Разработка урока по казахской литературе М.Мақатаев "Өмір сүрейік алмасып"
Оценка 5
Разработки уроков
docx
русская литература
8 кл
04.03.2018
Қазақ халқының ең дарынды, тамаша ақындарының бірі – Мұқағали Мақатаевтың кім екендігін түсіндіре отырып, оның өмірімен және шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың әдебиет пәніне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1.білімділік
а) Мұқағали Мақатаевқа арналған диафильм арқылы ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
М.Мақатаев Өмір сүрейік алмасып.docx
Сынып: 8
Өткізілген мерзімі: 2.04.2016
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Қазақ халқының ең дарынды, тамаша ақындарының бірі – Мұқағали Мақатаевтың кім екендігін
түсіндіре отырып, оның өмірімен және шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың әдебиет
пәніне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1.білімділік
а) Мұқағали Мақатаевқа арналған диафильм арқылы ақынның өмірі және шығармашылығымен
таныстыру.
дамытушылық
а) Мәнерлеп оқу, талдау, сұрақжауап, іздендіру, «Ой шақыру», «Топтастыру» , Блум таксономиясы,
«Еркін жауап стратегиясы», «insert стратегиясы» арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін,
қарым – қатынастық біліктілігін дамытуға мүмкіндік тудыру;
ә) Сөздікпен жұмыс, сұрақжауап, аудару арқылы оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыруға
жағдай жасау.
тәрбиелік
а) Қаламгердің өмір жолын оқушыларға үлгі ету;
б) «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі арқылы ұлтжандылық сезім оятып, табиғатты, елді сүюге, салт
дәстүрді құрметтеуге ой салу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайдпрезентация, ақынның өімірі мен шығармашылығына арналған
диафильм.
Сабақтың әдістәсілдері: Сөздікпен жұмыс, аудару сұрақжауап, іздендіру, түсіндіру, мәнерлеп
оқу, талдау.
«Топтастыру» «Еркін жауапстратегиясы», «Ой салу», «Блум таксономиясы», «insert стратегиясы»
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— амандасу;
— кезекшінің жауабын тыңдау;
— оқушыларды түгендеу;
Балалар, тақтаға қараңыздар. Бұл кім?
Тақтада Мұқағали Мақатаевтың портреті
Даналық сөздер жазылған.
Мұқағали Мақатаев біздің замандағы ғажацып ақындарының бірі.
(Ә. Тәжібаев)
Мұқағали Мақатаев қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, өалың халық басты жанашыры болған
суреткер. Олең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.
ІV. Жаңа сабақ:
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі (түсіндіру арқылы):
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда үлкеннін де, кішінің де сүйікті ақынына айналған , Қазақстанның
халық жазушысы, «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Мақатаев туралы сөйлеспекпіз. Мұқағали
Мақатаев Алматы облысы,Нарынкөл ауданында дүниеге келді. Ол «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариғажүрек» жинақтары арқылы әдебиетке қосылған талант екенін танытты.
Ақын тау мен даласын, ұлы Отанын, адамзаттың асыл бесігіжұмыр жерді сүйеді, қадірлейді. Мақатаев
өлеңдерінде адамдар бойындағы асыл қасиеттерді барынша дәріптеумен бірге, өмірде іске енжарлық,
бойкүйездік, даңғойлықты қатты сынады. Оның жүрекке жылы, сезімге әсерлі, кімге де болса тіке
айтатын өткір әрі сұлу жалын атқан жырларын оқушы қауым сүйіп оқиды. 2011 жылы ақиық ақынның
80 жылдығы елімізде кең тойланды.
1.
2.
Оқулықпен жұмыс: Ақын туралы мәліметпен танысу
Сұрақтар құрастырып, бірбірлеріне сұрақ қою (жүппен жұмыс)
2. Өлеңді игерту бағыты.
Дәптермен жұмыс
А) өзім мәнерлеп оқимын; ә) оқушылар әр шумағын жекежеке оқиды;
б) әр шумағын оқушыларға оқыта отырып, өлеңнен не түсінгендерін айтқызу; (мәнерлеп оқу)
в) сұрақтарға жауап беру: қиялдарында қандай сурет пайда болғанын сөзбен суреттеп беріңдер.
Мұғалім: Балалар, М.Мақатаев өлеңінің қандай ерекшелігін байқадыңдар? Жауапты әдебиет
теориясынан іздеп көрейік.
Теориялық бағыт. (түсіндіру)
Параллелизм (грек: «қатар жүру») – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап
суреттеу. Әдебиет каһармандарының бастарында болатын күйініш, әр түрлі психологиялық өзгерістерді
суреттегенде, оған табиғатта, не жануарларда болатын әр түрлі құбылыстар қатарласа, жарыса жүреді.
Сол қатарластыру арқылы адамның басындағы сезім дүниесін суреттеу психологиялық параллелизм
әдісі болып табылады.
4.Шығармашылық бағыт.
1.
а) (Б.Блум таксономиясын қолдану):
ІІІ деңгей қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді:
Білу Түсіну
Қай жылы туған? Қайда туған? Кім?
ІІ деңгей тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді:
Қолдану Талдау
Параллелизм Өлеңнің тақырыбы…
Осы құбылысты түсіндіреді… Идеясы….
Өлеңнің ішінен параллелизмді анықтау. Өлеңнен не білдіңіз…
б) (Еркін жауап стратегиясы)
1.Ізденушілер тобы.
Сұрақ. «Бірде адам, бірде қайын боп, Сүрейік өмір алмасып…» — дегенді қалай түсінесіңдер?
VIIІ. Білімді бекіту (Топтастыру. Кластер құру)
«Мұқағали кім?» деген сұраққа жауап беру арқылы, кластер жасау (слайдқа жазу).
Мысалы: ғажайып ақын, қазақ халқының ұлы ақыны, «Ғасыр ақыны», ҚР мемлекеттік сыйлығының
иегері
Ү/т беру өлеңді жаттау
Бағалау
Разработка урока по казахской литературе М.Мақатаев "Өмір сүрейік алмасып"
Разработка урока по казахской литературе М.Мақатаев "Өмір сүрейік алмасып"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.