Латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі неде?
Оценка 4.7

Латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі неде?

Оценка 4.7
Раздаточные материалы
docx
классное руководство +1
Взрослым
30.11.2020
Латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі неде?
"N19 қосымша білім беру мектеп-орталығы"КММ
Баяндама.docx

 

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№19 қосымша білім беру мектеп  орталығы » КММ

қазақ тілі мен әдебиеті

пәндері  мұғалімі М.Е.Ерсаинова

 

 

Латын әліпбиіне  көшудің қажеттілігі неде?

«Қазір  бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман», -деген  Елбасының  сөзі  көпшілікке үлкен ой салуда.  Осы орайда  бүгінгі күнде  халықтық  талқылауда  жүрген, ұлттық болмысты  айқындайтын өзекті мәселе- латын  әліпбиені көшу болып отыр.

Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында:  «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз  керек» деп келтірген болатын.

          Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі  кеңейте  түсуге  мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, сонымен қатар латын әріптерін менгерген жөн.

           Жазу — барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді  жалғастырушы, байланыстырушы  құндылықтардың бірі

·        Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

·        Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді.

·        Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.

·        Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.  Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым- қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

          Мұндағы  мақсат:   латын  әліпбиінің  бүгінгі  күнгі  маңызы  мен оқытылуы  және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру болып табылады.

           Көтерілген   мәселе   бойынша   ұстаздар  қауымы бізді қашан үйретеді деп емес, қандай үлес қосамыз деген оймен, мектеп оқушыларын  да оқытып, заман ағымына сай болулары туралы айтты.

       

  Қорыта келгенде, тілін сүйген, оны қадірлей білген адам өзін де, өзгені де, мәдени құндылықтарын да бағалай алады. Тілдік тұлға тілде бейнеленген ақиқатты қолданып қана қоймайды, тіл арқылы ақиқаттың өзін рационалды,

 

эмоционалды мақсатта бейнелейді. Сондықтан тілдік тұлға – өз санасында ақиқатты бейнелеуші ғана емес, оны санада қайтара жаңғыртушы қасиетке ие белсенді әрекет иесі.

Адамды, оның жан дүниесін тілінен тыс зерттеуге болмайды. Сондай-ақ, тілді де адам арқылы, адамның жан дүниесі арқылы зерттемей болмайды. Адам – өз сөзінің иесі, өз сөзінің қожасы болса, тілдің иесі де, қожасы да – халық. Тіл – халықтың мәдениеті мен қуатының көрінісі.

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 


 

КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Сондықтан тілдік тұлға – өз санасында ақиқатты бейнелеуші ғана емес, оны санада қайтара жаңғыртушы қасиетке ие белсенді әрекет иесі

Сондықтан тілдік тұлға – өз санасында ақиқатты бейнелеуші ғана емес, оны санада қайтара жаңғыртушы қасиетке ие белсенді әрекет иесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020