Сабақтың тақырыбы: «Күлше қыздың арманы».
Ән-күй жетекшісі: Абдильманова Д. С.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Ән-күй сабағы.
Ересек тобы.
Мақсаты: 1. Балалардың музыкалық қабілетін жан – жақты дамыта отырып, музыканы тыңдатып, сипаттарын ажырата білуге ықпал ету.
2. Балалардың осы уақытқа дейінгі алған білімдерін, біліктілігін тиянақтап бекіту.
3. Эстетикалық сезімдерін оятып, балаларды әдемілікке, бауырмалдылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Кейіпкер: Күлше қыз.
Көрнекіліктер: слайд, қағазға жазылған тапсырма.
Қажетті құрал-жабдықтар: музыкалық аспаптар, банер.
Мотивациялық-
қозғаушылық: Көңілді әуенмен музыка залына кіреді.Амандасады.
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Қонақ апайларға
жылы лебімізді білдірейік.
(Келген қонақтармен
әуен арқылы амандасып, отырады)
Ұйымдастырушылық
-ізденістік: -Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.
Балалар сендер «Күлше қыз» ертегісін білесіңдер ме?
(Слайд арқылы «Күлше қыз» ертегісінен үзіндіні көрсету)
-Балалар көрдіңдер ме, Күлше қыздың өгей анасы
көп тапсырмалар беріп кетті.
(Осы кезде қолында табағымен тапсырмасы бар Күлше қыз ренжіп келеді)
Жетекші: -Сәлеметсің бе Күлше қыз!
Күлше қыз: -Сәлеметсіздер ме?
-Мен де кешкі балға барғым келеді, арманым еді баруға, бірақ өгей анамның берген тапсырмалары өте көп. Қалай үлгеремін? Не істеймін?
Жетекші: -Енді не істейміз?
-Балалар, Күлше қызға көмек берейік. Қалай қарайсыңдар?
Балалар: -Иә, көмектесейік.
Жетекші: Күлше қыз мына қолындағы жазылған тапсырмаларды маған бер. Біз балалармен бірге орындауға тырысып көрейік, ал сен табағыңдағы дәндерді тазалай бер.
( әр тапсырмаларды орындаған сайын оның балға баратын күймесі, аты, күйме жүргізушісі, киетін көйлегі, туфлиі, әшекей бұйымдары дайын болады)
1-тапсырма: -Балалар, біз музыканы не істей аламыз?
-Музыка қалай орындалады?
-Әуенмен қимыл-қозғалыс жасай аламыз ба?
Қимыл-қозғалыс: Балаларға марш, вальс, полька әуені ойналып, екпінін сезініп, шеңбер бойымен жүруді ұсынамын.
2-тапсырма: -Балалар, музыкада неше нота бар? (7 нота)
-Ноталар қайда орналасады? ( нота сызығында)
-Нотаның басты белгісін қалай атаймыз? ( соль кілті)
-Ноталарды айтып шығайық. ( до-ре-ми-фа-соль-ля-си)
-Ал, композитор деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( осы 7 нотамен ән жазады, күй шығарады)
Әуен тыңдау: Дәулеткерейдің күйі "Қос алқа"
-Балалар, күй қандай көңіл күйде ойналды?
-Кімнің күйі?
-Бұл шығармаға билеуге бола ма?
3-тапсырма: Слайдта күз, қыс, көктем суреттеріне байланысты қандай мерекелер, қандай әндер үйренгенін сұрау.
Жетекші: жұмбақ
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып,билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен,суретпен
(тәрбиеші)
-Тәрбиеші туралы ән білеміз бе?
-Кімнің әні?
Дауыс жаттығуы: «Жоғары барам, төменге түсем»
Ән айту: Қ.Сақай «Тәрбиеші».
4-тапсырма: Жұптасып, үдемелі айналуда өтетін биді қалай атайды? (вальс)
Би: «Вальс».
Күлше қыз: -Балалар мен міне дәндерді тазалап болдым, менің тағы бір жұмысым бар. Еденді жуып келуім керек. (Осы кезде Күлше қыз шығып кетеді)
5-тапсырма: Жалпы аспаптар туралы.
Ойын: «Қандай аспап?» Аспаптар дыбысын табу.
-Аспаптарды бір әуенге қосып ойнаса не дейміз?
-Оркестрді кім басқарады?
Оркестр: «Полька Анна»
Жетекші: Балалар Күлше қызға берілген тапсырмаларды орындап болдық. Оның балға киетін киімі де, баратын көлігі де дайын.
(Осы кезде сиқырлы әуенмен Күлше қыз келеді)
Күлше қыз: -Ой, керемет! Қараңдаршы, қандай тамаша! Сендер маған үлкен көмек жасадыңдар. Көп-көп рахмет! Маған көмектескендерің үшін сыйлығымды қабыл алыңдар.
(Сыйлықты таратып болғаннан кейін сағаттың соғылу дыбысы шығады)
Күлше қыз: Ал, менің кететін уақытым болды, сау болыңдар!
Рефлексиялық-
түзетушілік: -Балалар, сонымен бүгінгі сабағымыз қандай ертегі желісімен өтті?
-Кім көмек сұрап келді?
-Оған берілген қандай тапсырмаларын орындадық?
-Күлше қыздың арманы орындалды ма?
Мадақтау. Қоштасу.
Сабақтың тақырыбы: «Күлше қыздың арманы».
Әнкүй жетекшісі: Абдильманова Д. С.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Әнкүй сабағы.
Ересек тобы.
Мақсаты: 1. Балалардың музыкалық қабілетін жан – жақты дамыта отырып,
музыканы тыңдатып, сипаттарын ажырата білуге ықпал ету.
2. Балалардың осы уақытқа дейінгі алған білімдерін, біліктілігін тиянақтап
бекіту.
3. Эстетикалық сезімдерін оятып, балаларды әдемілікке, бауырмалдылыққа
және адамгершілікке тәрбиелеу.
Кейіпкер: Күлше қыз.
Көрнекіліктер: слайд, қағазға жазылған тапсырма.
Қажетті құралжабдықтар: музыкалық аспаптар, банер.
Мотивациялық
қозғаушылық: Көңілді әуенмен музыка залына кіреді.Амандасады.
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Қонақ апайларға
жылы лебімізді білдірейік.
(Келген қонақтармен
әуен арқылы амандасып, отырады)
Ұйымдастырушылық
ізденістік: Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.
Балалар сендер «Күлше қыз» ертегісін білесіңдер ме?
(Слайд арқылы «Күлше қыз» ертегісінен үзіндіні көрсету)
Балалар көрдіңдер ме, Күлше қыздың өгей анасы
көп тапсырмалар беріп кетті.
(Осы кезде қолында табағымен тапсырмасы бар Күлше қыз ренжіп
келеді)
Жетекші: Сәлеметсің бе Күлше қыз!
Күлше қыз: Сәлеметсіздер ме?
Мен де кешкі балға барғым келеді, арманым еді баруға, бірақ өгей анамның
берген тапсырмалары өте көп. Қалай үлгеремін? Не істеймін?
Жетекші: Енді не істейміз?
Балалар, Күлше қызға көмек берейік. Қалай қарайсыңдар?
Балалар: Иә, көмектесейік.Жетекші: Күлше қыз мына қолындағы жазылған тапсырмаларды маған бер.
Біз балалармен бірге орындауға тырысып көрейік, ал сен табағыңдағы
дәндерді тазалай бер.
( әр тапсырмаларды орындаған сайын оның балға баратын күймесі, аты,
күйме жүргізушісі, киетін көйлегі, туфлиі, әшекей бұйымдары дайын
болады)
1тапсырма: Балалар, біз музыканы не істей аламыз?
Музыка қалай орындалады?
Әуенмен қимылқозғалыс жасай аламыз ба?
Қимылқозғалыс: Балаларға марш, вальс, полька әуені ойналып, екпінін
сезініп, шеңбер бойымен жүруді ұсынамын.
2тапсырма: Балалар, музыкада неше нота бар? (7 нота)
Ноталар қайда орналасады? ( нота сызығында)
Нотаның басты белгісін қалай атаймыз? ( соль кілті)
Ноталарды айтып шығайық. ( доремифасольляси)
Ал, композитор деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( осы 7
нотамен ән жазады, күй шығарады)
Әуен тыңдау: Дәулеткерейдің күйі "Қос алқа"
Балалар, күй қандай көңіл күйде ойналды?
Кімнің күйі?
Бұл шығармаға билеуге бола ма?
3тапсырма: Слайдта күз, қыс, көктем суреттеріне байланысты қандай
мерекелер, қандай әндер үйренгенін сұрау.
Жетекші: жұмбақ
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып,билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен,суретпен
(тәрбиеші)
Тәрбиеші туралы ән білеміз бе?
Кімнің әні?
Дауыс жаттығуы: «Жоғары барам, төменге түсем»
Ән айту: Қ.Сақай «Тәрбиеші».
4тапсырма: Жұптасып, үдемелі айналуда өтетін биді қалай атайды? (вальс)
Би: «Вальс».Күлше қыз: Балалар мен міне дәндерді тазалап болдым, менің тағы бір
жұмысым бар. Еденді жуып келуім керек. (Осы кезде Күлше қыз шығып
кетеді)
5тапсырма: Жалпы аспаптар туралы.
Ойын: «Қандай аспап?» Аспаптар дыбысын табу.
Аспаптарды бір әуенге қосып ойнаса не дейміз?
Оркестрді кім басқарады?
Оркестр: «Полька Анна»
Жетекші: Балалар Күлше қызға берілген тапсырмаларды орындап болдық.
Оның балға киетін киімі де, баратын көлігі де дайын.
(Осы кезде сиқырлы әуенмен Күлше қыз келеді)
Күлше қыз: Ой, керемет! Қараңдаршы, қандай тамаша! Сендер маған үлкен
көмек жасадыңдар. Көпкөп рахмет! Маған көмектескендерің үшін
сыйлығымды қабыл алыңдар.
(Сыйлықты таратып болғаннан кейін сағаттың соғылу дыбысы шығады)
Күлше қыз: Ал, менің кететін уақытым болды, сау болыңдар!
Рефлексиялық
түзетушілік: Балалар, сонымен бүгінгі сабағымыз қандай ертегі желісімен
өтті?
Кім көмек сұрап келді?
Оған берілген қандай тапсырмаларын орындадық?
Күлше қыздың арманы орындалды ма?
Мадақтау. Қоштасу.Тақырыбы: «Көңілді жаңбыр»
Мақсаты:
1.Білімділік: Балаларға жаңбыр туралы жалпы түсінік беріп, табиғат
құбылыстарын музыкалық қимылқозғалыспен байланыстыра білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Музыкалықесте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, түрлі
әрекеттерді бірлесіп орындауға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Күз мезгіліне тән құбылысқа қызығушылықтарын арттыра
отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күзгі жаңбырды бейнелейтін суреттер,
слайд, үнтаспада жаңбыр дыбысы, металлофон, үшбұрыштар, сылдырмақтар,
қолшатырлар.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар залға көңілді музыка әуенімен қолдарына
қолшатыр ұстап кіреді. Шеңбер бойы жүріп, қолшатырларын қояды.
М.Ж: Қайырлы таң, балалар!
Әуенмен амандасу.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Балалар: «Сәлеметсізбе!»
Бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтарымызбен де
амандасайық.
М.Ж: Балалар, сендер неліктен қолшатыр ұстап келдіңдер?
М.Ж: Олай болса балалар қане тамшылар қимылын жасап көрейік.
(Балалардың жауабы)Қимылқозғалыс: «Тамшылар».
М.Ж: Жарайсыңдар!
Тамшыларымыз билеп, шаршаған
болар. Қане орындарыңа барып
отыра қойыңдар.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Ал, сендер күз мезгілінің қандай
құбылыстарын білесіңдер?
(Балалардың жауабы)
Слайд «Жаңбыр»
М.Ж: Ой, жаңбыр жауып кетті. Мен бір дыбысты естіп тұрғандаймын.
Жаңбыр өзінің әуенін сыйлағысы келіп тұр. Қане тыңдайықшы. Қандай көңіл
күйде болады екен?
Музыка тыңдау: «Көңілді және көңілсіз жаңбыр».
М.Ж: Бұл шығармада жаңбыр қандай көңілкүйде болды?
(балалардың жауабы)
Сендер қалай білдіңдер?
Жаңбыр бас кезінде қалай жауды, ортасында, ал аяғында қалай жауды?
Ал, енді осы табиғат құбылыстарын дыбыспен айтып, қимылмен көрсетейік.
жапырақтың сыбдырыалақанымызды уқалау,
желдің көтерілуі «шшш» дыбыстап айту,
күннің күркірегеніаяқты топылдату,
ақырын жаңбыралақанмен тіземізді ұру,
қатты жаңбыралақанымызды қатты шапалақтау,
күннің көзі шығуыекі қолымызды жоғары көтеріп, екі жаққа жаю.
М.Ж: Балалар, жаңбырға байланысты ән білесіңдер ме?
(балалардың жауабы)
Бұл әннің көңілкүйі кандай? (балалардың жауабы)
Ән айту: « Күзгі жаңбыр». Әні мен сөзі Айгүл Досмағамбетованікі.
М.Ж: Балалар, жаңбыр жауғанымен бізде одан қорғанатын құрал бар.
Ол не? (Қолшатыр)
Олай болса қолшатырымызды алып, әдемі би билейік.
Би: «Қолшатырлар»
Би аяқталысымен жаңбырдың үні естіледі.
Осы кезде жапырақпен қорғанып Кірпі келеді .Кірпі: Ой, қай жақтан көңілді әуен шығады десем.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Менің де жаңбырдан қорғанатын құралым бар. Өздерің көріп тұрғандай бұл
не? (Жапырақ)
Мен де сендер сияқты көңіл көтергім келеді. Бірге ойнайықшы.
М.Ж: Балалар, Кірпімен ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә.
М.Ж: Ал, Кірпі қандай ойының бар?
Ойын: «Жапырақтар»
Кірпі: Балалар, менің жинап алған жапырақтарым көп.
(Балаларға көрсетеді)
Қандай түсті жапырақтар?
Балалар: Сары, қызыл, жасыл.
(Кірпі ойынның шартын түсіндіреді)
Ойынның шарты: Көңілді әуен басталған кезде, жерде жатқан түрлітүсті
жапырақтардан біреуін алып, билейміз. Әуен тоқталып, жауын жауған кезде,
жерде жатқан үш шеңберге өз түстеріңмен тұра қаласыңдар.
Кірпі: Қандай керемет! Рахмет сендерге. Көңілім көтеріліп қалды.
М.Ж: Кірпі сен төрлет. Біздің
өнерімізді тамашала.
Көңілді оркестр «Жаңбыр».
Кірпі: Қандай тамаша! Өнерлі
балалар екен. Ал, менің сендерге
әкелген сыйлығым бар. Қабыл
алыңдар. Кірпі осы кезде қоштасып
шығып кетеді.
М.Ж: Балалар, бүгінгі сабаққа жаңбырдың көңілі толды. Ол өзінің көңілді
тамшыларын сыйға тартып жатыр. Қане, осы тамшыларды алып, келген
қонақтарымызға сыйлайық.
(Балалар қолшатырдың ішінен тілектер жазылған көңілді тамшыларды
алып, келген қонақтарға таратады)
М.Ж: Балалар, бүгінгі сабақ не жайлы болды? Ал, жаңбырдың көңілкүйі ше?
Қандай ән орындадық?
Нені қолданып, би биледік?
Қонаққа не келді?
Сабақтың қандай әрекет түрі
ерекше ұнады?
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
сыйлықтарын үлестіріп беріп, қоштасу)
(Балаларды мадақтау,