МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ
Оценка 4.9

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

Оценка 4.9
Семинары
doc
математика
7 кл
21.01.2018
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ
Математика сабақтарында тесттерді қолдану.Тесттер түрлері.Оқушылардың білім сапасы,іскерлігін бақылау-оқу процесіне жан-жақты әсерін тигізетін фактор екені белгілі.Сабақта жеке оқушымен,жалпы сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстың түрі,мазмұны бақылаудың қандай түрде,қандай мақсатпен ұйымдастырылатынына тікелей байланысты. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті ,алдын-ала,қорытындылау деп бөлінеді.Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде ,соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.
использ тест.doc
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ С.Қ. Жүнісова   № 2 ЖОББМ  Павлодар қаласы Еліміздің  ертеңгі болашағы­жас ұрпақ.Оларға терең де сапалы білім берудің   тәсілдерін   қарастыру   бүгінгі   күннің   ­өзекті   мәселесі   болып отыр.Білім   беру   жүйесінің   алдына   қойылып   отырған   мақсат­дамыта оқыту,дәлірек айтсақ –оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету,Баланы ізденуге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.  Бұл   басты   мақсатқа   –проблемалық   және   бағдарламалық   әдістер арқылы   жетуге   болады.Дегенмен,проблемалық   оқыту   тәсілі   барлық тақырыпқа сай келмейді.Математиканы бағдарламалық әдіспен оқытудың өз сипаттары бар:1.оқу материалдарды кішігірім бөліктерге бөлу; 2.әрбір бөлім өтілгеннен кейін міндетті түрде бақылау жүргізу. Әр   мұғалімнің   басты   міндеті­оқушының   білімін   жүйелі   есепке алып,бақылау   жүргізе   отырып,білім   сапасын   арттырудың   үздік   әдістерін қарастыру. Оқушылардың   білім   сапасы,іскерлігін   бақылау­оқу   процесіне   жан­ жақты әсерін тигізетін фактор екені белгілі.Сабақта жеке оқушымен,жалпы сынып   оқушыларымен   жүргізілетін   жұмыстың   түрі,мазмұны   бақылаудың қандай   түрде,қандай   мақсатпен   ұйымдастырылатынына   тікелей байланысты. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті ,алдын­ ала,қорытындылау деп бөлінеді.Оқушылар білімі   мен   білігін   тексерудің түрлі   формаларының   ішінде ,соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру  алып отыр. Тест ағылшын сөзі ( test ) аударғанда  байқау,бақылау,зерттеу  деген мағынаны     білдіреді.Педагогикада     тесті   пайдалану   130   жылдан     астам уақытты   қамтиды.Жалпы, тест терминін 1890 жылы алғаш рет ғылымға енгізген американ психологы Дж.Кеттелл.  Ең алғашқы  тестіні  1864 жылы ағылшын   Джордж     Фишер,тестілеу     мәселесінің   теориялық   негізін   1883 жылы жасаған ағылшын психологы, Чарльз Дарвиннің  немерелес  бауыры Фрэнсис Гальтон.  Білім  деңгейін тест  арқылы  тексерумен айналысып  жүрген  ғалым­ педагогтар,тест­оқушылардың  өз­өзін  тексеруге  мүмкіндік ашатын  есеп беру,оқыту   әдісі  деп есептейді. Сондықтан  бұл   әдіс  сабақ   үрдістерін бір­бірімен   байланыстырып   қоймай, білімді   тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу  құралы  болып  отыр.Тағы   бір  тиімді  жағы  уақыт үнемделеді, оқушылар  қызығып, белсенділігі  артады. Жалпы тест  тапсырмаларының  әр  түрлі формасы бар.Олар:  1. Жабық формадағы тапсырма 2. Ашық формадағы  тапсырма 3. Сәйкестікті  белгілейтін  тапсырма және т.б. І.Жабық  формадағы  тапсырмалар:  ­ Бір ғана  ақиқат  жауапты  таңдау қажет  болатын тапсырмалар ­ Бірнеше ақиқат жауапты  таңдау қажет болатын тапсырмалар   т.с.с.   қамтиды.Мысалы: 1.Тапсырманың   жауабын   құрастыру     барысында   басшылыққа   алынатын қағидалар: ­ қайшылық; ­ қарама­қарсылық; ­біртектілік; ­ қамту. а)Қайшылық қағидасы:тапсырма жауабын бұл қағида бойынша құрастыру барысында бірінші жауап екінші жауап арқылы теріске  шығарылады. Сондықтан көп жағдайда жауаптың логикалық  схемасы «А  және  А емес» түрінде болып  келеді. ә)Қарама­қарсы   қағидасы:тапсырма   жауабы   бұл   қағида   бойынша құрылғанда   міндетті     түрде     бірінші   жауапты     екінші     жауап     жоққа шығаратындай  болу керек. Мысалы: 3,7,11,15,19,… сандарының  қатары : А) өседі         В) кемиді. б)Біртектілік  қағидасы:тапсырма жауаптары  ұғымды жан­жақты емес , біржақты  бағалайтындай  яғни ұғым белгілі  бір  көзқарас,белгілі бір бағыт бойынша ғана қарастырылады. в) Қамту қағидасы:бұл қағида  бойынша  тапсырма  жауаптарын  құрудың ерекшелігі  мынада.Бірінші  жауапты  екінші жауап,екінші жауапты үшінші жауап     ­   Шаршының…А)қарама­қарсы қабырғалары     тең;в)   қарама­қарсы   қабырғалары   мен   бұрыш­тары   тең; С)барлық    қабырғалары    мен  қарама­қарсы    бұрыштары    тең;  D)барлық қабырғалары мен  бұрыштары  тең. Бұл     жағдай     оқушыларды     қандай­да     мәселе     жайлы     толық     білім жинақтауға толық жауап беруге  үйретеді.Алайда, мұнда міндетті түрде ең соңғы жауаптың ғана  дұрыс  болуы  міндетті  емес. 2)Тапсырманың мазмұнын   құрастыру барысында басшылыққа   алынатын қағидалар:­фасеттік  қағидасы ; ­импликация қағидасы. а)Фасет     дегеніміз­бір   ғана     тапсырманың     әр   түрлі     нұсқада     жазылу формасы Осы қағиданың  негізінде  бір ғана  тапсырма  қиындығы  әр түрлі деңгейде құрылып оқушылардың   білім   деңгейлеріне   қарай   үлестірілуі мүмкін. Мысалы:   ­ ( 7, 9, 16, 80 ) саны  қалдықсыз                       А) 2­ге ; В)3­ке; С) 4­ке; D)10­ға ; Е) 7­ге бөлінеді. ә)   Импликация   қағидасы     бойынша     тапсырма     мазмұны     «Егер   …, онда…»формасымен   құрастырылады.Мысалы: ­1. Егер әр қосылғыш 5­ке бөлінсе ,онда қосынды …             А) 5­ке бөлінеді ;   В) 5­ке бөлінбейді.    ­2.Егер квадрат теңдеуінің дискриминанты  …….   болса, онда оның   екі шешімі  болады. бірнешеуін     Альтернативті     жауабы     бар     тест   :   шешу     кезінде   тұжырымдамаларға сәйкес   дұрыс   немесе   дұрыс емес мүмкіндіктерін   көрсету.Жауап «ия», «жоқ»   немесе   «+»,   «­»   түрінде     беріледі.Мысалы:   ­Квадраттық функцияның  графигі  гипербола деген  тұжырым  дұрыс па ? ….. ­Жұп   функцияның   графигі   у осіне   қарағанда   симметрия   болмайды деген  тұжырым  дұрыс  па ? Бірнеше ақиқат жауапты  таңдау қажет болатын тест  тапсырмалары. Тест тапсырмаларының мұндай  формасында  тексерілінуші  немесе  сынақтан өтуші жауаптардың   ішінен   дұрыс жауаптардың барлығын яғни ұсынылған   жауаптардың     таңдайды.   Сондықтан   бұл жағдайдағы нұсқау «Барлық дұрыс жауаптарды дөңгелектеп  қорша». Мысалы:   ­Уақыт     өлшем   бірліктері         А)   сағат   ;В)сантиметр;С)минут; D)секунд; Е) килограмм. ІІ.Ашық  формадағы  тест  тапсырмаларында: дайын  жауаптар берілмейді. Мұнда,оқушы  қажетті  жауапты  тауып,берілген  тұжырымға  қосып  жазу арқылы  ақиқат  немесе  жалған  пікір  алуға  тиісті.Мысалы:  ­1,2,3,4,5 сандары ­­­­­­­­­­­ сандар  деп  аталады.    ­   Көпбұрыштың     барлық     қабырғаларының   қосындысы     оның   ­­­­­­­   деп аталады. ­ Теорема : Ромбтың   диагоналдары     өзара       …..   болады   және   оның бұрыштарының  …. болып  табылады. ­Косинустар  теоремасы с2 =а2 ­   Синустар     теремасы:   Үшбұрыштың     бұрыштарының     синустары     осы бұрыштарға қарсы жатқан қабырғаларға …..  болады. Ашық формадағы тест тапсырмаларын құру   барысында   негізінен   бұған дейін   айтылған   қағидалар   алынады.Сонымен   қатар   мұнда     бұрыңғы қағидалар тобы тағы да бірнеше  қағидалармен толыға түседі. 1.Қайтымдылық  қағидасы.Мысалы: 1.Функцияның туындысын  табу операциясын …….  деп атайды. 2.Дифференциалдау дегеніміз функцияның ……..  табу  операциясы. Ашық  формадағы  тапсырмалар әр түрлі пікір ( анықтама,формула, заңдылық   (егер…,онда   ..   түрінде   т.б.   )   мысал,теорема   т.б.)   түрінде кездеседі. ІІІ.Сәйкестік   тестісі. Тапсырма   екі   баған   түрінде   беріледі,мағынасы мазмұны жағынан  сәйкестендіру. Функция                               Графигі                                      жауабы 1.у= ax2                                 1.түзу                                          1­2 2.y= k / x                               2.парабола                                   2­3  3. y= k x + l                           3.гипербола                                 3­1  4.x2+ y2= R2                           4.парабола                                   4­5 5.y = ax2 +bx +c                     5.шеңбер                                     5­4            6 y= x 3                                   6. кубтық парабола                    6­6 5 сыныпта «Санды  өрнектер. Әріпті өрнектер. Қосу мен көбейтудің   + b 2­ 2 ab …… ауыстырымдылық,   терімділік   қасиеттері.   Көбейтудің   үлестірімділік қасиетін   пайдаланып   өрнекті   ықшамдау.   Теңдеу»тақырыпты   тексеруге арналған келесі тест қолданамын.  А бөлімі А1.  Есептеңдер        72: 8                                     + 51                                      : 15                                        ∙ 9                                     + 14                                           ?         1) 40;      2) 50;      3) 41;        4) 51.  А2. Өрнектің  мәнін  анықтағанда  қандай  амал  ақырғы  орындалады               6728 ∙ 6 ­100000 : 20 +1800 ?           1) қосу;     2)азайту;     3) көбейту;  4)бөлу. А3.  Теңдеуді  шешіңдер :   х – 20 = 100          1) 120;     2) 80;      3) 5;       4) 2000. А4.  Егер  V=80 км/сағ және  t= 6сағ. тең болса, s = V t формуласымен          жолды   s анықтаңдар,               1) 48;         2) 420 ;        3) 480;        4) 45. А5.  Салыстырыңдар  :   11871   и  11859  1)білмеймін; 2) тең ; 3) бірінші  екіншіден  кем ;4)бірінші екіншіден  артық   В бөлімі  В1.  Тиімді  тәсілмен  есептеңдер :             4 ∙ 289 ∙ 25 В2.  Әлияның ойлаған санын   7­ге  көбейтіп, оған  9­ды қосқанда,         қосынды  58 –ге тең болды.  Әлия   қандай  сан  ойлады ?  В3.  Өрнекті  ықшамдап , мәнін  табыңдар, мұндағы  х = 2:         24х + 16 ­13х. В4.  Екі  жәшікте  75 кг алма бар .Бірінші  жәшіктегі  алма  екінші жәшіктен екі  есе  артық .Бірінші жәшікте  қанша алма бар ?   С бөлімі С1.  Өрнектің  мәнін  анықтаңдар :          208896 : 68 + ( 10403 ­ 9896) ∙204. С2. Ермекте   бірнеше бес  тенгелік   болды . Оған  сонша 1 тенгелік         қосқанда ,онда   барлық   ақшасы  72 тенгеге тең болды. Қанша          1тенгелік Ермек алды ? 7­сынып бойынша геометрия курсы бағдарламасына сай тест тапсырмасын ұсынамын.Ібөлім.Фигуралардың   қасиеті   мен   оларға   берілген   анықтама бойынша түрін анықтау:/ашық формадағы тест/ 1.Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі. 2.Бас нүктесі ортақ әр түрлі екі сәуледен құралған фигура. 3.Қандай да бір ұғымға түсініктеме беретін сөйлем. 4.Фигуралардың талқылаусыз қабылданатын қасиеттері туралы сөйлем. 5.Ақиқаттығы талқылау арқылы қабылданатын сөйлем. 6.Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. 7.Қиылыспайтын,яғни ортақ нүктесі жоқ түзулер. 8.Бір   түзудің   бойында   жатпайтын   үш   нүктеден   және   осы   нүктелерді қосатын кесінділерден тұратын фигура. 9.Тік бұрышты үшбұрышта тік бұрышқа қарсы жататын қабырға. 10.Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді. 11.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. 12.Берілген   нүктеден   бірдей   қашықтықта   жататын   нүктелерден   тұратын геометриялық фигура. 13.Шеңбердің центрін оның кез келген нүктесімен қосатын кесінді. ІІбөлім.Геометрия   курсы   бойынша   берілген   есептерді   шешу/жабық формадағы/ 1.Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең?        а) 300 ;   в) 450 ;    с) 600. 2.Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 7см, табаны 5 см.Периметрін тап.      а) 12 см ;    в) 17 см ;   с) 19 см. 3.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 42 дм.Қабырғасын тап.     а)21 дм;   в) 14 дм;   с)28 дм. 4. ∆АВС ;  А = 750,  В =370 ; С =?      а)1120;    в) 380;   с) 680. 5.Тең     бүйірлі   үшбұрыштың   бір   қабырғасы   25   см,екіншісі   10   см.Осы екеуінің қайсысы табаны болады ?     а) 25 см;  в) 10 см;  с)дұрыс жауабы жоқ. 6.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 13 м­ге тең,ал бүйір қабырғасы 5м­ге тең.Табанын табыңдар.     а)3м ;   в) 4м ;  с) 5м. 7. Бұрыштың биссектрисасы мен қабырғасының арасындағы бұрыш 520­қа тең.Бұрыштың  өзін табыңыздар.     а) 1280;    в)1040 ,    с)520. 8.Сыбайлас   бұрыштардың   градустық   өлшемдерінің   қатынасы     мынадай 11:25.Осы бұрыштарды тап.  а)110 және 250 ; в)550 және 1250; с)1100және 700. 9.Тік   бұрышты   үшбұрыштың   гипотенузасы   12   см.   Бір   бұрышы   300.Осы бұрышқа қарсы жатқан катет қаншаға тең? а)6 см;  в)12 см; с) 24 см. 10.Үшбұрыштың   қабырғалары   5см,11см,7см.Үлкен   бұрышы   750.Осы бұрышқа қарсы жатқан қабырғаның ұзындығын тап. а)11см ,в)5 см ; с)7см. Оқушылардың білім  дәрежесін  күнделікті тақырыпты немесе үлкен тарау өткеннен кейін,тоқсан немесе оқу жылы соңында тест арқылы сынақ өткізуге   толығынан   болады.Тестегі   тапсырмалар   саны   (   әдетте   8­10 тапсырма ) ол сыныптың деңгейіне  байланысты. Тест оқушылардың  білімін салыстыруға   ,мұғалім   әдістемесінде     жіберілген     олқылықтарды     ашып көрсетуге,білім беру   жүйесінде оқушылармен жеке   жұмыс жүргізуге ,әр түрлі оқу әдісін  салыстыруға мүмкіндік  туғызады.

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  ТЕСТІК БАҚЫЛАУ ҚОЛДАНУЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018