КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

  • Семинары
  • 22.02.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Кәсіпкерлік құқық ұғымы – құқықтың әртүрлі салалары нормаларын біріктіретін жан-жақты саласы. Кәсіпкерлік құқыққа қатысты оның мәні және құқықтық табиғатын түсіну үшін, негізгі үш көзқарасты бөліп айтуға болады: Бірінші – кәсіпкерлік құқық құқықтың дербес саласы болып табылады. Екінші - кәсіпкерлік заңының белгілі тұтастығын тануға негізделген. Осыған байланысты Ю.Г.Басин кәсіпкерлік құқық азаматтық құқықтың қосымша саласы, ал кәсіпкерлік заң заңның кешенді саласы ретінде әрекет етеді дегенді айтады. Үшінші – бұл жеке құқықтық және әртүрлі салаларға жататын (азаматтық құқық, әкімшілік құқық, халықаралық құқық, қаржы құқығы және т.б.) көпшілік-құқықтық нормаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы дегенді мақұлдайды.