Сабақтың атауы Құрмалас сөйлем
Білімділік: оқушыларға құрмалас сөйлемнен теориялық білім беріп, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыру; берілген тілдік материалды талдата білу;
Дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ойландыруға төселдіру, сөздік қорларын көбейту, шығармашылық жұмыс арқылы қиялдарын ұштау.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақ тілін қастерлеуге, сөйлеу мәдениетін көтеруге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, салыстыру
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте
қазақ тілі 7.docx
Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәннің аты:Қазақ тілі Уақыты:23.10.18
Сабақтың атауы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Құрмалас сөйлем
Білімділік: оқушыларға құрмалас сөйлемнен теориялық білім беріп,
олардың практикалық дағдыларын қалыптастыру; берілген тілдік
материалды талдата білу;
Дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ойландыруға төселдіру, сөздік
қорларын көбейту, шығармашылық жұмыс арқылы қиялдарын ұштау.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақ тілін қастерлеуге, сөйлеу мәдениетін
көтеруге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ жауап, салыстыру
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Қызығушылықты
ояту
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен
бірге бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
Балалар, бірбіріміздің қолымыздан ұстап, алақан
арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай
тамаша, қандай қуаныш!
Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап
қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады.
Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің
шетіне
жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын
жүректерінің
тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,
саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа
созады).
«Құрмалас» деген сөз «құра, құрау» сөздерінен алынып, грамматикалық
термин ретінде ғана қолданылады. Жай сөйлем жай бір ғана ойды
білдірсе, құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп ойды, күрделі ойды
білдіреді. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір
бірімен қосымша шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы
байланысады. Мысалы:
Жай сөйлем Құрмалас сөйлем Құрмаласу тәсілі
Жаңбыр жауды. Жер көгерді. Күн шықты. Мал өріске кетті. Жаңбыр
жауды да, жер көгерді. Күн шыққан соң, мал өріске кетті.
Баяндауыштары тиянақты. Шылаулар арқылы байланысып тұр.
Бет қаратпайтын болды. Қапан далаға бармады. Бет қаратпайтын боран
болғандықтан, Қапан далаға бара алмады. Қосымша арқылы
байланысқан, біріншісінің баяндауышы тиянақсыз.
Іс бітті. Қу кетті. Іс бітті қу кетті. Орын тәртібі интонация арқылы
байланысқан.
Сонымен құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден
құралып, күрделі ойды білдіреді. Құрмаластың құрамындағы жай
сөйлемдер бір бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Салалас байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің
баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір біріне тәуелді болмай, тең
дәрежеде байланысады. Ал сабақтаса байланысқан құрмаластың
құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз келіп, бірі
екіншісіне бағына, сабақтас байланысады.
«Қаражорға» биі
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
1,2,3жаттығулар топтарда орындалады.
4жаттығу жеке жұмыс
Үлестірме қағаздармен жұмыс.
1. Күлдей күңгірт шашы бар,.......(М. Жұмабаев)
2. Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,.....(Қ. Аманжолов)
3. Ереуіл атқа ер салмай,......(Махамбет)
4. Өзіңмен бірге өлмесін өлеңім деп,.... (Қ. Аманжолов)
5. Ақылды сөзге тоқтайды,....... (Мақал)
1.........., білім өнер қазығы(Мақал)
2........., шешеннің сөзі ортақ
3.........., шеше көрген тон пішер
4..........., білімді мыңды жығар
5.........., жалқаудың жаны тәтті.
Семантикалық картамен жұмыс
Мысалдар
Салалас сөйлем
Сабақтас сөйлем
Сергіту сәті
Жаңа сабақ
Рефлексия
Үйге тапсырма
Аралас сөйлем
1. Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
2. Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп қалды. Ол жұмыстан
келген соң, бүгінгі газеттерді қарап шықты.
3. Әбді дейтін жігіт сөз бастап еді, жұрттың құлағы елең етіп, бәрі де
соған қарай қалды.
4. Бір нәрсе жалпылдап алдыма түскенде, алғашқыда жел ұшырып
әкелген газет пе деп қалып едім, байқасам, қара түйіршікті өз көйлегім
екен.
5. Оларға рахмет айту керек, ұмытқанымызды еске алады.
62 бет, 5 жаттығу
Күнделіктеріне жазып
беремін
Бағалау парақшасын
толтырады.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Кері байланыс
Смайликтерді өзі
қалаған нұсқаға
жабыстырады
"Құрмалас сөйлем" 2 сынып.
"Құрмалас сөйлем" 2 сынып.
"Құрмалас сөйлем" 2 сынып.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.