Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы.
Оценка 4.9

Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы.

Оценка 4.9
Повышение квалификации
docx
администрации
7 кл—11 кл
03.12.2020
Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы.
Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы.
Мақала.docx

Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы

 

ШҚО Тарбағатай ауданы «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ-де «Жеті жұлдыз» желілік қоғамдастығы жоспарлы жұмыстар жүргізеді. 

          Тарбағатай аудандық «Жеті жұлдыз» желілік қауымдастығының құрамына ауданымыздағы 5 мектеп кіреді. Олар : «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ, «№2 Ақсу ат орта мектебі» КММ, «Ы.Кәбеков атындағы орта мектебі» КММ, «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, Аққала бастауыш мектебі, Жүнісқұлов бастауыш мектебі.

Қыркүйек айында желілік қауымдастықтың орталығы К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде жетекшісі педагог мастер Л.Ахметкалиеваның басқаруымен серіктес мектептердің біліктілік арттырудың деңгейлік курстарында сертификатталған мұғалімдері бас қосып, өткен оқу жылындағы жұмыстарға сараптама жасады. Өскемен қаласы  Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы сертификатталған мұғалімдердің облыстық «Үздік сындарлы сабақ» сайысына қатысып, жұмыстары  облыстағы үздік 10 сабақтың құрамына енген мұғалімдер Г. Болысова мен Л. Ахметкалиеваның іс-тәжірибелері таратылды. Сонымен қатар қоғамдастықты басқарушы топ, іс-шараларды ұйымдастырушы топ, зерттеуші топ, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші топ мүшелерін сайлады. Қоғамдастық жұмысының мақсаты мен күтілетін нәтижесін айқындап, жұмыс жоспарын жасап бекітті.

   Басқарушы топ мүшелерінің ұйымдастыруымен ең жақсы дидактикалық материалдар мен тренингтер топтамасын жинақтауға конкурс жариялап, үздік жұмыстар таратылды.  

2019-2020 оқу жылында қоғамдастық мүшелері педагог-зерттеушілер Ә. Мұхаметқажина мен Ә. Рахимова «Жетекші мектеп-жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» аймақтық форумына қатысып жетекші мектеп жұмысын таныстырып, «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ тірек мектебі ретінде Өскемен қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

  Педагог-новатор Ресчпубликалық ғылыми-әдістемелік журналына Л.Ахметкалиеваның «Сабақты зерттеу тәсілін іс-тәжірибегеенгізудің тиімділігі» тақырыбында, А. Рахимованың «Білім арттыру жүйесінде мұгалімнің кәсіби жаңашыдығы тақырыбындағы мақалалары жарияланды.

     Тірек мектебі ретінде магнитті мектептер арасында “Қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың бірлескен іс – әрекетін ұйымдастыру” тақырыбында вебинар жүргізілді.

Вебинар барысында серіктес мектеп мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ – тірек мектебінде әдістемелік көрсету мақсатында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы

Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы

Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы.

Мектептегі желілік қоғамдастық жұмысы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.12.2020