Заттың шығыны мен мөлшерін өлшеу. Жылу мөлшерін өлшеу
Дәрістің жоспары:
1.«Заттың шығыны» мен «заттың мөлшері» түсінігі. Шығын өлшеуіштері мен санауыштар. Өлшем бірліктері.
2. Тарылтатын құрылғылар. Тарылтатын құрылғының құралымдары (диафрагма, сопло, Вентури түтікшесі немесе шығын өлшеуіштік түтік).
Технологиялық процесті бақылау үшін басқа да шамалармен бірге заттың шығыны мен мөлшерін өлшеу қажет. Уақыт бірлігінде заттың шығыны құбыр қимасы арқылы өтетін заттың мөлшері. Заттың мөлшерін масса (кг, т) немесе көлем (м3, л) бірліктерінде өлшейді. Таңдап алынған бірліктерге сәйкес массалық және көлемдік шығынды өлшеулер жасалады. Қалыпты жағдайлардағы өлшеу нәтижелеріне алынған мәндерді келтіріп алады. Мұндай қалыпты жағдайдағы шарттар болып: температура , қысым Па (760мм сын.бағ.) және қатыстық ылғалдылығы саналады.
Белгілі бір уақыт аралығында (ауысым, сағат және т.б.) өтетін құбыр бойынша өтетін зат мөлшерін өлшейтін аспапты санағыш немесе мөлшер санағышы деп атайды. Санағыш арқылы өткен заттың массасы мен көлемін белгілі бір уақыт аралығындағы санағыштың басы мен аяғындағы екі көрсеткіштің айырмасы бойынша анықтайды.
Заттың шығынын өлшеуге арналған аспапты шығын өлшеуіш деп атайды. Егер шығын өлшегіште санағышпен бірге интеграциялайтын құрылғы болса және ол бір мезгілде заттың шығыны мен мөлшерін өлшеуге арналса, онда ол шығын өлшегіш-санағыш деп атайды (мысалы, турбиналық шығын өлшегіш-санағыш ТУРГАС). Газды, сұйықты және будың шығынын өлшеуге арналған әдіске байланысты шығын өлшегіштің келесі түрлерін ажыратып қарастыруға болады: қысымның ауыспалы айырымы, қысымның тұрақты айырымы (төгілу шығын өлшегіші); ауыспалы деңгей шығын өлшегіші, электрмагниттік, жылдам ағындық және т.б.
Құбыр бойынша өтетін газдың, ауаның, судың және басқа да сұйық және газ тәріздес ортаның шығынын өлшеу үшін құбырдың тура бөлігіне тарылтатын құрылғы орнатылады. Тарылтатын құрылғы шартты түрде стандартты және стандарттық емес болып бөлінеді. Стандартты дегеніміз белгілі бір нормативтік құжатқа сәйкес орнатылатын және жасалатын құрылғы.
Стандартты тарылту құрылғыларына камералы және камералы емес диафрагмалар, сақиналық камералар арқылы қысымды алуға арналған соплолар, Вентури түтікшесі.
Диафрагмалар аса кең тараған және қарапайым тарылтатын құрылғы болып саналады. Оларды диаметрі 50мм кем емес дөңгелек құбырға орнату үшін пайдаланады. Диафрагманың негізгі бөлігі болып дөңгелек концентрленген саңылауы бар 1 жұқа болат диск саналады. Саңылауда кіру жағынан цилиндр қабатшаға ие, ал ары қарай ол 30-дан 450 бұрышы бойымен конус секілді болып бітеді. Болат диск 2 және 4 сақиналары арасында қысылған.
Камералық диафрагмаларда және статикалық қысымдарын алу диафрагмаға дейін және одан кейін 3 сақиналық камера көмегімен жүзеге асырылады, олардың әрқайсысы құбырдың ішкі жағымен сақиналық саңылаумен немесе дөңгелек бойымен біркелкі таралған саңылау тобымен қосылады. Жиналған диафрагма құбыр фланецтерінің арасында орнатылып, фланецтік болттармен тартылады. Камералар диф.манометрге баратын түтіктермен жалғанады.
Камералы емес диафрагмаларда және қысымдарын алу 2 және 4 сақиналардағы жеке цилиндрлік саңылаулар 5 арқылы жүзеге асырылады, олар арқылы және қысымдары дифманометрге беріледі. камералық диафрагмалардың жетістігі болып жеке саңылаулар арқылы қысым алымына қарағанда ағынның жергілікті қозуы өлшеуді аз қателестіреді. Кемшілігі – жұмыста құбырға орнатуға қиындық туғызатын қалыңдығы және құбырдың үлкен диаметріне байланысты металдың көп шығыны.
Соплолар (түтікшелер) диаметрі 50 мм кем емес құбыр үшін қолданылады. Диафрагмаларға қарағанда, олар ластаулар мен коррозияға онша мән бермей, өлшеудің дәлдігін алуға жағдай жасайды.
Диафрагмаға қарағанда, түтікшеде модуль мен шығынның бір мәндегі қысым шығыны айтарлықтай аз болады. Орташа түтікшеде ағынның кіру жағындағы саңылауы дөңгелек болып келеді, ол шығу бөлігінде цилиндр тәріздес болып бітеді. Цилиндр бөлігінің шығу шеті тікбұрышты және тік болады. Түтікшеге дейінгі және одан кейінгі қысымды алулар сақиналық камералар арқылы немесе жеке саңылаулар арқылы жүзеге асырылады.
Вентури түтікшесін шығыны қысым болмаған жағдайда қолдану тиімді. Олар ағынның гидравликалық кедергісіне ие, яғни ағынның шығыны аз болады. Оларды диаметрі 50 мм жоғары құбырлар үшін қолданады. Вентури түтікшелері ұзын және қысқа болуы мүмкін. Вентури түтікшесінің ұзын түрінде шығу конусының үлкен диаметрі құбыр диаметріне тең, ал қысқа түрінде құбыр диаметрінен кіші болып келеді. Статикалық қысым алымдары сақиналық камера арқылы жүзеге асырылады. Алдыңғы (плюс) камера құбырдың ішкі бетімен сақиналы саңылау немесе саңылаулар тобымен қосылады. Артқы (минус) камера цилиндрлік бөлігімен диаметрі кем дегенде 3 мм болатын саңылаулар тобы (төрттен кем емес) арқылы жалғанады. Аса кең қолданыс тапқаны қысқа түтікшелер, себебі олар арзан, ал қысым шығымы ұзын түтікшелердегідей болып келеді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.