«Сезім мүшелерінің қызметтері.» Көз,құлақ,мұрын,тіл, т.б.
Оценка 5
Разработки уроков
docx
обществознание
Детсад
23.04.2018
Сабақтың мақсаты: Сезім мүшелерінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Сезім мүшелері арқылы заттарды таныта отырып, ой-өрістерін, сөздік қорларын, тіл байлық
тарын дамыту. Сезім мүшелерін күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, оқулықпен, дәптермен, топпен жұмыс,сұрақ-жауап, сергіту
сәті, ойын
Көрнекі-құралдар: сезім мүшелерінің суреттері, жұмбақтар, т.б
I апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені біз сендермен өзіміздің сезім мүшелеріміз туралы қызықты мәліметтер аламыз.
II.Психологиялық дайындық:
Балалар – гүлім менің,
Балалар – күнім менің.
Балалар нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің, – дей отырып балалар, сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңеймін.
III. Жаңа сабақ. Мұғалім: Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып қабілеттер бізге 5сезім мүшесі арқылы беріледі.
— Олай болса, сезім мүшелерінің қызметімен танысайық.
Тақтамен жұмыс. (Тақтада сезім мүшелерінің суреттерін жеке-жеке шығара отырып,
түсіндіру).Мұғалім: Балалар, әр сезім мүшесіне байланысты жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың жауабы бойынша жеке-жеке мағлұмат аламыз. Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін? (Көз). (Суреті көрсетіледі).
— Көз не үшін керек? Көз адамның негізгі мүшесі. « Көз – адамның айнасы». Көзді шаршаудан және зақымданудан сақтау керек. Көз – көру мүшесі. Адамдар заттарды көзбен көреді. Көру арқылы заттың түсін, мөлшерін, пішінін, түрін ажыратады. Әр адамның көңіл күйін көзіне қарап байқауға болады.
Есіңе сақта!-Жатып оқыма; көлікте және қараңғы жерде кітап оқуға болмайды. (Суреттерін көрсету)
IV.Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп,
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш.
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау.Суреттер көрсету.
Тыныштық сәті: Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады. Кәнікей денемізді
түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең
жұтып, еркін тыныс аламып енди көзімізді ашамыз.
Жұмбақ: Күмбір-күмбір қарағым,Қартайғанша жарадың. (Құлақ).-Бұл қандай мүше?
Есту мүшесі. (Музыка қою). Көрмей-ақ, жануарларды бір-бірінен қалай ажыратып, анықтауға болады? Дауыстаған дыбыстарын есту арқылы.
Құлақ – есту мүшесі.Ол барлық дыбыстарды естиді. Құлағыңды алақаныңмен ақырын басып көр. Не сездің? Құлақтың қажеттілігін, осыдан кейін жақсы түсінесің. Құлақты жақсы күту керек. Құлаққа суық тигізбеу үшін қыста жылы бас киім киеміз. Әуелеген әуезді әнді ұйып тыңдаймыз. Көңілден шыққан әуенге билеген де жақсы.
Есіңе сақта: а) Құлақты аса қатты дыбыстан, шудан қорғау;ә) Желден қорғау; б) Су кіргізіп алмау. Дұрыс тазалау. (Суреттерін ) көрсету.
IV.Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп,
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш.
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.
Жұмбақ:Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын). (Суретін шығару).Сарамандық жұмыс: (иіс су) шашырату, иісін сездіру. (Суретін шығару). Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынымен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. Мұрындарын қолмен басып, демалдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату. Иіскеп гүлдердің хош иісін сеземіз. Мұрныңды күте біл. Ол үшін таза орамалды пайдалан.
III апта
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау. Суреттер көрсету.
Жұмбақ:Дәм сезетін жүйрікДенесі жұмсақ сүйрік. (Тіл). (Суретін шығару).-Тіл туралы не білеміз? Нені сеземіз? Тіл – сөйлеу мүшесі. Ғалымдардың айтуы бойынша тіл ұшы – тәттіге жауап береді екен. Ал тіл шеттері қышқыл мен ащыны жақсы ажырататын көрнеді. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі.
Сарамандық жұмыс: Лимон дәмін сездірту. Дәмді тілмен сезеді. Тіл – дәм сезу мүшесі. Балалар, сезім мүшелері күтімді қажет етеді. Тіл арқылы дәмдерді ажыратамыз. Тұздың ащы, лимонның қышқыл, балдың тәтті екендігін білуіміз де сондықтан.
Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды. Тісті, тілді, құлақты таза ұстау керек.
IV.Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп,
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш.
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.
Дәптермен жұмыс: Суреттерді сәйкестендіру. Мұғалім: Балалар, мен сендерге суреттер беремін. Сол суреттерге қарап әр сезім мүшелерінің сәйкестігін табасыңдар. Әр бала жеке - жеке жауап береді.
IY апта
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау. Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Қандай сезімде болдың, көңіл - күйің қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.
Альбоммен жұмыс: Суреттерді су бояумен, түрлі- түсті қарындаштармен бояу.
Жаңа тақырыпқа кіріспе: а) Мозайка құрастырамыз.
Тапсырма: Суретке қарап дене мүшелерін орын орнына қойып,
көрсетіп беру.
V. Бекіту.
«Не жоқ?» ойыны. Мұғалім тақтада ілініп тұрған суреттерді есте сақтауын өтінеді. Сосын бала көзін жұмған уақытта мұғалім бір суретті алып қояды. Жоғалған суретті табу керек.
VI. Қорытынды: Не жалғыз? Көз екеу, қол екеу, екі аяқ, екі құлақ, не жалғыз? (Мұрын, тіл). Сұрақ-жауап. (Суреттері шығып тұрады).
Мұғалім:
-Екі қолың не үшін қажет? Елге көмек беру үшін.
-Екі көзің не үшін қажет? Жақсыларды көру үшін.
-Екі құлағың не үшін қажет? Ақыл кеңес тыңдау үшін.
-Екі аяғың не үшін қажет? Сабаққа кешікпей, уақытында келу үшін.
-Ендеше балалар әр нәрсені сезу үшін нелер көмектеседі екен? (Сезім мүшелері).
VII. Бағалау: Әр сабаққа қатысып отырған оқушыға жұлдызшалар мен смайликтер таратып беру.— Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?— Сендерді не қызықтырды?Сабақтың мақсаты: Сезім мүшелерінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Сезім мүшелері арқылы заттарды таныта отырып, ой-өрістерін, сөздік қорларын, тіл байлық
тарын дамыту. Сезім мүшелерін күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сауат ашу.docx
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: «Ғ ғ» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Ғ дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз
құрап, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту,
қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу.
Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.
Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақжауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе әріптер, ермексаз, тақтаға
ілетін құралдар, бор.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу
құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Психологиялық дайындық. Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Жарайсыңдар, балалар! Өткенді қайталау.
Қандай дыбыспен таныстық? (Н н дыбыспен)
Дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)
Н н дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалы: Нан, наубайхана,т.б.
басында
ортасында
барлық буында
II. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу. Көп әріп ішінде,
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)
Дұрыс, балалар! Бүгінгі біздің сабағымызда Ғ ғ әрпімен танысамыз.
Ғ әрпін жазуды үйренейік. Ол бас әріп және кіші әріпке бөлінеді.
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін
жазамыз. (Баспа және жазбаша түрлерін жазып көрсету)
Ғ ғ дауыссыз дыбыс. Ғ ғ дыбысын көк дөңгелек текшемен белгілейміз.
Жарайсыңдар, балалар!
IV. Сергіту сәті: Біз жаздық, біз жаздық,
Қолымыз шаршады.
Ақырын демалып
Қайтадан жазамыз.
II апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу
құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашыпжұмамыз (қаттыжәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
Әліппе дәптердегі сағат, торғай, ағаш, мұғалім сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Ғ
дыбысының орнын айтқызу. Мысалы: сағат сөзіндегі ғ дыбысы
ның орнын тап.
IY.Сергіту сәті.
«Сиқырлы таяқша» ойыны. Шарты: « Ғ ғ» әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар
бірбіріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы
ретпен жалғаса береді.
Суретпен жұмыс. Мысалы: ағаш сөзіндегі ғ дыбысының орнын тап.
III апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару,
оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашыпжұмамыз(қаттыжәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
Оқулықпен жұмыс. Сөздерді аяқтау, буындарды оқыту.
Таға, ғалам, сағат, ғарыш, т.б
Әліппе дәптермен жұмыс. Ғ әрпін бастырып жазады. ҒА,ҒО,ҒУ.
АҒА, АҒАШ, ТАҒА, буындарын айтқызу.
IY.Сергіту сәті. IY апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару,оқу
құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап Ғ әріпін үзік сызықтар арқылы сызып
үйрену. Ғғғғғ қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену.
Ойын: «Сөз ойла – тез ойла»
Ойын: "Ғ" дыбысын тап.
АӘБИҒШЗТНКҒ
V. Бекіту.
«Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім
тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды
тауып магниттік тақтаға ілгізу.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Балаларды жекежеке мадақтау.
«Сезім мүшелерінің қызметтері.» Көз,құлақ,мұрын,тіл, т.б.
«Сезім мүшелерінің қызметтері.» Көз,құлақ,мұрын,тіл, т.б.
«Сезім мүшелерінің қызметтері.» Көз,құлақ,мұрын,тіл, т.б.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.