Мақсаты: Студенттердің танымдық–тапқырлық дағдысын жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
Ғалымжанова Наргиз Уәлиханқызы, Есенгалиева Асель Нухкалиевна
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі,
Әлеуметтікгуманитарлық бөлім, Құқықтану мамандығы
Кәсіпкерлік құқық ұғымы – құқықтың әртүрлі салалары нормаларын
біріктіретін жанжақты саласы. Кәсіпкерлік құқыққа қатысты оның мәні және
құқықтық табиғатын түсіну үшін, негізгі үш көзқарасты бөліп айтуға болады:
Бірінші – кәсіпкерлік құқық құқықтың дербес саласы болып табылады. Екінші
кәсіпкерлік заңының белгілі тұтастығын тануға негізделген. Осыған байланысты
Ю.Г.Басин кәсіпкерлік құқық азаматтық құқықтың қосымша саласы, ал
кәсіпкерлік заң заңның кешенді саласы ретінде әрекет етеді дегенді айтады.
Үшінші – бұл жеке құқықтық және әртүрлі салаларға жататын (азаматтық құқық,
әкімшілік құқық, халықаралық құқық, қаржы құқығы және т.б.) көпшілік
құқықтық нормаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы дегенді
мақұлдайды.
Кәсіпкерлік құқық курсын оқытудағы мақсат – кәсіпкерлік құқық пәні
бойынша теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу.
Кәсіпкерлік құқықтың негізгі міндеті – кәсіпкерлік құқық саласы
бойынша теориялық білімді жетілдіріп, тәжірибе жинақтауды қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлік құқық саласындағы құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдана білу
қабілетін қалыптастыру қажет.[6]
Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда
немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.
Кәсіпкерлік табысты, бір жақтан, кәсіпорынның табысын бөлудің қорытынды
нәтижесі деп, екіншіден, кәсіпкерлік қабілеттердің нәтижесі болғаны үшін сыйлық төлем деп қарауға болады. Пайда – кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз
ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін
дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді
атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік
ұйымы. Өндіруші адамдардың сатып алу себептерін білуі қажет, оларда тауар,
оның бағасы, ынталандыру формалары және жарнама туралы ақпарат болуы
керек. Сатушы тауарды түйсікпен қабылдауға ғана әсер етпейді, сатып алу
туралы шешімге ықпал етеді. Сондықтан да сатып алу актісіне жағымды әсер ету
үшін тұтынушы нені, қашан, қай жерден сатып алу керектігі туралы шешім
қабылдауына жарнаманың алатын орны ерекше. Кәсіпкер
қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол
– кәсіпкерлік
тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Тұтынушы –
кәсіпкерлік үрдістің индикаторы рөлін орындайды. Оның себебі, кәсіпкер
қызметінің нәтижесі, тек дайын өнімді сатып алатын нақты тұтынушының оң
сараптамалық бағалауынан кейін ғана жүзеге асырылады. [9]
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы
«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ,
РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына жолдауынан...
Кәсіпкерлер, іскер азаматтар! Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді
дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жасады. Бүгінгідей сын
сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік артылады. Жекешелендірудің жаңа
легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер.
Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған»
әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек.
Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды. Мен кәсіпкерлер табына,
барлық ауқатты қазақстандықтарға, барлық бизнесмендер мен іскер адамдарға
сөз арнағым келеді. Мемлекет жекешелендіру мен экономикалық ырықтандыру
бойынша біздің тарихымызда бұрынсоңды болмаған қадамдарға барып отыр.
және іскерлік
Еліміз қазірдің өзінде көпшіліктеріңізге ақша табуға
журналдардың бірінші беттерінен көрінуге мүмкіндік берді. Мен сіздерді
капиталдарды заңдастыруға, жекешелендіру тендерлеріне белсенді қатысуға
шақырамын. Осылайша сіздер өздеріңізге және Қазақстанға, барша халқымызға
жәрдемдесетін боласыздар. [9]
«5 институттық реформасы бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары
2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Парламент Ұлт жоспарын
заңнамалық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Шағын және орта кәсіпкерлік
үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен
денсаулық сақтау жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға,
біздің экономикамызға қосымша төзімділік береді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. «Бизнестің жол картасы
– 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық
– Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты
Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі
стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарламаның
мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік
кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар
бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс
орындарын құру болып табылады. Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын
болады:
1ші кезең 20102014 жылдар аралығында. Яғни 2010 жыл Бағдарлама
міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнесбастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт
бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж .
міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар
шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.
2ші кезең – 20152020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау,
шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске
асырылатын болады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті
қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:
агро өнеркәсіп кешені; кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық
қызметтер; жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару; құрылыс материалдары мен
металл емес өзге минералды өнімдер өндіру; металлургия, металл өңдеу, машина
жасау; өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару;
электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және
тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту,
қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау);
көлік және қойма қызметі; туризм; ақпарат және байланыс; кәсіби, ғылыми және
техникалық қызмет; білім; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер; өнер,
көңіл көтеру және демалыс; қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке
пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы. 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет
басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға
Оның басты мақсаты – мықты
дейінгі даму стратегиясы таныстырылды.
мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде
берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында
болуы. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті
ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: 1. Жаңа бағыттың
экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жанжақты қолдау. 3.
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке
жауапкершілік. 4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің,
кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. 5. Мемлекеттілікті одан әрі
нығайту және қазақстандық демократияны дамыту. 6. Дәйекті және болжамды
сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық
қауіпсіздікті нығайту. 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
Тәжірибелік сабақтар оқу үдерісінің қажетті элементі болып табылады.
Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – дәрістен алған білімді тереңдету, ұлғайту,
кәсіби маңызды білім мен машықты қалыптастыру. Тәжірибелік сабақтар заңи
терминологияны меңгеруге,сөйлеу мәдениетін және кәсіби ойлау қабілетін
дамытуға көмектесіп, оралымды екі жақты байланыстың құралы болып
табылады. Теориялық сабақ (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір
құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жанжақты,
толық мағлұмат беретін сабақтар. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір
бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды.
Тәжірибелік сабақтарға қарағанда теориялық сабақтар белгілі бір пәнде терең
бағытталған. Теориялық сабақтар білімалушыларды оқутанымдық қызмет
барысында дербестік танытуға бағыттай отырып, білімді нығайтуға көмектеседі.
Қорыта айтар болсақ, кәсіби құзыретті болуымыз үшін теориялық сабақтан
алған білімімізді тәжірибеде оңтайлы ұштастырып, шеберлікпен пайдалана
алуымыз керек. Себебі бүгіннің күннің басты қайнар көзі – білімді де білікті
ұрпақ. Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995 ж
2. Аташева Д.О. “Шағын кәсіпкерлік: тәжірибесі, өзекті мәселелері және
дамуын кешенді бағалау” 2004 жыл.
3. Асан Д.С. “Экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің
механизмдерін жетілдіру” 2006жыл.
4. Иманбаева А. “Оқу тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі”, Қазақстан
мектебі 2000жыл.
5. Киздарбекова А.С; Асетова Г.Б. Кәсіпкерлік құқық, ОҚУЛЫҚ, Алматы,
2011
6.Кулбаева М.А.
инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері” 2009 жыл.
“Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің
7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми сайты/akorda.kz
9. Сейдахметов А.С, Елшібекова Қ.Ж, Ізмақанова А.Қ; Кәсіпкерлік,
Оқулық, Алматы, 2011
КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
КӘСІБИЛІЛІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ – КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.