Оқу бағдарламасы: оқу мақсаттары және ұзақ мерзімді жоспар
Білім беру деңгейіндегі пән тұжырымдамасын, сағат санын, бағалау жүйесін, т.б. сипаттайды |
|
Білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды | |
Нақты сынып бойынша пән тарауларының мақсаттары мен міндеттерін, мұғалім іс-әрекеті мен сабақта қолданылатын ресурс егжей-тегжейлі сипатталады | |
Сабақ жоспарының үлгісі |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы | |
Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары | 7.1.2.1 |
Сабақтың мақсаттары | Көптеген оқушылар: Кейбір оқушылар: |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы | |
Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары | 7.1.2.1 .............. |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Қалыптастырушы бағалау |
8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау |
Тапсырма |
Бөлім бойынша жиынтық бағалау |
8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау |
Тапсырма Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін. Тұрақты тіркестер: үш ұйықтаса түсіне кірмеген, көз майын тауысу, кәдеге асу, көздің жауын алатын, қас пен көздің арасында. |
Тоқсандық жиынтық бағалау |
8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау |
Тапсырма Ұсынылатын тақырыптар: Білім беру саласындағы инновация туралы ойыңызды айтыңыз. Қазақстандағы сауданың оң және теріс әсерлері қандай? Энергетикалық дағдарыс деген не? |
Критериалды бағалау жүйесі
«Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес» М.Әуезов
Саралап оқыту деген не?
Саралап оқыту деген - сыныптағы барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған оқыту.
Мықты оқушылар алға ілгерілейді.
Оқу үлгерімі төмен оқушыларға артта қалып қалмас үшін қолдау көрсетіледі.
Оқу үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыларға бағдарламадан қалып қалмас үшін қолдау көрсетіледі.
Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту кезінде білім алушылардың оқу мақсатына жетудегі сыныптағы оқушылардың көпшілігінің ілгерілеуін көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырмаларды жоспарлау мұғалім үшін өзекті мәселелердің бірі. Ұстаз қашықтықтан қолдау көрсетуді қажетсінетін және күрделі тапсырманы орындайтын оқушы үшін тапсырманы қалай бейімдеуге болатынын жоспарлай алуы керек
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған тәсілдерін қарастыру негізінде қашықтықтан оқытуда сабақты жоспарлауды зерделеу
Жағымды
аспектілері
Қашықтықтан оқытуда сабақты жоспарлауда саралауды қолдану
-
1.Мұғалімде әлсіздерге көмектесуге, мықтыларға назар аударуға мүмкіндік болады
2. Қоғамдық нормаларға бейімделе алмайтын қиын балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік туады
3. Мықты оқушылардың білім беру үдерісінде жылдам және тереңінен білім алуға деген ынталары жанданады
Оқу үдерісінде оқушылардың “өте қатты қобалжу” мен “зерігу” сәттері кездеседі. Қобалжу - мұғалім оқушыдан тым көп нәрсені күткенде, ал зерігу – оқушыға өте аз ұсынғанда пайда болады
Михай Чиксентмихай
НЕГЕ ?
ҚАЛАЙ?
1.Мазмұн бойынша. Мұғалім оқу мазмұнын Блум таксономиясы (төменгі ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне дейін зияткерлік деңгейлер жіктемесі) бойынша әртүрлі деңгейді қамтитын оқушылар тобына әртүрлі оқу әдістерін ұйымдастыруы керек.
2.Үдеріс бойынша. Визуалдарды оқулықпен қамтамасыз ету (электрондық оқулықтар); Аудиалдарға аудио жазбаларды (ватцап, инстаграм, зум т.б) тыңдату; Кинестетиктерге тапсырмаларды өздеріне жасап көруге мүмкіндік беру;
3. Нәтиже бойынша. Нәтиже дегеніміз сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті.
4. Оқу ортасы бойынша. Психологиялық тұрғыдан айтқанда мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ететіндей оқу үдересін ұйымдастыруы қажет.
«Кэрол Анн Томлинсонның зерттеуі бойынша мұғалімдер саралап оқытуды төрт жолмен жүргізе алады
Сыныптағы жұмысты саралаудың ең кең таралған жеті тәсілі бар:
Тапсырма;
Ресурстар;
Жылдамдық;
Нәтиже;
Диалог және қолдау;
Бағалау;
Топтасу
Үлестірме материалға қараңыз. Осы әрекеттерден сіз қайсыларын қолдандыңыз?
Әр тәсіл туралы сіз не ойлайсыз?
Тапсырма арқылы саралауда оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде түрлі тапсырмалар беру керек пе?) сараланады.
Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:
Византияның дипломатиялық саясатының дұрыс берілген бағыттарын көрсетіңіз:
а) Саяси, экономикалық, мәдени;
ә) Қоғамдық, саяси;
б) Мәдени, рухани.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:
Византияның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жазыңыз:
1)_____________________________________________________
2) ____________________________________________________
3) ____________________________________________________
Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға:
Византияның сасанилер, эфталиттер, түріктермен сыртқы саясатта қандай дипломатиялық байланыс жасағаның жазыңыз:
1) Сасанилер ________________________________________
2) Эфталиттер ______________________________________
3) Түріктер _________________________________________
Үш түрлі түсті қағазға жазылған сұрақтарды беруге болады. Оқушыларға түс бойынша сұрақтардың қиындық деңгейлері айтылады
Жасыл түс:Византия көрші мемлекеттермен қандай байланыстар жасады?
Сары түс:Түрік қағаны Истемиге 568 жылы Византия неліктен елші жіберді?
Қызыл түс: Византияның сыртқы саясатының қандай ұтымды және ұтымсыз жақтары болды?
«Саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әр түрлі оқитынын түсінеді және бір бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді»
Leppien
Егер саралау қолданылмаса дарынды балалар үшін
қиындық олар сияқты тез оқымайтын балалармен уақыт өткізу
болып табылады. Ал, тез оқымайтын оқушыда басқалардан
артта қалып қалу сезімі пайда болады.
Ол ішкі уәжді жоғалтуы мүмкін.
Тапсырма арқылы саралауда күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырма арқылы саралауға болады.
І-деңгей.
Оқулықта берілген мәтінді оқып Византияның дипломатиялық саясатының бағыттарын анықтаныз.
Византия қай мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар жасағанын картадан көрсетіңіз.
ІІ-деңгей.
Берілген қосымша мәтінді оқып (рту бұл дереккөз арқылы саралауға да жатады) ,екі билеушінің сарайларының ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын салыстырыныз.
ІІІ-деңгей. Параграфтағы мәтінді, берілген қосымша деректерді пайдаланып салыстыру кестесін толтырыңыз
Кемталант мүмкіндігінше, шын талант қалағанынша жазады» (О.Сұлейменов);
Саралап оқытудың мақсаттары
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН:
“Мұғалім-оқушы” жүйесінен “субъект-субъект” қарым-қатынасына көшу үшін қолайлы жағдай туғызу.
- Рефлексияға дағдылану: 1.Мен істеп жатырмын? – пәндік мазмұнның өз әркетіндегі талдауы. 2.Қалай істеп жатырмын? – өз қызметіндегі тәсілдерге талдауы. 3. Не үшін жасап жатырмын? – өз құндылықтарын анықтауы.
ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН:
- Қоғамның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.
- Қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін ұмтылу.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН:
Жеке оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен нысандарын, құралдар жиынтығын іске асыру арқылы әр оқушының қызығушылығын арттыру мен қабілеттерін дамыту
ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН:
Білім берудегі мәселелерді сыртқы және ішкі саралау арқылы шешу. Әрбір оқушыға жеке білім траекториясымен өсу үшін мүмкіндік туғызу.
Сыныпта саралап оқытуды қолданатын мұғалімдер:
Оқушылардың оқу стильдеріне сәйкес сабақты ұйымдастырады (аудиал, визуал, кинестетик);
Оқушыларды қызығушылықтары, тақырыптар және қабілеттері бойынша топтастыра алады;
Қалыптастырушы бағалауды қолданып оқушылардың оқу жетістігін бағалайды;
Сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын ұйымдастырады;
Оқушылардың қажеттіліктеріне сай сабақ мазмұнын жүргізіп, үздіксіз бағалау жүргізеді.
ОҚУТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША САРАЛАУҒА БОЛАДЫ:
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША
ҚИЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША
КӨЛЕМІ БОЙЫНША
ДЕРБЕСТІК ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША
Тапсырманы бәріне бірдей таныстыру
Орындалу кезеңі
I топ – мұғаліммен бірге
II топ – алдымен мұғаліммен содан кейін өздіктерінен
III топ – өзбетінше
ОҚУШЫНЫҢ ТАҢДАУЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМА- ЖАҒЫМДЫ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ
Тапсырмалардың нұсқалары қиындық деңгейі, шығармашылық деңгейі, көлемімен ерекшеленеді.
1 нұсқа – негізгі тапсырма
2 нұсқа–көлемі үлкендеу тапсырма
3 нұсқа – шығармашылық тапсырма
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.