Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ ойыны».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тоғызқұмалақ ойыны туралы мағлұмат бере отырып мәтіннің мазмұның ашу.
2. Дамытушылық: оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау
шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойөрісін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын
арттыру сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген
қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақжауап, баяндау, талдау, мәнерлеп оқу, сұхбат.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы фильм, тоғызқұмалақ
тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу. Кезекшімен сөйлесу.
Оқушыларды түгелдеу.
— Бүгін кім кезекші?
— Ауарайы қандай?
— Сыныпта кім жоқ? т.б.
ІІІ. Жаңа тақырып: 1.Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін
«Тоғызқұмалақ» ойыны туралы видео көрсету. Оқушылардың
алдына мақсат қою: видеоны анықтап қараңдар және алдарындағы
кестені толтырыңдар.
Ойынның
аты Неше адам ойнайды? Ойынға керек заттар
2. Проблемалық сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындары бізді неге тәрбиелейді?
3.Аудиозписьтен мәтінді тындайды.
— Мәтін не туралы? (оқушылар түсінгендерін орысша айтады).
3. Жаңа сөздермен жұмыс:
а) таныс емес сөздерді сөзідк дәптерлеріне көшіріп жазу;
ә) дұрыс оқуды жаттықтыру;
б) сөздерге синоним, антоним, омоним сөздерін табу:
4.Синонимдер: шұңқырапан, арнаулы арнайы, мүмкінбәлкім, дерек мәлімет;
Антонимдер: мүмкінмүмкін емес;
Омонимдер: мәдениет – культурный, цивилизованный.
в) сөзтіркестер, сөйлем құрастыру;
5. Мәтінмен жұмыс:
Тоғызқұмалақ – тамаша ойын.
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда,
оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша,
оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен
ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы секілді арнаулы тақтада ойналады. Бұл ойын терең ойды
талап ететін Оның тақтасы ерекше. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып
ойнайтын болған. Тақтаның шұңқыры, қазаны бар.
Тоғызқұмалақ математикалық ойын. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып
қалған мәдениет үлгілерінің бірі – тоғызқұмалақ ойыны.
Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азиада кеңінен тараған (топтық жұмыс) әр топ өз
абзацтағы мәтінді оқып аударады және атайды.
Жоспар.
1. Тоғызқұмалақ ойының тарихы. 2. Ойынның ережесі.
3. Тоғызқұмалақ математикалық ойын.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту: Сұрақтарға жауап беру:
— Тоғызқұмалақ қандай ойын?
— Қай жылдық кезеңді қамтиды?
— Өткен ғасырларда тоғызқұмалақ қай жерлерде кең тараған ойын болатын?
— Тоғызқұмалақ қайда ойналады?
— Бұрынғы кезде қалай ойнаған?
— Тоғызқұмалақ нені талап етеді? т.б.
Қорытындылау: Тоғызқұмалақ ол қазақ халқының ең бір қызықты ойындарының
бірі. Бұл ойынды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қырдың
тоғызқұмалақ, дойбы сияқты ойындарына көп уақыт бөлетін, қызықтап
қазіргі уақытқа дейін мұражайда сақтаулы тұр.
V. Қорытындылау: Семантикалық картаны толтыру:
дұрыс бұрыс
1. Тоғызқұмалақ еліміздің дәстүрлі ойыны. +
2. Ойынның тарихы 5 мың жылдық кезеңді қамтиды. +
3. Тоғызқұмалақты арнаулы тақтада ойнайды. +
4. Тоғызқұмалақ шапшандықты талап етеді. +
5. Тоғызқұмалақ ойыны Орталық Азияда кеңінен тараған. +
— Қандай ойын түрімен таныстық?
— Тоғызқұмалақ ойыны бізді неге тәрбиелейді?
— Тоғызқұмалақ ойыны сендерге ұнай ма?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үй жұмысы: 1. Жаңа сөздерді жаттау Дене шынықтыру
Тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының жүрісі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау
қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой өрісін толық дамыту және компьютерлік
сауаттылықа, ұқыптылыққа, дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға
Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта,
сананы қалыптастыруға бейімдеу.
Керекті құрал жабдықтар: 1. Тоғызқұмалақ тақталары,
Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс
Сабақтың жоспары: I. Дайындық бөлімі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Тоғызқұмлақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған? Қазақ
өкілдерінен кімдер ойнаған? Тоғызқұмлақ спортшыларынан кімді танисың? Тоғызқұмалақ ойынын
қай елдер ойнайды?
II. Негізгі бөлім:
Жана сабақ “ Ойын ережелері мен ерекшеліктері” “ Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының
ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” С.
Аманжолов
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау,
162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз тоғыздан
салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған
ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөтпес №2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын
ерекшеліктері деп атайды.
Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі
Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол
құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде
6 шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7 ші отауға жүрді делік, сонда 6 шы отау бос қалады.
Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі
құмалағы бар отауларының біріне (9 шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш
рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық.
Ойынды бастаушы 1 ші отаудан жүріп, қостаушының 2 ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.
( № 3 диаграмма )
Міне осы сәтте қостаушы 5 ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының
6 шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады.
Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен
құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір
ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық»
алуға болмайды.
Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының1 – ші
отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 ші отауымен 2 ші отауы аттас т. с. с.
Үшінші ерекшелік «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі
болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға»
ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады,
міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі
мысалға назар аударалық:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
2 2 80
Х 1 7 70
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ойынның қасиеті туралы.
Ойынның нәтижесі туралы айту.
Қорытынды:
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. Ережелерді есте сақтау, жаттығу.
Гимнастика
Гимнастика
Гимнастика
Гимнастика
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.