Тақырыбы: Денсаулық – басты байлық
Мақсаты: Салауатты өмір жайлы оқушылардың ой – пікірін қозғау, зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру.
Оқушыларға дені сау жан – жақты білімді, саналы азамат болудың басты кепілі салауатты өмір салтын ұстану екендігін ұғындыру.Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушыларды тазалыққа, әдемілікке ұқыптылыққа, әдептілікке және салауатты өмір салтына үйрету
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Эпиграф. Н.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепіліТақырыбы: Денсаулық – басты байлық
Мақсаты: Салауатты өмір жайлы оқушылардың ой – пікірін қозғау, зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру.
Оқушыларға дені сау жан – жақты білімді, саналы азамат болудың басты кепілі салауатты өмір салтын ұстану екендігін ұғындыру.Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушыларды тазалыққа, әдемілікке ұқыптылыққа, әдептілікке және салауатты өмір салтына үйрету
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Эпиграф. Н.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі»
2. «Ой шақыру»
(Оқушылардың пікірлерін тыңдау және кейбір оқушыларды үлгі ету)
3. Топтастыру. Дені сау адам қандай болады?
Еңбекқор шыныққан көңілді белсенді қоғамға пайдалы кез-келген мәселені шешеді
Ақерке Б.
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап
Альфия
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Бекзат
Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз.
Ұлан
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
Нұрдаулет
Тойып ішсен қаншама
Ауырасын соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмас қанша күн жүресің.
Асылжан
Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.
4.Топтық талқылау сұрақтары.
1-топ: Денсаулықтың жаулары 2-топ: Денсаулықты сақтау жолдары
Оқушы пікірін толықтыру.
Денсаулықтың жаулары: жалқаулық, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, шашылған қоқыс, тазалық сақтамау, жұқпалы аурулар, компьютерді шектен тыс қолдану, зиянды заттар қолдану.
Денсаулықты сақтау жолдары: тазалық сақтау, күлкі, жаттығу жасау, уақытында дәрігерге көріну, жағымсыз әдеттермен күресу, белсенді еңбек ету, дұрыс тамақтану, дұрыс оқу.
5. Компьютердің денсаулыққа зияны
Альфинур: Соңғы кездері компьютердің адам денсаулығына зияндығы туралы жиі айтыла бастады.Компьютер алдында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін негізгі факторлар: ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істеу; монитордың электрмагнит сәуле шығаруы; көздің қажуы, қол ұшы буындарына жүктеменің көптігі.
Бақытгүл: Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді.
Ұлан: Адам компьютер алдында ұзақ уақыт отырғанда: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме, остерохондроз, ал балаларда - сколиоз пайда болады..
Әли: Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады.
6. Бейнекөрсетілім «Денсаулық» (іmektep.kz)
7. Акция «Зиянды тағамдарсыз күн» (Үстел үстіндегі тағамдардың зиянды және пайдалы түрлерін ажырату. Балалар денсаулыққа пайдалы тағамдарды себетке салады, зиянды тағамдарды қоқыс шелегіне салады)
Зиянды тағамдар
1.Төре. Майға қуырылған картоп (чипсы). Майға қуырылған картоп өз бетінше пайдалы тағам емес. Ал чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер. Чипстерді күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың пайда болуына, сонымен қатар салмақ қосуға әкеледі. Бұған картоп-фриді де жатқызуға болады.
2.Алихан. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді.
3.Бекзат. Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді.
4.Ерасыл. Газдалған сусын құрамында түрлі қышқылдар бар. Олар сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.
5.Бақыт. Майонез. Майонезден мүлдем бас тастаса, бір-екі аптада беліңіз бірнеше сантиметрге арықтағанын байқайсыз. Майонездің қатарына кетчуп пен басқа да соустарды қосуға болады. Олар ароматизаторлар, май және дәмдеуіштерден тұрады, ал табиғи өнімдерден ештеңе жоқ.
6.Нұрдаулет. Тәттілер. Зиянды тәттілердің қатарына мармелад, шайнап жейтін конфеттер мен мұз кәмпиттерді жатқызуға болады. Бұлар бір тілім торттан да зиян. Олар көбіне жасанды бояғыш заттар мен ароматизаторлардан тұрады.
Пайдалы тағамдар
1.Анель. 1. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.
2.Төре. Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры.
3.Асылжан. Айран Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондай-ақ, айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылтады .
4.Жанель Е. Балық құрамында ағзаға қажетті барлық элементтер бар. Оның құрамындағы антиоксиданттар қимыл-қозғалысты жақсартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды
5.Аружан. Көкөністер Сәбіз, орамжапырақ, қызылша құрамында көз көруін жақсартып, теріні қалыпқа келтіреді. Көкөністер анемия, бүйрек пен бауыр ауруларының алдын алып, оларға қарсы тұра алады.
6.Тұрсынай. Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
7.Ақерке Б. Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
8.Тұрсынай. 10. Асқабақ Құрамындағы калий, кальций, магний, темір, мырыш, С дәрумені, ақуыз, сияқты элементтердің арқасында асқабақ онкологиялық аурулардың алдын алады. Шаш, тырнақ өсімін жақсартып, теріні тазартып, қатайтады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, артық салмақтан арылуға ықпал етеді.
9.Жанель А. Киви, ананас және цитрусты жемістердің құрамында С дәрумені бар. Ағзадағы зат алмасу жүйесін жақсартып, стресс пен депрессиядан сақтайды. Көңіл-күйді көтеріп, иммунитетті күшейтеді.
10.Ақерке.У. Шие Ағзаға пайдалы тәтті жидек құрамында иммунитетті күшейтетін каротин мен С дәрумені бар. Каротин ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді. Ал С дәрумені өкпе, бүйрек, анемия ауруларының алдын алады.
11.Ерасыл. Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
12.Мейірім. Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
13.Бақытгүл. Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді
14.Альфия. Жаңғақтар Жаңғақтардың құрамында адам ағзасына қажетті бар элементтер мен минералдар бар. Ол кез келген аурудың алдын алып, оған қарсы төтеп бере алады.
15.Азамат. Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.
8. «Жауап бер» (Мақалдың соңын аяқтау және сұрақтарға жауап беру)
Бірінші байлық - ... (денсаулық).
Тәні саудың - ... (жаны сау.)
Ауырып ем іздегенше,
... (Ауырмайтын жол ізде.)
Емнің алды - ... (еңбек)
Орман дәрігері – (тоқылдақ)
Дала дәрігері - (қасқыр)
9. «Спорт – денсаулық кепілі» «Универсиада-2017»
Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды.
(спорт-денсаулықтың кепілі, универсиада, жүлдегерлер туралы баяндау. Спорт үйірмесіне қатысатын оқушыларды үлгі етіп, сәттілік тілеу)
10.Қорытынды. «Жетеліге 7 өсиет» Лұқпан Хәкім.
1. Ерте тұру.
2. Орта тазалығын ұстау.
3. Дене шынықтыру.
4. Үнемі денені таза ұстау.
5. Үнемі сергек жүру.
6. Артық тамақ ішпеу.
7. Көп ұйықтап , жалқау болмау.
Денсаулық - зор байлықНсанова Акжамал Меллятқызы.docx
Тақырыбы: Денсаулық – басты байлық
Мақсаты: Салауатты өмір жайлы оқушылардың ой – пікірін қозғау, зиянды заттарды
қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру.
Оқушыларға дені сау жан – жақты білімді, саналы азамат болудың басты кепілі салауатты
өмір салтын ұстану екендігін ұғындыру.Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушыларды тазалыққа, әдемілікке ұқыптылыққа, әдептілікке және салауатты өмір салтына
үйрету
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Эпиграф. Н.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы,
болашағымыздың кепілі»
2. «Ой шақыру»
Денсаулық ???
(Оқушылардың пікірлерін тыңдау және кейбір оқушыларды үлгі ету)
3. Топтастыру. Дені сау адам қандай болады?
Еңбекқор шыныққан көңілді белсенді қоғамға пайдалы кезкелген
мәселені шешеді
Ақерке Б.
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап
Альфия
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Бекзат
Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз.
Ұлан
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
Нұрдаулет
Тойып ішсен қаншама
Ауырасын соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмас қанша күн жүресің.
Асылжан
Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы. 4.Топтық талқылау сұрақтары.
1топ: Денсаулықтың жаулары 2топ: Денсаулықты сақтау жолдары
Оқушы пікірін толықтыру.
Денсаулықтың жаулары: жалқаулық, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, шашылған қоқыс, тазалық
сақтамау, жұқпалы аурулар, компьютерді шектен тыс қолдану, зиянды заттар қолдану.
Денсаулықты сақтау жолдары: тазалық сақтау, күлкі, жаттығу жасау, уақытында дәрігерге
көріну, жағымсыз әдеттермен күресу, белсенді еңбек ету, дұрыс тамақтану, дұрыс оқу.
5. Компьютердің денсаулыққа зияны
Альфинур: Соңғы кездері компьютердің адам денсаулығына зияндығы туралы жиі айтыла
бастады.Компьютер алдында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін негізгі
факторлар: ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істеу; монитордың электрмагнит сәуле шығаруы;
көздің қажуы, қол ұшы буындарына жүктеменің көптігі.
Бақытгүл: Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда
болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан
әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді.
Ұлан: Адам компьютер алдында ұзақ уақыт отырғанда: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық
еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме, остерохондроз, ал балаларда сколиоз
пайда болады..
Әли: Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді.
Көруді нашарлатады.
6. Бейнекөрсетілім «Денсаулық» (іmektep.kz)
7. Акция «Зиянды тағамдарсыз күн» (Үстел үстіндегі тағамдардың зиянды және пайдалы
түрлерін ажырату. Балалар денсаулыққа пайдалы тағамдарды себетке салады, зиянды
тағамдарды қоқыс шелегіне салады)
Зиянды тағамдар
1.Төре. Майға қуырылған картоп (чипсы). Майға қуырылған картоп өз бетінше пайдалы
тағам емес. Ал чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен
дәмдеуіштер. Чипстерді күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың пайда болуына, сонымен
қатар салмақ қосуға әкеледі. Бұған картопфриді де жатқызуға болады.
2.Алихан. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал
тәттіқышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы
мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді.
3.Бекзат. Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын
құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді.
4.Ерасыл. Газдалған сусын құрамында түрлі қышқылдар бар. Олар сүйектегі кальций
мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.
5.Бақыт. Майонез. Майонезден мүлдем бас тастаса, бірекі аптада беліңіз бірнеше
сантиметрге арықтағанын байқайсыз. Майонездің қатарына кетчуп пен басқа да соустарды қосуға болады. Олар ароматизаторлар, май және дәмдеуіштерден тұрады, ал табиғи өнімдерден ештеңе
жоқ.
6.Нұрдаулет. Тәттілер. Зиянды тәттілердің қатарына мармелад, шайнап жейтін конфеттер мен
мұз кәмпиттерді жатқызуға болады. Бұлар бір тілім торттан да зиян. Олар көбіне жасанды
бояғыш заттар мен ароматизаторлардан тұрады.
Пайдалы тағамдар
1.Анель. 1. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты
болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін
пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.
2.Төре. Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры.
3.Асылжан. Айран Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондайақ, айранда ағзадағы зат
алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылтады .
4.Жанель Е. Балық құрамында ағзаға қажетті барлық элементтер бар. Оның құрамындағы
антиоксиданттар қимылқозғалысты жақсартып, көтеріңкі көңілкүй сыйлайды
5.Аружан. Көкөністер Сәбіз, орамжапырақ, қызылша құрамында көз көруін жақсартып, теріні
қалыпқа келтіреді. Көкөністер анемия, бүйрек пен бауыр ауруларының алдын алып, оларға қарсы
тұра алады.
6.Тұрсынай. Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%ға
азайтады.
7.Ақерке Б. Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
8.Тұрсынай. 10. Асқабақ Құрамындағы калий, кальций, магний, темір, мырыш, С дәрумені,
ақуыз, сияқты элементтердің арқасында асқабақ онкологиялық аурулардың алдын алады. Шаш,
тырнақ өсімін жақсартып, теріні тазартып, қатайтады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып,
артық салмақтан арылуға ықпал етеді.
9.Жанель А. Киви, ананас және цитрусты жемістердің құрамында С дәрумені бар. Ағзадағы
зат алмасу жүйесін жақсартып, стресс пен депрессиядан сақтайды. Көңілкүйді көтеріп,
иммунитетті күшейтеді.
10.Ақерке.У. Шие Ағзаға пайдалы тәтті жидек құрамында иммунитетті күшейтетін каротин
мен С дәрумені бар. Каротин ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді. Ал С
дәрумені өкпе, бүйрек, анемия ауруларының алдын алады.
11.Ерасыл. Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
12.Мейірім. Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині
бар.
13.Бақытгүл. Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді
14.Альфия. Жаңғақтар Жаңғақтардың құрамында адам ағзасына қажетті бар элементтер мен
минералдар бар. Ол кез келген аурудың алдын алып, оған қарсы төтеп бере алады.
15.Азамат. Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Бүйректерге пайдалы.
8. «Жауап бер» (Мақалдың соңын аяқтау және сұрақтарға жауап беру) Бірінші байлық ... (денсаулық).
Тәні саудың ... (жаны сау.)
Ауырып ем іздегенше,
... (Ауырмайтын жол ізде.)
Емнің алды ... (еңбек)
Орман дәрігері – (тоқылдақ)
Дала дәрігері (қасқыр)
9. «Спорт – денсаулық кепілі» «Универсиада2017»
Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International
University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық
жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік
университеттік ойындар» деп те атайды.
(спортденсаулықтың кепілі, универсиада, жүлдегерлер туралы баяндау. Спорт үйірмесіне
қатысатын оқушыларды үлгі етіп, сәттілік тілеу)
10.Қорытынды. «Жетеліге 7 өсиет» Лұқпан Хәкім.
1. Ерте тұру.
2. Орта тазалығын ұстау.
3. Дене шынықтыру.
4. Үнемі денені таза ұстау.
5. Үнемі сергек жүру.
6.
Артық тамақ ішпеу.
7. Көп ұйықтап , жалқау болмау.
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нсанова Ақжамал Меллятқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.