Конспект урока На тему Еңбек туралы мақал
Оценка 4.7

Конспект урока На тему Еңбек туралы мақал

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
русский язык
4 кл
20.11.2018
Конспект урока На тему Еңбек туралы мақал
Мақсаты: 1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету. 2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу. 3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 5 тапсырмда берілген диалог бойынша сөйлесу -Сен еңбек туралы мақал білесің бе? -Иә,білемін. -Қандай мақал білесің? -Мен Көз қорқақ , қол батыр деген мақал білемін. -Қандай жақсы мақал ! Бұл мақал қандай мағына береді? -Бұл мақал қиын жұмыстан қорықпау керек деген мағына береді
4сынып Еңбек туралы мақал.docx
Сынып ­4  Тақырыбы: Еңбек  туралы мақал  Мақсаты: 1. Оқушыларды мақал ­ мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету. 2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу. 3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілік: Мақал ­ мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет»,  «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар. Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ­ жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ой – қозғау,топтық жұмыс. Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер. Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану, ана тілі, дүниетану. Тәрбие сағатының барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Үлкенге де «Сіз» Кішіге де «Сіз» Бар адамға құрметпен Бас иеміз біз. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? «Еңбекқор» деп қандай адамды атайды? Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар? Ауа, су , тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске  түсетіні ­нан. Нан еңбекпен келеді.  Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен танысамыз:  Қорқу – бояться Қиын жұмыс – трудная работа Мағына – значение Еңбек – труд ­жаңа сөздерді оқу ; ­жаңа сөздерді оқушылар тізбекпен оқиды. ­Сөздік дәптерлеріне жазады . Оқулығымызды ашамыз 1­тапсырма бойынша оқып,қайталау. 5 тапсырмда берілген диалог бойынша сөйлесу  ­Сен еңбек туралы мақал білесің бе? ­Иә,білемін. ­Қандай мақал білесің? ­Мен Көз қорқақ , қол батыр деген мақал білемін. ­Қандай жақсы мақал ! Бұл мақал қандай мағына береді? ­Бұл мақал қиын жұмыстан қорықпау керек деген мағына береді. VI. Сергіту сәті: 6 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру . Сен мақал білесің бе?   Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді? V. Сабақты бекіту. Мұғалім: ­ Сонымен балалар, көктемде адамдар егін егіп, гүлдер, ағаштар отырғызып  жатыр. Оның бізге қажеті не? Ағаш отырғызбай­ақ қойсақ болмай ма? Оны еккеннен не  пайда? Оқушылар жауаптары тыңдалады. Мұғалім: ­ Осыған орай қандай мақал­мәтел бар? Жауап тыңдалады. Бір тал кессең, он тал ек. Мұғалім: ­ Мұны қалай түсінесіндер? Оқушылар жауаптары тыңдалады. VI. Сабақты қорыту: Оқушыларға еңбек туралы мақал­мәтелдің жалғасын айтқызып,  сабақты қорыту. (флипчарт)  Еңбек етсең ерінбей, ..........  Еңбек түбі ­ .............  Еңбектің наны тәтті, ................  Еңбек пен бақыт ­ ................  Ердің атын еңбек ...........  Мал – баққандікі, жер ­ ............  Еңбек ­ адамның көркі, адам ­ ........... VII. Бағалау: Оқушылардың жауаптарын бағалау. VIII. Үй тапсырмасы: мақал жаттау

Конспект урока На тему Еңбек туралы мақал

Конспект урока На тему Еңбек туралы мақал

Конспект урока На тему Еңбек туралы мақал

Конспект урока На тему Еңбек туралы мақал
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.11.2018