Есімше
Оценка 4.7

Есімше

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
чтение
6 кл
18.04.2019
Есімше
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Есімшенің ерекшелігін, жасалу жолын, түрленуін меңгерту. Тәрбиелік: Мақал-мәтелдер арқылы ұйымшыл болуға, өзін сыйлап, өзгені тыңдай білуге, үлкенді сыйлай білуге, саналы түрде білім алуға баулу. Дамыту: Өздігінен ізденіп, білімді меңгеруге, ақпаратты ой елегінен өткізе отырып, қабылдай білуін дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау, шығармашылық жұмысы Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кесте, оқулық Пәнаралық байланыс: әдебиет
есімше.docx
Сабақтың тақырыбы:       ЕСІМШЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСАЛУЫ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Есімшенің ерекшелігін, жасалу жолын, түрленуін меңгерту. Тәрбиелік: Мақал­мәтелдер арқылы ұйымшыл болуға, өзін сыйлап, өзгені тыңдай білуге,  үлкенді сыйлай білуге, саналы түрде білім алуға баулу.  Дамыту: Өздігінен ізденіп, білімді меңгеруге, ақпаратты ой елегінен өткізе отырып,  қабылдай білуін дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап,түсіндіру,талдау, шығармашылық жұмысы  Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кесте, оқулық Пәнаралық байланыс: әдебиет Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын тексеру. Етістіктен өткендерді пысықтаулар үшін сұрақ­жауап әдісі арқылы тексеріледі 1. Етістіктік дегеніміз не? Сұрақтарын ата.  2. Жасалу жолдары. 3. Салт және сабақты етістіктер.  4. Болымды, болымсыз етістіктер. Мысалдар келтіру. 5. Етіс туралы алған білімдерін жаттығу жұмыстарына назар аударылып,  материалды қаншалықты меңгергендіктері анықталады. III. Жаңа сабақ. Жаңа сабақ бастамас бұрын жаңа топ құру (қалам арқылы 2 топқа бөлу).  Күн ретін, жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жаздыру (слайд). Жаңа сабақты сатылай кешенді талдау үлгісі арқылы түсіндіру (слайд).  Есімше, жасалуы  Жұрнақтары: ­ған, ­ген, ­қан, ­кен, ­атын, ­етін, (үндестік заңы) ­йтін, ­йтын, ­мақ, ­мек, ­бақ, ­бек, ­пақ, ­пек, ­ар,­ер, ­с, (­тұғын). Ерекшелігі: әрі есім сөздер сияқты түрленеді, әрі етістік. Мысалы: Асыл бұл кітапты  бірнеше рет оқыған. Оқыған адам озады. Мысалдар: кел­ген, сөйле­йтін, жаз­бақ, бар­ар Болымсыз етістіктен соң – с жұрнағы жалғанады: келме­с, түсінбе­с , т.б. Болымсыз мағына беру үшін емес, жоқ сөздері тіркеседі: келген жоқ, баратын емес. Есімшенің есімше аталу себебін нақтырақ айту Себебі, есімдерше түрленіп есім қызметін және жіктеліп есім қызметін атқарады. Тақтадағы мысалдардың мағыналарын ашып, есімшелерді табу. Құрамына қарай талдау  (слайд). • Адам болатын бала алысқа қарайды. • Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, Шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес. • Ақылмен алтын табылар, Алтынмен ақыл табылмас. Мысалдарды дәптерге жазып алу, есімшелердің астын сызу. IV. Сабақты бекіту а) Оқулықпен жұмыс. 251­жаттығу 1 топ: Жырдан түсінгендерін айту. Түсінгенге сөздерім Құлағына хат болар. (морфологиялық талдау) Айтқанын деген сөзге математикалық талдау 2 топ: Есімшелерді табу. Сақилықтың белгісі – халықтың қамын көздеген. (синтаксистік талдау) Қалағандар сөзіне фонологиялық талдау Автор туралы түсінік Ақтан Керейұлы – 1850 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген ақын. Шығармалары: өмір мәні туралы философиялық ақыл­нақылдық терме­толғаулар. Ақтан жырлары ойнақы,  ойлы да отты бейнелі сөздерге бай. («Замана жайында», «Тыңдасаңыз сөзімді») Ә) Сергіту сәті. Әр топ әдебиет пәні бойынша жаттаған ақындардың шығармашылығынан екі жол үзінді  жатқа айтады, сол үзіндінің ішінде есімше тұлғалы сөз болуы қажет. Оны екінші топ  оқушылары табу керек. Б) Шығармашылық жұмыс. 1 топ өлең құрастыру (есімшелер болу керек) 2 топ «Қыс келбеті» деген тақырыпта мәтін жазу (есімшелер болу керек) В) Келесі топтық тапсырма мынадай (қолымдағы үлкен қағазға сызылған кестені  көрсетіп): әр топ кестенің бос жапырақшаларына есімшенің жұрнақтарын жазып толтырады да, әр жұрнаққа лайықты бір мақал­мәтел жазып көрсетеді және қорғайды.   Г) Терме диктант Мәтіннен есімшелерді теріп жазу Қазақ халқының ән өнері Қазақ халқы әнге бай. Біржан сал, Ақан сері, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай тағы  басқа әнші­композиторлар өшпес рухани байлық қалдырған. Ұрпақтан­ұрпаққа  жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлаған. Қазақ мерекесі, қазақ мәжілісі, ырымы, дастарханы мен отырысы ешқашан ән мен күйсіз өткен емес. Ән –  адамның ой­сезімін білдіретін, тәрбиелейтін өнер жанры. Ән адамды қуантатын,  мұңайтатын, жылататын өнер. Біздің заманымыздың композиторлары: Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза  Жұбанова, Шәмші Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуов, Ескендір  Хасанғалиев т.б. тамаша әндер жазған. V. Сабақты қорыту Екі топқа әріптер жазылған парақшалар тарату. Ол әріптерден сөздер шығару. Сөздерден 2 топ бірігіп сөйлем шығару. «Таңғалдырған ұлыларды ана тілім» . Бұл тақырыпты қай жерден кездестірдік? Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігінің тақырыбы екенін айтып, мағынасын ашу. Қазақ тілінің құдіретілігін,байлығын,әуезділігін көркемдігін айтып тұр. Осы жерден есімшені таптыру. VI. Үйге тапсырма 250­жаттығу(ауызша) 252­жаттығу, тапсырмалары бойынша орындау Есімше және оның жасалу жолдарын оқу VII. Бағалау. Фишкалар арқылы

Есімше

Есімше

Есімше

Есімше

Есімше

Есімше

Есімше

Есімше

Есімше

Есімше
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.04.2019