Дидактикалық материал
Оценка 4.7

Дидактикалық материал

Оценка 4.7
docx
13.05.2020
Дидактикалық материал
дидактикалық материал.docx

1.      «Графикалық диктант»

Мақсаты: Алғашқы білімді бекіту; оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиғаларды ажырату дағдысын тексеру

  Мазмұны: Шартты белгілер арқылы (+ ақиқат оқиға,- мүмкін емес оқиға,/ кездейсоқ оқиға) оқиғаларды ажыратыңыз

-тамыздан кейін наурыз айы келеді.

-наурыздан кейін сәуір айы келеді.

-нан май жағылған жағымен құлап қалады.

-оқу жылы аяқталады.

- бала өз туған күні 30 ақпанда қарсы алады.

2.      Өзбетімен жұмыс

Мақсаты:

        Тақырып бойынша оқушылардың білімді өзбетімен жұмыс дағдысын дамыту, тақырыпты игеру деңгейін тексеру

Мазмұны

1-мысал. Екі кубикті тастағанда. Екі оқиғаның қайсысы мүмкін емес, қайсысы кездейсоқ, қайсысы ақиқат: Ықтималдықтар теориясында барлық оқиғалар кездейсоқ оқиғалар деп аталады, мүмкін емес және ақиқат оқиғалар кездейсоқ оқиғалардың дербес түрлері:

А - {кубиктерде бірдей сандар ұпайы түсуі};

В - {ұпай сандарының қосындысы 12 ден аспайды};

С - {ұпай сандарының қосындысы 11 ге тең};

D - { ұпай сандарының көбейтіндісі 11 ге тең }?

Кубиктерді тастағандағы түскен ұпай сандарыныңнәтижесін екі санмен сипаттауға болады. Мысалы, (3, 1), бірінші кубикте 3 санының түскендігін, ал екіншісінде -1 санының түскендігін көрсетеді.

А оқиғасы  (1,1) түскенде орындалады, (1, 2) - орындалмайды. Яғни, А оқиғасы кездейсоқ оқиға.

В оқиғасы кез келген жағдайда орындалады.  Өйткені әр кубиктің сандары 6 дан аспайды. Яғни, қосындысы 12 ден аспайды. Бұдан шығатын қортынды:В оқиғасы ақиқат.

С оқиғасы  (5,6) түскенде орындалады, (2, 2) - орындалмайды. Яғни, C оқиғасы да кездейсоқ.

D оқиғасы мүмкін емес, өйткені 1 ден 6 ға дейінгі 2 бүтін санның көбейтіндісі 11 болуы мүмкін емес.

 

2 мысал. Қораптың ішінде 3 қызыл,  3 сары, 3 жасыл шар бар. Қораптан кез келген 4 шарды аламыз. Төмендегі оқиғалардың қайсысы мүмкін емес, қайсысы кездейсоқ, қайсысы ақиқат:

А={алынған барлық шарлар бір түсті};

В={алынған шарлар әр түрлі түсті};

С={алынған шардың ішінде әр түсті шарлар бар};

D={алынған шарлардың ішінде барлық үш түрлі түс бар}?

А оқиғасы - мүмкін емес: Қораптан төрт бірдей түсті шар алуға болмайды, себебі әр түстен үш шардан бар.

В оқиғасы - мүмкін емес: Қорапта үш түсті шар бар, алынғаны төрт шар.

С оқиғасы- ақиқат: қораптан алынған төрт шардан екі шардың түсі бірдей болуы ақиқат.

D-кездейсоқ оқиға. Мысалы: ҚҚЖС, яғни екі қызыл, бір жасыл, бір сары шар алынған. Мұндай оқиға мүмкін емес. ҚЖЖЖ, мұнда  D оқиғасының ақиқат болғаның көреміз.

 


 

Графикалық диктант » Мақсаты:

Графикалық диктант » Мақсаты:
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.05.2020