Мақсаты:Адамның салауатты өмір сүруі туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
• Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін ашу арқылы табыңдылық, тазалық, еңбекқорлық қасиеттерін жөнінде білімдерің кеңейту.
• Салауатты адамның жанның да, тәннің де тазаруы туралы салауатты өмір салтын үйрету арқылы табаңдылық тазалық, еңбекқорлық қасиеттерін бала бойында дамыту.
• Табаңдылық, тазалық, еңбекқорлық қасиеттерін пайдаланып, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
сабақ жоспары.docx
Өзін –өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Лозовой ЖОББМ»ММ
Мерзім:09.03.2017
№ 24
Тақырып:Салауаттылық өмір салты.
Құндылық: Дұрыс іс – әрекет
Қасиеттер: тазалық, еңбекқорлық,табаңдылық.
Мұғалім:Альсеитова Индира
Сынып: 8
Оқушылар саны:4
Мақсаты:Адамның салауатты өмір сүруі туралы түсінік бере отырып, дұрыс
әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін
қажеттілігін ашу арқылы табыңдылық, тазалық, еңбекқорлық
қасиеттерін жөнінде білімдерің кеңейту.
Салауатты адамның жанның да, тәннің де тазаруы туралы салауатты
өмір салтын үйрету арқылы табаңдылық тазалық, еңбекқорлық
қасиеттерін бала бойында дамыту.
Табаңдылық, тазалық, еңбекқорлық қасиеттерін пайдаланып,
жағымсыз ісәрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, 5 «Т» еске түсіру.
Қуан шаттаң
Қуан шаттаң
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң достым
Қайырлы күн болсын.
Тыныштық сәті.(Хрустальный звон)
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяққолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі
нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілекқалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
Ресурстар:
құралдар,
мәліметтер. мәтін,
нақыл сөздер,
үнтаспа,
бейнетаспа,
плакат, маркер т.
б құралдар
Сабақ барысын
талдау. күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар
нұр мен махаббат құралынаайналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты
жәнежақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,
құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің
басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр біртебірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан
жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,
ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жанжануарларға, өсімдіктерге,
барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкіртүпкіріне нұр
бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 8991 беттегі «Қайынның қасіреті» мәтінің оқу, сұрақтарға жауап
беру.
1.Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
2.Табиғат та жылай ма?
3.Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?
Еліміздің президенті Н. Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында
«азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған
ортаның таза болуы үшін азаматтарды салауатты өмір салтына әзірлеу»
қажеттігі көрсетілген.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Салауаттылық өмір негізі»
Дәйексөз
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі».
Томас Карлейль ао
оо
Т мас К рлайл
және философ, «Француз революциясы» (1837) көптомды еңбегінің
авторы.1841 жылы Лондон кітапханасын қалаушылардың бірі болады.
(1795—1881жж) — ағылшын жазушысы, публицист, тарихшы
Қыз балаларға және ұл балаларға айтқызу. Дәйексөздің мағынасын ашу.
1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Денсаулық дәрісі.
(аңыз әңгіме)
Бір патша ауырып жатқанда сарайындағы емші оған ем ретінде «Денсаулық»
салатын жасап жеуді ұсынады. Ал, салат құрамы мынандай екен: «Тыңдай
білудің тамырын , тіл табысудың жапырағын салыңыз, жан тазалығы мен сенім
жемісін қосып,бәрін сабырлықтың ыдысында сақтап, күнде пайдаланыңыз»
деген екен.
Сұрақтарға жаап беру.
1.Емшінің сөзінен кейін патша емді өмірінде қалай қолданады деп
ойлайсыңдар?
2.Ал, балалар, қалай ойлайсыз, бұл салат пайдалы ма екен?
3.Ал, балалар, бұл салатты өз өмірімізде пайдалансақ, бұл біздің дұрыс
жасағанымыз ба?
Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.
Әділбек Ниязымбетов
Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов (19 мамыр 1989 жылы дүниеге келген.)
— боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің
иегері. Әділбек алғаш рет 2007жылдың жазында Алматы қаласында өткен
жастар арасындағы Азия чемпионатың ұтқан. 2008 жылы Тараз қаласында өткен
ересектер арасындағы 69 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатын
жеңіп алды. Ол кезде Әділбек бар болғаны 18 жаста болатын. Ал 2009
жылы Қостанай қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы жетістігін
қайталап, екі дүркін ел чемпионы атанды. Сол кезден бастап Әділбектің
боксында тығырық кезеңі басталды. Ол 2010 жылы Астана қаласында өткен ҚР
чемпионатында 1/4 финалда Данабек Сужановқа 2:3 есебімен есе жіберсе, 2011
жылы ақпан айында Алматыда өткен ҚРЧ 1/4 финалда Асхат Жақыпбековке 1:3
есебімен ұтылып қалды. Бұл кездерде ол 75 келі салмақ дәрежесінде бокстасып
жүрген болатын және бірнеше келі салмақ қуатын еді. Әділбекті 81 келіге
дейінгі салмақ дәрежесіне кетуін құп көрді, өйткені салмақ қуу көп энергияны
алып кетіп тұрды.
2011 жылдың наурыз айынан бастап Әділбек 81 келі салмақта бокстаса бастады
және жақсы жетістіктерге де жете бастады.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. 2 топқа бөлі.
Тапсырма:Сөз ұйқастары беріледі,өлең құрастыру керек.
1 топ:
(слайд
көрсету) …………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
………………………………………....
………………………………………….санамыз.
2 топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
Топпен ән айту.
«Чемпиондар әні» Алға Қазақстан.
Байрағы еңселі елімнің
Кең байтақ айбынды жерімнің.
Тұлпары біз болдық бәйгеде,
Ақтап шыққан, ел сенімін.
Тізгіндеп алтын мен күмісін
Сыйлаған еліне жеңісін
Әлемде топ жарып жарысқан,
Қазақстан, Қазақстан.
Желбіреп байрағы әлемде
Әнұран айтылды әр елде.
Ұлқызы әлемге өз елін танытқан, танытқан
Қазақстан
* Балалар қалай ойлайсыздар осы әң бүгінгі сабағымыздың тақырыбына сай ма?
* Әннің мағынасын қалай түсінесіздер?
Үй тапсырмасы:Оқулықтың 9699 беттегі «Жекпежек» мәтінің оқу,
сұрақтарға жауап беру.
Соңғы тыныштық сәті.
Оқушылар көздерін жұмып бүгінгі өткен сабақты естеріңн түсіріңдер.
Салауаттылық - өмір салты. Сабақ жоспары.
Салауаттылық - өмір салты. Сабақ жоспары.
Салауаттылық - өмір салты. Сабақ жоспары.
Салауаттылық - өмір салты. Сабақ жоспары.
Салауаттылық - өмір салты. Сабақ жоспары.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.