Қалыптастырушы бағалау әдістерін енгізу жолдары тәжірибемен байланыстыра отырып баяндалған,Педагогика пәнінен бастауыш білім беру мамандығының үшінші курс студенттерімен жүргізілген жұмыстың қорытындысы.Оқыту әдістері , тәсілдері мен құралдары, оқыту әдістерін жүйелеу жолдары, білім алудың көзіне қарай топтастырлыған оқыту әдістері мен оқушылардың таным белсенділігін арттыруға ұқарай топтастырылған оқыту әдістерін салыстыру барысында қолданылған қалыптастырушы бағалау әдістері туралы баяндалған.
Қалыптастырушы бағалау әдістерін енгізу.docx
Қалыптастырушы бағалау әдістәсілдерін енгізу
Баланың оқудағы жетістігін нақты бағалау мәселесі білім беру
жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.Себебі, бір баланың оқудағы жетістігі
басқа баланың жетістігімен салыстырмалы бағаланып келді, мұғалім өзі
бағалады.Оқушының
білім алуға қызығушылығын арттыратын, соған
мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері болмады, кері байланыс
қалыптаспады, оқушының пікірі мен ойы ескерілмеді. Бірақ, бағалау оқытуды
мен оқуды жасаушы процесс екенін әрбір мұғалім білуі тиіс.
Бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Оқытушы ауызша және жазбаша
түрде бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті
бағалау ғана емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондайақ баланың
дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзінөзі бағалау,
қабілеттілік және күшжігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
(Александер, 2001, САН 51 бет).
«Бағалау» термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру» деген
мағынаны білдіреді екен.Ол кездейсоқ емес, себебі бағалауда бір адам басқа
адамның не істеп, не айтып отырғанын және өзінөзі бақылау арқылы дербес
ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бағалау болып табылады.
Курста бағалаудың екі түрі бар екенін білдім.Ол формативті және
жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау оқытуды жақсартуға
бағытталса, ал суммативті бағалау оқытудың қорытындысын шығару болып
табылады.
Формативті бағалау сабақта күнделікті жұмыс үрдісінде, үздіксіз жүзеге
асады.Студенттің ағымдағы үлгірімінің көрсеткіші боп табылады, жеткен
жетістіктері анықталады, кері байланысты қамтамасыз етеді.
Студенттерді формативті бағалау түрлерімен таныстырып, сыни әрі
әділ бағалауға үйретуменің тізбектелген сабақтарымдағы басты мақсат
болды.
Әр сабағымда қалыптастушы бағалаудың әдістерін түрлендіре отырып
қолдануға тырыстым.Мысалы, «Желкенді кеме», «Бастағы қалпақ», Лотер
Зомверттің «Бес саусақ», «Нысана» әдістері, стикер арқылы бағалау, жеке
әңгімелесу, формативті тест, графикалық тест, сәйкестендіру тестерін,
формативті сұрау, сөздік бағалау, бірінбірі бағалау, өзінөзі бағалау, топтық
жұмысты бағалау әдістерін қолдануға тырыстым.
Жеке тоқталатын болсам, «Оқыту әдістәсілдері мен құралдары туралы
түсінік.Білім алудың көзіне қарай оқыту әдістерін жүйелеу» тақырыбында
топтық бағалау әдісі, кері байланыста «Желкенді кеме» және сөздік бағалау
қолдандым.
Топтық жұмыс әдісімен студентердің жетістіктерін қалай бағалаймын?
Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға қандай үлесін тигізеді?
деген сұрақтар туындады.
Топпен жұмыс жасау кезінде істің атқарылуы маңызды емес, топпен
қалай атқарылғаны маңыздырақ.Жұмыстың нәтижесін ғана бағаламай, жұмыстың барысын да бағаладым, себебі топта жұмыс істей білу студентті
қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік болып табылады.Әр топтың
белсенділіктерін, топтағы белсене қатысып отырған студенттерді де стикер
арқылы бағаладым.Бұл жұмысты бағалауды мынадай кестелер жасап
қолдандым:
Топтағы
студенттерді
ң атыжөні
Тақырыпты
ң ашылуы
Жалп
ы
ұпайы
Топтағы
бірлестік
(міндеттері
н,
топ
ережесін
сақтау)
Тәртібі
(басқаларға
кедергі
жасамау,
тапсырмада
н
ауытқымау)
Топтың
жасаған
жұмыстары
н тыңдау,
сұрақ қою,
жауаптарын
толықтыру
Бұл әдістің ұтымды жағы топ басшысы бағалады, баяндап, жасаған
постерлерін қорғау кезінде толтырды.Ал мен байқаған сәтсіз тұсы кейбір топ
басшылары нақты, әділ бағалай алмады.Топ барлығы төрт топқа бөлінген,
жоғардағы кесте екі топқа , төмендегі кесте бойынша екі топ жұмыс жасап,
топ басшысылары бағалап отырды.
Сергіт
№ Студентті
ң атыжөні
у сәті
Жаңа
тақыры
«Желкенд
«Терми
і кеме»
н
Жалп
ы
бағ
а
«5
5
1»
дер «
кестесі
ұпайы
п
ты
талдау,
қорғау
1
2
3
4
Бұл әдіс сабақтың барысының өтілуін қадағалауға тиімді, үздік топты және
белсенді студенттерді анықтауға мүмкіндік берді.Топтық жұмысты бағалау
студенттердің белсенділігін арттырып, ынталандыруға септігін тигізгенін
байқадым. «Желкенді кеме» тәсілінде кеменің суреті салынған парақшалар
үлестірілді және студентерге мынадай тапсырмалар берілді: егер сабақ саған
ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындай алсаң –желкенді жасыл
түспен бояу керек, егер қиындық кездестірсең сары түспен, егер
тапсырмаларды орындау барысында тапсырма қиын болып, мұғалімнің көмегі
қажет болсақызыл түспен бояу керек. 1сурет. «Желкенді кеме» әдісі.
Бұл тәсіл бойынша жиырма төрт студенттің екеуі ғана желкенді сары түспен
бояды, бұдан шығатын қорытындыстуденттер еш қиындықсыз тапсырманы
орындады, материал игерілді.Ал екі студентпен әңгіме жүргізіліп, кездескен
қиындықтары анықталды.Мысалы, Н. «бұндай әдіспен бұрын жұмыс
жасамағандықтан қиын болды, негізінен сабақты механикалық түрде жаттап
үйренгенмін» деді.Бұл кемшілікті жою үшін Н.мен жеке жұмыс жоспарладым.
Сөздік бағалауға «тамаша», «өте жақсы», «жарайсың» сөздерін
қолдандым. Сөздік бағалауда студент берілген материалды сәтті ұққаны
жайлы түсінді, нәтижесінде әлі де жоғары жетістікке жету үшін одан әрі
еңбектенуім керек деп ұйғарады деп ойлаймын.
«Оқыту әдістерінің оқушылардың таным белсенділік деңгейіне қарай
топтастырылуы» тақырыбында графикалық тест, «Бас бармақ арқылы
бағалау», жасаған постерлерін топ болып бағалау, кері байланыста «Бес
саусақ»
студенттердің
қызығушылықтарын арттырып, дұрыс жауабын шешкен студенттер өз
бағаларын бірден байқап отырды. Ал «Бас бармақ» әдісі арқылы сабақтың қай
деңгейде өтіп жатқанын, материалды қалай меңгергендерін бақыладым. Бұл
әдістің кемшілігі студенттер толық түсінсе де, түсінбесе де қолдарын жоғары
көтеруі мүмкін.
әдістерін қолдандым.Графикалық тест 2сурет. Постерді бағалау.
«Оқушылардың оқутанымдық ісәрекетін ұйымдастыру, ынталандыру
әдістері» тақырыбында сәйкестендір тесті, «Тазалық» әдісі қолданылды.
«Тазалық» әдісінде студенттер алған керекті ақпараттарын чемоданға, артық
дүниені қоқыс жәшігіне, ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым
керек дегендері болса, еттартқышқа салды. Бұл әдіс студенттердің сабақтан
қандай білім алғандарын көрсетті.Осылай кері байланыс орната отырып, өз
бетімен еңбектену қабілеттерін дамытуға үлес қостым деп ойлаймын.
3сурет. Кері байланыс «Тазалық» әдісі. Сәйкестік тесті.
Осы аталған әдістермен қатар бақылау әдісін қолдандым.Ол арқылы
студенттердің жетістік деңгейі туралы біраз ақпарат алдым.
Оқу үшін бағалаудың бір әдісі бірінбірі бағалау мен өзінөзі
бағалау.Бұл бағалаудың түрінде стикермен бағалау, бағалау парағын
пайдаландым. 4сурет. Стикермен бағалау. 5сурет. «Бес саусақ»
әдісі.
«Стикермен бағалау» немесе смайликтермен бағалау әдістерін
түрлендіріп отырдым.Әр түрлі түстер арқылы студенттердің көңілкүйлерін
анықтадым, бірбіріне баға бергіздім. Аталған стратегияларды қолдануда
студенттердің жауапкершілігі мен белсенділіктері артып, сыни тұрғыдан
көзқарастары оянып, қорғаған постер, ментальды карта сияқты жұмыстарын
мұқият тыңдап, бірбіріне сұрақ қойып үйренді.Әйтседе бірінбірі бағалауда
көңілдеріне қарап, әділ бағаламаған студенттер де болды.Сондықтан сабақ
үстінде оларды қадағалап, бағалау критерийлерін қайталап отыру керек
болды.Кейінгі сабақтарда жіберген қателерін түзетуге тырысты.
Аталған әдістермен қатар формативті сұрауды қолдандым. Бұл әдісті
презентациядан кейін қолдандым.Онда мен «Неге? Қалай? Қайтіп?Несімен
ұқсас, айырмашылығы қандай? Негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай?
Қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласың? Қандай қорытынды
жасауға болады?»деген нақтылау сұрақтарын қойдым. Мұндағы мақсат
студенттерді ойларын жүйелеп, ой қорытындысын жасауға үйрету еді.
Ал өзінөзі бағалауда студенттерге түсінік бердім. Өзінөзі бағалау бұл
өзінің жақсы және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері жайлы ақпараттарды талдап
жинақтауға бағытталған процесс. Сабақта студенттер өздерінің білімі жайлы
мағлұмат жинап, оларды талдап, алға жылжуға қорытынды жасап отырды.
Әр сабақта тақтаға сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері көрсетулі тұрды.
Өзінөзі бағалауда студенттер өзінөзі бағалау дағдыларын өз жұмыстарын
сынау мақсатында қолданды, қиыншылықтарға қарамай, соны жеңгенін көре
алды. Сол арқылы өз жетістіктерін көре білді.
Қорыта айтқанда, формативті бағалау студенттердің білімін жанжақты
бағалау үшін өте тиімді болды.Жоғарыда аталған әдістерді қолдана отырып,
белгіленген жоспардағы тапсырмалардың тиімді болғандығын білдім.Мұғалім
студенттің білімін әдеттегідей берілген материалды мазмұндауына емес, сол материалды игеруіне, ойының ұшқырлығы мен тереңдігіне, белсенділігі мен
жинаған мәліметтерін жүйелі түрде жеткізе білгені үшін бағаланды.
Менің ойымша, формативті бағалау студенттердің өзгеруіне,
сенімдерінің артуына, бағалау жүйесіне деген көзқарастарының қалыптасуына
әсер етті.
Баяндам "Қалыптастырушы бағалауды енгізу жолдары"
Баяндам "Қалыптастырушы бағалауды енгізу жолдары"
Баяндам "Қалыптастырушы бағалауды енгізу жолдары"
Баяндам "Қалыптастырушы бағалауды енгізу жолдары"
Баяндам "Қалыптастырушы бағалауды енгізу жолдары"
Баяндам "Қалыптастырушы бағалауды енгізу жолдары"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.