Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.
Сабақтық тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға құрақ құрау түрлерін, әдіс – тәсілдерін және құрастырып тігуді
үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды
өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ойөрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке,
сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақжауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын құрақ түрлері.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих.
I. Ұйымдастыру кезеңі:• Оқушылырмен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да
қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы
бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың
ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүниемүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй
ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.
Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ,
ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден
қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы
өліп, тоқтамаған үй “тілкөзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын
соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып
тігеді.
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен
құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілменақ өмірге
келетінін ежелденақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай
қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің
бірбірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады.
Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талапталғамын, сұлулықты
аңсаған іңкәр сезімін айтқызбайақ танисың.
Сарамандық жұмыс
Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі,
матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері
жекежеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай
жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бірбіріне сәйкес
келуіне, бірінбірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді.
1. Қатты қағаздан үлгілер дайындап алу.
2. Матаға үлгіні түсіріп алып, қырқу.
3. Екі матаны бірбірімен беттестіріп тігу
4. Қалған маталарды бірбірімен қосып тігу
Сабақтың қорытындысы:
Құрақ – қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан–ұрпаққа ұласқанұлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік.
Құрақ құрау өнерінің шығуы тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін
пайдаланудағы үнемділігі адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш екенін меңгердік.
Қорытынды сұрақтар:
Ұлттық үйлесім бойынша қанша түсті білесіңдер?
Сегіз жапырақ құрағының үлгісінің бөлшектері қандай геометриялық фигурадан тұрады?
Қауіпсіздік сақтау ережелерінің қолдануын ата.
Ұлттық қолөнер құрақ құрағынан шығатын бұйымдарды ата.
Үйге тапсырма:Сегіз жапырақ құрағын пайдаланып, құрақ көрпешесін немесе
жастықшасын тігіп келу