Эссе на тему "Мой взгляд на обновленное содержание образования"
Оценка 4.9

Эссе на тему "Мой взгляд на обновленное содержание образования"

Оценка 4.9
Повышение квалификации
docx
математика
Взрослым
20.06.2019
Эссе на тему "Мой взгляд на обновленное содержание образования"
Данное эссе я написала после похождения курса " Обновленное содержание образования". Здесь я делюсь с моимими взглядами об обновленном содержании образования, а также о качестве пройденного мной курса. В материале говорится, что обновленное содержание образования позволяет учащимся самообразовываться, самореализоваться. Ученик учится оценивать свою работу самостоятельно, что позволяет ему самостоятельно устранить свои ошибки.
эссе.docx
Абдрахимова Гульнара Сайлауовна                             Математика пәнінің мұғалімі                             №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы                              мектеп­гимназиясы                             Қордай ауданы, Қордай ауылы                             abdrahimova.gulnara@mail.ru Курстан өткеннен кейін менің Жаңартылған білімге деген көзқарасым « Елді түзетуді бала оқыту ісін                                                                                                       түзетуден бастау керек »                                                                                                                          А. Байтұрсынов.    Қазіргі таңда тәуелсіздігімізді баянды ету жолдарында біздің мемлекетімізде білімнің  маңыздылығы жоғары бағаланып, барынша қолдау көрсетілуде. Мемлекетіміздің білім  беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек  ұрпақтың сұранысын қанағаттандаратын бағдарлама. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев  айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту  үрдісінің технологияландыру мәселесін қойды. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты –  бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, мұғалім – оның жүрегі.     Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл  облысының Тараз қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептерінде» Педагогикалық  шеберлік орталығының ұйымдастыруымен математика пәнінің мұғалімдерінің  біліктілігін арттыру курсы өтті.  Курсқа алғаш куннен бастап, көкейде жүрген көп  сұрақтардың жауаптарын алдым, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен,  ерекшелігімен таныстым. Бұл оқудың мақсаты – жаңартылған білім мазмұнын біздің  еліміздің болашағы балаларды тәрбиелеуде дәріс алып отырған мұғалімдердің пайдалана білуін дағдыға айналдыру. Математика пәніне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу  мақсаттары білім алушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап  етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған  бағдарлама. Жаңа бағалау жүйесі, яғни қалыптастырушы бағалау және жиынтық  бағалау, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуына мүмкіндіктер ашады  деп ойлаймын. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын ( тыңдалым, айтылым,  оқылым, жазылым) жетілдіруге бағытталғанын бағдарламаның құрылымын, мақсат­ міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогиклық тәсілдерді, оқу мақсаттарына жетуде  критериалдық бағалау жүйесін қолдануды енді толыққанды түсінгендеймін.   Қорыта айтқанда, жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының мәні – баланың  функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы мектепте алған білімін өз өмірінде  қолдана білуін қалптастыру. Бұл курсты өту барысында менің көкейге түйгенім:  алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында балалардың жүрегіне  жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, еліміздің азаматтары білімді де  білікті болады. Соның салдарынан біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.

Эссе на тему "Мой взгляд на обновленное содержание образования"

Эссе на тему "Мой взгляд на обновленное содержание образования"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.06.2019