Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері
Оценка 4.6

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Оценка 4.6
Научно-исследовательская работа
docx
английский язык
Взрослым
13.12.2018
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері
Бүгінгі таңда шетел тілін жаңаша оқыту өте-мөте өзекті мәселе болып отыр. Себебі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына байланысты қала және ауыл мектептеріне көптеген көмектер жасалып, орта мектептер заманауи технологияларға ие болуда. Сондықтан да болар, ИКТ негізінде өткізілетін сабақтар оқушылар үшін жан-жақты, тартымды, қызықты болуымен қатар, ұстаздар қауымының жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруін талап етеді. Педагогикалық технология деп оқудың сапасын жақсарту және жобалық қортындыға жету мақсатында мұғалім мен оқушылардың біріккен технологиялық іс-қимылын айтады.Мұғалімнің са¬бақты жобалаудағы жауапкершілігі оқушылардың шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады.
доклад.docx
Білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері         Бүгінгі таңда шетел тілін жаңаша оқыту  өте­мөте өзекті мәселе болып отыр. Себебі,  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына байланысты қала және ауыл мектептеріне көптеген  көмектер жасалып, орта мектептер заманауи технологияларға ие болуда. Сондықтан да  болар, ИКТ негізінде өткізілетін сабақтар оқушылар үшін жан­жақты, тартымды, қызықты  болуымен қатар, ұстаздар қауымының жаңа әдіс­тәсілдерді меңгеруін талап етеді.  Педагогикалық технология деп оқудың сапасын жақсарту және   жобалық  қортындыға  жету  мақсатында мұғалім мен оқушылардың біріккен технологиялық іс­қимылын  айтады.Мұғалімнің сабақты жобалаудағы жауапкершілігі оқушылардың   шетел тілінде  нәтижелі тілдік  қарым­қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады.          Нәтижесінде,  «Ұстаз­оқушы» әріптестігі аз уақытта жаңа технология жәрдемімен  үлкен жетістіктерге  жете алады. Білім беруде инновациялық технологияларды ендіру  оқушыларға әртүрлі  әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, атап  айтқанда: тренингтер,  дөңгелек үстелдер, баспасөз­конференциялары  және т. б. оқушылардың сабақтағы  жауапкершілігін, белсенділігін, өзін­өзі бағалауын қамтамасыз етеді. Инновация дегеніміз – тек қана, жаңалық енгізу емес, сонымен  қатар, жаңаны дәстүрлі  оқу­тәрбие  үрдісіне  қолдана білу. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі  өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты – субьектінің  мәдениетаралық  қарым­қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін  оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан  туындап отырған қажеттілік болмақ. Білім беру үрдісін ақпараттандыруда  төмендегідей педагогикалық міндеттерді шешуге  болады: ­ білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; ­ білім алуға мотивацияның жоғарылауы; ­ өз бетінше жұмыс істеу; өзін­өзі бақылау; ­ жеке тұлғаны жетілдіру (тұлғаның ой­өрісі, эстетикалық тәрбие, ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру және  т. б.). Оқу­тәрбие жұмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық  әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т.б. Сөз  арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет  жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл  үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе  материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын  қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Интернет жүйесін пайдалана  отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады. Оқушыларға  шетел тілін үйренуге деген  ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде  жасалынады: диспуттар, байқаулар, дистанционды олимпиадалар және т. б. Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында  пайдалану барынша  тиімді болмақ: электрондық пошта (e­mail), телеконференция,  видеоконференция; жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша  айтқанда Web серверге  жеке шығару; ақпараттық каталогтар (Yahoo,  InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме шетел тілі  сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушылар психологиялық тұрғыдан да  жеңілдіктерге ие болады.  Атап айтқанда, оқушылардың қатесін қайталаулар негізінде  көрсете отырып, яғни, жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай,  өз пікірін білдіріп отыратын мұғалімнің тікелей қатыспауы, оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік туады. Бұдан мұғалімнің шетел тілі сабағындағы орнын жоққа  шығару деген түсінік туындамауы керек.Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың  коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену үрдісінің мәдени контексте  болуы үстемдікке ие болуда. Аталған ұстанымдар  коммуникативтілік қабілетінің  компоненті  ретінде мәдениетаралық біліктілікті дамытудың  алғы шартын жасайды.  Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды  жасап, қажетті  материалды жаттаумен ғана шектеледі. Яғни,ол төмендегідей көрініске  ие болады: «сөздік қор + қажетті құрылым = тіл». Алайда, тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді  қарым­қатынас құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді. Шетел тілінде тілдік  қарым­ қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет. Ол  оқушылардың  қажетті материалды меңгеруіне және соған сәйкес мінез­құлқын  қалыптастыруға  жағдай жасайды. Аталған мәселені шешуде  Интернет жүйесі  айтарлықтай маңызға ие. Біз дәстүрлі шетел тілі сабағынатағы да сипаттама жасайық.  Көп  жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде мұғалім оқушының ойлау әрекетін  басқарады, яғни,  бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл әрекет,  психологтар көрсеткендей, оқушылардың  ойлау процесін тежейді. Мысалы, дөңгелек  үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды беріп, оқушыларға  сөйлеу  барысында тек соған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік  берілмейді. Оқушы  мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала­алмай, мәселені шешуге шығарма­ шылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау  және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал, мәселені шешуде жаңа ой,  құнды пікір айту өте маңызды. Және ол міндетті түрде қортындыланып, белгілі бір  көрініске  ие  болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел тілін оқыту технологиясының  тиімділігінің көрсеткіштері мыналар: – Оқушылардың моральдық, психологиялық, интеллектуалдық және жас ерекшеліктерін  ескеру. – Оқуға жағымды көңіл күй қалыптастыру. – Ұстаз бен оқушы арасында сөз алмасу, ғылыми қарым­қатынас және әріптестік принципін  орнықтыру. – Оқушылардың  еске сақтау қабілеті мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы  белсенділігін арттыру. – Оқуды игеруге мультимедиялық және басқа да техникалық  мүмкіндіктерді кеңінен іске  қосу. Білім беру технологиясының үш түрлі типі бар. Олар дәстүрлік, инновациялық және  ақпараттық. Бастысы – технологияның жиынтығы емес, оның дәрежесі. Оқушылардың  әртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның  көмегімен өздерінің дербесізденуі арқылы тілді игеруге кәсіби шеберлігін шыңдайды.  Жаңа ақпараттық технологияға әртүрлі ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау  және  беру жатады.  Оларды оқу үрдісіне пайдалану ерекшелігіне сай төмендегідей  топтастыруға болады: Компьютерлік оқу бағдарламалары (электрондық оқулықтар,  зертханалық жаттығулар, тест жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай оқу жүйесі  компьютер, видеотехника, оптикалық дискінің жиындысын пайдалану арқылы жүргізіледі.  Интеллектуалдық және сараптамалық жүйе. Ақпарат жиынтығы базасының қалыптасуы.  Электрондық пошта, телеконференция, шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін  біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар. Электронды кітапханалар. Компьютер  жүйесі оқу процесін жетілдіру құралы болып табылады. Дегенмен, Интернет жүйесіндегі  оқуға байланысты ақпараттар сирек, аз, жүйеленбеген. Бүгінде бұл технологиялар  оқытудан гөрі жаңа дамушылық маңызға ие. Дегенмен, түрлі ақпараттық ағымды пайдалану арқылы шет тілін меңгеруге талпыныс келешек оқушыларға өздерінің жан­жақты дамып, сауатты маман ретінде қалыптасуына игі ықпал етеді. Оқушылардың техникалық білімінің  кәсіби бағдарламаға сәйкес шет тілін меңгере отырып игеруі, олардың осы мақсатта жүйелі түрде технологиялық ақпараттарды және педагогикалық технологияны пайдалана отырып  үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне байланысты. Жаңа педагогикалық  технология  оқушыларды шет тілін меңгеруге жеке бағыттап, даярлық кезінде олардың қарым­қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Технологияның методикаға қарағанда айырмашылығы мынада:  оқуды жобалау тәжірибені қорытындылау негізінде емес, оқуды ғылыми тұрғыдан  негіздеуге бағытталған.Алайда,әлі де шешілмеген мәселелер бар. Масалы, олардың  қатарына білім беру саласын қаржыландыру көлемінің аздығын, тиімсіз басқаруды, педагог  кәсібі беделінің төмендігін, білім беру ұйымдарының материалдық­техникалық және оқу­ әдістемелік базасының әлсіздігін, мектепке дейінгі біліммен қамтудың төмендігін, шағын  жинақты мектептердің көп болуын, техникалық және кәсіптік жоғары оқу орындары  түлектерінің біліктілік деңгейінің еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмеуін  жатқызуға болады. Саладағы осы және басқа да өзекті проблемаларды шешу үшін   Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі  Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының жобасын әзірледі. Бұл құжат қоғамда қызу талқыланып, оның жобасын  Үкімет жақында мақұлдады. Бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты ­ азаматтардың  материалдық және рухани әл­ауқатын жақсарту, экономиканың тұрақты дамуы үшін  баршаға арналған сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы білімнің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай­ақ адами капиталды дамыту болып табылады. ҚР  Білім және ғылым вице­министрі Махметқали Сарыбековтың айтуынша, бағдарламаны  әзірлеу барысында 288 ұсыныс пен ескертулер келіп түсіп, оның 104 аталған құжатқа  енгізілген. Бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезең 2011­2015  жылдарды, ал екінші кезең 2016­2020 жылдарды қамтиды. Бағдарламаны жүзеге асыруға  алғашқы үш жылда, яғни 2011­2013 жылдары бюджеттен 151 млрд. теңгеден астам қаржы  бағыттау көзделіп отыр.         Бұл бағдарламаның бұрынғыдан ерекшелігі ­ жаңашылдығының көптігінде. Мәселен,  оны 9 бағыт бойынша іске асыру көзделген. Бағдарламада бірінші басым бағыт ретінде  білім беруді қаржыландыру белгіленіп отыр. Кез­келген құжат қажетті қаржымен тиісті  деңгейде қамтамасыз етілсе және оны іске асыру шаралары тыңғылықты пысықталса  толайым табыстарға жетуге болатыны мәлім. Әлемді дүр сілкіндірген қаржылық  дағдарыстың әсеріне қарамастан, Қазақстан мемлекеті келешегі, ұлт болашағы үшін  маңызы аса зор  осындай бағдарламаның бабын келтіріп, бағын ашу үшін тиісті қаржы  қарастыруда. Бұның өзі біздің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының  дұрыс жүргізіліп жатқандығын білдірсе керек. Осы бірінші бағыт бойынша білім беруді  қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу қарастырылып отыр. Бұл ретте жан басына  шаққандағы қаржыландыруды енгізу көзделіп, болашақта баланың жоғары оқу орындары  мен колледждерде оқуын төлеу үшін мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесін енгізудің тетігі әзірленген. Бұған қоса педагоктердің біліктілігін арттырудың ваучерлік  қаржыландырылуы енгізілмек. Бағдарлама жобасында мұғалім кәсібінің беделін көтеру  қарастырылған. 2011 жылдан бастап педагоктерді даярлау бағдарламасы, оның ішінде  шағын жинақты мектептер үшін, бейінді мектептер үшін мемлекеттік тапсырыс негізінде  білім беру магистрлері бағдарламаларын, екі дипломдық білім беру бойынша кадрларды  даярлауды жетілдіру жоспарланып отыр. «Болашақ» бағдарламасы бойынша ағылшын тілді педагог кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, бағдарламада  педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылған. 2015 жылдан  бастап педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына түсу кезінде  талапкердің педагогикалық қызметке икемділігін анықтауға арналған шығармашылық  емтихан енгізілмек. Педагогикалық мамандықтарға түсушілердің шекті деңгейі көтерілетін болады. Даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін педагогикалық кадрлар тәуелсіз агенттіктерде біліктілік деңгейін бағалаудан өтетін болады.      Мемлекеттік бағдарлама жобасында білім беруді басқаруды жақсарту қарастырылған.  Білім берудің барлық деңгейінде қоғамдастық бақылау тетіктері ретінде қамқоршылық  кеңестері құрылатын болады. Тәуелсіз акредиттеу орталықтарының желісі білім беру  сапасын бағалаудың функцияларын бәсекелестік ортаға беруге мүмкіндік жасайды. 2011  жылдан бастап білім беру ұйымдарында нәтижеге бағытталған жоспарлау жүйесі енгізіледі.      Электронды оқыту жүйесін енгізу мемлекеттік бағдарлама жобасының үшінші бағыты.  Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда оқушылардың тек 28 пайызында компьютер және 16 пайызында интернетке шығу мүмкіндігі бар екен.  Салыстырсақ, бұл дамыған мемлекеттерден үш есе, жақын көршілес елдерден айтарлықтай  аз. Бұған қоса Қазақстанда технологиялық дайындық деңгейі жоғары емес. Қазақстан білім беруде ақпараттық­коммуникациялық технологияларға қол жеткізу және оны қолдау  бойынша әлемде 75­ші орында. Мектептердің 66 пайызының кең жолақты интернетке қол  жеткізуге мүмкіндігі осы күнге дейін болмай отыр. Осы олқылықтарды жою үшін жаңа  бағдарламада барлық білім беру ұйымдарын кең жолақты интернетке қосу, оқу үдерісіне  автоматтандыруды енгізу, педагогтер мен оқушылардың білім беру ресурстарына қол  жетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық­коммуникациялық технологиялар саласындағы  педагог кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін, әлемдік деңгейдегі сандық  мектептерді құру жоспарлануда.      Келесі бағыт ­ мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру. Қазіргі таңда Қазақстанда  бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету өзекті проблемалардың бірі екені рас. Бұған  негізінен Қазақстандағы әлеуметтік жағдайдың көтеріліп, демографиялық үдерістің  жақсарғаны ықпал етіп отыр. Бұған әрине қуану керек. Алайда, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие  беру, ой­өрісін жетілдіру сайып келгенде ата­ананың ғана емес, мемлекеттің де басты  мідеті. Сондықтан да балабақшалар санының жетіспеушілігін шешу қазір өзекті. Бұл үшін  «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Бірақ,  соған қарамастан ұсыныс сұраныстың деңгейіне жете алмауда. Қоғам үшін өзекті бұл  мәселені жаңа бағдарламада жүйелі шешу көзделген. Бағдарламадағы мектепке дейінгі  білім беруді жетілдіру бағытының басты мақсаты ­ 2015 жылға қарай балалардың 70  пайызын балабақшамен қамтамасыз ету және 2020 жылға қарай қалалық жерлердегі сияқты ауылдық жерлерде де мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту болып  отыр.  Ал, енді келесі бағыт орта білімге келетін болсақ, бұнда білім берудің 12 жылдық үлгісіне  толық көшуді жүзеге асыруға, шағын жинақты мектептердің проблемаларын шешуге,  инклюзивті білім беруді жетілдіруге, қосымша білім берудің желісін дамытуға және  мазмұнын жетілдіруге баса назар аударылмақ. Білім берудің 12 жылдық үлгісіне  толығымен көшу үшін үш ауысымдық мектептерді, апаттық жағдайдағы мектептерді және  оқушы орындарының жетіспеушілігін жою жоспарлануда. Барлық мектептер жаңа үлгідегі  оқу кабинеттерімен жабдықталатын болады. Орта білімнің мазмұндылығы жаңартылады.  Жер­жерлерде бейіндік мектептер енгізіледі. «Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің  моделін» орта білім жүйесіне тарату жоспарлануда. Шағын жинақты мектептерде  толыққанды білімге кепілдік беретін бағдарламалар жүзеге асырылмақ. Сондай­ақ, шағын  жинақты мектептерді дамыту мақсатында бағдарлама жобасында ресурстық орталықтар  құрылмақшы. Оқушыларды тасымалдау, қашықтан оқыту ұйымдастырылмақ.        Биылдан бастап Қазақстан индустриалық дамуға бет алғаны белгілі. Таяу жылдарда  елімізде құны миллиардтаған доллар болатын жүздеген нысандар бой көтеретін болады  және тиісінше мыңдаған жұмыс орындары ашылады. Ел экономикасы үшін маңызды өндіріс орындарын іске қосу аса күрделі іс болса, сондай заманауи  кәсіпорындарды білікті  мамандармен қамтамасыз ету одан да күрделі іс. Елімізде білікті техникалық кадрлардың жетіспеушілігінен осы күнге дейін экономиканың маңызды салаларындағы өндіріс  орындарын амалсыздан шетелдік жұмысшы күшімен толтырып келеміз. Елбасы Үкіметке  отандық кәсіпорындарды барынша отандық кадрлармен қамтамасыз ету міндетін қойғаны  белгілі. Бұл міндет индустрияландыру бағдарламасы іске асырылып жатқан қазіргі тұста  аса өзекті бола түсуде. Сондықтан білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасында  техникалық және кәсіптік білім беру басым бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Бұл  бағыттың  негізгі мақсаты ­ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін индустриялды­ инновациялық дамудың талаптарына сәйкес жаңғырту болып табылады. Алға қойған  мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарламаны кәсіби стандарттармен қамтамасыз ету,  индустриалды жобалар сұраныстарын ескере отырып мазмұнын жаңарту, индустриялды  жобалар бойынша кадрларды даярлау, инфрақұрылымдарын дамыту сынды іс­шараларды  жүзеге асыру қарастырылған. Бұл ретте Атырауда мұнай­газ саласы, Екібастұзда отын­ энергетика саласы, Шымкентте өңдеу, ал Өскеменде машина жасау саласы бойынша 4  өңіралық кәсіптік орталық жұмыс істейтін болады. Индустриялық дамудың әр саласында  сертификаттау орталығы құрылады.        Бағдарлама жобасындағы келесі бағыт ­ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім беруді дамыту. Бұнда еліміздің индустриялды­инновациялық даму бағдарламасын  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кадрларымен қамтамасыз ету, жоғары білім  берудің еуропалық  аймағына кіру, білім мен ғылымды біріктіру, зияткерлік меншік  өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету жөніндегі  бірсыпыра міндеттерді шешу қарастырылған. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін мынадай  мақсаттар қойылып отыр: жоғары оқу орындарының 14 пайызы халықаралық  мамандандырылған акредиттеуден өтеді, жоғары оқу орындарының 100 пайызы  кредиттерді аударудың еуропалық жүйесін енгізеді, мамандықтар бойынша мемлекеттік  жалпы білім беру стандарттары мазмұнының 65 пайызы таңдау бойынша анықталады,  жоғары оқу орындарының 20 пайызы шетелдік жоғары оқу орындарымен бірге 2 дипломдық білім беруді жүзеге асырады. Бұған қоса Қазақстандық екі жоғары оқу орны әлемдік озық  университеттері рейтінгісіне енгізіледі. Сонымен қатар, тәрбие жұмысы және жастар  саясаты бағдарламада  жеке бағытпен айырықшыланған. Жастар саясатын іске асыру  жастардың бойында қазақстандық патриотизмді, рухани және адами мәдениетті  қалыптастыруға бағытталмақ. Бұл ретте мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мынадай  шаралар жоспарланған. Біріншіден, үш тілде оқытатын мектептердің санын 720­ға дейін  ұлғайту көзделуде, бүгінде олардың саны ­ 31. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы  шеңберінде ағылшын тілінде сабақ беретін педогог кадрларды даярлау қамтамасыз етілмек. Еліміздің жоғары оқу орындарында көп тілде білім беретін педагог кадрлары даярланатын  болады. Тілдерді игерудің халықаралық стандарты негізінде балабақша, мектеп, кәсіптік  лицей, колледж, жоғары оқу орнында мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесі құрылмақ.      Атап өтерлігі, Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанды жеделдете индустриялық­инновациялық дамыту  бағдарламасымен, 2011­2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» денсаулық  сақтауды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасымен, 2011­2020 жылдарға арналған  Тілдерді қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасымен бірге мемлекет үшін маңызды  төрт негізгі құжаттың қатарына енгізіліп отыр. Осыдан­ақ, аталмыш бағдарламаның қоғам  үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз. Үкімет бағдарламаның жобасын мақұлдап  қойды, оны тиісті қаржымен қамтамасыз етуге пейілді. Бұл бағдарлама тиімді іске  асырылса, еліміздің білім беру саласында қордаланып қалған талай проблемалар шешілетін  болады. Жақында Конституцияның 15 жылдығына арналған әскери парадта сөйлеген  сөзінде Президент Н. Назарбаев: «Мен ХХI ғасырда қазақстандықтар барынша оқымысты,  білімді және бәсекеге қабілетті ұлт болатынына сенімдімін», деген еді. Елбасының осы  сенімін ақтауда білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасына артылатын жүктің салмағы ауыр.          Қорыта  айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану – оның  нәтижелігіне қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден­бір жолы, ал, ол өз кезегінде, бірлесе  жұмыс жасауға, адами қарым­қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл  көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен  жетістігі болып  табылады,  сондай­ақ оның сапасы алынған білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жалпы білім берудің өзекті мәселелері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.12.2018