Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.
Оценка 4.9

Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
окружающий мир
3 кл
22.01.2018
Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.
Өзін-өзі тану пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақтың жоспары. Тақырыбы: Ризашылық пен алғыс. Балалардың «сыйластық» құндылылығы туралы түсініктерін кеңейту. Әдептілікке, ізеттілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу. Эссе жазу арқылы Шығармашылыққа баулу. Сабақтың кезеңдерінің логикалық бірізділігі сақталады. Оқушыларды өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналауды ұйымдастыру.Разработка урока по самопознанию 3 каз.кл.
3-сынып өзін-өзі тану кмж.docx
Сабақтың тақырыбы: Ризашылық пен алғыс                                                              Өмірге риза болып,алғыс айт. (Халық мақалы) Құндылық:   Ақиқат           Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б Сабақтың мақсаты:  Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:  Ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейту;  Үлкен­кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық  қарым­қатынасын дамыту;  Әдептілікке,ізеттілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу. Мақсаты: Балалардың «сыйластық»   құндылылығы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті ­Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем  алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз  денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан  бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...   Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз  жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап,  ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек  қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған  гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың  әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі  барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп  сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын  күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия  шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі  жерде жүру керек екен­ау!Біз барлығымыз да жақсы  екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де  сезінгендейміз.  Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. Үй тапсырмасын тексеру Әңгімелесу                     Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?  Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай  сөздермен білдіреді?  Сендерге кім, қандай жағдайда алғыс айтты?  Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады. Мәтінмен жұмыс          Алғыстың қандай жағдайда  айтылатындығын, оқушылардың оны өмірде қолданатындығын  Ресурстар: Мультимедиялық тақта,  оқулық,дәптер,мақал­ мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек  суреттері Оқушылар көңіл күйін  көтеру мақсатында Оқушылар әңгімелеп, жаңа  тақырыптың мазмұнын  талдайды. білу мақсатында әңгімелеу жұмысы жүргізіледі.Оқушы  М.Төрежановтың «Алғыс» әңгімесін оқиды. Түйіндеме           Сабақта Данышпан атаның айтқан сөздерін  түйіндеме ретінде ұсыну;     Рахмет! Жасың ұзақ болсын!                                 Мұратыңа жет! Таудай бол!                                                 Өнерің өрге жүзсін!   Өркенің өссін!                                             Азамат бол!  Бақытты бол!                                               Еліңе қорған бол! Білімді бол!                                                  Айың оңыңнан тусын! Өнерлі бол!                                                  Алла риза болсын! Бағың жансын!                                            Мерейің үстем болсын! Сахналау         Оқушыларды өмірде кездесетін  жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға  дағдыландыру мақсатында  сахналауды ұйымдастыру. Дәйексөз: Тақтаға «Өмірге риза болып, алғыс айт» деген халық  даналыған жазып, балалардың назарын аударып, мағынасын  түсіндіру. Шығармашылық жұмыс:  Тақырыпқа байланысты эссе жазу Топпен ән айту Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз  беттерінше орындайды. Үй тапсырмасы:  Мәтінді  оқып түсінік айту­Балалар,  жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді  ешкімнен аямаңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген  сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе  сақтаңдар. Өмірдің әр­бір сәтін бағалай білуге үйреніңдер  және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін,көңілді жаңбыры  мен ақ қары үшін, жұмсақ, ұлпа бұлты үшін, жақын  адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін  алғыс айтуды ұмытпаңдар. Соңғы тыныштық сәті: ­ Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды  жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші.  Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында  жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері  басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген  болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап,  қамқорлық көрсете аласыңдар. Мағынасын түсіндіру Оқушылар тапсырмаларды  орындайды Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді Дәптердегі тапсырмаларды  мұғалімнің көмегімен  орындайды Күнделіктеріне  жазады. Оқушылар көздерін жұмып  демалады.

Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.

Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.

Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.

Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.

Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.

Разработка урока по самопознанию 3 каз. кл.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018