Тақырыбы: Мұғалім
әдебі-мұғалім мен оқушылар арасындағы
қарым-қатынас.
/ дөңгелек үстел/
Мақсаты: Мұғалімнің оқушылармен және
өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасай
білуіне, сыныпта іскерлік қарым-қатынасты
қалыптастыруға және мектеп оқушылары алдында өз
абыройын сақтай білу дағдысын дамытуға ықпал жасау,
психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету.
Топтық қарым-қатынас арқылы
ұйымшылдыққа, біріздікке бағыттау.
1.Кіріспе.
Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен
оның педагогтық әдебіне жатады.Жас ұрпаққа
білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны
мұғалімдер қандай болуы керек.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы,
парасатты,байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең,
жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны
сүйетін,өз ойын шәкірттеріне анық
тұжырымды,дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден,мұғалім өз оқушыларына беделді,
ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен
әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
I.Психологиялық тренинг «Кәнеки амандасайық»
Мақсаты: Өзара қарым қатынастың жайлылық жағдайын құру.
Шарты: қатысушылар шашырап жүреді.Жүрген кезде бір бірімен амандасады.Психолог бір шапалақ соққанда бастарын изеп амандасады,екі рет шапалақ соққанда қолдарын ұстап амандасады, үш рет қол соққанда құшақпен, төрт рет қол соққанда арқаларымен амандасады.
ІI. Түстер бойынша топқа бөлу
ІІІ. Пікір алмасу “Мұғалім әдебі деген не, сіз оны қалай түсінесіз?”
Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі. Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді.
Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдыңда жүреді. Қарым – қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс – тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл – ойының көрінісі.
Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады: 1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті; 2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі; 3. Мұғалімнің мимика және пантомимо ишараларын (жест) мәнерлі негіздері; 4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кірікттіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатты сөйлессе оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлеседі. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік әділдік, төзім мен сабыр сақтау қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам.
Қазіргі біздің заманымыздың 21 ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар мынадай: - Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман болу қажет; - Мұғалім білім негіздерін өз беттерінше оқып, үйренуге оқушыны баулуға міндетті; - Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; - Мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек; - Педагог әрқашан өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті;
ІV. Топпен жұмыс
Мұғалім «көшбасшы» ол қандай? Ондай мұғалім
оқушыларға қалай әсер етеді?
Ондай ұстаздан білім-тәрбие алған оқушы қандай
болмақ?
1-топ:Мұғалім- көшбасшы;
2-топ: Мұғалім компьютер;
3-топ: Мұғалім-қиналушы;
4-топ: Мұғалім- таныс, дос.
Әр топтың жеке жұмыстары біріктіріліп, жалпы қорытынды
шығару.
V. Жағдаяттан жол таба біл!
1-жағдаят: «Омардың ұялы телефонын Болат сабақ
үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап,
ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді.
Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай
әрекетін басқа жолы да байқап,ескертпелер жасаған
болатын. «Сен үшін менің телефонымды алып қойды» деп екі
оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып
келді»
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
2-жағдаят: «Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы
химия сабағында «Бұл пәннің болашақ
мамандығыма ешқандай қатысы жоқ, маған керегі
жоқ» деп кітабын сөмкесіне салып қойды.
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
3-жағдаят: « Әсет үнемі сабаққа
ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген,
бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа
дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары
жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді»
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
4-жағдаят: Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап
кеттіңіз.Бір уақытта оқушының қатты күлкісі
естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған
таңдана қарап едіңіз,ол сізге тіке қарап: «Сіз
сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім
келеді»,-деді.
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
VI. Кері байланыс. Бес саусақ
VII.Қорытынды
«Педагогика
теориясы канша жетік білгенімен, педагогикалық әдептің -
қыр сырын меңгермейінше. Педагогтың ұстаздық
шеберлікке қолы жетпейды.»
К.Д.Ушинский
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.