МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ РОЛІ
Оценка 5

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ РОЛІ

Оценка 5
Разработки уроков
doc
математика
20.01.2020
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ РОЛІ
Еліміздің тәуелсіздігі білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жолдарын іздестіруге, ал нарық оқыту мазмұнында түбегейлі өзгерістерге әкелді. Оқытудың ұлттық үлгісі қабылданып қана қоймай, оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге жол ашты.
Баяндама Гулсая матем.doc

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ РОЛІ

 

№ 54 негізгі мектебінің бастауыш класс мұғалімі Г.С.Кадиева

 

 

Еліміздің тәуелсіздігі білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жолдарын іздестіруге, ал нарық оқыту мазмұнында түбегейлі өзгерістерге әкелді. Оқытудың ұлттық үлгісі қабылданып қана қоймай,  оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге жол ашты.

Қазіргі уақыттағы білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – еліміздегі білім беруді және білім сапасын  халықаралық деңгейге көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, елімізді әлемдік білім кеңістігіне  кірістіру болмақ.

Пәнарлық байланыс – оқытудың қазіргі кезеңдегі үрдістерінің бірі.Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір – бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді.Пәнаралық байланыс меңгерген білімді кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады.Мектептегі пәндік жүйе бір – бірімен бөлек жатқан дүниелер емес, сондықтан пәндер арасындағы байланысты жүйелі түрде сабақ үрдісінде іске асыру арқылы олар бірін-бірі толықтырып отырады.

Пәнаралық байланыстың пайдалы бір жағы – ол бүкіл оқу  ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға,барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай:                     --әрбір жеке пәнді оқытқында басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;

-түрлі пәндерді оқытып уйренуде-өтілетін материалды уақыт жағынан үйлестіріп отыру;

-оқушылардың ғылыми теориялары мен заңдылықтарды игеру, олардың жинақтылығымен, әдістермен,дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру;

- жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру;

- оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою;

-оқушылардың бірдей пәнді оқып уйрену барысында оқушылар бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдална білуге әдеттендіру;

-әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу;

- әр пән сабақтарында оқытылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып,дұрыс диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру.

Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында  қазіргі күннің математика мұғалімі оқушыларды оқыту барысында математикалық материалды тек абстрактілі тұрғыдан  баяндаумен шектелмеуі тиіс.

Мектеп тәжірибесінде пәнаралық  байланысты жүзеге асыруда біршама қиындықтар кездесіп отыратыны белгілі.Осы қиындықтарға байланысты мұғалім оқушыларға олардың математикалық білімдерінің сабақтас оқу пәндеріндегі, практикадағы қолданбалылығын әрдайым көрсетіп отыруы керек.Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық,ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту,алған білімдерін жинақтау және оны тәжірибеде қолдана білу керек.

Сондықтан да оқу процесінде білім беру саласының бүгінгі жетістіктерін, оқытудың қазіргі технологияларын,оқу-құрал жабдықтарын, мультимедиялық және электронды оқулықтарды кеңінен қолдана білу керек.

 

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ РОЛІ

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ РОЛІ

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ РОЛІ

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ РОЛІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2020