Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4А Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар |
Мектеп: |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ тақырыбы |
Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулеленудің табиғаты |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.6.2.1 α, β және γ - сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру |
||||||
Сабақ мақсаттары |
Топтық жұмыста иондаушы сәулелердің қасиеттерін зерттеу жүргізіледі. Жұптық жұмыста оқушылар иондалатын сәуленің әр түрінің табиғатын және қасиетін көрсететін кесте сызады. Мұғалім түсіндірмесі арқылы радиоактивті ыдырау құбылысы Альфа, бета ыдырау және гамма ыдыраудың басқа да қасиеттері талданып, толықтырылулар енгізіледі. Сыныпта барлық оқушылармен қалыптастырушы бағалау жұмысы. IGCSE деңгейіндегі тапсырмалар
|
||||||
Бағалау критерийлері |
Білу Түсіну Қолдану Талдау Сыни ойлау Бағалау ü Альфа-бөлшектер, бета-бөлшектер және гамма-сәулелердің әр түрінің табиғатын және қасиетін талдайды. ü Иондалатын сәуленің әр түрінің табиғатын және қасиетін анықтап, кесте жасайды. ü Радиоактивтік шығарылу үшін өту қабілетін бағалайды. |
||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Өту қабілеті Альфа-бөлшектер, бета-бөлшектер гамма-сәулелер иондаушы сәулелер
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері Альфа бөлшектер екі нейтрон және екі протоннан тұрады. Альфа бөлшектер – салыстырмалы түрде үлкен, жай қозғалады және оң зарядталған. Олардың диапазоны мен өту тереңдігі қысқа. Тұрақсыз ядродан тарайтын альфа бөлшектерді қағаз парағы немесе ауаның бірнеше сантиметрі жұта алады. Бета бөлшектер – тез қозғалатын электрондар. Олар нейтрон протонға ыдыраған кезде, тұрақсыз атом ядросынан таралады. Олар – кішкентай, тез қозғалады және теріс зарядталған. Бета бөлшектерді ауаның бірнеше сантиметрі немесе алюминийдің бірнеше миллиметрі жұта алады. Гамма сәулелер – жоғары энергиялы электромагниттік сәулелену. Олардың өтімділігі жоғары, сондықтан гамма сәулелерден қорғану үшін қалың қоршау қажет. |
||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтарды (ынтымақтастық, академиялық шыншылдық және өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға құрмет) дарыту жұптық, топтық жұмыстарды орындау арқылы /көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау). |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Химия |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернеттен ақпарат іздеу, презентация, Білім Ланд |
||||||
Бастапқы білім
|
Атомның және ядроның құрылымы: атомның ядролық моделі; атомның құрылысы және реттік саны; |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 0-10 мин
|
Сыныппен жұмыс. Демонстрация (виртуалды яғни онлайн симуляция).
s Оқушылар радиоактивті заттардың қауіптілігімен танысқандығына көз жеткізіңіз және оларды қолданудың қауіпсіздік ережесін біледі Көрсетілімнен кейін радиоактивті заттарды контейнерге салыңыз. Радиоактивті заттармен жұмыс жасағанда қашанда қысқыш қолданыңыз және жалаң қолмен жұмыс жасамаңыз.
|
http:// |
|||||
Сабақтың ортасы 10-30 мин
30-35 мин
35-40 мин
40-50 мин
50-60 мин
60-75 мин |
Топтық жұмыс. Иондаушы сәулелердің қасиеттерін зерттеу. Сыныпты топтарға бөлу және олардан кейіннен мұны айқын бейнелейтін плакат жасау мақсатымен, иондаушы сәулелердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін зерттеулерін сұрау. Өз плакаттарын жасағаннан кейін, әр топтың өкілі оны сыныптың қалған бөлігіне түсіндіреді және сосын оқушылар берілген критерийлер арқылы өте жақсы плакат үшін дауыс бере алады.
Видеокөрсетілім
Жұптық жұмыс. Иондалатын сәуленің әр түрінің табиғатын және қасиетін көрсететін кесте сызу. Барлық оқушыларда иондалатын сәуленің әр түрінің табиғатын және қасиетін көрсететін кесте болуы тиіс.
Мұғалім түсіндірмесі. Сәуленің әр түрінің қасиетін табиғаты жағынан, өткен сабақта талқыланған, ядролық және атомдық құрылымға қатысты арақатынастарын анықтау.
Қалыптастырушы бағалау жұмысы. IGCSE деңгейіндегі тапсырмалар |
Флипчарттар, маркерлер
Twig - Альфа-бөлшек Twig - Радиоактивті заттар Twig |
|||||
Сабақтың соңы 75-78 мин
78-80 мин |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет
Үйге тапсырма: Радиоактивті сәулеленудің табиғаты туралы қосымша ақпараттар жинақтау |
|
|||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
|||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
|||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.