Бөлме өсімдіктері

  • Повышение квалификации
  • Подготовка к тестированию
  • Разработки уроков
  • docx
  • 30.03.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Занятие в первой младшей группе детей дошкольного возраста на тему комнатные цветы ,подробный конспект предназначен для воспитателей детских садов для ознакомления детей с комнатным цветком - герань,дети получают навыки ухода за цветком,пользе герани,учатся составлять вендиаграмму "что необходимо для того ,чтобы цветы были ухожены?"
Иконка файла материала бөлме гүлдері.docx
Бекітемін ­­­­­­­­­­­­­­­                                                                                 Үржар ауданының КМҚК­ның                                                                                  «Ер Төстік»балабақшасының                                                                                   меңгерушісі Кабаева Г.Ж            Тақырыбы:      «Бөлме  өсімдіктері»                 (Жаратылыстану)             «Еркемай»  бірінші  кіші  топ                                    Тәрбиеші:Бекбосова А.ЖБілім беру саласы: Таным  Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану  Тақырыбы:«Бөлме өсімдіктері»  Мақсаты:  Білімділік: Балалардың өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру.  Бөлме өсімдігі қазтамақты тануға,атай білуге және ажыратуға үйрету  Жаз және қыс мезгілдерінің негізгі, маңызды белгілері бойынша түсініктерін  қортындылау, жүйелеу Дамытушылық: Қазтамақ  гүлі туралы айтып,оны басқа гүлдерден ажырата   білуге,тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру.  Тәрбиелік: Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету  арқылы еңбекқорлыққа баулу  Әдіс­тәсілдер: көрсету, түсіндіру,сұрақ­жауап, ойын.  Қолданылатын көрнекі құралдар:қазтамақ гүлі,бөлме өсімдіктерін кутуге қажетті заттар(сүрткіш,су құйғыш,су құятын ыдыс алжапқыш,)слайд,суреттер тақырып бойынша, гулдер, боялған асықтар. Сөздік жұмыс:Қазтамақ,өсімдік,табиғат. Билингвальды компонент:қазтамақ­герань,жапырақ­листья,гүл­цветок. Оқу қызметінің кезеңдері: Тәрбиешінің іс – әрекеті, балалардың іс ­ әрекеті  Мотивациялық – қозғаушы:  Шаттық шеңбері:Орнымыздан тұрайық                                   Үлкен шеңбер құрайық                                   Жақсы­жақсы сөздерді                                    Қоңақтарға сыйлайық! Балалардың назарын тақтадағы суреттерге аудару ­Балалар ,айтыңдаршы ,қазір жылдың қай мезгілі?(қыс) ­Қыс мезгілі қандай?(суық,қар жауады,аяз)­Ал мына суретте күн жайдарлы,көбелектер ұшып жұр,гүлдер гүлдеп тұр  қалай ойлайсындар бұл қай мезгіл?(жаз) Балалар жазда құммен ойнайды,доппен далада жүгіреді,ал қыста қандай ойын  ойнауға болады?(аққала жасап,қар лақтырып,шанамен сырғанап) ­Балалар ,сендер жайлау туралы естіген шығарсындар ?Жайлау деген  табиғаттын бір керемет жерлері,жайлауда жазда күн жылынғанда адамдар  қой,сиыр,жылқы бағады.Бұл жерде де гүлдер өте көп.Сендер мен бірге саяхат жасағым келіп тұр.Ол үшін көздерінді жұмып тамаша құстардың дыбыстарын  тыңдап көз алдыларына гүлдерді елестеп аттанайық. (Тақтаға жасыл матадан жайлаудын суретін іліп қоямыз) Жайлауға келдік,көзімізді ашайық. Таңғажайып сәт:  Қуыршақ гүл ханшайымы қоңаққа келіп тұр,балалармен амандасып жұмбақ  жасырады: ­Адамдардың бәрі қызығады   Су құймасан сәні бұзылады.Бұл не?(гүл) Дұрыс балалар ,ал мен гүл ханшайымымын ­Балалар,не көріп тұрсындар?(жайлаудың суретін) ­Бірақ жайлау әдемі болмай тұр.Не жетіспейді?(гүлдер) Дұрыс,ондай болса мен дайындаған түрлі­түсті асықтарды алып түсі бойынша  гүл таңдап жапсырайық.Балалар(6­7бала) бір­бірден шығып дорбадан асық  алады.Жайлауды гүлдермен толықтырады. ­Ал енді ,балалар,барлығымыз орнымыздан тұрып табиғат туралы  тақпағымызды айтайық: ­Табиғат біздің Анамыз,   Табиғатқа баламыз.   Иіліп сәлем береміз,   Біз әдепті баламыз. Гүл ханшайымы:Балалар ,үйге қайтуға уақыт келіп қалды сендер маған  көмектестіндер кезек менікі енді мен сендермен топтарына барып бөлме  өсімдіктерін қалай күту керек екенің айтып берем.Түзу отырып көзімізді  жұмып тамаша құстардың дыбысын тыңдайық.Көзімізді ашайық,тобымызға келдік. Тәрбиеші:Жақсы гүл ханшайымы,сіз отырып дем алып балаларымызды тыңдай отырыныз.Ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Сөздік  жұмысы жүргізіледі.Бөлме өсімдігі сөзін түсіндіру.  Қарандаршы балалар, бәрі гүлдер ыдыста өседі.Өсімдік өмір сәні, табиғат  көркі. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің,  үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады  екен. Олардың көптеген түрлері болады. Енді балалар теледидарға  назарымызды аударайық, міне, мынау қазтамақ гүлі. Гүлінің түсі қызыл,ақ   хош иісті болып келеді екен. Қазтамақ гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп  тұрады. Тәрбиеші:Барлығымыз бірге қайталайық:қазтамақ­герань Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі.  Балалар, ендеше осы айтып отырған гүліміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр? ­Ия ,бар екен.Қандай әдемі гүл:жапырағы домалақ екен. ­Жапырақтардың түсі қандай?(жапырақтары жасыл)  — Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі болады.(хормен қайталайды) Саусақпен жаттығу:Вот бутоны ,вот цветы                                   Распустились лепестки. Практикалық жұмыс. ­Балалар,   енді   гүл   ханшайымына   өсімдіктерді   қалай   күту   керек   екендігін көрсетейік. ­Өсімдік жақсы өсу үшін не керек?(жарық,күн ,су,күту керек)   Олай болса, өсімдіктерді жарық жерге қойып, өсімдіктерге күтім жасайық. 1.Топырақты таяқшамен қопсытамыз. 2.Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз. 3.Су құямыз. 4.Жапырақтарына су бүркеміз. Практикалық жұмысымызды қорытындылау. Балалардың назарын тақтаға  аудару. Ойын «Гүлге не қажет?» ­ Гүлге не қажет?(жарық,күн,су)­ Не қолдандық? (суқұйғыш,сүрткіш,қопсытуға арналған құрал) Балалар суреттерді тауып тақтаға іледі Балалар біз біраз шаршадық.Гүл ханшайымы бізбен бірге сергіту сәтін  орындағысы келіп тұр.Канекей орнымыздан тұрып орындайық. Сергіту сәті:Аяқпенен топ­топ­топ                      Қолымызбен хлоп­хлоп­хлоп                      Оңға,солға айналамыз біз мұңда.... Гұл ханшайымы:Өте тамаша!Жақсы сергіп қалдым рахмет балалар. Рефлексивтік – коррекциялаушы: Гүл ханшайымның қайтатын уақыты болып қалды кане,біз тақпақ айтып  берейікші: 1Қызыл ,жасыл гүл ектік   Баптап,күттік,түрлеттік   Қалмасын деп қуарып   Апта сайын суғардық. 2Үйде тұрып өсетін   Әкеп гүлдің көшетін   Топырақты салдым да   Отырғыздым қалбырға 3Ұмытпай күнде    Су құям гүлге    Жайнайды гүлім   Құлпыртып гүлін. Қуыршақ Гүл ханшайымы балаларға алғысын айтып, қоштасады.  Күтілетін нәтиже: Нені біледі:  бөлме өсімдіктеріне дұрыс күтім жасауды; оның өсуіне қажетті жағдайды.      Қандай   түсініктерді   игерді:өсімдіктердің   өсуі   үшін   ауа,   жарық,   жылу, судың қажет екендігін.  Меңгерген дағдылары мен іскерлігі: практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттырады; өсімдіктерді өсіруге деген қызығушылықтарын  арттырады.

Посмотрите также