Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.
Оценка 4.9

Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.

Оценка 4.9
Разработки курсов
docx
чтение
Взрослым
05.04.2019
Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.
Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.Эссе.Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы ол – ардақты ұстаз Боранбай Сағындықұлы Исимов. Боранбай Сағындықұлы Успен ауданы Лозовой ауылының Лозов жалпы орта білім беру мектебінің директоры болған. Еңбегі де өте жоғары дәрежеде бағаланған. Оған мысал: «Құрмет белгісі» орденімен, «Үздік басшы» номинациясын жеңіп алған.
Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.docx
Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы. Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы ол – ардақты ұстаз Боранбай  Сағындықұлы Исимов. Боранбай Сағындықұлы Успен ауданы Лозовой  ауылының  Лозов жалпы орта білім беру мектебінің  директоры болған. Еңбегі  де өте жоғары дәрежеде бағаланған. Оған мысал: «Құрмет белгісі» орденімен,  «Үздік басшы» номинациясын жеңіп алған.  «Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір­біріне  деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын  шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған  адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытта  бейімдеп, көркейтеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды  айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез­қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек. Боранбай  Сағындықұлы басшылықпен қоса «Тарих» пәні мұғалімі мамандығын қатар алып жүрді. Мұғалімнің ой­өрісі кең, жан­жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз  еңбекқор, кез­келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым  мүшелері мен ата­аналар арасында сыйлы адам болған . Біз Боранбай ағамыздың сабағын асыға күтіп жүретінбіз, себебі, ағай біздің санамызға тарихи зерделеу  арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптастырды.  Тарих болып жатқан оқиғаларды жан­жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін  дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі. "Тарихсыз ­  халық жоқ" деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Өзінің бойындағы білімін,  тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытты,  өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындады. Шәкірт – ұстаздан  дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Ұстаз бен шәкірт арасындағы  осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім  мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.  Мысал ретінде  бірнеше оқиғаны еске түсірдім. Боранбай Сағындықұлы 1993 жылы қазақ  сыныбын ашты. Осы жылы мен 1­ші сыныпқа бардым. Қазақ сыныбы жаңа  ашылғанымен мұғалімдер жетіспеушілігі болды. Боранбай Сағындықұлы бізге  жағдай жасап, мұғалімдерді іздеп, оларға үй, көмек, жағдай жасаған. Кейін ауыл тұрғындары өз балаларын қазақ мектебіне беріп, өз ризашылығын білдерген.   Боранбай Сағындықұлының бірінші деңе шыңықтыру мұғалімінің оқуын   бітірген. 5­8 сыныпта оқып жүргенде әр­түрлі жарыстарға қатысытынбыз.  Шахмат, шашки ойнап жүлделі орындарға ие болдық. Мұғалім өз уақытын  балларға, яғни бізбен бірге өткізетін. Кешкі уақытында жастармен, ауыл­ тұрғындарымен хоккей ойының ойнайтын. Мектеп бітіргеннен кейін Павлодар  Мемлекеттік Педагогика институтына үш оқушы оқуға түстік. Боранбай  Сағындықұлы хал­жағдайымызды сұрастырып, өз көмегін ұсынатын. 2009 жылы  мамырдың 29­і күні реттеу комисиясы бізді әр ауылға жұмысқа жіберу туралы  жиналыс өткізді. Осы жиналысқа кірген кезде өз мұғалімімді көрдім. Ол кісі  бізді өз ауылымызға, өз мектебімізге қызмет етуге дайынбыз ба? деген сұрақ  қойды. Біз қуана­қуана өз ауылымызға қайтып, бүгінгі күнге дейін өз  жұмысымызды істеп жүрміз.Сонда ол кісінің айтқан сөзі Педагогикалық  жұмыспен шұғылданған адам үш дәуірді басынан өткізіп өтеді: ол кешегі, бүгінгі және келешек. Сондықтан да ұлағатты ұстаз Боранбай ағамыз секілді мен де  шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл  қасиеттерін үздіксіз ұялатып, жан — жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол,  ұлттық құндылықтарымызды құрметтейтін, бір — біріне сүйіспеншілікпен,  құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға  тәрбиелегім келеді.                                                                            Орындаған:Альсеитова И.Д.

Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.

Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.

Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.

Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.04.2019