Өзiнөзiтану сабағының жоспары №2
Мектеп: №2 Мерзiм:
Мұғалім: Сыныбы: 7 Оқушылар саны:
Тақырып: Көкірек көзін ашалық!
Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: дұрыс ырғақпен демалу, өзінөзі алдамау; шыдамдылық
Сабақ мақсаты: Оқушылардың дұрыс ырғақпен демалып, шыншылдыққа және өзін – өзі алдамауға
тәрбиелей отырып ішкі тыныштықты сақтай білуге үйрету.
Міндеттері:
Білімдік: Жаксы сөз айтып, жаксы іс –әрекет жасап, жақсы ой ойлауға үйрету
Дамытушылық: Қоршаған ортаға жақсылық ойлай отырып, руханиадамгершілік білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: ешкімді ренжітпеуге, шыдамдылыққа, адал болуға тәрбиелеу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. (оқушыларды сабаққа дайындау, оқулық, дәптерлерін алу)
Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяққолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. (әуен
ойналады)
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем
гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілекқалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Ресурстар:
үнтаспа
Слайдтар
(сюжетті
суреттер,
шындық, бірлік
сөздері)
Сабақ барысын
талдау:
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек
жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр біртебірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жанжағыңызға сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жанжануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкіртүпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр
менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Сұрақтар:
1.Балалар,жаттығу барысында не сездіңдер?
2. Қандай күйде болдыңдар?
3.Неге осындай күйге келдіңіз?
4. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма?
Қорытынды:Олай болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық
қалпымызды сақтайық
1 Үй тапсырмасын тексеру
Б. Бұлқышев
Адам – өз өмірінің суретшісі
Асылы, адамөз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп
өрнектеуге еңбек етеді. Әрбір адам өз өмір жолының сара, сәулелі болғанын жақсы көреді. Оның ой
тілегі, дем алмай істеген қызметі – өмірінің барометрі. Өмір бойы құмырысқадай қыбырлап еңбек еткен
адам дүниге терең түсіністікпен, өзгеше қарайды. Осы жолда ол өзінің ойын, күшін, қуатын сарп етеді де, өмірді өз тағынан құлатпайды. Күш – қуатын, ойқиялын алдағы өмірі үшін жұмсап үйренген ол еңбекке
әбден үйреніп алады да, еңбексіз отыра алмайды. Сөйтіп, біртіндеп адам өзінің өмірін күннен күнге
өнерлеп, айқындай береді.
Сұрақтар:
Әңгіме не туралы айтылған?
Өмір бойы талмай еңбек еткен адамның өмірі қандай болады?
Қорытынды:
Әр нәрсеге шыдамдылық танытып талмай еңбек еткен адамғана армандаған мақсат
міндеттерәне жетіп ішкі тыныштықтарын сақтай алады.
3 Жағымды ойпікір (дәйексөз)
Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Ә. Тәжібаев
Оқушыларға дәйек сөздің мағынасын түсіндіру
Өзіңе сен, күшіңе сен, қайжерде болмасын шыдамдылық танытып, өзіңді – өзің алдамай, шын ниетпен
әрекет ете білсең, әр ісіңнен жақсы нәтиже шығады және ол адамның өрісіде биік, талабы да таудай.
Нағыз күште құштарлықта әр адамның өз бойында.
Сұрақтар:
Өзөзіңе сенімді болу үшін бойыңызда қандай құндылық, қасиеттер болу керек?
Осы аталғын қасиеттердің қайсысы оз бойыңызда бар деп ойлайсыз
Балаларға жаттату (1.хормен айтқызу, 2. 3қатарға бөліп айтқызу)
Жатқа 23 баладан сұрау
Қорытынды:
тыныштығымызды сақтайық.
олай болса, балалар, ешқашан шыдамды, өзөзімізге сенімді болып, ішкі
Әңгімелеу
Аңыз әңгіме
(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын сюжетті суреттер арқылы эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп
әңгімелеп беру).
Мектептегі екі дос, үйге қайтар жолда қымбат ұялы телефон тауып алды.
– Бұл телефонды ертең иесіне қайтарармыз,бірақ бүгін менде болсын, – деді Арман.
«Өкініш»
– Неге сенде болу керек? Телефон шалып иесін іздейік, – деп ренжіді Қайрат.
– Оның құпия сөзін білмейміз ғой!!!
Қайрат амалсыздан Арманның айтқанымен келісті. Келесі күні Арман телефонды үлкен ағасы
алып, бермей қойғанын айтты.
Қайраттың жылағысы келіп кетті. Мұғалімге айтайын десе, Арманның ағасы бұзық – өзі одан
қатты қорқады.Ал Арман болса, түк болмағандай ойнап жүр. Қайрат өзін қоярға жер таппады, не істесе
де телефон оқиғасы оған маза бермеді.
Бұл әңгімеде не туралы айтылған?
Сұрақтар:
1
2 Қалай ойлайсыздар Арманның бұл қылығы дұрыспа?
3
Қорытынды: Ендеше, балалар, ешқашан өтірік айтпайық, шыншыл, адал болып, әр ісімізде
Егер Қайраттын орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?
дұрыс әрекет жасап, өзімізге, айналамызға қиянат жасамайық.
5. Шығармашылық жұмыс.
Өзіңе сен!
Н. Оразалин
Өзіңе сен!
Күшіңе сен бойдағы ерен,
Сенім деген киелі қойма дер ем.
Көлкөңілдің жатпайды жайнап үсті....
Жеңілу де, жеңісте бұл өмірде,
Бәрі, қарғам, өзіңе байланысты. Осы өлеңді оқушылар басшылыққа ала отырып эссе жазады. Баланың ойына шек қойылмайды.
Қорытынды: Балалар, сендер әрдайым жақсы істер жасай отырып, өзөзімізді алдамай,
шыдамдылықты және ішкі тыныштығымызды сақтай білуді үйренейік
2 Топпен ән айту.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Әні: Сәкен Дәрібаев
Сөзі : Серік Сейітман
Тыңдадосым, мен айтайын от тілек,
Дүниеденкетті бай да, өтті бек.
Өміріңенемқұрайлықарама,
Дәулетіңментұрсаңдағыкөктіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңенемқұрайлықарама,
Шақшабасыңайналса да бақыттан
Қайырмасы:
Баққұсыңдықонғанкездебағала.
Қолдамәңгітұрмайтынолшағала.
Кенелсең де досымқаншашаттыққа
Өміріңенемқұрайлықарама.
Баққұсыңдықонғанкездебағала.
Қолдамәңгітұрмайтынолшағала.
Қаншаазапкөрсеңдағы,бауырым,
Өміріңенемқұрайлықарама.
Сұрақтар:
1. Әннің мазмұнында қандай қасиеттер айтылған?
Үй тапсырмасы.
Қорытынды: Ендеше балалар өмірімізге немқұрайлы қарамайық. Бәрі өз қолымызда олай болса
жан тыныштығымызды сақтай білейк
1
1. «Күш қайдан келеді» (Қ. Толыбаев) әңгімесін оқып келу.
2. Дәптермен жұмыс.
- Дәптерде берілген мақал мәтелдерді оқыңдар. Олардың мағынасын
түсініп, жаттап алыңдар. Жаттаған мақалдарыңды жатқа дәптерге
жазыңдар.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қою.
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет! Сау
болыңыздар!
Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"
Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"
Сабақ жоспары Өзін - өзі тану Тақырыбы "Көкірек көзін ашалық"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.