Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы
Оценка 4.8

Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы

Оценка 4.8
Разработки уроков
труд
9 кл
11.04.2017
Еттен  дайындалатын тағамдардың классификациясы
Оқу ісінің меңгерушісі: Пәннің аты: технология Сынып: 9 «к» Кабинет: 203 Мұғалім: Мешелова Г.З Сабақтың атауы Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы Білімділік мақсаты: -таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау технологиясыментаныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: – күнделікті алған білімдерін, тағам дайындау шеберліктерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: – бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу. Сабақ түрі: практикалық сабақ. Оқыту әдісі: – көрсету, тусіндіру, уйрету. Құрал-жабдықтар: – кастрөл, ас тақтайшасы, пышақтар, тәрелкелер. Азық түлік: – ет, тұз, сәбіз, көк жуа (пияз), май жұмыртқа, ұн. Мақсаты Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық «Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Топқа бөлу Геометриялық фигуралар үлестіріледі Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады. Қызығушылықты ояту Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды. Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды. Сергіту сәті «Халықтар» биі Жаңа сабақ Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Зетханалық жұмыс: Етпен кеспе дайындау. Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш. Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз. Дайындау технологиясы: – қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз. Жұмыс барысы 1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді. 2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады. 3. Сорпаны отқа қояды. 4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу. 5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату. 6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру. 7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады. Ой толғаныс БББ кестесі Білем Білдім Білгім келеді Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады. Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.04.2017