"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)
Оценка 4.7

"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
математика
1 кл
18.01.2018
"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)
Сіздерге ұсынылып отырған миатериалда 1сыныпқа арналған математика пәнінен "Нүкте. Сызық. Сәуле" тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары берілген. Сабақ жоспары жаңартылған білім мазмұнына сай жасалған. Сабақтағы барлық кезеңдер толығымен сақталған. Сұрақтарыңыз немесе пікірлеріңіз болса, менің электронды поштама хабар берулеріңізге болады. Рахмет!
нукте сызык сауле.docx
Сабақ тақырыбы:  Күні :   СЫНЫП: 1­сынып Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: Ресурстар: Тірек сөздер Сабақтың мақсаты: Нүкте. Сызық. Сәуле Мектеп:  Мұғалімнің есімі:  Қатысқандар саны:  Қатыспағандар саны:  нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және  тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық  фигураларды атайды, бір­бірінен ажыратады. бояу қарындаштар; ғарыш туралы электронды презентация; интерактивті тақта; ғарыш тақырыбындағы музыкалық шығармалар; әр оқушыға арналып тірек сөздер жазылған парақшалар; маркерлер; ламинатталған тақтайшалар немесе А3 форматтағы қағаздар. сызық; қисық сызық; тұйықталған сызық; түзу; нүкте; тұйықталмаған сызық; сәуле. Оқушыларға нүкте, сызық, тұйықталған және тұйықталмаған  сызық туралы түсінік беру, оқушыларға оларды айыра білуді  үйрету. Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабақ   тәжірибе   жасау   негізінде   нүкте,   түзу, сәуле, бұрыш, тұйықталған және тұйықталмаған сызық   туралы   түсініктерді   анықтауға бағытталған.   Оқушылар   осы   түсініктерді ажырата білуді және нүктелер мен сызықтарды салуды   үйренеді.   Салу   барысында   түзу   және қисық,   тұйықталған   және   тұйықталмаған сызықтарды   ажырата   білуге   жаттығады.   Сәуле — басы нүктеден басталатын, аяғы жоқ жарты түзу.   Бұрыш   —   бір   нүктеден   шығатын   екі түзудің   арасындағы   жазықтықтың   бір   бөлігі. Барлық   тапсырмаларды   жұмыс   дәптерінің   47­ бетінде   орындау   керек.   Оқушылардан   жұмыс дәптерін ашуды өтініңіз. “Ғарышқа саяхат жаса” тапсырмасында   берілген   суреттерді   қарап шығыңыз. Сұрақтар қойыңыз: —   Түнде   аспаннан   жұлдыздарды   бақылаған кезің болды ма? — Түнгі аспанда жұлдыздар қалай көрінеді? —   Түнгі   аспандағы   жұлдыздар   неге   ұқсайды? Оқушылардың тыңдаңыз. Жұлдыздардың   нүктеге   ұқсайтыны   туралы тұжырыммен келісіңіз. Оқушылардан өз жұмыс парақтарында нүктелерді бейнелеуін өтініңіз. Сіздің   әрекетіңіз   бүкіл   сыныпқа   көрініп тұратындай тақтада нүктелерді бейнелеңіз. Нүктелерді   қағаз   бетіне   үшкір   ұшталған қарындашпен   дұрыс   салуға   болатынына тоқталыңыз. Әр жұлдыздың өз атауы болатынын айтыңыз.   Ақбозат,   жауаптарын     Мысалы:   Темірқазық, Сабаққа қатысты ескертпелер Мұндай сызық тұйықталмаған сызық деп аталады. Оның екі   ұшы   бар.   Оқушыларға   Күннен   сәулелер   түсіп тұрғанын   елестетуді   ұсыныңыз.   Күн   сәулелері   қалай көрінетінін сұраңыз. Сызып көрсетулерін өтініңіз. Басы бар,   бірақ   аяғы   жоқ   сызық   сәуле   деп   аталатынын хабарлаңыз.   Сәулені   екі   бас   әріппен   белгілеуге болатынын айтыңыз. Мысалы, ОK. — Сызықтың бір ұшы қай нүктеде орналасқан? Екінші  ұшы ше? Оқушыларға сынып кеңістігін зерттеуді және  тұйықталған, тұйықталмаған сызықтардың, нүктелердің  мысалын табуды ұсыныңыз. Суреттен нүктелер мен сызықтарды тап. Оқушылардан оқулықтағы өз орбитасымен Күнді  айналып жүрген Жер ғаламшары көрсетілген және Жерді  айналып жүрген Ай ғаламшары көрсетілген суретті қарап шығуды ұсыныңыз. Суреттен нүктелерді, тұйықталған,  тұйықталмаған сызықтарды және сәулелерді табу туралы  тапсырма беріңіз. Жауабы: нүктелер: жұлдыздар; тұйықталған сызықтар: Күнді  айналып жүрген Жер; жерді айналып жүрген Айдың орбита сызығы;  тұйықталмаған сызықтар: ағып бара жатқан жұлдыздың  ізі. Нүктелер мен сәулелерді ата. Тапсырма белгіленген  әріптер арқылы нүктелерді оқи білуді қайталауға  бағытталған. Оқушыларға математикада нүктелерді  белгілеу үшін латын әліпбиінің бас әріптері  пайдаланылатынын хабарлаңыз. Орындап көр. Тапсырма ламинатталған тақтайшалар мен  маркерді пайдаланып жұппен орындалады. Тапсырманы  орындау барысында оқушылар екі нүкте арқылы бір ғана  түзу жүргізуге болатынына көздері жетеді. Сызықтың ізін   Есекқырған т.б. Біздің   нүкте­жұлдыздарымыздың   атаулары   Нүктелерге   латынның   бас болуы   керек. әріптерінің   (латын   әліпбиінің   әріптері) көмегімен атау беріледі: А, В, С, D. Оқушыларға өз нүктелеріне ат беруді ұсыныңыз. Оқушыларға   ғарыш   әлемінде   ғарышқа   ұшатын аппарат   ұшып   бара   жатыр   деп   елестетуді ұсыныңыз.   Ол   жолынан   адаспай   түзу   ұшып барады.   Ғарыш   аппаратының     қалай кескіндеуге  болатынын  сұраңыз. Оқушылардан өз парақтарына осы іздің суретін салуды өтініңіз. Олардың   не   салғанын   сұраңыз.   Оқушылардың жауабын   тыңдаңыз.   Оқушылардың   сызық салғанын айтыңыз. Нүкте мен сызықтың ең негізгі және қарапайым геометриялық фигуралар екенін хабарлаңыз. Оқушылардан  саяхатты  жалғастыруды  өтініңіз. Ұшқыштың А нүктесінде орналасқанын айтыңыз, осы   нүктеден   ұшуға   аттанады.   В,   C,   D жұлдыздарын ұшып өтіп, қайтадан А нүктесіне оралады. Ол ұшып өткен жолдың сызығын сызыңдар. Ол сызық қандай болып шықты? Мұндай   сызық   тұйықталған   деп   аталады.   Біз оны   А   нүктесінен   бастадық   та,   қайтадан   А нүктесіне   қайтып   оралып,   сызып   әкелдік.   Бұл сызықтың басы да, аяғы да жоқ. Сұрақ қойыңыз: — Сызықта қандай нүкте орналасқан? —   Тұйықталған   сызықтың   ішінде   қандай нүктелер қалды? —   Қандай   нүкте   сыртында   орналасқан? Оқушыларға   енді   В   нүктесінен   С   нүктесіне ұшып бару керек және D нүктесіне қонуды елестету керек екенін ұсыныңыз. Сызық жүргізіңіз. Сұрақ қойыңыз: — Сіздің сызығыңыз қандай болып шықты? Тілдік құзыреттілікті  қалыптастыру Тірек сөздер жазылған парақшаларды  таратып беріңіз. Жүргізуші маркермен  тақтада нүктені немесе тұйықталған,  тұйықталмаған, түзу, қисық сызықтардың  түзу болуына назар аударуы керек. Жауабы: екі нүкте арқылы бір түзу сызық жүргізуге болады. Шығарып көр. Тапсырма сызықтарды әріптермен  белгілеп, оқи білу дағдысын қайталауға бағытталған.  Оқушыларға математикада сызықтарды белгілеу үшін  латын алфавитінің кіші  әріптері пайдаланылатынын  айтып түсіндіріңіз. Қосымша тапсырмалар Ғарышқа саяхат жаса. Бұл тапсырма кіріспе бөлігінде берілген. Ғарыштық сызықтар. Нүктелерді әріптермен белгілейді. Әр нүктеге ат қояды, нүктелер санын анықтайды.  Оқушыларға ғарышқа саяхатты жалғастыруды және біреуін бейнелейді. Осы кезде салған  фигураға қатысты сөз жазылған парақшасы  бар оқушы тақтаның алдына сол фигураның  жанына барып тұрады. Оқушылар сөздерді  суреттің жа­нына немесе сыныптағы “Сөздер тақтасына” іледі. тұйықталған сызықтарды — қызыл, тұйықталмаған  сызықтарды — көк, ал сәулені — сары түсті қарындашпен айналдыра сызуды ұсыныңыз. Суреттегі нүктелерді тауып, оларды санап, әрқайсысын әріптермен белгілеу керек.  Тапсырманы тез орындаған оқушыға суретті өзінің нүкте­ жұлдыздарымен және сызықтарымен толықтыруды  ұсыныңыз. Егер уақыт жетсе, суретті бояуға болатынын  ескертіңіз. Бағалау  Оқушылар сабақ соңында: нүкте мен сызықты ажыратады; түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды айыра біледі; түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды салуды меңгереді. Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында әртүрлі нүкте мен сызықтарды көрсете отырып, сұрақ қойыңыз: — Суретте не көрсетілген? Бұл сызық қалай аталады? — Сыныптан және мектеп ауласынан қандай сызықтарды көруге болады? — Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сызықтан қандай айырмашылығы бар? — Қандай сызықтарды сызғыштың көмегімен салу ыңғайлы? — Сәуле түзу сызықтан несімен ерекшеленеді? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі  “Жетістік баспалдағымен” өзін­өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.

"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)

"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)

"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)

"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)

"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)

"Нүкте. Сызық.Сәуле" тақырыбына сабақ жоспары (1сынып, математика)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.01.2018