Хош иісті өсімдіктердің біраз бөлігі
тағамдық мақсатта қолданылады. Елімізде 1200-дей түрі бар
Хош иісті (ароматты)
өсімдіктер
Татымды-хош иісті өсімдіктер
Біраз түрі тағамдық мақсатта
қолданылады: аскөк,
базилик, кинза, ақжелкен,
балдыркөк, розмарин және т.б
Хош иісті өсімдіктер
Бау-бақшада өсіріледі.
Құрамында
дәрумендер көп болады.
Бунақденелілерді
еліктіреді
Бау-бақшада
өсімдігі
Хош иісті өсімдіктерден олардың ароматтары мен құрамындағы
майлы заттары алынады. Хош иісті өсімдіктер деп аталу себебі-әртүрлі өсімдіктерінің гүлінен хош иістің (ароматтардың) шығуынан. Олардың иісі қоршаған ортаға тез таралады. Тағамдық, өнеркәсіптік, сәндік мақсатта өсіріледі. Көбісі-бау-бақша өсімдіктері.
Хош иісті гүлдердің маңызы
Хош иісті гүлдер гүлзарларға көптеп отырғызылады
адамға керемет көңіл-күй сыйлайды, стресстен арылтады
Дәрілік және тағамдық және өнеркәсіптік мақсатта қолданылады
Бунақденелілерді еліктіреді, хош иісті өсімдіктердің арқасында жылдық бал мөлшері көп болады
Өнеркәсіпте парфюмерия ретінде қолданылады, крем, мазьге хош иіс береді
Хош иісті гүлдер жыл маусымына байланысты өсіп-жетіледі, қолдан өсіруге де болады.
Қалампыр
Ақ қалампыр
Қызыл-ақ қалампыр
Қызыл қалампыр
Қалампырдың хош иісі эстетикалық ләззат береді, және онымен қоймай, масаларға да жағымсыздық туғызады. ХІХ ғасырда өсімдік қалампыр - «жүректі, басты, асқазан жұмысын күшейтеді, ас қорыту мен көруге көмектеседі, естен тануды және бас айналуды жояды» ретінде қолднылған.
Хош иісті гүлдер тобына жатын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Бұлардың биіктігі 15 – 50 см-дей, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Көбелектермен тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ.
Қалампыр түрлері | Таралуы | Қолданылуы |
Шұбар қалампыр | Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Еуразия мен Африкада кездесетін 300-ге жуық түрі белгілі. | Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Емдік мақсатта жер үстіндегі бөлігі қолданылады. |
Жалпы сипаттамасы
Мелисса немесе лимон жалбызы
Хош иіс тыныштандыратын әсерге ие, ол жүрек және ми ауруларымен ауыратын адамдарға да пайдалы, денеде зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді.
Жалбыз – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты, хош иісті өсімдік. Емдік қасиеті де бар. Қазақстанда жалбыздың 9-10 түрі өседі. Биіктігі - 80-100 см.Сабағы төрт қырлы күрең күлгін түсті. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, онда 5% эфир майы болады. Сабағы тік, жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді.
Маңызы
Медициналық, тағамдық, дәрі-дәрмектік маңызы зор.Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек.
Таралуы
Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. Суы мол орталарда көп өседі
Биологиялық ерекшеліктері
Дәрілік түймедақ
Хош иісті, дәрілік, емдік мақсатта қолданылатын, бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Таралуы: Қазақстанда Алтайда,Жетісу(Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының көбінесе ашық жерлерінде өсетін 2 түрі: дәрілік түймедағы (М. recutіta) және кәдімгі түймедағы (М. matrіcarіoіdes) бар.
Биологиялық сипаттамасы: Түймедағының биіктігі 10 – 35 см. Сабағы бұтақты. Жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ, гүлтозаңы сары түсті, себет гүлшоғырына топталып, дара гүлдері сабақтың ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді.
Пісіп-жетілу кезеңі: Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – дәнек.
Түймедағының құрамы: Түймедағы гүлшоғырының құрамында эфир майы (0,5 – 0,12%), терпен, спирт, органикалық қышқылдар, дәрумендер, т.б. заттар бар.
Түймедағы – дәрілік өсімдік, оны қабынғанға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерді тыныштандыратын дәрі ретінде және клизма жасауға қолданылады.
Жағымды иісі бар, ол күн шуақты ауа-райында күшейеді, ұйқысыз адамдар үшін өте пайдалы.
Ащы жусан
Хош иісті жусандар туысына жататын көп жылдық өсімдік.
Қазақстанда таралуы: Маңғыстаудың жайылымдар мен шалғындарда, бұйратты құмдарда, ормандар мен таулы жерлерде өседі.
Елімізде таралуы
Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 60 – 100 см, кейде 120 см-ге жетеді. Тамыры жуан. Гүлдері ұсақ, шоғырлана өседі. Шілде – маусымда гүлдеп, жемістенеді.
Жусанның хош иісі керемет көңіл-күй тудырады. Оны көрші жерлерге шыдамайтын басқа хош иісті өсімдіктерден алыс отырғызу керек.
Жусанды қолдан да өсіреді
Латынша атауы-Artemistia
хош иісті, құрамында эфиры бар
Жасмин
cабағы шырматыла, өрмелей өсетін мәңгі жасыл, гүлі әдемі бұталы өсімдік.
ерекше хош иісті, Қаулап өсу кезінде жиі-жиі суарыл, жапырақтарына су бүркіп, тыңайтқышпен қоректендіру қажет
300 түрі бар. Субтропиктерде, тропиктерде өседі. Орта Азияда үш түрі өседі.
парфюмерияда, эфир майын алғанда, хош иістендіру үшін
зәйтүн тұқымдасына жататын хош иісті өсімдітердің бірі
Жазда жасминнің өркендерін 6—8 жұп болып жапырақ жайғанда жұлып тастау керек.
Құрылысы: гүлі-ақ түсті, жапырағы мен сабағы-жасыл түсті, гүлі жаңа ашылған бүршікке ұқсас
Қазақсатнның ароматты өсімдіктеріне жатады
Сабағы-15-30 см
гүлінің
диаметрі-2-3 см
Балдыркөк
Хош иісі бар, тағамдық мақсатта қтын екі және көп жылдық өсімдіктер туысы.
Тағамдық хош иісті өсімдік
қолдан егілетін, суыққа төзімді, екі жылдық, көкөністі, хош иісті өсімдік.
Қолданылуы: Жапырақты балдыркөк пен тамыр жемісті балдыркөктің жапырақтары, сағақтары және тамыр жемістері тамақ және сүрлеу (консервілеу) өнеркәсіптерінде, эфир майы – дәрі-дәрмек өнеркәсіптерінде пайдаланылады.
Тіршілігінің 1-ші жылында тамыры немесе тамыр жемісі және жертаған жапырағы түзіледі.
2-ші жылында – сабақтары және ұсақ ақ гүлдер шоғыры (күрделі шатыршагүлі) түзіледі.
Балдыркөк көшет түрінде егіледі. Қарашірігі мол ылғалды саз топырақта жақсы өседі.
Жапырақты балдыркөк
Сағақты балдыркөк
Тамыр-жемісті балдыркөк
Киікоты-душица
көбінесе шөлейтте өсетін майда өсімдік.
біржылдық өсімдік; сабағының ұзындығы-10—15 см, жапырақтары тырбық өседі; салалы киікотының құрамында наркоздық зат болады, сондықтан да мұны мал жемейді;
Салалы киікоты
Шашыратқы киікоты
мұның сабағының ұзындығы 10-20 см, жапырақтары тырбық болады. Шашыраңқы болады.
Гүлдері ұсақ, қызғылт не айқын қызғылт; қалқанша, шашақ тәрізді гүл шоғын құрады. Еуропада (әсіресе Жерорта т-і маңында) және Батыс Азияда тараған 20-дан астам түрі бар. Қазақстанда 6 түрі өседі. Олардың ішіндегі жиі кездесетіні – иісті Киікоты (Z. Clіnopodіoіdes), аласа тау етегінде, құрғақ шабындықтарда, орман алқабында жарық жерлерде өседі. Тобыл, Есіл, Ертіс маңында, Ақмола, Ақтөбе облысында, Балқаш-Алакөл аймағында, Алтай, Тарбағатай, Жетісу, Іле, Күнгей Алатауларында, Каспий төңірегінде кездеседі. Киікотының құрамында эфир майы, илік заттар мен аскорбин қышқылы болады.
Биологиялық сипаттамасы
Қолданылуы мен маңызы
Киікоты медицинада адамды арнайы терлететін шай құрамына қосылады. Киікотының жапырағы дәм татымдық зат ретінде арақ-шарап өнеркәсібінде пайдаланылады және тағамға қосылады. Киікоты – балды өсімдік, оны мал жемейді.
Сәлбен-Шалфей
Қолданылуы
Қызыл түсті түрі ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Қала көгалдандыруда да қызыл түсі үлкен қолданыста. Гүлзарларға және түбектерге де егеді.
Сәлбен - тауқалақай туысына жатады. Тұқымдасында 700-ге жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық жылы аймақтарында таралған. Біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы түрлері бар. Тропикалық аймақтарда ол көпжылдық өсімдік болғанымен, біздің климаттық жағдайда тек біржылдық гүлдер. Биіктігі 20-50 см аралығында. Молынан гүлдейтін кезі шілде айынан бастап алғашқы суық түскенге дейінгі аралық. Түріне қарай гүлінің түсі ақ, күлгін, күрең, қызыл, қызғылтым болады.
Иісі гүлдеген кезде пайда болады. Ұзын болып өседі, гүлдерінің түсі күлгін болады.
Ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар
Таралуы: Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Сазды, құмды аймақтар мен сулы аймақтарда да өсе береді, топырақ талғамайды.
Жемісі – жаңғақша.
Биіктігі 20 – 100 см
Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады.
Мамыргул-Сирень
Ақ мамыргүл
Басқаша “бөртегүл” деп аталады
Таралуы | Көбейтілуі |
Қазақстанда қалаларда, саябақтарда, бақшаларда және демалыс орындарында кәдімгі әсемдік үшін өсіріледі. | Бөртегүл жыл сайын тамырынан бірнеше жас өскін шығарады. Осы өскінді түбінен бөліп алып, оған жақсы сұрыпты қалемшені жалғау арқылы көбейтуге болады. Жаз айларында көлеңке жерде, күзде ашық алаңда қалемшелеп көбейту керек |
Биологиялық сипаттамасы: Бүтін жиекті жалаң жапырақтары сопақша жұмыртқа тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 5-10 см, ені 4-7 см. Сыпыртқы гүлшоғыры төбе жағына қарай бүйір, кейде соңғы бүршіктерінде орналасады. Ұзындығы 1,5-2 мм болатын 4 тісшелі тостағаншасы конус тәрізді, тісшелері үшбұрышты әрі өте қысқа, тісшелерініің арасындағы ойықтары доға тәрізді. Гүлі ұсақ, жұпар тәрізді. Күлтесі көкшіл немесе ақшыл түсті, ұзындығы 1 см-дей болатын түтікшесі бар. Аталығы 2, жатыны қос үйлі. Сопақша келген төрт қырлы қоңыр түсті қауашағы қос жармалы, сырты тегіс әрі жылтыр, ұзындығы 1-1,5 см. Тұқымы қабысыңқы, сыртында жарғақты жіңішке айдаршалары бар.
Гүлдеуі: Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді.
Қолданылуы: Гүлінің құрамында эфир майы мен глюкозид және тер
шығаратын, ауруды басатын қасиеті бар.
Биіктігі 2-8 м.-дей,
жасыл түсті, бір жылдық
бұтақты өсімдік, зәйтүндер тұқымдасына жатады
Күлгін мамыргүл
Лавр жапырағы
Мәңгі жасыл болып тұратын лавр ағашының не бұтасының кемірілген жапырағы.
Тағамдық мақсатта қолданылатын хош иісті өсімдік
Лавр жапырағын жабық ыдыста құрғақ жерде сақтау керек. Ол тағамға өзіндік дәм, иіс береді. Оны сорпаға, қой, сиыр еттеріне, фаршталған балыққа, маринадқа, соусқа қосады. Әдетте лавр жапырағын сұйық тағамдарға су не 5 минут, қою тағамға 10 минут қалғанда салады. Лавр жапырағын салған тарамды көп қайнатса, қышқылтым дәм пайда болады
Хош иісті Лаврдың қолданылуы
Таралуы: Қазақстанның Батыс пен
Шығыс Қазақстан аймақтарында өседі.
Ас дайындағанда Лавр өсімдігінің қысқа бүршікті, хош иісті және ашқылтым дәмді жасыл жапырақтары аса бағалы.
Аскөк
Тағамдық мақсатта қолданылатын хош иістілерге жататын өсімдік.
Қазақстанның барлық жерінде дерлік кең таралған, әрі қолдан өсіріледі
Аскөк өсімдігінің құрылысы
(сабағы, жапырағы, тұқымы мен
жемісі)
Қазақстанда иісті Аскөк өседі. Оның сабағының биіктігі 40 – 120 см болады, бұтағы тік келеді. Өткір хош иісті. Жапырақтары жіңішке, үшкір, көп тілімді, түсі жасыл. Гүлдері майда, ашық сары, қос жынысты. Тұқымдары ұсақ сопақша, түсі сұрғылт қоңыр, тұқымының айналасы жұқа қатпарлы қабатпен көмкерілген. Аскөк құнарлы топырақта 2 – 3 жыл бойы өседі.
Жасыл жапырақтарында аскорбин қышқылы, каротин, хош иісті дәм беретін эфир майлары бар. Аскөк тұқымын күзде немесе ерте көктемде 10 – 12 күн аралығында, бірнеше қайталап себеді.
Жапырақтарын биіктігі 15 см-ге жеткенде
25 – 30 күннен кейін,
ал тұқымдарын 80 – 120 күннен
кейін жинап алады.
Шегіргүл
Тұқымы
Шегіргүл
Бау-бақшалық хош иіс шығаратын өсімдік
| Сабағы тік, жапырақтары кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді. |
шегіргүл тұқымдасына жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік.
Қазақстанның барлық аймақтарындағы шалғынды жерлерде, тауаралық шалғынды алқаптарда өседі
Жыраларда өсетін 31 түрі бар.
Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді, эфир майы алынады
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.