"Сандар сыры" математика 3 cынып
Оценка 4.9

"Сандар сыры" математика 3 cынып

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
математика
3 кл
06.04.2017
"Сандар сыры"  математика 3 cынып
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. ә) Экономикалық - саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру. б) Оқушыларды жан - жақты ізденушілікке баулу. шығармашылық жұмыс жасауға үйрету. Күтілетін нәтиже: Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.математика 3 сынып
сандар сыры 3 сынып.docx
Алматы облысы  Райымбек ауданы «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып  мұғалімі Ашкеева Света Кенесовна Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры. Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. ә) Экономикалық ­ саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру. б) Оқушыларды жан ­ жақты ізденушілікке баулу. шығармашылық жұмыс жасауға үйрету. Күтілетін нәтиже: Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын  түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі. II. Жұмбақ шешу: Атадан 10 боламыз, Бір ­ бір жастан арамыз. Қосылып кейде басымыз, Азайып кейде қаламыз. Бөлініп кейде арамыз, Көбейтіп те аламыз. (сандар) III. Ой қозғау: (Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз) 1) (2*1) 3=4 2) (3*2) 1=2 3) (7*4) 2=5 4) (4*3) 5=? Жауабы: 6 IV. Математикалық және пәнаралық байланыстар: 1. Квадраттың қабырғалар санын 100 ­ ге көбейтіңіз. (400) 2. Дөңгелек сөзінің әріптер санын 2 ­ ге бөліп, 5 ­ ке көбейтіңіз. (20) 3. Шашбау сөзінің жартысына ка жалғауын қос.(шашка) 4. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4минут) 5. Кісібе жылдың ақпан айының соңғы күнінен 4 пен 5 ­ тің көбейтіндісін айырыңыз.(9) 6. Тәуелсіздік күнін халықаралық әйелдер күніне көбейтіңіз.(128) 7. Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жасына 25 ­ ті қосыңыз.(55) 8. Ұлы Отан соғысының басталған жылының цифрларының қосындысын табыңдар.(15) 9. Ең үлкен материктің әріптер санынан 4 ­ ті шегеріңіз.(3) 10.«ля» нотасының ретіне квартет қатысушы мүшелерінің санын көбейтіңіз.(24) V. Шығармашылық байланыстар ­ сандардың сырын ашу, яғни сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысы. «Үш бәйтерек, үш би, үш қуат, үш асыл, үш биік, үш жұрт» Үш бәйтерек ­ І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин Үш би ­ Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Үш жұрт ­ ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт. Үш қуат ­ ақыл, жүрек, тіл. Үш асыл ­ көз, тіл, көңіл. Үш биік ­ билік, дәулет, даналық. Осыған байланысты 3санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атап кету:  үшбұрыштарды шешу, үш перпендикуляр, 3 санына бөлінгіштік белгілері, үшбұрыштың  тамаша нүктелері т. с. с «Бес арыс, бес ақыл, бес қару» Бес арыс ­ Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов. Бес ақыл ­ талап, еңбек, ақыл ­ ой, қанағат, рақым. Бес қару ­ мылтық, найза, айбалта, қылыш, садақ. Осыған байланысты 5санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атау: Евклидтің  V пастулаты........ VI. Сандар мен амалдар: №1 I. 4 (5 2)=40 II. 1 (7 10)=70 III. 8 (4 0)=0 IV. 7 (3 2)=? Жауабы: 42 ● ● ● ● ● ● ● ● ▲ ▲ №2 I. (7 3)=21 II. (5 2)=10 III. (15 5)=3■ IV. (10 2)=5■ V. 40 (4 2)=? Жауабы: 5 ■ ▲ №3 I. 5 (3 9)=17 II. (8 3) 6=17 III. (6 5) (7 1)=19 IV. (5 2) (10 3)=? Жауабы: 20 VII. Үй жұмысы: «Жеті ата, жеті қазына, жеті ғалам» туралы білу. Сандар мен амалдарға есептер құрастыру VIII. Қорытынды.

"Сандар сыры" математика 3 cынып

"Сандар сыры"  математика 3 cынып

"Сандар сыры" математика 3 cынып

"Сандар сыры"  математика 3 cынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.04.2017