Физика-ОГН-дидактика 1

  • docx
  • 07.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Физика-ОГН-дидактика 1.docx

  Қосымша 1           

Физикалық диктант.

  1. Өзінің бағытын үнемі өзгертіп отыратын ток ... /айнымалы ток/ деп аталады.
  2. Ом заңының формуласы .       Ii=Ui/R
  3. Жиілік пен сыйымдылықтың көбейтіндісінің кері шамасын /сыйымдылық резонанс/ деп атайды.
  4. Айнымалы токтың лездік қуатының формуласы.      P=I2R
  5. Индукциялық генератордың бөліктері ... /қондырғыш, щетка, ротор, корпус, турбина, сақина, генератор, статор/
  6. Активті индуктивті және сыйымдылық кедергілер тізбектей жалғағанда байқалатын резонансты ... /кернеу немесе тізбекті резонанс/ деп атайды.

 

         Қосымша 2

INSERT

Трансформатор – айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге  арналған электр приборы. 1878 жылы орыс өнертапқышы П.Н.Яблочков айнымалы токты трансформациялау (жіктеу) идеясын ұсынды. Ал 1882 жылы орыс өнертапқышы Н.Ф.Усагин трансформатор жасады. Трансформатор тұйық болат өзектен тұрады. Оған сым оралған екі катушка кигізіледі. Орамдардың біреуі бірінші орам айнымалы ток көзіне жалғанады. Оның орам санын п1 дейік. Бірінші орамның міндеті өзіне келіп жеткен айнымалы токты трансформатордың екінші орамына жеткізіп беру. Екінші орамның орам санын пделік. Ал екінші орам өзіне келген айнымалы токты не күшейтеді, не әлсіретеді. Ол орамының санына байланысты болады. Орамдар санының бір-біріне қатынасын          

          

                      N1 / N2=К  трансформациялау коэффициенті деп атайды.

 

    К>1 болғанда трансформаторлар төмендеткіш, ал К<1 болса жоғарлатқыш

   трансформаторлар болып табылады.

      Трансформатордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Бірінші және екінші орамдағы ток күші, кернеу мен орам сандарының арасында мынандай байланыс бар.

                             U1 /U2=I2/I1=N1/N2=K

  Бірінші ретті орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттік өзекшеде  айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегінде екінші ретті  орамдарды да тесіп өтетін болғандықтан осы орамдарда индукциялық ЭҚК-ін  туғызады. Егер екінші ретті орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тізбектен айнымалы ток өтеді. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзінің айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзінің айнымалы магнит ағынын туғызады.

  Екінші орамдардың туғызған магнит ағыны өзекшедегі толық магнит ағынын  кемітеді, бұл өз кезегінде бірінші ретті орамдардағы өздік индукция ЭҚК-інің кемуіне  алып келеді. Өздік индукция ЭҚК-інің кемуінен бірінші ретті тізбекте ток арта   бастайды да, қоректендіруші кернеудің мәні өздік индукция ЭҚК-іне теңескенде  жүйеде тепе-теңдік

орнайды.

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК)

ПӘК=P2/P1=I2U2/I1U1

      Бүгінгі күннің технологиялары ПӘК-і 97-98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкіндік береді. Электр энергиясын өндіретін жерде кернеуді трансформатордың  көмегімен 400-500 мың вольтқа дейін жоғарылатады да, тасымалдап жеткізген соң энергияны тұтынатын жерде керісінше өндірістік 220 вольтқа дейін кемітеді.

       Қазіргі уақытта трансформаторларда энергияның жиынтық шығыны 2-3%-тен аспайды. Адамзат қоғамының өмірін энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз, үйлегі көптеген электр құралдары, бүкіл өндіріс, өнімдерді өндеу, басқа да қажетті заттарды жасау технологиялары электр знергиясын қолдана отырып жүзеге асады.

 Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін әрбір топқа жеке тапсырма беремін.

I топ: Трансформатор туралы

II топ: Жүктемесіз трансформатор

III топ: Жүктемелі трансформатор

IV топ: Қазақстанда эдектр энергиясын жеткізу және пайдалану .

Оқулықтан осы тақырыпшаларды  оқып  шығады. Белгілі уақыт белгіленеді. Әрбір топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген тақырыпшаларды  түсіндіреді.  Түсіндіргеннен кейін мынандай сұрақтар ға жауап береді.

1.      Трансформатор деген не?

2.      Трансформаторды ойлап тапқан кім?

3.      Трансформатор құрылысы?

4.      Трансформатордың қызметі?

5.      Трансформатордың шартты белгісі?

6.      Трансформация коэффициентінің формуласы?

7.      Төмендеткіш және жоғарлатқыш трансформатор дегеніміз не?

8.      Трансформатордың ПӘК-інің формуласы?

9.      Электр желісінде энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар?

10.   Күн және жел энергиясы, артықшылығы мен кемшілігі.

 

1-топ:

Картинки по запросу электромагнитное реле рисунки и схемы

2-топ:

Похожее изображение

3-топ:

    Бағалау

Бағалау критерийлері:

 

Дескрипторлар:

Білу:  Трансорматордың не екендігін біледі,

Түсіну: Трансформатордың жұмыс жасау принципін түсіндіреді;

 Қолдану: Трансформатордың қолданылу саласына сипаттама береді

1.      Трансформаторға дұрыс анықтама береді

2.      Трансформаторға физикалық тұрғыдан талдау жүргізеді

3.      Суреттер бойынша жұмыс істеу принципін түсіндіреді

4.      Трансорматордың қолданылу салаларына сипаттама береді.