Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)
Оценка 4.8

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
география
6 кл
30.05.2017
Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)
ымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.[1] Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған. Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады. Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады және ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiк қабатқа бөледi. Бұл тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға (мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды.Ұйытқыны тiрiлту үшiн ұнтаққа буландырылған бие сүтiн 3-4 ас қасығына есептей отырып, 5 литр сүтке араластырады және дүркiн-дүркiн араластырып отыру арқылы жылы жерде бiр тәулiк сақтайды. Бiр тәулiктен соң ұйытқыны қымыз дайындау үшiн пайдаланады. Одан әрi қарай қымызды жасап шығару үшiн ендi ұйытқыны емес, кәрi қымызды 1 литр қымызға 6-7 литр бие сүтiн есептей отырып пайдаланады. Қымызды әзiрлеу үшiн булы бие сүтiн ұйытқымен бiрге сабаға құяды да, түнге қалдырады. Келесi күнi әрбiр сауыннан аши бастаған сүтке бiрнеше жаңа бөлiктерiн қосады, жақсылап араластырады да, 10-15 сағат сақтайды. Дегенмен, мұндай әдiспен алынған қымыз әлi әлсiз және аз газдалған, қою, тағы да мұқият араластырады да бiр күн қоя тұрады. Мұндай өндеудiң нәтижесiнде екi күндiк орташа қымыз пайда болады. Дайын қымызды басқа ыдысқа құяды. Айта кету керек, сабадан барлығын емес, оның бөлiгiн (шамамен 1/5) қымызды ғана құйып алып, қалғанын ұйытқыға қалдырады. 10-15 күн өткеннен кейiн саба толығымен босатылады, қосымша сүрленедi және маймен сыланады. Сабаны қымыз дайындау үшiн бiр-ақ маусым пайдаланады. Сабада әзiрленген қымыз жоғары дәмдiк сапамен ерекшеленедi. Қазақтар қазымен үйлес майлы қымызды жақсы көредi
Қымыз шипалы сусын.docx
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Министерство образования и науки Республики Казахстан «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 17 орта мектебі» ММ ГУ «Средняя школа № 17 отдела образования акимата города Костаная» Алтынбаева Зарина  6 «Ә» сыныбы Алтынбаева Зарина   6 «Ә» класс Қымыз – шипалы сусын. «Өлкетану»                            Ғылыми жетекші: Купеев Е.С. №17 орта мектебінің география пәні мұғалімі 1 Қостанай қ., 2016 ж. М А З М Ұ Н Ы Кіріспе ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­3 Зерттеу жұмыстың мақсаты ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­4 Зерттеу жұмысының міндеті  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­4 Зерттеу жұмысының өзектілігі ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­5 Қымыз туралы түсінік ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­5 Қымызды дайындаудың ескі әдісі ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­6 Қымызды дайындаудың жаңа әдісі ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­6 Ашытқы әзірлеу  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­7 Қымыздың жетілуі ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­8 Бие сүтіндегі дәрумендер ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­8 Қымыздың түрлері ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­9 Қымыздың антибиотик қасиеттері ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­11 Емдік  қасиеттері ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­12 Тазалық – жеке гигиенаның ең негізгі талаптары ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­13 Қорытынды  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­15 Пайдаланылған әдебиеттер  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­17 Ұсыныс  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­17 2 Кіріспе. Қымыз   сапалы   тамақ   өнімі   ғана   емес,сондай   ақ   шипалы   сусын   деп   те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Емдік   сусын   ретінде   қымызды   өзіміздің   ата­бабаларымыз   халық медицинасында   асқазан,   өкпе,   ішек   ауруларына   пайдаланып   келген.   Қазақ елімен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт елінде де емдік қасиеттерге қолданған.   Қымызбен   емдеу   әдісін   уағыздаушылардың   бірі   В.И.Даив   1843 жылдары   Орынбор   қаласында   әскери   қызметте   жүріп   қымыздың   шөл қандырар сусын екенін құрқұлақ ауруының алдын алу қасиеті туралы нақты шешімін дәрумендердің ашылуынан бұрын батыл мәлімдеген болатын. XVIII ғасырдың ортасында Самара қаласында алғаш рет қымызбен емдеу шипажайы ашылды. Осы ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас   көрінуіне   және   салмақ   қосуына   ықпал   ететінін   дәлелдеді.   Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы қымызды   жақсы   жұмыс     медицинада   жүйесі істейді.   Қазіргі антибиотиктермен және басқа да дәрі­дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де ішек­ қарын,   жүрек,   қантамырлары   ауруларын   емдегенде,   сондай­ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті  дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады. Әдетте  сауылатын биелер: сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі. Сақа бие  – бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Құлын бие –  құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие. Қысырақ бие – деп  3 өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп  жүрген биелерді айтады. Көктемде және шілде айларында биелер жиі­жиі сауылады. Биені бие көнекке  немесе ағаштан істеп ысталған шелекке сауады. Қор дегеніміз – ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын  арнайы сақталған сарқыны. Биені қолмен және машинамен сауады.  Машинамен сауудың қол мен саууға қарағанда айқын артықшылығы бар: ол  адамның жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, ию рефлексі  пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды. Биені  машинамен сауу жөніндегі бірінші тәжірибені 1957 жылы Москва түбіндегі  “Мцыри” санаторийінде И. Аникин жүргізді. Биелерді машинамен сауу үшін  ДА­ЗМ, АД­100 және ДДА­2 сауу аппараттарын пайдалануға болады. Зерттеу жұмысымның  мақсаты:  1. Білімділік: Қымыз туралы өз ойларын көркем тілмен жеткізе отырып, сөйлеу мәнерін жетілдіру; 2.   Дамытушылық: әр   оқушының   ой­қиялына   ерік   беріп,   тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру; 3.   Тәрбиелік: оқушының   бойына   қазақ   хақының   сүйікті   сусыны   қымыздың емдік қасиеті мол екенін ұғындыра отырып, бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу. Бие сүтінен даярланатын қымызды өңдеу технологиясы мен адам организміне тигізетін әсері жөнінде көрсетіп ашу.  Зерттеу жұмысымның  міндеті: • Қымыз туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;  4 • Қымыздың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;  • Ғалым, доктор, профессор еңбегімен танысу .  • Қымыздың шипалы сусын екендігін көрсету.  Зерттеу жұмысымның өзектілігі:  Қазіргі XXI ғасырдың індеті болып тұрған құрт ауруына қымыздың қандай пайдасы барын анықтау. Қымызбен емдейтін курорттар бар екендігі. Болжам:  егер   біз   қымыз   жайлы   оқып   білсек,   онда   қымыздың   көптеген сырларын ашар едік.  Нәтижесі:  екенін,әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін  білеміз.  іздену   нәтижесінде   қымыздың   денсаулыққа   пайдалы Қандай   сусынды   жақсы   көресің?­   десе,   көп   бала   кола,   пепси,спрайтты атайды.  Ал мен қымызды,шұбатты ұнатамын. Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.   Қымыз туралы түсінік. Қымыз —   жылқы   сүтінен   алынатын,   кышқыл,   сүт   өнімі.   Қымызсыз қазақ асханасын елестету   мүмкiн   емес.   Бұл   ғажайып   сусын   қыргыз,   қазақтардың барлық   салтанатты   думандарымызда   бiрiншi   кезекте   берiледi.   Ал Жылқының бір  қасиеті ­сүтінде туралы өлеңдерде, мақал­мәтелдерде айтылады,   әйел   адамның   қабiлетiн   ең алдымен   оның   қымыз   әзiрлеуiне   қарап   бағалаған.   Ыдыс   түбiнде   iшiлмей қалған   қымызды   төгiп   тастау күнә болған.   Қазақтар   жүздеген   жылдар Қымыз ашытады көлемiнде қымызды айырықша ыдыста ­ торсық және сабада дайындаған.  Құрамында “С”  В2,В12 витамин  Ауруға ем,  туберкулез  ауруын емдеген мол 5 Бүгiнгi жаһандану дәуiрiнде 6000 жылдық тарихы бар ұлттық сусынымыздың қадiр­қасиетiн   шет   мемлекеттер   де   жете   түсiнiп   төмендегідей   елдерден сұраныс күн сайын артуда. Израиль, Египет, Германия, Франция, Жапония, ал Ресей елінде 48 емдеу орындары бар.  Қымыз дайындаудың ескі әдісі.      Жазда қымыз маусымы басталарда, оны ең алдымен қымыз ашытқысымен қормен,ашытады.   Қорды   жасау   үшін   күзде   бие   ағытыларда   қымызды   көп уақыт   үйде   сақтап   тұндырады..Сонда   қымыздың   сұйығы   ыдыстың   бетіне шығып,түбінде   қою   тұнба­сүзбе   қалады.Ол   сүзбе     марлы   қалтаға салынып,әбден   сүзіледі   сауылғанға дейін  жабық ыдыста салқын жерде сақталады.    содан   соң   күнге   кептіріліп,келесі   жылы   бие Осындай әдіспен сабада ашытылған қымыз екінші күні басқа ыдысқа құйылып алынады   да   жұртқа   ішуге   беріледі.Сабадағы   барлық   қымыздың   үштен   бірі немесе бестен бірі келесі күннің қымызы үшін қор ретінді сабаның түбінде қалдырылады.Қазақ   халқы   қымыздың   жақсы   болуы   –   қоры   мен   сабасынан дейді.Өйткені саба әрбір 10­15 күннен кейін қымыздан босатылып кептіріледі де,қайта ысталады және маймен майланады. Қымыздың атам заманнан бергі өзіне тән ыдысының бірі — қазақтың қара сабасы тек қана жылқы терісінен тігіледі.  Бұл   бұдан   бірнеше   ғасыр   бұрын,  көшпелі   дәуірде   игерілген   ыдыс болса керек. Сабаға ашытқан қымыз бір жағынан сүйкімді, дәмді болса, екінші жағынан көші­қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы.  Қымыз дайындаудың жаңа әдісі 6 Қымызды өндірістік әдіспен ашыту ісі таза сүт қышқылды таяқшалары мен сүт ашытқларынан жасалған қорға негізделген.Мұндай қымызды бірінші рет А.С.Гинзбург   және   А.А.Бачинская­Райченко   1910­1911   жылдары лабораториялық   жағдайда   дайындап   шығарған.Осы   жұмысты   1923   жылы Орынбордың қымызбен емдеу аудандарында Л.М.Горовиц­Власова орындаған. Өндірістік   жағдайда   қымыз   дайындау   процестеріне   мыналар   жатады:   сүтті әзірлеу,қымыздың құю,тығындау,газдандару,салқындату және сақтау.  ашып     жетілуі,шайқау­пісу,басқа   ыдысқа Ашытқыны әзірлеу Қаймағы   алынған   сүт   екі   шағын   шөлмекке     құйылып,аузын   тығынмен жауып,65   градус   температураға   дейін   ысыылған   суы   бар   кастрөлге   салып қойылады.Бұдан   соң   су   30   минут   бойы   ысытылады   да,шөлмек   судан алынады.Алғашқы   шөлмекке   құйылған   сүт   26   градусқа   дейін салқындатылып,оған     өсірілген   ашытқы   салынады.Ал   40   градусқа   дейін салқындатылған   екінші   шөлмектегі   сүтке   сүт   қышқылды   таяқшалар салынады,содан   кейін   екі   шөлмек   те   мынадай   тәртіпппен   термостатқа қойылады:   ашытқы   қосылған   шөлмек   15­18   сағат   мерзімге   28­30   градус температурада,сүт қышқылды таяқшалар бар шөлмек 5­7 сағатқа 35­37 градус температурада сақталады.Ашудың нәтижесінде ашытқы қосылған шөлмекте сіліккен кезде көбік пайда болады,ал сүт қышқылды бактериялар   қосылған екінші шөлмекте сүт ұйып қоюланады.Осыдан соң екі шөлмектегі ашытқылар араластырылады   да,100   миллилитр   биенің   жылы   сүті   мен   31­35   градус температурға   дейін   жылытылған   сүт   құйылады,яғни   барлық   ашытқының үштен   бір   бөлігіне   құйылады.Алынған   қоспа   15   минут   шапшаң арпаластырылып   шайқалады.   Сонан   соң   даяр   ашытқыны   жылыту   үшін температурасы   26­28   градус   жылылықта   термостат   ішіне   қойып,алғашқы сағатта   5­6   рет   араластырылады.Бастапқы   үш­бес   тәулік   бойы   ашытқыға тәулік сайын 4­5 рет бие сүтін қосып отырады.Сүт құйған сайын ашытқыны 15 7 минут араластырады.Алған рет ашытқының үштен бір бөлігін құяды,кейін осы мөлшерде сүт құяды,сонда осы қоспаның қышқылдығы 65­70 градус тернерге жетуі қажет. Ашытқының жетілуі және әлденуі төрт­бес тәулікке созылады. Бұл   уақыт   ішінде   ашытқының   қышқылдығы   130­140   градус   температураға жетуі қажет.   Қымыздың жетілуі Сүтке   қор   қосылған   соң   қоспаны   қышқылдығы   65­70   градус   тернерге көтерілгінше   жетілуге   қояды.Бұған   екі   сағаттан   бес   сағатқа   дейін   уақыт қажет.Бұл   қордың   күшіне,температурасына,алғашқы   қышқылдығына байланысты.Осы мерзім ішіне қымыз өзіне тән дәмділігі мен мен иісін жинай алады.   Қымызды   араластыру,пісу   қоспаның   қышқылдығы   50­55   градус тернерге  жетіп,қымыз  өзіне  тән  иіс шығара  бастаған кезде (бұл  ашытқыны сүтпен аралстырған соң 2­3 сағаттан кейін) жүргізіледі. Бие сүтіндегі дәрумендер Бие сүтіндегі адамның денсаулығына керекті барлық дәрумендер бар. Әсіресе ол А және С дәрумендеріне бай. Бие сүтінде А және С дәрумендерімен басқа да дәрумендер бар.Мәселен, ол Д дәруменіне бай. Бұл дәрумен күн сәулесінің және ултракүлгін сәуленің әсерінен құрылады. Міне, сондықтан да күн сәулелі Қазақстан жеріндегі биелер жыл бойы далада жайылатындықтан, оның сүті Д 8 дәруменіне   бай.   Оның   үстіне   сүттен   гөрі   уызда   бұл   дәрумен   көбірек.     F дәруменінің   де   айырықшы   маңызы   бар,   ол   холестерин   алмасуды   реттеуге қатысады.  Қымыздың түрлері Сары қымыз – жаз ортасында шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз.  Бұл кезде қоныс аудару сияқты көшіп­қонудан қымыз көп шайқалып, көп  пісіледі де ірімтігі жақсы жазылып, ашуы білінбей, қымыз күші өз бойына  сіңген сарғылт болады. Жаңа сабаның иісі, дәмге толған гүл бәйшешек  шырындары қымызға ерекше дәм береді. Сары қымызды ішкен адам жадырап,  терлегіш, көп ішсе маужырап ұйықтағыш келеді.  Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта  сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз. Түнемел қымыз  асықпай отырып, ұзақ мәжілістерде ішуге даярланады. Оның қыздыратын күші болады.  Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады. Ол саумал ішпейтін адамдарға  беріледі. Кейде ол ас пен тойларға апару, ұзақ отырыста ішіп отыру үшін  дайындалады. Төрт тәулік бойы ашытылған қымыз дөнен қымыз, бес тәулік  бойы ашытылған қымыз бесті қымыз, онан күштісі асау қымыз деген күшті  қымыздар да көбінесе сондай мәжіліс, тойларға арналып ашытылған. Саумал баяу ашытылған немесе ащы қымызға жаңа сауған бие сүтін қосып  пісу арқылы жұмсартылған, қарттар мен балаларға арналған қымыз. Қорабалы қымыз – қордың үстіне сүт құйып, бірнеше күн жиналған мол  қымыз, оны қорланған қымыз деп те атайды. 9 Бал қымыз – қымызға тәттілік беру үшін, бал, қант, өрік, мейіз қосып піседі.  Бал қымыз көбінесе сырқат адамға, балаларға, сондай­ақ жаңа босанған  әйелдерге арналады.  Қысырдың қымызы – бұл әдетте, қыс айларында ауру адамға немесе үлкен  той­думандарға, кейде өте сыйлы қонақтарға арнап, жазда қысыр қалған,  бірақ тайы еміп жүрген биелердің сүтінен ашытылады.  Қысырақ қымыз – бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын  қымыз. Қарағанда әлде қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте ту  қымыз деп те атайды Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш  байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр  қымызды ішерде тағы бір той болады.  Қымыз бие сүтімен  ашытылады. Сауылатын биелер Сақа бие­ бірнеше  құлындаған бие 10 Құлын бие­ алғаш құлындаған бие Қыран бие­ қысыр қалған бие Қымыз ашытуда  қолданылатын  ыдыстар Арша ағашынан жасалған саба­ күміспен өрнектеліп көз тартып тұрады Бірнеше жылдар бойы торсыққа  ашытып келеді. Еменнен жасалған – күбіге 100 л қымыз ашытылады Қымыздың антибиотиктік қасиеті Сүт   ашытқылары   Грам   бойынша   боялатын   және   боялмайтын   микробтарды өлтіретін және күшін әлсірететені зат бөліп шығаратындығы эксперименттік жолмен   жүргізілген   зерттеулерде   анықталды.Ацидофиль   таяшалары   бөліп шығарған   антибиотиктік   заттар   секілді,ашытқылар   бөліп   шығарған антибиотиктер   қышқыл   ортада   едәуір   активті   келеді.Ол   тубрекулез таяқшаларының,сүзек,дизентерия,күл   (дифтеия)   бактеияларының   өсуін тежейді.  11 Қымыздан дәмді ас бар ма?» – деп қазақ  тауып айтқан. Ал, жүзге келген жыр атасы Жамбыл : «Үйірілген сары алтындай сары қымыз.  Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз» деп ұлттық сусынымызды қадірлеп жырға қосқан. Ақтамберді жырау болса: «Биенің сүті сары бал – қымыздан асқан дәм бар ма?!»,– деп тамсанған. Емдік қасиеттері  Емдік   сусын   ретінде   қымызды   өзіміздің   ата­бабаларымыз   халық медицинасында   асқазан,   өкпе,   ішек   ауруларына   пайдаланып   келген.   Қазақ елімен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт елінде де емдік қасиеттерге қолданған. Қымызбен   емдеу   әдісін   уағыздаушылардың   бірі   В.И.Даив   1843   жылдары Орынбор қаласында әскери қызметте жүріп қымыздың шөл қандырар сусын екенін   құрқұлақ   ауруының   алдын   алу   қасиеті   туралы   нақты   шешімін дәрумендердің ашылуынан бұрын батыл мәлімдеген болатын. 12 Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі­ дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек,  сүйек ауруларына және де ішек­қарын, жүрек, қантамырлары  ауруларын емдегенде, сондай­ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып  жүр.  Жаз айлары қымыздың көбейіп, арзандайтын кезі. Осы кездері ағзаларыңызға  молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып алыңыздар. Тазалық­ жеке гигиенаның ең негізгі талаптары  • Сүт пен қымызға жақын жүретін қызметкерлер таза,әрі жинақы киініп, қолдарын мұқият жуып отыру қажет. 13 • Биелерді   сауу   кезінде   дәрігерлік­санитарлық   ережелерді,тазалық гигиенасын, ветеринарлық­санитарлық • шараларды қатаң сақтау қажет.   Қымыз   саба,   торсық,   көнектер   әзірлеуге   көп   мінілмеген,   тер   сіңбеген, ауырмаған, арқасы жауыр болмаған, семіз жылқының терісі таңдап алынады. Ол қыс бойы от жағылатын асхананың (шошаланың) төбесіне кептіріліп, жаз шыға   қайтадан   жібітіледі   де,   кұрымға   салынады.   Құрым   дегеніміз   — шошаланың   төбесіне   жиналған   қара   күйе,   ыс.   Саба,   торсық   жасайтын шеберлер қара күйені сыпырып алып қайнатады да, әрі ащы, әрі қышқылы мол, қою шай сияқты сұйық зат әзірлеп, теріні соған батырады. Ол құрымда 20—30 күн   ұсталып,   жүні,   шелі,   ет   қалдықтары   тазартылады.   Осыдан   кейін   тері ширап,   шымырланып   және   коныр­қошқыл   түске   енеді.   Осындай   әдіспен иленген   тері   шуда   жіппен   көктеліп,   ішіне   құм   толтырып   керіледі   де, кептіріледі. Кебуі жеткен саба шерткенде сыңғырлап тұрады. Бұл саба жасау әдісінің   бірінші   сатысы.   Ал,   екінші   сатысында   әлгі   кептірілген   ыдыстар жылқының сүр етінің және қымыздың майымен сіндіре майланады. Майлаудың нәтижесінде сабаның тігістері кірігіп, бекіне түседі. Қазіргі   медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі­ дәрмектермен   байланыстыра   отырып,   өкпе   туберкулезінен,   бүйрек, сүйек   ауруларына   және   де   ішек­қарын,   жүрек,   қантамырлары ауруларын   емдегенде,   сондай­ақ   дәрумендер   жетіспегенде   қолданып жүр.  Жаз айлары қымыздың көбейіп, арзандайтын кезі. Осы кездері ағзаларыңызға молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып алыңыздар. 14 Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:  ...Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға­ем,сауға –қуат,дәрі қымыз. Елімнің баяғыдай сүйген асы, Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз.       (Ж. Жабаев) Қорытынды Қымыздың адам ағзасына пайдасын зерттей келіп, өзіміздің облыстық  тубдиспансер ауруханасына бардым. Ондағы мақсатым­ науқастардың тамақ  рационында қымыздың бар немесе жоғын анықтау. Ауруханада  360 – тан   астам науқастар жатады екен. Олардың тамақ рациондарында қымыз жоқ.  Жағдайлары келетін науқастар үйлерінен әкелдіртіп тұрады екен. Дәрігердің  айтуы бойынша  қымызды құрт ауруымен ауырғаннан кейін ішсе, оның көмегі  аз болады екен. Себебі, құрт ауруының түрлері көп.Сондықтан да аурудың  алдын алу ретінде күнделікті аз мөлшерден ішіп тұрған жөн. Бірақ ауруханада күнделікті ірімшік, айран беріліп тұрады екен. Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын  айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен  салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу  қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы  күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек  ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде  қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп,  қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы  жақсарады. Осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco­cola»,  15 «Pepsi­cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын  ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco­cola»­ның бала денсаулығына ауыр зиян  келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым  салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco­cola» сусынымен  көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал –  ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15­20 минут «Coco­cola» сусынына салып  қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді. «Pepsi­cola» сусынын да  ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық,  семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.  Сондықтан, тек қана ата­бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды  бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын! 16 Пайдаланылған әдебиеттер:  1. Қазақша энциклопедия 2.Қ.Бозымов “Жылқы және түйе шаруашылығы” 3. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов “Қымыз” 4.Интернет материалдары Ұсыныс 1. Қымыздың адам денсаулығына, аурудың алдын алу мақсатында сапалы  дайындалған қымызды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, кеңінен қолға алынса. 2. Қымызды ауру түрлеріне байланысты шипа ретінде пайдаланатын бірқатар  емдеу сауықтыру орындары ашылса. 17

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)

Разработка по географии на тему "Қымыз-шипалы сусын" (6 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.05.2017