1.3 тақырып Кезеңді әрекетті рекуперативтік аппараттар
Реакциялық аппараттар. Автоклавтар.
Реакциялық аппараттар дегеніміз – суспендирлеу және диспергирлеу процестерін өткізуге қолданылатын аралас механизмді құрылғы. Олар корпустан, сақиналық жылуалмастыру камерасынан, сорғыдан және айналымдық түтікшесі бар қапты түтікті жылуалмастырғыш орнатылған, оның ішінде бұрандалы құрылғы мен цилиндрлік қосымша құрылғы болады. Олар көп жүрісті айналымдық ағын тудыратын, жылуалмастыру құрылымының жұмысын тиімді етеді, орын ауыстыру процесін жақсартады, минимал коэффициентті толықтыру аралығын кеңейтеді.Оларды қолдану аясы: химия, медицина, мұнай-химия және өнеркәсіптің басқа да салалары.
Түрлері:
-колонна типті, оларда сұйықтың айналу процесі жүйенің өзінде болады;
-тарелка тәріздес реакциялық абсорбциялы. Оларда қажетті сұйықтың көлемі оның тарелкадағы деңгейімен қамтамасыз етіледі;
-насадкалы типті реакциялық аппараттар. Оларда сұйықтың жартысы ғана айналым жүйесінде болады. Оның барлық көлемін қамтамасыз ету үшін көпретті к айналым қолданылады.
Жұмыс істеу принципі. Араластырғыш құрылғылы реакциялық аппараттың сыйымдылығын (ішін) жылуалмасуға тиімді жағдай жасайтын, жұмыс режимінде жылуалмастырғыш арқылы айналымды тиімді ететін сорғы орналасқан деңгейге дейін толтырады. Айналымның реттеу процесіне жауапты шибер құрылғысы реакциялық массаның берілген жылдамдығында секциялық реакциялық камераға берілісті қамтамасыз етеді. Реакцияның екінші құраушысы реакциялық камераның келесі немесе төменгі секциясына жеке құбырлар арқылы беріледі.
Реакциялық аппарат үнемсіз болғандықтан, оның көмегімен нақты және дәл өлшемдерді алып жүргізуге болмайды, соның нәтижесінде технологиялық өндірістік процестердің тиімділігін арттырып, өзіндік құндылығын сақтай отыра қоспалардың құрамын азайту мүмкін емес. Бұл мәселені процестерді автоматтандыру арқылы шешуге болады.
Автоклавтар. Автоклавтар – бұл жоғары қысымда кез келген затты тез қыздырып алуға болатын герметикалық құрылғы. Олардың құрылымдары бір-бірінен өзара ерекшеленеді, олар айналатын, тік, колонналық, көлденең және шайқалатын болады. Олар әр түрлі салаларда қолданылады, атап айтқанда, медицинада, металлургияда, тамақ өнеркәсібінде және химияда қолданылады. Мұның қандай құрылғы екенін жақсырақ түсіну үшін мысал ретінде «триплес» шынысын жасауға арналған автоклавтың жұмысын қарастырайық. «Триплес» шынысы деген не? Бұл көпөабатты болып келетін шыны, ол жоғары температурада және қысымда өзара жабыстырылған бір немесе бірнеше шынылардан тұрады. Көбінесе бұл шынылар ұшақтар, автокөліктер және пойыздар үшін жасалады. «Триплекс» шынысын жасаудың екі технологиясы бар: біріншісі – вакуумдық ламинаттау, екіншісі – автоклав технологиясы. Қазіргі кезде көптген кәсіпорындар автоклав технологиясында жұмыс жасайды. «Триплекс» шынысының жасалу жолы бірнеше этаптардан тұрады: алдымен шыныларды қажетті өлшемге дейін кесіп алып, майыстырады; содан соң олардың арасына пленка салынады да, өнімді престеліну үшін жоғары қысымды автоклавқа жіберіледі. Бұл шыныны жасауға арналған автоклавтар электрлік және көлденең цилиндр түрінде болып келеді. Көлденең автоклав жеке қосылған түптен, байонетті тығынды қақпақтан және түтікті электрқыздырғыштан тұрады. Сонымен қатар, онда манометр мен сақтандырғыш арматура болады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.