сөздерде кездесетін қосымша. Орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың тілінде, қазіргі туыстас – тува, тофалар, алтай, сары ұйғыр, хакас тағы да басқалардың тілдерінде   «қам»   сөзі   «бақсы»   деген   мағынаны   білдіріп,   қарайым   тілінде   де «қамшы» сөзі «шаман» деген мағынада қолданылады.  Сөйтіп, ертеде бақсыны бірде қам, бірде қамшы деп атаған тәрізді. Осыны зерделеген этнограф ғалымдар «Әуелде қамшы сөзі қазақтарда да «бақсы, шаман» мағынасында айтылып келіп, екінші бір заттың атауына көшкен» деген тұжырым жасайды. Мүмкін бұл ертеде бақсылардың қолдарына қамшы алып, жын­шайтан қуып, зікір салғанынан да шығар.    Келе­келе «қам жасаушы» сөзі дыбыстық өзгеріске ұшырап, құрылымдық мазмұны   да   «қамшы»   сөзіне   ауысып   кеткен».   Қалай   болғанда   да,   қамшының әубаста   түрлі   жамандық,   ауру­сырқауды   қуушы   рөл   атқарғаны   ешбір   талас туғызбайды. Ғасырлардан – ғасырларға жеткен бұл – Қамшы еді қайтаратын жаудан құн. Соңғы ғасыр аяғынды жоғалып, Қазақтардың сесі кетіп, болған құл.                                                                                                                                   Қамшы арқылы талай сырды беретін, Қамшы тастап, не ой барын білетін. Қазақ бабам мінгенінде кәріне, Жерді дағы жон арқадан тілетін». Біздің   қазақ   халқында   қамшыға   байланысты   мақал­мәтелдер,   тұрақты   сөз тіркестері аз емес. Бұл қамшының қазақ этносында бағзы заманнан бері маңызды орын алып келе жатқандығын байқатады. Ата­бабаларымыз қамшысы арқылы өз көзқарасын, ниетін, қарым­қатынасын білдірген, біз мұны қамшыға байланысты ой орамдарымен тарқатып, түсіндірсек: 1. Қамшысының ұшын да бермеді. Бұл «болыспады», «жәрдемдеспеді», «қарайласпады», «жамандық, опасыздық істеді», ­ деген мағынаны білдіреді. 2.   Басына   (төбесіне)   қамшы   үйірді   (ойнатты). Мағынасы:   Қорқытты, сабауға   ыңғайланды,   үрейлендірді,   жан   алқымға   алды,   қауіп   төндірді,   қорлық, зорлық көрсетті, басынды. 3. Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты. Бұл сөз «даудың себебі әрқилы, бірақта шешімі не «ақ», не «қара» болады» деген ойды меңзейді. Яғни, айыпсыз болса, шешім оның ақтығын айғақтайды, айыпты болса, шешім оның қаралығын дәлелдейді.                                                                                                                                                                                                                                                                6 4. Қамшысын білемдеді. Қамшысының сабы мен өрімін қосып, екі бүктеп ұстауды   бейнелейді.   Мағынасы:   қыр   көрсетті,   жұдырық   көрсетті,   қоқаңдады, кіжінді. 5. Қамшы түтеді. «Қамшы жауып кетті», «Таяқ жауып кетті», «Соққылаған қамшы жауды» деген мағынаны білдіреді.                                                                                                                                    1.2. Қамшының ырым­сырымы.   Тұрмыс құрмаған қыздың төсегінің басында жартылай ашылып тұрған қамшы Атам   қазақ   қамшының   қыр­сырына   бесігінен   қаныққан,   кие­қасиетін   ана сүтімен қатар сүйегіне сіңіріп өскен. Себебі, бала бесікте жатқанда шошымасын деп   бас   жағына   қамшы   тастаған,   не   болмаса   жастығының   астына   жастаған. Тобылғы қамшының өрімі жастықтың астынан жерге салбырап тұрмай, сабымен бүктеліп жатса «балаға қамшы тиеді» делінген. Бұл ата­бабамыздан қалған ырым.  Негізінде қамшы керегеге ашық ілінген. Бұл қамшы иесінің «мал басы аман болып,   үйімнен   молшылық   кетпесе   екен»   деген   тілеуі   екен.   Ал   жартылай бүктетіліп ілінген қамшы «менің ием келсе, ауруы болса жазылсын» деп сұранып тұрады.     оның басының бос екендігін, оған құда түсуге болатындығын көрсеткен.     қойған   қамшы   жоқтықты   білдіреді. Малынан,   астындағы   атынан   айырылып   қалған   адам   қамшысын   екі   бүктеп қонышына,   белбеуіне   қыстырып   қояды.                    Жауынгер соғыстан қайтпай қалса да, қамшысы табылса оны керегеге жартылай ашып қыстыратын себебі, оның жаралы екендігін, не болмаса жау қолына тұтқынға түсіп қалғанын көрсетеді. Ал егер ол қаза тапқан болса, оны естірту үшін үй иесі, туысқаны т.б. қамшыны екі бүктеп керегенің төменгі жағына қыстырып қояды. білдіреді.           Ауылда жұт болып, не барымташы малын айдап әкетсе, иә болмаса малы аусыл, оба, қорасан ауруларынан қырылып қалса, онда жолдың айырмасына бақан орнатып, оған қамшыны екі бүктеп қояды. Бұл, ауылда мал жоқ деген белгі. Күші келетін адамдар бұндайда қолынан келетін көмегін аямайды.    не   болмаса   беліндегі   Бүктеп   дегенді             иесі       жоқ       Ол Қамшысын   аттың   артына   сүйретіп   келе   жатқан   адамға   ақсақалдар   «бұл жаман   ырым,   қамшы   сүйретпе,   жер   сабама,   қамшыңның   ұшын   жия   жүр»   деп болмайды. айтқан. Қамшының сабына қайыс таспадан бау тағылады, оны бүлдірге деп атайды. «Бүлінгеннен бүлдірге алма» деген мәтелдің байыбына баратын болсақ бүлініп, қирап жатқан жерден еш қандай зат алма, тіпті бүлдірге сияқты ұсақ зат та алушы болма, кесірі тиеді» деген ұғымды білдіреді. Қамшыны кесуге     Қазақта   үйленуге   байланысты   жөн­жоралғылар   жүйесінде   де   қамшының өзіндік қызметі бар.  Қызға   құда   түсуге   келген   жігіттің   әкесі   қамшысын   белгі   ретінде   үйінің төріне   іліп   кеткен.   Егер   жігіт   жақ   кешігіп,   қыз   жағы   айныса,   қамшысын   кері қайтарған, бұны «қамшы қайтару» деп атаған                                                                                                                                 7 Жаңа түскен келіннің бетін үкілі, қоңыраулы қамшымен ашатын кездер де болған. Баланы бесікке саларда жүгенді ат ұстайтын ер­азамат, ер қорғайтын батыр болсын деп қамшыны кебенекпен бірге жапқан және тақымыңнан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабандоз бол деп бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп те тілек тілеген. Ал  ұл баланы «атқа мінгізу» ғұрпында  бәсіре атқа ашамай ерттеп мінгізіп,  аяғын тепкішекке сұғып,  қолтырмаш ағашпен екі  қолтығынан  сүйемелдеп танған соң ақсақалдар бата  беріп, баланың қолына аттың тізгіні мен қамшы  ұстатады.  Қазақта «Қамшы сабы сынса – әйел өледі, Пышақ сабы сынса – күйеуі өледі» деген әрі ырым, әрі сөз тіркесі бар.  Ертеректе   осы   белгіні   қолдана   отырып,   ерінің   немесе   әйелінің   қайтыс болғанын білдірген. Бір   ақсақал   екі   баласына:   «Ал   балаларым,   мен   қартайдым.   Бойдан   күш, қолдан   әл   кетті.   Бір   аяғым   жерде,   бір   аяғым   көрде   тұрғанда   артымда   мұраға қалдыратын қамшым мен атым бар» – дейді. Содан үлеске үлкен баласына ат, кіші баласына қамшы тиеді. Үлкен баласы атқа мініп, беті ауған жағына кете барады, ал кіші баласы әкесі қайтыс болғанша оны бағып­қағып, қасында болады. Көп уақыт өтпей   ағасы   аттан   айрылып,   сопайып   үйіне   қайтып   оралады.   Аштан   өлуге болмайды.  Содан інісі Алла Тағалаға сыйынып, әкесінен қалған дырау қамшыны қолына ұстап аң аулауға шығыпты. Тау аралап келе жатса дала бөрісі шатқалда бір үйір малды қамалап жейін деп жатса керек. Бала қасқырдан қорықпай оны қамшысымен ұрып өлтіреді де жаңағы бір үйір малды үйіне айдап келеді. Малдарының басы көбейіп, кейіннен ағайынды екі жігіт тұрмыстары түзеліп, адам қатарына қосылып кеткен екен. Атақты   қамшыгер,   әрі   қамшы   жасаудың   бесаспап   шебері   тау   текенің мүйізінен, еліктің тұяғынан, тобылғыдан үш қамшы жасайды да, үш баласын  алдына дейді:                – Ал, құлындарым, мен қартайдым. Көзімнің тірісінде мына сендерге деп шақырып былай алып өзара         үш бөліп қамшымды жасаған алыңдар.          – Әке, маған мына қамшыны алсам болды – деп кіші баласы әшекейлі тұяқ сапты қамшыға бас салады. Сонымен тұяқ сапты қамшы кіші балаға, ортаншысына тобылғы   сапты   қамшы,   үлкен   баласына   таутекенің   мүйізінен   істелген   қамшы мұрагерлікке тиеді.           Сонда әкелері тұрып кішісіне:           – Балам­ай, жасың болса әлі отызға да жеткен жоқсың. Тұяқ сапты қамшыны жасы елуге келіп қалған ел ағалары ұстайды. Үйтетін себебі, олардың бала­шағасы, от басы, ошақ қасы бар, басым жалғыз қалар­ау деп қорықпайды.  Ал сен болсаң осы жалғыз тұяқтай жалғыз басты болып қалмақсың.              Әлі күнге дейін үйленбедің, бала­шағаң жоқ, түтін түзетіп, басыңа үй де тұрғызып алмадың, топ болу үшін тобылғыны алуың­ақ керек еді – деп, қатты кеиді.                                                                                                                                            8 Ортаншыбаласына: –   Ағаларың   мүйіз   сапты   қамшыны   алды,   ол   билікте   болады.   Ал   сенің   малың көбейіп,   бала­шағаң   көп   болып,   тобылғыдай   топ   болып   өсіп­өнесіңдер   –   деген екен.   1.3. Қамшының негізгі бөліктері. Ол үлкен екі бөліктен тұрды:  өрімі және сабы.  Қамшы сабы көбінесе 4­7 тұтам   тобылғыдан,   ырғайдан,   еліктің,   таутекенің   мүйізінен   жасалып,   барынша әсемделеді. Оның терімен қапталған қолға ұстайтын бөлігі –  тұтамы  (тұтқасы), оған тесіліп өткізілген қайыс таспа – бүлдіргісі деп аталады.  Шеберлер қамшы сабына ерекше көңіл бөліп, оны жез бауырлап, мойнақтап, металмен, былғарымен, қайыспен орап тастайды. Қамшы өрімі алақанынан саптық мойнағына бүркеншік арқылы жез, мыс шегелермен тойтарылып бекітіледі немесе таспа арқылы мойнаққа бүркемелеу арқылы жалғайды. Мұны бунақтау дейді.  Кейбір өрімшілер алақанның сап жағын әдейі ұзын етіп қалдырып, оны сапқа ұзына   бойы   «бауырлақ»   етіп,   сыртынан   таспаны   орайды.   Тіпті,   осы   бауырлақ орнына жұқа мысты да қолданады. Өрім мен алақанның қосылған жері – шежемей. Оның үстінен түйнектеп қайыс шашақ тағып қояды. Елік, киік сирағынан металл, терімен мойнақтап, орам салып, шашақталған қамшы өте сәнді де бағалы.  Ал ол осындай сәнді де бағалы қамшысы бар сал, сері, бозбалаға бұлайша шаттану жарасымды болатын. Жалпы, қамшы өрімінің сапқа жалғасқан бөлігінің атауы – бауырлақ (бауырдақ, бауырдауық), оны көмкерген жез, мыс күміс бөлігі – мойнақ, біріктірген шегесі – бүркеншік, қамшы сабына бауырдақты ораған бұрама металл – шырмауық, ол таспалап бекітілсе – бунақ, өрімнің бауырдақ жағындағы сыртқа қараған бетінде, өрім басталар тұсындағы ирек бедерлі «сызық» тәрізді көрінетін   бөлігі   –  таңдай,   өрімнің   ұшындағы   ұшығы   –  түйіні,   алақанның бауырдаққа   қарама   қарсы   жағына   жұқалап   қабаттап   салған   кішкене   бөлігі   – қамшының  тілі  (тілшесін   шегелікті   жасыру   үшін   салады),   үстіңгі   жағында жіңішкелеп, шашақ тәрізді етіп тігілген, ұзындығы екі еліден бір жарым тұтамдай ұзын таспа шашағы –  қамшының кекілдігі, қамшы өрімінің басталар тұсы мен  алақан. сапқа Сонымен қамшы бөліктерінің атауы мынандай:   бекітілетін   бауырдақ   аралағындағы   бөлігі   – 1.Өрімі. 2.Сабы. 3.Тұтамы. 4.Бүлдіргі. 5.Шежемей (шажамай).  6.Бауырлақ (бауырдақ,   бауырдауық).   7.Мойнақ.   8.Бүркеншік.   9.Шырмауық.   10.Бунақ. 11.Таңдай.   12.Түйін.   13.Қамшының   тілі.   14.Тілме.   15.Қамшының   кекілдігі. 16.Алақан. 17.Шашағы.           1.4. Қамшының түрлері. Өрімші шеберлер Жағда Бабалықов пен Ақселеу Сейдімбековтің, этнограф Сейіт   Кенжеахметұлының   жазбаларына   арқа   сүйесек,   қамшының   мынандай түрлері бар:                                                                                                                                  9 1. Ат қамшы. 2.Дыр қамшы. 3.Дырау қамшы. 4.Дойыр қамшы. 5.Дүре қамшы. 6.Ұзын   қамшы.   7.Шолақ   қамшы.   8.Сары   ала   қамшы.   9.Білеу   қамшы.   10.Орама санды   қамшы.   11.Мүйіз   сапты   қамшы.   12.Киелі   қамшы.   13.Қасиетті   қамшы. 14.Тобылғы санды қамшы. 15.Шашақты қамшы. 16.Бала қамшы. 17.Құрау қамшы. 18.Шыбыртқы қамшы. 19.Күміс мойнақ қамшы. 20.Жез мойнақ қамшы. 21.Сары ала мойнақ қамшы. 22.Ақ мойнақ қамшы және тағы да басқалары. Қамшылар   жасалуына,  қолданылуына   байланысты   бірнеше   түрге   бөлінеді. Оның әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы бар. Енді соның басты­ бастыларын талдап түсіндірсек: 1.Сүндет қамшы. Ата­бабамыздан ұрпақтарына мирас болып келе жатқан салт­дәстүр бойынша баланы сүндетке отырғызғанда оған туған­туыстары сыйға тартатын тобылғы сабты төрт тұтам қамшы. 2. Бәйге қамшы. Ат бәйгесіне шабатын шабандоздың қамшысы. Ол тобылғы сапты,   ұзындығы   төрт   тұтам,  негізінен   оның   ұзындығын   шынтақтан   шынашаққа дейінгі аралықпен де өлшей береді. Сабының жуандығы шынашақтай. Бұрындары бәйгеге түсерде шабандоз: «Шаба алмасам – маған серт, шаба алмаса – астымдағы атыма   серт,   шаптыра   алмаса   –   қолымдағы   қамшыға   өрт!»,   ­   деп   серт   беретін болған. 3.   Көкпар   қамшы. Ұлттық   ойын   көкпар   тартуда   қолданылады.   Оның тобылғы   сабының   ұзындығы   үш­ақ   тұтам   және   жуан   болып   жасалады.   Көкпар қамшының сабына, жылан басты алақанына қолды жыртып, зақым келтірмеуі үшін ешқандай әшекей салынбайды, бұл қамшыға бірде­бір темір затын қолданбайды. Көкпар додасына түсерде әркім: «Атыма – айбат, тақымыма – қуат, қамшыма – жігер бер!», ­ деп серт айтқан. 4. Дойыр қамшы. Тобылғы сабының ұзындығы бес тұтам. Сабы мен өрімі өте   жуан.   Оны   қолға   алғанда   да   былай   деп   серт   айтылған:   «Дойыр   қамшым доңыздай   (жуандығы)   болсын,   ауырлығы   қорғасындай,   мықтылығы   емендей болсын. Білек күшіме қуат қосып, жауым әрдайым құлап жатсын, халқым жеңіске жете берсін!». 5. Неке қамшысы. Жас бозбала үйленер кезде құрбы­құрдастарын жанына шақырып   алып,   отау   құрғалы   жатқанын   айтады.   Өзіне   жігіт   жолдасы   керек екендігін білдіреді.  Құрбы­құрдастары өздерінің қамшыларын бір жерге құпия жинап қойып, әлгі досын шақырып көрсетеді. Ол өзіне ұнаған қамшыны таңдап алады да иесі жігіт жолдасы   (күйеу   жолдас)   болады.   Бұл   құрбы­құрдастар   арасында   өкпе,   реніш болмауы үшін жасалатын әдет­ғұрып. 6. Соп қамшы. Өгіз айдауға арналған қамшыны осылай деп атайды. Тобылғы сабы төрт тұтам, өрімі ұзын, жиырма бес тұтам болады, ұшына қайыстан төрт қарыс   жалқы   бау   тағылады,  ол  арбаның   ұзындығына   қарай   жегулі   атқа   немесе өгізге жетуге тиіс.  7. Үйір қамшы. Оны жылқышыларға арнап жасайды. Өрімнің араларына үш шығыршық біріктіріліп, ұзын етіп жасалады. Түйе айдайтын үйір қамшының атауы – шыбыт қамшы.                                                                                                                                10 8.   Ноғай   қамшы. Аралары   жақын   орналастырылған   екі   өрімнен   тұрады. Салмақты болуы үшін өріміне үлкен шашақтарды орналастырады (нагайка). 9.   Баптау   қамшы. Асауды   үйрету   үшін   жасалады.   Жылқыны   үркітіп, қорқытып   алмау   мақсатында   өрімі   тобылғы   сабының   басынан   аяғына   дейін түгелдей шикі теріден өріледі, ішіне қайыстан қатты өзек салады. Осы өзек өрімді тік тұрғызады, ол қылышқа ұқсайды, мамандар «сол себепті оны орыстар «хлыст» деп атап кеткен», ­ дейді. 10.   Аңшы   қамшы. Сабының   ұзындығы   –   бес   тұтам,   ұшында   қорғасын өрілген   өрімі   он   екі   тұтам   болады.   Аңшы   атына   қонғанында   қамшысына: «Алдымдағы қасқырға – айбат, ердегі қанжығама байлат!», ­ деп тілек айтқан. Ал аңшы қасқырды атымен қуып жеткенде: «Түзу тигізу – маған міндет, ұшындағы қорғасын – саған серт!» дейтін. Дойыр, аңшы, барымта қамшыларды дырау қамшы деп те атай береді. 11. Барымта  қамшы. Тобылғы   сапты,   оның   ұзындығы   алты   тұтам,   жуан өрімі он тұтам, түйіні де жуан, әрі ұзын. Екі аттылы қақтығысқанда қамшыларын бірінің­бірі   сыртынан   асыра   сілтегенде   оның   ұшы   тіпті   үшінші   қарсыласының тізесіне, тобығына тиіп, аттан аударып та түсірген. ІІ. Қамшы жасау технологиясы.  2.1. Қамшы өрімі. Шеберлер қамшыны мықты қайыстан өреді. Оларды өрімшілер деп атайды. Бұрындары   әрбір   ауылда   айтулы   өрімшілер   болатын.   Бұлар   қамшыны   әбден иленген сиыр терісінен өретін еді. Өрімшілер   әлгі   заттарды,   әсіресе,   қамшыны   жәй   өріп   қана   қоймай,   оны жоғары талап­талғаммен қырлап, жұмарлап, бұрап, бедерлеп, үзбелеп, термелеп, еспелейтін. Сөйтіп, шеберлер қамшыны 3 таспадан 40 таспаға дейін өріп шығатын­ ды. Және де таспа неғұрлым көбейген сайын жіңішкере беретін де ажарланып, күрделеніп кететін. Қолымда бір қамшым бар алты таспа, Сөзімді ұнамаған алып таста. Сонда да әр сөзімді салмақтарсың, Кісіге сыр ашпап ем сенен басқа, ­                                                                      деп   жырланғанындай,   қамшы   әртүрлі   таспада   өрілгенімен,   өрімшілердің   ортақ өлшемі – «сегіз тұтам» болған. Ал қайсыбір өрімшілер әдетте өрімнің ұзындығын қамшы иесінің тұтамына лайықты өріп шығаратын­ды.  Алайда   қамшының   өрімі   сабынан   бір   жарым   еседей   ұзын   болуға   тиісті. Өрімге қойылатын талап: ол домалақ, жұмыр, төртқырлы болады. Осы өрімдеріне байланысты   қамшының   «Қырғыз   өрім,  қырық   сегіз   таспа»,   «Бес   таспа»   ­   «Бес қасқа» деген де түрлері бірі. Тері иленіп, иі қандырылып, өзінен қайыс өңдеп шығарылғаннан кейін оны бояу, боямау әр шеңбердің өз еркінде. Бірақта олар осы қайысты тарам­тарам етіп тіледі де қамшы өруге кіріседі. Өрім саны неғұрлым көбейген сайын сапасы да артады.                                                                                                                                 11 Тек   мұны   өру   оңай   емес,   өрім   саны   көбейген   сайын   қайыс   тармағын   да соншалықты жіңішкерту қажет. Аталарымыздың   айтуынша,   қамшының   ең   қолайлысы   12   өрімдігі.   6   өрім қамшының   қарапайым   түрі   болып   саналады.   Ал   бишікті   өргенде   ол   алғашқы басында жуан болады да, ұшына қарай жіңішкере береді. Бишіктің өрімі негізінен, сабынан үш­төрт есе, кейде одан да ұзын болады. 2.2. Өрім түрлері. Нағыз   қамшы   әбден   иленген сиыр   терісінен   3   таспадан   40   таспаға   дейін өріледі. Өрімнің бірнеше түрлері бар: 1.   Үш   не   төрт   бұрым   өрімі. Ол   қайыстан   өрілген,   бәйге   қамшыға қолайлысы. Қамшы өрімі әр түрлі құралдар арқылы өңделеді. Көп  тараған түрі: өрімді   екі   тақтайдың   арасына   салып   әрлі­берлі   итермелеп   домалату.   Осындай тәсілмен домалақтап, төрт өрім, сегіз өрім қамшыларды төрт қырлы етіп жасап шығарады. 2. Алты өрім. Осы орайда «Әй, алты өрім бұзау тіс, көп былжырамай аттан түс!» деп сөзді өрімшілер көп айтатын. 3. Сегіз өрім, төрт қырлы. Бұл – мал айдауға қолайлы қамшы. Осы өрімді соп, үйір, ноғай қамшыларға да қолданған. 4.   Он   екі   өрім. Сәндікке   лайықты   қамшыда   пайдаланылады.   Сәндік қамшылар   өріміне   сәйкес   төрт,   алты,   сегіз,   он   екі   қырлы   болып   жасалынады. Мұндай,  өрімді   қырлау   үшін   сүйектен,   мүйізден   қалақша   жасалады,   ортасынан әртүрлі   қырлы   тесіктер   ойылады,   өрімнің   түріне   орай   оны   тиісті   тесіктерден өткізіп, өрімнің қырын шығарады. 5.   Қырық   өрім. Оған   тарамыс   қолданылады.   Өрімшілер   арасында   қайыс таспадан   қырық   екі   өрімді   де   жасап   шығарғандар   бар.   Оның   кейбірі   «Қырғыз өрме» деп те аталып кеткен көрінеді. 2.3. Өрім технологиясы. Иленген   теріні   үш   елі   етіп   кеседі,   ұзындығын   оның   саласына   қарай сыдырғыдан өткізеді, жалпақтығын, енін, қалыңдығын реттейді.  Осындағы сыдырғыны үш тұтам тобылғыдан жасап алады. Сыдырғы жасау үшін тобылғының үш жағына кертпе салынады, сол арқылы өткізілетін таспаның, терінің   ені,   қалыңдығы   мөлшерленеді,   әдейілеп   қондырылған   өткір   пышақтың жүзімен тілінеді.                                                                        Негізінен, шикі теріден жасалынған қайысты таспа деп атайды. Тарамысты қырық екі өрім қылып тарқатады да, содан өрім дайындайды, ол үш тұтам болады.  Өрім   әбден   дайын   болғанда   оған   алақан   жасайды,   ол   тобылғы   сапты, қамшыға бауырымен өрілуге тиісті. Бауырын тобылғыға орап ұстатқан қамшының атауы – «Қазақтың ала қамшысы».  Онда алақанның екі­үш түрі болады, және түзу де жыланбас етіп жасалады.                                                                                                                               12 Қамшының жасалуы: 1. Иленген теріні үш елі етіп кеседі. 2. Терінің ені, қалыңдығы мөлшерленеді. 3. Өткір пышақтың жүзімен тілінеді.    4. Теріні бекітіп, өріледі.   5. Өруді аяқтағаннан кейн түйіндейді. 6. Өрімді қамшының сабына бекітеді. 7. Әшекейлейді.                                                                   ІІІ. Асылбай Абылайхан Қалқаұлы шебермен кездесу. 3.1. Асылбай Абылайхан Қалқаұлы шығармашылығы. Шығыс­Қазақстан   облысы   Зайсан   ауданы   Айнабұлақ   совхозында   Жаңа­ тұрмыс бөлімшесінде 8 маусым 1963 жылы шеберлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Қалқа Асылбайұлы жан­жағына әйгілі ұста, қарапайым, кішіпейіл, мейірімді, жуас, қолы ашық, сабырлы, еңбекқор, сабырлы, адал, төзімді адам болған. Ауылды басқарған білімді, жоқтан бар жасайтын шебер адам болған. Анасы Сейполдақызы Күлзіпа мейірімді, тері илеп, гүл өсірген, тоқыма тоқып, кесте тіккен еңбекқор жан болған. Төзімді, ісіне адал, қайырымды, кеңпейілді ана болған. Ат баптап, жорға ұстаған сері адам, нағашы атасы зергер, ауқатты адам болған. 1971 жылы Зайсан ауданындағы мектеп­интернатқа 1 сыныпқа барды. 1974 жылы отбасы жағдайына байланысты (Мичурин) Кеңсай совхозындағы шопандар балалары   оқитын   мектеп­интернатқа   ауысып,   4   сыныпқа   келеді.   1979   жылы   8 сынып бітіріп, Зайсан қаласындағы СПТУ (кәсіптік техникалық училище) түсіп, 1982 жылы тәмәмдәп шығады.  1982 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын адал атқарып келеді.  1985 жылы жеңіл көлік дайындау курсына түсіп, толық оқып шығады. Сол жылы арман қуып астанамыз Алматыға келеді.Алматыдағы Жылу орталығы (ТЭЦ­ 2) мекемесінің СУ Грэсстрой бөлімшесіне ағаш шебері, бетонщик мамандығымен жұмысқа орналасады. 1986   жылы   Желтоқсан   көтерілісіне   қатысқан,   тотолитарлық   жүйінің әділетсіз шешімінен әділдік іздеп, сол кездегі әділетсіздікке ұшырап, комсомол мүшесінен шығып, қатаң жазаланған жастарының бірі. 1988   жылы   Талғар   қаласындағы   ауыл­шаруашылығы   техникумына   түсіп, 1991   жылы   агроном   мамандығын   алып   шықты.   Алматы   қаласында   Фурнитур зауытында бригадир болып қызмет істеген.                                                                                                                                          13 1996   жылы   Семей   қаласында   құрылыста   жұмыс   істеген.   1997   жылы құрылыста жүріп, краннан құлап өндірістік жарақат алып, бірінші топтағы мүгедек болып қалады.  2000 жылы 12 маусымда Дәркембай Шоқпарұлы ұстазымен танысады. Ұлы ұстаз   мейірімді,   қамқоршы,   өнер   жаңашыры,   Қазақстан   Республикасына   еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының және дизайнерлер Одағының мүшесі,   «Ленин   комсомолы»   сыйлығының   Лауреаты,   Еуропадағы   Қыпшақтар қауымдастығының   басқарма   мүшесі,   Қырғыс   Республикасы   Дизайн академиясының   толық   мүшесі,   Т.Жүргенев   атындағы   Қазақ   Ұлттық   Өнер академиясының   «Сәндік   өнер»   кафедрасының   профессоры   Дәркембай Шоқпарұлынан қолөнердің қыр­сырын үйреніп, 6 жыл шәкірті болды. Ақ   батасын   алған,   дастарханынан   дәм   татқан,   сарқытын   ішкен   ең   соңғы шәкірттерінің   бірі.   Республикалық,   облыстық,   аудандық   жарыстарға   қатысып, көрмелерге   қатысып,   белсендік   көрсетіп,   жастардың   болашағына   ,   еліміздің дамуына үлес қосып жүрген шебер. 2011   жылы   «Самғау»   сыйлығының   «Қолданбалы   өнер   саласындағы жетістіктері   үшін»   номинациясы   бойынша   бас   жүлдеге   ие   болған,   мүмкіндігі шектеулі   жандарға   арналған   «Жан   шуақ»   конкурсының   жүлдегері,   IV Республикалық   Шеберлер   байқауының   Финалисі,   «   EXРО­2017»   Халықаралық көрмесіне   дайындық   ретінде   жасалған   байқауларының   жүлдегері,   бірнеше облыстық, аудандық байқауларыныі женімпазы.  Басты   арманы   қазақтың   ұлттық   өнеріне   үлес   қосу,   жастарды   тәрбиелеу, егеменді  еліміздің  болашағына  өз үлесін  қосу. Мәдениетімізге, тілімізге  аянбай еңбек ету. Бес баланың әкесі, 2 немересі бар. 3.2. Шеберден алған сабағым. Қамшы – ата бабамыз ғасырлар бойы ұстаған ұлттық қарулардың бірі болды. Қазақ аттан түсіп жаяу қалғасын, қолына қамшы ұстауды да қойды. Қолына қамшы ұстаған қазақ сұсты, айбарлы, сәнді көрінуші еді. Ат пен қамшыдан айырылған жай қазаққа айналды.  Қамшы бұл қазақ халқына тән нәрсе екенін білдім.   Оның бойында қасиеті де, құдіреті де бар еді. Асыл текті ата бабамыз жерімізді ақ найза ұшымен, білектің күшімен қорғаған еді.  Сондықтан да ол мұра болып, бабалардан – аталарға, аталардан – әкелерге, әкелерден – балаларға, одан да беріде мына бізге жеткен. Кейінгі ұрпаққа жеткізу біз үшін парыз.  Сондықтан қазіргі таңда қамшы өруді, қамшыгерлікті жас ұрпаққа үйретіп, насихаттап отырса елдік, ерлік дәстүріміз жалғастығын табар еді деген ойдамын. Сол мақсатпен, қамшы үйренуді арман етіп Абылайхан Қалқаұлы шебермен кездестім.                                                                                                                               14 Шеберге қойған сұрақтарым: 1. Қамшы өру өнерін кімнен үйрендіңіз? ­Қамшы   өруді   ұстазым   Даркембай   Шоқпарұлынан   үйрендім.   Ол   кісімен тағдыр мені кездестіргеніне өте қуаныштымын. Мүгедек болып қалғаннан кейін бос уақытты өткізбей, қоғамға қажет болғым келді, пайдалы іспен айналысқым келді.  Дәркембай   Шоқпарұлы   Қазақстан   Республикасына   еңбек   сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының және дизайнерлер Одағының мүшесі, «Ленин   комсомолы»   сыйлығының   Лауреаты,   Еуропадағы   Қыпшақтар   Қырғыс   Республикасы   Дизайн қауымдастығының   басқарма   мүшесі, академиясының   толық   мүшесі,   Т.Жүргенев   атындағы   Қазақ   Ұлттық   Өнер академиясының   «Сәндік   өнер»   кафедрасының   профессоры.   Мен   оның   соңғы шәкірті болған едім. 2. Қамшы өру үшін материалды қайдан аласыз?          ­Қамшы өру үшін материалды сатып аламын. Қаламыздағы тері зауытымен келісіп, теріні сол жерден аламын.  3. Қандай материалдан жасалады? Қамшының ірі мал терісінен: сиыр, бұзау терісінен жасайды. Әсіресе бұзау терісі өруге өте ыңғайлы. Қамшы жұмсақ, әдемі болып шығады. 4. Қамшыны қалай өреді? ­   Олжас,   қамшы   өруді   үйренгеніңді,   өзіміздің   ұлттық   қолөнеріне қызығушылығынды   мен   өте   қолдаймын.   Қамшы   өруді   үйреніп,     өзін   сияқты жеткіншектерге үйретсең – ол жақсы іс болар еді. Қазіргі жастар қамшыгерлік өнеріне   қызығып,   қамшы   өруді   үйренсе   ұлттық   өнеріміз   ұрпақтан   ұрпаққа жалғасын  табар  еді.   Қадамын  құтты  болсын, осы  істе саған  шыдамдылық  пен сәттілік тілеймін! Қамшы негізінен 3 бөліктен тұрады: өрімі, сабы,  алақан. Қамшының өрімі. Өрімін   бұзаудың   терісінен   өру   ыңғайлы.   Неше   өрім   қамшы   болады,   соған байланысты терінің енін, ұзындығын таңдап, өткір пышақпен тіледі. Мысалы 8 өрім қамшы болса, 8 бөлікке бөледі.           Қамшының сабы. Қамшының   сабы   жас   талдан   немесе   шебердің   өз   талғамы   бойынша   басқа   да материалдан жасалып, әшекейленеді. Мысалы, тал шыбығын үстінен өруге, немесе жез,   күміспен   әшекейлеуге   болады.   Тері   немесе   былғарыдан   шашақ   жасап әшекейлейді.   Қамшының алақаны. Алақан­ ол қамшының өрімі мен сабы қосатын бөлігі. Оны теріден, былғарыдан жасауға   болады.   Алақанның   пішіні   де   шебердің   талғамы   бойынша   сопақша, жүрекше, жапырақ тәріздес және т.б. етіп жасауға болады.                                                                                                                                         15 Қамшыны жасау кезеңдері: 1 сурет. Теріні тілу.                                 2 сурет. Теріні бекіту. 3 сурет. Өрімді өру.                                            4 сурет. Сегіз өрім.         5 сурет. Өрімді сапқа бекіту.                            6 сурет. 8 өрім қамшы.                                                                                                                                                                                                    16 Қорытынды Қамшы – қазақтың ғасырлар бойы ұстаған ұлттық нысандарының бірі болды. Қазақ аттан түсіп жаяу қалғасын, қолына қамшы ұстауды да қойды. Қолына қамшы   ұстаған   қазақ   сұсты,   айбарлы,   сәнді   көрінуші   еді.   Ат   пен   қамшыдан айырылған жай қазаққа айналды.  Қамшы бұл қазақ халқына тән нәрсе. Оның бойында қасиеті де, құдіреті де, киесі мен иесі – Сесі бар. Қазақтан белінен семсері мен қанжары, шаңырағынан қылышы   мен   найзасы,  астынан   аты,  қолынан   қамшысы   кетіп  еді,  Сесі   де   бірге жоғалды.   Сонау   Сақтар   заманынан   қазақ   бабам   мынау   ұлан­ғайыр   кең   даланы білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған. Аты пырағы болса, тобылғы сапты қамшысы серігі, Сесі болған. Ат айдаса – құралы, аң ұстаса – қаруы, жабырқанса – сырласы, жауға шапса – рухы, дұшпанына – Сесі! Сондықтан да ол мұра болып, бабалардан – аталарға, аталардан – әкелерге, әкелерден – балаларға, одан да беріде мына бізге жеткен. Кейінгі ұрпаққа жеткізу біз үшін парыз.  Қилы­қилы   замандар   ағымында   қамшы   қазақтың   керегесінен   кетіп,   ұмыт бола бастады. Сондықтан қазіргі таңда қамшы өруді, қамшыгерлікті жас ұрпаққа үйретіп, насихаттап отырса елдік, ерлік дәстүріміз жалғастығын табар еді. Р.S. «Қазақтың қара қамшысы­атадан қалған асыл мұра» ғылыми жұмысымен 21 сәуір 2015 жылы мектепішілік ғылыми жобалар сайысына қатысып ІІІ орынға иелендім.                                                                                                                                                                                                                                                                                                    17 7 сурет.                                                                      8 сурет. Қамшы­ қолөнер туындысы,                             Ер жігіттің серігі, айбыны. шаңырақтың киесі. 9 сурет.                        Қамшының ең қолайлысы 12 өрімдігі. 18                                                          10 сурет.                                  Шебер Абылайхан Қалқаұлымен. 11 сурет.                         Жетекші Г.З. Ахметовамен.        Мектепішілік ғылыми жобалар сайысына қатысып                                  ІІІ орынға иелендім.                                                                                                                                         19 Әдебиеттер 1. Қазақ әнциклопедиясы. «Өнер», Алматы 1990 ж 2. С.Қалиясов, «Қазақ өнері». Алматы, 1986 ж 3. Б.Қазанғапов, «Қазақтың қара қамшысы». «Өнер», Алматы 1985ж 4. К.Спандияров, «Сәндік қолданбалы өнер».  Алматы 1986 ж 5. Б.Темиров «Былғарымен жұмыс». Алматы, 1992 ж 6. А.Тохтабай , тарих ғылымдарының докторы. Қамшы­киелі бұйым.  «Ана тілі» №12 04.06.2012 ж 7. М. Темиров. Қазақтың сесі­қамшыда. «Ана тілі» № 7 16.04.2014 ж 8. К.Шаймарданов. «Қазақтың қолөнері», А, 20013 ж 20

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба

"қазақтың қара қамшысы-асыл мұра" ғылыми жоба
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.11.2018