Математика "Масса"
Оценка 4.9

Математика "Масса"

Оценка 4.9
Лекции
docx
математика +1
1 кл
21.02.2018
Математика "Масса"
Бұл 1 -сыныптарға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Жоспар талапқа сай жаңа технология негізінде жасалды. Оқушыларға арналған көптеген жұмыс түрлері бар. Осы жаңа форматтағы сабағымды сіздерге ұсына отырып, тәжірибе алмасқым келді. Әліде жаңа форматтағы сабақ түрлерін саламын. Ендеше іске сәт әріптестер!Математика қысқа мерзімді сабақ жоспары.
сайтт.docx
Қысқа   мерзімді  жоспар.№ 11сабақ Оқу –ісі меңгерушісі:_______________  Тлепова Ш.Ж Сабақ тақырыбы:  Күні :24.01.2018ж Масса.  Мектеп: 9 Мұғалімнің есімі:  Қатысқандар саны:  Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық) уақыт шамаларын ажыратып  үйренеді; оларды өлшеудiң жолы мен құралдарын таңдай алады, өлшеуді үйренеді. Ресурстар: Тірек сөздер Сабақтың мақсаты: үлгі жасауға арналған қатты қағаз; қайшы; “Сөздер тақтасындағы” тірек сөздер жазылған парақшалар. ұзындық; масса; көлем Заттың ұзындығы, массасы мен көлемін олардың жартылай белгілі мәні бойынша  есептеп шығару дағдысының дамуына, осы шамаларды өлшеуге арналған  құралдарды таңдау дағдысын бекітуге, шамаларды өлшеу бірлігіне сәйкес  білімді қолдану дағдысының дамуына жағдай жасау. Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер Берілген   сабақ   бірінші   жартыжылдықта   өткен материалды  қайталауға   арналған.   Оқушылар   ұзын дық,   масса,   көлем   жөніндегі   білетін   түсініктерін бекітуге   арналған   тапсырмалармен   қатар   осы   түсі ніктерді   кеңейтетін   тапсырмаларды   да   орындайды. Бұл сабақта шамалардың мәнін есептеу мен олардың айырмаларын салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді. Кіріспе тапсырма. Оқушылар білімін жаңғырту үшін сабақ тақырыбы бойынша әңгіме жүргізіңіз, соңында төмендегі ұғымдарды еске түсіріңіз: ұзындық, масса, көлем — шамалар; сантиметр мен метр — ұзындықтың өлшем бірлігі; 10 см = 1 дм; килограмм — массаның өлшем бірлігі; литр — көлемнің өлшем бірлігі. Заттардың   ұзындықтары   қандай?   Берілген тапсырманы жалпы сыныппен орындаудан бастаңыз. Оқушылардан   суретке   анықтап   қарап,   өшіргіштің, қайшының   және   сызғыштың   ұзындығын   анықтауды өтініңіз. Оқушылар бұрын да сызғыштың ұзындығын анықтаған   болатын.   Алайда   осы   сабақтағы тапсыманың   ерекше   сипаты   мынадай:   ұзындықты өлшеу сызғыштағы 0 санынан басталмайды. Сөйтіп, оқушы  ларға   қадамдарды   сандық   сәуле   бойынша (сызғыш   бойынша)   басындағы   сан   мен   соңындағы санның арасындағы айырманы есептеп шығаруға тура келеді.   Әр   заттың   ұзындығын   анықтаған   соң оқулықтағы   сұрақтар   бойынша   әңгіме   жүргізіңіз. Содан   соң   жұппен   жұмыс   ұйымдастырыңыз. Оқушылардан  сурет бойынша жаңа сұрақтар құрап, Шығарып көр. Тапсырманы орындау үшін оқу шыларды  жұптарға біріктіріңіз. Олардан суретке мұқият қарап шығып,  қарбыз бен бір қап картоптың массасын анықтауды тапсырыңыз. Талқылау барысында оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1  кг) массасын есептеп, сосын қарбыздың (4 кг) массасын білуге  болатынын айтады. Бір қап картоптың массасын анықтауда  қиындықтар тууы мүмкін. Ондай жағдайда төмендегі  сұрақтардың көмегіне сүйеніңіз: — Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Тепе­ теңдік күйде.) — Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей? (Бір қап  картоп пен 1 қорап қант және қарбыз бен 2 қорап қанттың  массасы.) — Азық­түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан  бастап есептей аламыз? (2 қорап қант пен қарбыздан.) — Олардың массасы қандай? (6 кг.) — Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай. (6  кг.) — Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың  массасы қанша? Жауабы: қарбыз — 4 кг, 1 қап картоп — 5 кг. Ойлан. Бұл тапсырманы орындау үшін жұптық жұмысты  жалғастырыңыз. Шелектің сыйымдылығын анықтауды  тапсырыңыз. Тапсырманы орындауды үш кезеңге бөлуге болады: Құмыраның көлемін табу. (1 л.) Қазанның көлемін табу. (2 л.) Шелектің көлемін табу. (2 л + 2 л + 1 л + 1 л + 1 л = 7 л.) оның жауабын дайындауды сұраңыз. — Қай зат сызғыштан ұзын? Қанша сантиметр ұзын? — Қайшы қарындаштан қанша сантиметр қысқа? — Қарындаш өшіргіштен қанша сантиметр ұзын? — Өшіргіш пен сызғышты бір­біріне тіркестіріп көр. Екеуінің   жалпы   ұзындығы   қарындаштан   ұзын   бола ма? Неге? Оны қалай білдің? Жауабы: өшіргіш — 5 см; қайшы — 11 см; қарындаш — 14 см. Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Оқушыларға “Неге?”, “Оны қалай білдің?”, “Нелік  тен?”, “Сен қалай ойлайсың?” деген сұрақтарды  қойыңыз. Осындай және осы тәріздес сұрақтар  оқушыларды ойлануға, өз әрекетін бағамдауға,  қолданған тәсілді түсіндіруге ынталандырады, яғни  оқушылардың математикалық тілін дамытады. Жауабы: 7 л. Орындап көр. Берілген тапсырманы топтық жұмыстың  барысында орындаған жөн. Жұмыс басын да оқушылар  әрекетінің ретін түсіндіріп, артынша өз бетінше жұмыс жасауға  мүмкіндік беріңіз. Оқушылар аквариум, шыны құмыра мен  тостағанның үлгілерін дайындауы тиіс. Бұл суреттер немесе  геометриялық фигуралар болуы мүмкін. Үлгілердің сыртына  олардың көлемін жазуды тапсырыңыз. Жауабы: нұсқалары: бір рет 3 л және он жеті рет 1 л; екі рет 3 л және он төрт рет 1л; үш рет 3 л және он бір рет 1 л; төрт рет 3 л және сегіз рет 1 л; бес рет 3 л, бес рет 1 л; алты рет 3 л, екі рет 1 л; жиырма рет 1 л. Қосымша тапсырмалар Заттардың ұзындығын анықта. Өлшеу жұмыс тары оқушыларға  заттың ұзындығын сызғыштың көмегімен өздігінен анықтауға  мүмкіндік береді. Жауабы: қаламсауыт — 14 см; кілт — 6 см; қалам — 12 см. Заттардың массасын анықта. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау кезінде жұптық жұмыс нәтиже сінде қалыптасқан дағдыларын  қолданатын болады. Тапсырманы бірнеше кезеңге бөліп  орындау керек. Жауабы: кітап — 1 кг; сыйлық — 2 кг; қарбыз — 4 кг. Бағалау Оқушылар сабақ соңында:шамалар — ұзындық, масса, көлем жөніндегі білімін бекітеді;  антиметр мен дециметр — ұзындықтың өлшем бірлігі, килограмм — массаның өлшем  бірлігі, литр — көлемнің өлшем бірлігі екенін түсінеді; ұзындықты сызғышпен, салмақты таразымен, кө лемді өлшеуіш ыдыспен өлшейтінін  түсінеді; ұзындық, масса, көлемнің мәнін кейбір мәліметтер бойынша анықтауды меңгереді. Оқушылардың сабақ материалын меңгеру дең гейін анықтау үшін сабақтың барысында  байқау жүргізіңіз. Жұптық, топтық талқылауға назар ауда рыңыз. Талқылауға әр оқушының қатысуы керек. Олардың жауаптарын тыңдағанда нені түсінбейті нін анықтаңыз.  Қалыптастырушы бағалаудың қоры тындысы бойынша оқушыларға қандай көмек көрсету  қажеттігін анықтайсыз. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­йынша өзін­өзі бағалатыңыз.

Математика "Масса"

Математика "Масса"

Математика "Масса"

Математика "Масса"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.02.2018