БІЛІМ – ҚОҒАМНЫҢ ӨРКЕНИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ.
Оценка 4.8

БІЛІМ – ҚОҒАМНЫҢ ӨРКЕНИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ.

Оценка 4.8
Образовательные программы
docx
обществознание
Взрослым
25.03.2017
БІЛІМ – ҚОҒАМНЫҢ ӨРКЕНИЕТІ  МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ.
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Білім баяндама.docx

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

  Жаратылыстану және қоғамдық

                                                                пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ – ҚОҒАМНЫҢ ӨРКЕНИЕТІ  МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2017 жыл

БІЛІМ – ҚОҒАМНЫҢ ӨРКЕНИЕТІ

МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ.

 

                                                                Ж.Досмұхамедов атындағы

                                                       педагогикалық колледжі

                                                                   жаратылыстану және қоғамдық

                                                                        пәндер кафедрасының

                                                                  оқытушысы М.К. Дюсенгалиев

 

     Білім – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің нақты маңызды секторы, қоғамның барлық салаларының  дамуы,  негізгі проблемаларын шешу,  әлеуметтік  өсiмiн молайту және табысты жұмыс істеу үшін қажетті шарт, еңбекшілердің ұлттық экономика үшін кадрлар даярлау, мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық,  саяси жүйесін қалыптастыру болып табылады.  

    «Білім – шындықтың (тұтас әлемнің) адам санасында бейнеленуі, адамзат ой-өрісі мен өмір тәжірибесінің жемісі» Ендеше, бұл мағынадан біз қазіргі заманда білімнің, жалпы мағынасында, өркениетпен ұштасып жататындығын көреміз. Білім негізінде жан-жақты дамыған жеке-тұлға қалыптасып, толыққанды мәдениет пен өнерді таниды қоғамда өз орнын табуға жол ашады. Білім деңгейі - кез келген қоғамның өркениеті  мен мәдениет айнасы, оның прогрессивті дамуының маңызды көрсеткіші.

     Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу " деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі — Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Білім беру саласындағы кейбір жағымсыз әрекеттердің орын алуы, мектептердің оқу-тәрбие жүмысыньщ мазмұны, басқа да ТМД елдеріне қатысты халықтың ежелгі даму жолын анықтауда қазақ мемлекетінің білім беру және тәрбие туралы тұжырымдамаларының мақсаты - өрелі идеялар мен қағидалардың ғылыми жүйесін түзу. Бұл ретте халықтың этнопедагогикалық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың мәні зор. Оқыту және тәрбиелеу: бүкіл білім беру жүйесін дамытудың маңызды заңдылығы және өзара оның құрылымдық элементтерінің бірлігінен тұрады. Бірақ олар жеткіліксіз болып табылады және бірдей емес. Білім беру жүйесінде тәрбие жетекші рөл атқарады деп атап көрсетті, ал оқыту - тәрбие беру құралы, тәрбиесіз білім беру және кадрларды даярлау оң нәтиже бере алмайды – деді К.Д.Ушинский Оқыту мен тәрбие процессін біріктіру нәтижесінде білім алушылардың  өзіндік «Мен» қалыптастыру, сыртқы әлемді бейнелеуде, ерікті ойлау қабілетін дамытуға,  олардың интеллектуалдық  ой-өрісі, дүниетанымдық ойлау мәдениетін   қамтамасыз етеді. И. Кант бойынша, адам тек тәрбие  арқылы адам бола алады, өйткені осы негізде, дүниетанымдық тұлғасы және  моральдық нормалар мен әлеуметтік жағдайы қалыптасады.  Қазіргі жағдайда әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар білім алушылардың дүниетанымы мен зияткерлік мәдениетін, жеке қасиетін қалыптастыруда үлкен рөль атқарып, ал жаратылыстану пәндері арқылы оқу процессін теория мен практиканы байланыстырып, білім  беруде ізгілендіруге  қол жеткізуге болады. Білім мен тәрбие  беру тек органикалық байланыста тиімді болуы мүмкін. Мұғалім мен студенттердің  оқудан тыс іс-қимыл  байланысы екі бағытта жүреді. Біріншіден, ең бастысы – үйірмелер мен клубтар,  қоғамдық іс-шараларды  ұйымдастыру, студенттердің өздері белсенді қатысуымен ұйымдастырылып жүргізіледі. Екіншіден, мұғалім мен студент оқу орындарынан тыс жерлерде мәдени-тәрбиелік орталықтарда, клубтарда, ғылыми-техникалық шығармашылық мекемелердің қызметкерлерімен тығыз байланыста болу.

     Білім беру, өткен ХХ ғасырдың маңызды стратегиялық рөль атқарады. Кеңес Одағы әлемде бірінші жер серігін,1960 жылдары бірінші ғарышқа ұшу білім мен ғылымның үлкен жетістігі болып саналады. АҚШ адмиралы  Х. Риковер  Кеңес Одағы АҚШ-на тек қана  қарумен емес, білім беру жүйесімен қорқытып отыр - деп атап өтті. Содан кейін АҚШ-тың білім беру жүйесін жетілдіру үшін тіпті кеңестік оқулықтарды, әсіресе математика, физика, химия ағылшын тіліне аударылған. Алайда, батыс елдерінде тар кәсіби білім беру саладағы стандартты міндеттерді орнату тіркелген, білу үшін-білім берген, оны түсінуге үйретпеген. Бүгін де американдық мектеп құлады себебі ол, фундаментальды классикалық білім беру жүйесінен алшақтап кетті - деді Билл Гейтс. АҚШ-та және әлемнің көптеген елдерінде жоғарғы оқу орындары қолжетімді және элиталық  оқу орындары болып бөліне бастады. Білім алудағы таптық көзқарас нәтижесінде ең үздік университеттерде білімді жастар емес, ең бай адамдардың балдары оқып, ол саяси және экономикалық жағынан тиімді емес екенін дәлелдеп отыр. Бұны батыс елдерінің саясаткерлері мен ірі компаниялардың басшылары мойындап отыр. Дамыған батыс елдерінің билік өкілдері жаһандану дәуірінде бәсекелестік нәтижесінде элиталық оқуларды қолжетімділік аясын кеңейтуде. Бұл түрлі жолдармен жүзеге асырылып отыр. Экономикасы әлеуметтік модельде құрылған Германия мен Францияда бюджет қаражаты есебінен оқитын студенттер 80-90%. Либеральды экономикалық елдерде Ұлыбритания мен АҚШ-да бюджет есебінде оқитын студенттер 30-40% құрайды, бірақ, студенттік несиелердің дамыған жүйесі қолданылады. Еуропалық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болуға тырысқан, тіпті ең бай емес Түркия 2012 жылдан бері  жоғарғы оқу орындарына тегін қабылдауды қолға алды.

      Қазақстанда студенттердің  7/10-і жоғарғы оқу орындарына  оқу ақысын төлеуде. Сонымен қатар, ЖОО кредиттік жүйе енгізілген еді, қазір жоқ деп те айтуға болады. Қазіргі БҰҰ-ның мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішінен біз алдынғы қатарда, Украина, Ресей, Қазақстан  бірақ, дүниежүзі статистикалық мәліметтерге   35-40 -шы орында орныққанбыз. 25 жылдың ішінде біздің елімізде білім берудің дамуы сатысында түбегейлі өзгерістерге ұшырап, белгілі бір жетістіктері болғанымен оның кемшіліктері де аз емес. Әлемдік жаһандану кезеңде жалпыға білім беру мектептерінде  материальдық-техникалық базасы нығайғанымен, білім беру сапасын күшейтуді қажет етеді. Біріншіден, нәтижесінде студенттердің күрт саны өсті, жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін мектеп бітірушілердің 90% -ға оқуға түсуде, олардың базалық білімі  талапқа сай келетініне мәселе бөлек талдауды қажет етеді. Бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерідегі орташа көрсеткішінен 2 есе жоғары 39 344 адам. Нәтижесінде, бүгінгі күні қазақстандық университеттер әлемдегі 100 үздік ЖОО тізіміне кез келген нұсқасында жоқ. Әлемнің ең үздік 100 жоғары оқу орындары арасында  30 Қытай ЖОО-екенін ескеріңіз. 1991 жылы ЮНЕСКО дүниежүзінде  кеңестік жоғары білімді  үшінші орынға қойды.

    Бүгін, жоғары сапалы білім мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. барлық қабілетті жастар үшін қолжетімді болу үшін, білім беру тегін болуы тиіс. Білім берудің жаңа моделін табысты дамуының мысалы ретінде ҚХР-ын  атауға болады. Яғни білім деңгейі ел экономикасының алдына жаңа міндеттер қоюға мұмкіндіктер қойды. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша түрғыда ұйымдастыруды талап етеді.  Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбек пен Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. 
      Жас мемлекетіміздің болашағы — бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіңдіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, үлттық мәдениетін, үлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді. 
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан. Бұл білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті де білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда.  Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.  Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. 

    Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеру қажет. Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады. 

       Кең ауқымда инновациялық қозғалыс - қайта құру үшін қажетті құбылыс. Оның өмірде болуы қайта құруды жасаудың негізгі әлеуметтік шарты ретінде көрінеді. Бұндай қозғалыс қайта құруды жүзеге асырудың маңызды шарты ғана емес, оған дайындық құралы болып та табылады. 
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, қоғамда, яғни бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды тек Қазақстандық білім көлемінде ғана емес, әлемдік өркениетті елдермен тәжірибе алмасу арқылы іске асыруды ғаламдық деңгейде ойлауды қажет етеді. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге көтеруге мән беріп отыр.

   Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені дәріптейтін және ғаламдық деңгейде ойлай білетін жеке тұлға болып өсіп жетілуі оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді. 
   Ал, жас ұрпаққа беретін білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға әрі реформаторлардың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беру, бірінші кезекте ұстаз еңбегімен тығыз байланысты.  Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Болотина Л.А. Ильин Е.А. Психология және педагогика: дәріс конспектілері. - М: 2005. - 68 б..
2. Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. "Қазақстан мектебі" №12 Алматы, 2003- 3 бет. 
3. Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп - ел еңсесі. "Қазақстан мектебі", №12, 2003- 13 бет. 

4. НовиковА.М. Негіздер педагогика / Playbook оқулықтар мен оқытушылар. - М: «Егвес» баспасы, 2010. - 208 б..

5. Позина М.Б. Психология және педагогика: Оқу құралы. / Sci. Ed. IF
6. Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан 
мектебі" №6, 2003 

7. Смирнов С.Д. Жоғары білім Педагогика және психология: адамның қызметтен түскен: Оқу. студенттер үшін жәрдемақы. Атқарушы. PED. Бүкілодақтық. мекемелер. - М: баспа орталығы «Академия», 2001. - 304 б..

8. Штурба В.А. С.С. Васильевтің // Тарихи және әлеуметтік-педагогикалық ойлардың. - №1. - 2009. - 32-38 П..
9.
Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология уровневой 
дифференциации обучения в сред-ней школе // Алматы, 2000, 
10. Границкая А.С. Научить думать и действовать. Адаптивная 
система обучения в школе. Пррсвсщсние, 1991. 
11. Дамитов Б.К., Фредман Л.М. Физические задачи и методы 
их решения. Алматы, Мектеп, 1987, 160-6. 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

Баяндамашының тегі, аты-жөні

Дюсенгалиев Мереке Камелович

2.

Жұмыс орны мекен-жайы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

3.

Ғылыми атағы, дәрежесі лауазымы

Қоғамдық пәндер оқытушысы

4.

Мақала атауы

Білім –қоғамның өркениеті мен мәдениетінің айнасы

5.

Жұмыс бағыты

Гуманитарлық ғылымдар

6.

Телефон (жұмыс/үй ұялы), факс, e-mail

              , факс 53-59-40, 87714347886

D_Mereke_K@mail.ru

7.

Жарнасының төленуі жөніндегі түбіртек

2500 тенге төленді

8.

Конференцияға қатысу түрі

Іштей/сырттай

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

БІЛІМ – ҚОҒАМНЫҢ ӨРКЕНИЕТІ МЕН

БІЛІМ – ҚОҒАМНЫҢ ӨРКЕНИЕТІ МЕН

К.Д.Ушинский Оқыту мен тәрбие процессін біріктіру нәтижесінде білім алушылардың өзіндік «Мен» қалыптастыру, сыртқы әлемді бейнелеуде, ерікті ойлау қабілетін дамытуға, олардың интеллектуалдық ой-өрісі, дүниетанымдық ойлау мәдениетін…

К.Д.Ушинский Оқыту мен тәрбие процессін біріктіру нәтижесінде білім алушылардың өзіндік «Мен» қалыптастыру, сыртқы әлемді бейнелеуде, ерікті ойлау қабілетін дамытуға, олардың интеллектуалдық ой-өрісі, дүниетанымдық ойлау мәдениетін…

Сонымен қатар, ЖОО кредиттік жүйе енгізілген еді, қазір жоқ деп те айтуға болады

Сонымен қатар, ЖОО кредиттік жүйе енгізілген еді, қазір жоқ деп те айтуға болады

Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан

Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан

Ал, жас ұрпаққа беретін білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға әрі реформаторлардың белсенді…

Ал, жас ұрпаққа беретін білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға әрі реформаторлардың белсенді…

Баяндамашының тегі, аты-жөні

Баяндамашының тегі, аты-жөні
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2017