Шайдың пайдасы мен зияны
Оценка 5

Шайдың пайдасы мен зияны

Оценка 5
Научные работы
docx
химия
9 кл
03.04.2019
Шайдың пайдасы мен зияны
исследовательская работа на казахском языке о пользе и вреде чайного напитка. Проведена работа с литературой, эксперименты , лабораторные исследования и итог работы. Тесты и эксперименты проведены в школьной лаборатории. работа получила хорошую оценку. To investigate the chemical compound of the tea. To define the components of tea, to compare types of tea, compound and features, to make experiment and to know the effects to people's organism
куралайшай (1).docx
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы  Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектеп                                                          Жаңбырбаева Құралай Жалғасбайқызы                                          8 сынып оқушысы Тақырыбы: Шайдың пайдасы мен зияны Бағыты:                       Таза табиғи орта­ Қазақстан 2030 стратегиясын іске             асырудың негізі. Секциясы: Химия Жетекшісі:   Сатаева Зухра Исахметовна                     химия  пәнінің I  санатты  мұғалімі                                                                    1 2013 жыл                                                                                                                                Махамбет атындағы орта мектептің  оқушысы Жаңбырбаева Құралайдың  «Шайдың пайдасы мен зияны»                                                               тақырыбына жазылған ғылыми жобасына Пікір             Шай   ең көп таралған, дайындалу ерекшелігі бойынша ең танымал сусын  болғанымен, оқушы шайдың химиялық қасиеттерін, сорттарын зерттеп,  ерекшелігін анықтауға ұмтылған. Осы жобада адам денсаулығы:  профилактика, аурушаң, әлсіз адамдар үшін тамақтану мәселелері  қозғалған.Түрлі білім көздерінен алынған деректер мен баспасөз беттеріне  шыққан материалдарды жинақтап, саралай отырып, жоспар, тезис құруды  үйренді. Зерттеу мақсатын нақты анықтап, оқушы қызығушылықпен жүйелі  түрде жұмыс істеп, талдап,  қорытындысын түйіндеген. Жоба тақырыбына  байланысты теориялық білімін дәлелдеу мақсатында химиялық  эксперименттер жасап, көптеген мағлұматтар жинақтағаны байқалды.  Жетекшісі: 2 І санатты химия пәні мұғалімі:                                  З.Сатаева                               Аннотация 1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты:  Сусын ретінде шайдың  тағамдық қор қатарында алатын орнын,  құрамдас бөліктерін анықтау әдісін үйрене отырып, түрлерін,  құрамы мен қасиеттері бойынша салыстыру, эксперимент жасау,  адам ағзасына тигізетін әсерін білу. 2.Болжам: Шайдың құрамын, қасиеттерін зертеу арқылы мектеп  эксперименттерін жетілдіруге ықпал ететін және әлеуметтік  мәселелер қарастырылды. 3.Зерттеу кезеңдері:  1­кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және  материалдар жинақтау; 2­кезең­ Экспериментті жобалау;  3­кезең­ Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты  ашуға жұмыстану;  4­кезең­  Эксперимент жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу,  қорытындылау, жазу.  Зерттеуде жинақтау, саралау, әдеби­ғылыми талдау, химия  лабораториясында шай құрамындағы заттарға сапалық реакция  жасау әдістері басшылыққа алынды.                                                                                                                                                                4.Зерттеу әдісі:  5.Зерттеу жаңалығы мен зерттеу дәрежесі:    Бұл жұмыста әр түрлі елдің шай өсірушелері, дақыл тарихын  зерттеушілері, дәрігерлері, ежелгі халық тұрмысына тұтынған  заттарды жинаушы коллекционерлері, байырғы заманның көне  рәсімдерін ұстанушылардың шай  туралы жазылған  материалдарын жинақтай отырып, ең ежелгі сусын туралы осы  заман адамдарының көзқарасын салыстырылып, шайдың пайдасы  және зияны туралы деректермен дәлелденген еңбек болып  табылады. 6.Зерттеу нәтижесі:  3 Сусын туралы пайдалы да қажетті тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, табиғат шайдың кішкентай  жапырақшаларынан химиялық заттардың  қоймасын жасағанын  анықтай келе, адам организміне пайдалы және зиянды әсерлеріне   зерттеу жүргізілді. 7.Қорытынды:Дүниежүзі халықтарының тарихында және күнделікті өмірде     ерекше орын алатын шай, шай ішу, сусынды әзірлеу әдістері және  соған байлынысты рәсімдерді зерттей келе  адам организміне  әсерін байыптау.                                            Annotation 1.The aim the research: To investigate  the chemical compound  of  the tea. To define  the  components of  tea,  to compare  types of  tea,  compound  and features,  to make experiment and to know the effects to  people's organism 2. Hypothesis: 3.Stages of research: In the research considered to investigate features of tea and the  effects to improve school experiences and social problems.  1 stage­ To find the theme to acquaint with literatures and to  collect materials.  2 stage ­ To make a plan of experience                     3 stage ­ To make experience, to systematize the work and to   conclude    4 stage­ To analyze the collecting materials, to work to show  the main aim and to write the work. 4.Methods of research:   In research was used the methods collecting, analyzing, belles­ lettres­ scientific analyzing and have made quality reaction to  the tea    compound  at the chemistry laboratory. 5.The level and novelty of research:                                       In this research collected the materials, history and information  about tea indifferent countries of tea growers, collectors,  explorer and doctors. In the research compared the opinions of  modern   people and proved the useful and harmful sides of tea. 6. Resuts of research: 4 Showing   the historical  and   scientific  important  information  about  drink, and to define the nature have made the leaves of tea  is chemical store  house, and have been investigated useful and  harmful effects of tea to people organism.  7. Conclusion:                                    Tea look place the important place in history and in life people  all over the world. In this research have explored the methods of  to do tea, to drink tea and have explored traditions connecting  with the tea to show the effects of tea to the people organism.                                        Жоспар  I. Кіріспе.        1. Шай­сусын.        2. Тарихқа көз жүгіртсек....  II. Негізгі бөлім.         1.Тәжірибелік­эксперименттік бөлім.         2.Шайдың химиялық құрамы.         3. Шай құрамындағы негізгі заттарды эксперимент жасап анықтау.         4. рН ортасына байланысты шай түсінің өзгеруі.  III. Қорытынды.       Шайдың ағзаға әсері.        Мектеп оқушыларының шайды пайдалануы (әлеуметтік сауалнама).  ІV. Иллюстрациялық суреттер 5 Адамдар бағзы заманнан бері шай ішіп келеді. Осы бір ғажайып сусын туралы  алғашқы деректерді біздің заманымыздан бұрынғы дәуірден­ақ кездестіруге  болады. Шай­ жиырмасыншы ғасырдың ең кең тараған   сусыны саналады.  Статистика осыны көрсетіп отыр. Адамзаттың  бестен төрт бөлігі шай және  соған ұқсас сусындар ішеді екен. Әлем халықтары арасына таралуы жағынан  ол таза судан ғана кем түседі.  Бірақ біз шайды сонау бұрынғы заманнан бері ішіп келе жатсақ­ та, тегінде,  егер шетелден сатып алатын болсақ алтын төлейтін, ал өзіміз өсірсек қыруар  күш  жұмсайтын осы өнімнен мейір қандырып, жан рахатын ала алмасақ, оның басты себебі де шайдың қасиеті туралы біле алмауымызда.  Шайдың отаны –Оңтүстік Батыс Қытай және оған жақын жатқан Бирма және  Солтүстік Вьетнам. «Шай» атауы Солтүстік Қытайдың сһа деген сөзінен  шыққан, ал өзі 5700жыл бұрын пайда болған. Шай ішу дәстүрі ежелгі Қытай  елінен бастау алады. Аңыз бойынша желмен ұшып келген бірнеше шай  жапырағы қытай императоры үшін дайындалып жатқан ыдыстағы қайнаған  суға түсіп кетеді (б.з.д.VI ғасыр ). Сусын өзінің дәмімен және қош иісімен  билеушіні қатты қызықтырады. Сол күннен бастап ол өзінің қол  астындағыларға шай демдеп, оны ішуді бұйырады. Ал Ресейге шай 1638 жылы келіпті. Орыс елшісі Стариков Мәскеу патшасына  Монғол ханның сыйлыққа берген шайын әкеліп береді. Алғашқыда патша  бұндай сыйлыққа қатты ашуланыпты. Бірақ кейін жаңа сусын патшаның  көңілінен шығады. Шай Жапонияға ХІІ ғасырда Қытайдан келіпті. Жалпы шайды  батыста «ти»  десе, шығыста «шай» деп атайды. [1­21б] 6 Шайды сүйсініп ішетін ағылшындар әу баста  шайдың тұқымын Қытайдан  ұрлап алған екен. Бір қытайлыққа көп ақша төлеп, одан шай әзірлеу  технологиясын үйреніп алады да елге келісімен оны жариялап, таратады.  1763 жылы швед теңізшісі   жаратылыстанушы Карл Линнейге Қытайдан өсіп  тұрған шай бұтағын әкеліп береді. Бұл өсімдіктің ерекшелігіне тәнті болған  Линней thea sineusis­қытай шайы деп атаған. ХІХ ғасырда үндінің Ассам,  Бирма, Лаос провинциясында  шай ағаштары табылып, ботаниктардың  зерттеулері бойынша бұларда ерекшеленген, thea assamica «ассам шайы» деген атау алған. Қытай философтары шай шараптан жақсы, себебі, ағзаны сергітіп,  мас  қылмайды және судан жақсы, себебі, инфекция тасымалдамайды деп  тұжырымдаған. Еуропаға шайды 16­18 ғасырда португалдықтар мен голландықтар әкелген. Көпестер  Англия короліне алғаш рет шай әкелген  кезде шайы бар үйде  байлық бар деп есептелген,  ал қарапайым жұрт шайдың дәмін 18 ғасырдың  аяғында татқан.  Князь М.Воронцов, Закавказьеде шай өндіру ісін тұңғыш ұйымдастырушы.  1848 жылы Воронцовтың нұсқауымен Сухумидегі ботаникалық бақ пен  Озургтегі (Грузия) климатқа бейімдестіруші питомникке бұрынғы  Императорлық Никитск бағынан, өз кезегінде Қытайдан алдырылған шай  бұтағының көшеттері жіберілді. Бұл көшеттерді бейімдеп өсіргенмен, шай  жапырағын өңдеу сапасы тым төмен болып, сәтсіз аяқталған. 1778жылы И.Лисицин Тулада алғаш самаурын фабрикасының  негізін   қалаған. Ал В.Баташов Тула самаурындарын шығарған, «орыстардың  самаурын королі» атанған. 1840 жылы негізі қаланған Баташов фабрикасы  Петербургте, Одессада және Парижде өткен көрмелерде жиырмадан астам  жоғары наградаларға ие болған. Самаурындардың халық арасында таралғаны  соншалық, шетел фирмалары бірнеше рет жалған түрлерін жасаған. Грузин шайының қажырлы насихатшысы И.Мелуа  өз қолымен, қарапайым  станок пен кептіргішті пайдаланып, өзінің шағын алқабында өсірген шай  жапырағын үйінің кішкентай бөлмесінде өңдеген. 1912 жылы өзінің «қолдан  жасаған шайын» Римде ұйымдастырылған Бүкілдүниежүзілік ауыл  шаруашылық көрмесіне жіберді. Оның шайы көрменің Алтын медалі мен бас  бәйгесін алды. Грузин шайының танымал болған уақыты осы кезден басталған. Ал қазіргі кезде шайды Қытаймен қоса Үндістан, Аустралия елдері  дүниежүзілік нарыққа шығаруда. Шай (Thea) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар  туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік  жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай  деп аталады.  Шай бұтасы — күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді.  7 Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері өткір тісті, ұзындығы — 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның  бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады.  Шай өнімдерінің ішіндегі  ең бағалысы —бірінші және екінші бүрлері. Бірінші  өнім, әдетте, ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы — Оңтүстік­ Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның  Ассам ормандарында өседі. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп  аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және  субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінде Әзірбайжан, Грузия,  Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде  шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70  жыл өнім береді. Шайдың басты құндылықтары Тамақтану саласының белгілі ғалымы  американдық Алиса Чейз өзінің кең тараған «Денсаулық тамағы» атты  кітабында шай мен кофені «ауруға душар ететін жә­не адам денесінің өмірлік  маңызды құрылымын бұзатын» улы сусындар тобына жатқызғанымен,  көптеген ға­лымдар шай мен кофе туралы басқаша пікірде. Бұл сусындарды  жақсы көретіндер оның өте пайдалы, тіпті шипалық қасиеттерінің бар  екендігіне кәміл сенімді.  Халық ежелден – ақ шайды «Өмір зәмзәмі» деп атаса, атақты Ибн Сина шай  туралы былай деген: «Шай денені сергітеді, жүрекке жылу ұялатады, көңілді  көтереді». Еуропада бұл сусынның екі атауының бар екені мәлім. Оны батыста «ти» деп, Шығыста «шай» деп атайды. Бірқатар тарихи деректер бойынша,  шайдың алғаш шыққан жері Қытай, Вьетнам. Өткен ғасырдың ортасында  Қытай тек қана шай өндіріп, дүниежүзін шаймен қамтамасыз етіп келді.  Шайды мейлінше сүйсініп ішкен кісілердің бірі Л.Толстой. Ол шай туралы:  «Тіпті мен онсыз жұмыс істей алмағандықтан, мен шайды көп ішуге тиісті  болдым. Жүрегімнің түкпіріндегі бұғып жатқан мүмкіндіктер шай арқылы  ғана босанып шығып, жасампаздық мүмкіндіктеріне жол берді» деген.  Әубаста айлакер бір ағылшын шайдың тұқымын Қытайдан ұрлап алып, бір  қытайлыққа көп ақша төлеп, одан шай әзірлеу технологиясын үйреніп алады  да еліне келісімен оны жариялап, таратады. Қазір біз сатып алып, қайнатып  ішіп жүрген шай – мәңгі жасыл өсімдіктің сол­дырылған, ширатылған, фер­  менттелген, кептірілген жа­пырақтары. Бұл өсімдіктің алуан түрі (Қытай,  жапон, цейлон, грузин шайы) бұтасының биіктігімен, жапырақтарының  мөлшерімен, басқа да бірсыпыра ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Тек бәрін де  біріктіретін басты қасиет – жапырақтарының құрамындағы шайдың бағалы үш қасиеті. Олар: илік заттар (олардың ішінде таниннің ерекше маңызы бар) және  шайға тұтқыр, сәл ашқылтым дәм беретін катехиндер, шайға сергішкіш,  қоздырғыш әсер дарытатын кофейн (шайдың құрамында оны көбіне теин деп  8 атайды), хош иіс беретін эфир майлары. Негізінен, шай катехиндерінде  өткізгіш дәруменнің (Р дәрумені) жоғары белсенділігі күшті. Шай – байха шайы (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш қара, көк шай (қоспасы).  Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін),  пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа  дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофейнге  байланысты. Оның мөлшері 4 пайызға дейін. Шайдың кофейні кәдімгі  кофедегі кофейнге қарағанда әсері біршама жайлы, әрі ағзаға жиналмайды.  Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл  үйіретін дәм береді. Көк шайдағы илік заттардың мөлшері әлдеқайда жоғары,  14 – 15 пайыз орнына 25 пайыз.  Шайды сақтау және қайнатуға да үлкен көңіл бөліну керек. Көп тараған  Грузин букеті, Азербайжан букеті, Грузин мен Краснодар шайларының  жоғарғы сорты, үнді және цейлон деп аталатын шайларды өндірген кезде  олардың хош иісі мен дәмдік қасиеттерін әдемі ұштастыратын жағдайлар  қатаң сақталады.  Дәмді әрі хош иісті шай тұнбасын алу үшін оны құрғақ орында, қақпағы жақсы жабылатын арнайы шай салғышта сақтайды. Шайдың жоғары сапасы мен хош  иісі көбінесе дүкен мен үйде сақтау кезінде нашарлап кететін болғандықтан,  мамандар шайды құрғақ жерде сақтауға кеңес береді. Құрғақ шайдың иіс  тұтқыш қабілеті өте жоғары болғандықтан, оны иісі күшті жермай, балық,  әтір, иісті сабын тәрізді заттарға жақын қоюға, олармен бірге сақтауға  болмайды. Олай жасалса, шай жаңағы заттардың жағымсыз иісін өз бойына тез тартып алады, содан мұндай шайды қайнатқан кезде жағымсыз дәм пайда  болады. Сол себепті, шайды саңлаусыз жабылатын ыдыста сақтау – басты  шарт. Шайды қайнатқанда шайнекті отта ұзақ ұстауға болмайды. Ондай жағдайда  оның құрамынан эфир майлары тез ұшып кетеді, одан буланған жапырақтың  иісі шығатын болады.Шай шығарғанда ерекше бап қажет.  Көк шай — шай жапырағының күн көзіне кептірілген түрі. Көк шайдың  пайдасы көп. Ол адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің  қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп,  сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай. Ол жүрек­ қан тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге  шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзадағы  дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал  көк шай осы олқылықтың орнын толтыруға көмектеседі. Америкалық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан  клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенол ДНҚ­ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге  9 бейімді болып шықты. Сонымен қатар, полифенолдың сау клеткаларды  қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет  пен тері ауруларын емдейтін дәрі жасамақшы. Көк шайға бір бөлік лимон мен  шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш­қуат беретін сусынның дайын  болғаны. Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300­ 600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы  аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындау тәсілін қытайлықтар өте  құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді. Улун шайы — жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш  түскенде өте жақсы жәрдемдеседі. Қызыл шай — (бізше қара шай) күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға  жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген. Қара пуэр — тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана  жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге  әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір  қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздапты. Пуэр —  уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың  жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті. Гүлді шай — гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.  Сүт қосылған қою шай дәрі­дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың  бетін қайтарады. Қара   шай –  ең   көп   таралған   түрі   (Қытайда   бұл   сұрыпты   қызыл   шай   деп атайды). Оның   дайындалуында   шай   ағашының   жапырағы   өңдеудің   барлық   түрінен өтеді: сүрлеу, шырынды таңдап алу, кептіру және үгу. Қара шай ми жұмысын күшейтеді,   депрессияны,   шаршаңқылықты   бәсеңдетеді   және   зат   алмасуды жақсартады.   Шайдың   ағзаға   әсер   етуі   оның   шайырының   мөлшеріне байланысты: қатты қайнатылған және қант пен лимон араластырылған қара шай   артериальді   қысымды   көтереді,   жүрек   соғысын   жылдамдатады,   кейде температураңызды көтеруі мүмкін. Аз шайырмен демделген шай қан қысымын түсіріп,   қызуды   бәсеңдетеді.   Тағы   да   шайдың   бір   артықшылығы   серотин гормонының   көбею   әсерінен   адамның   көңіл­күйі   көтеріледі   екен   және   бұл ғылыми   дәлелденген.   Шайдың   бұл   түрі   тамыр   қабырғаларын   қатайтады, тромбалар пайда болуына кедергі жасайды, ағзадағы керексіз қалдықтар мен ауыр   металдардан   тазартады,   антибактериалды   әрекеттерді   бақылауда ұстайды.   Алайда   қара   шайдың   кезектен   тыс   қолданысы   ұйқысыздыққа, күйгелектікке әкелуі ғажап емес. [2­12б] Шайдың құрамында танин, кофеин, теобромин, эфир майы, витаминдер  (Р,С, В, В2, РР), пигмент, т.б. заттар болады. Сонымен қатар: Шайдың химиялық құрамы 10 Заттар Илік заттар Акуыз Секер Кофеин Теофиллин Клетчатка Крахмал С дәрумені  В1 дәрумені   В2 дәрумені K дәрумені Р дәрумені РР дәрумені Каротин (провитамин  А) Калий Кальций Магний Темір Марганец Мыс Құрамдағы бөлігі, % 30 16 2 5 Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана Аз ғана  Кофеинді анықтау.  1 қасық уатылып ұсақталған шайды және 2г магний оксидін  фарфор немесе  металл тигельге  салып араластырып, жайлап отқа қыздырылды. Тигельдің  үстіне салқын суы бар фарфор стаканды ұстап тұру керек. Магний оксидінің  қатысында кофеин қайнап, буланады, жоғары көтеріліп салқын ыдыстың  түбіне жабысады. Қыздыруды тоқтатып, ыдысты тигельден абайлап түсіріп  11 жиналған кристалды қырып алынады. Ал, кофеиннің пайда болғанын білу  үшін сапалық реакция жасалды. Кофеиннің бірнеше кристалын алып фарфор пластинкаға салып азот  қышқылын тамызып, қыздырса әдемі оранж түсті амалин қышқылының  түзілгені байқалады. Түзілген қышқылды бйтараптап аммиакпен әсер еткенде одан да әдемі қызыл  сары, таңғы арай түстес тұз түзіледі.Бұл мурексид   тұзы.  Танинді алу. 50 г көк шайды жарты стакан сумен  1 сағаттай қайнатып, құрамындағы  заттардың толық еруін бақылаймыз. Ерітіндіні бірнеше қабат марля арқылы  сүзіп, фильтрде қалған тұнбаны ыссы сумен бірнеше рет шаяды. Түзілген   сары­жасыл түсті 15 г қорғасын ацетатын қосып қорғасын танатының тұнбасы  алынады. Бұл тұнбаны үш рет ыссы сумен шайып қорғасын иондарын жоямыз.  Ал қорғасынның жойылғанын күкірт қышқылын қосу арқылы білеміз. Егер  тұнбада қорғасын иондары болса ақ түсті қорғасын сульфаты түзіледі. Егер  реакцияда қорғасын жоқ екені анықталса, оған барий гидроксиді қосылып,  тұнбаны сүзіп аламыз. Ал,қалған мөлдір  ерітінді шай танинін су банясында буландырып алып,  ұнтаққа айналдыру керек Танинмен де сапалық реакция жүргізілді:   1 тәжірибе . 0,5 г танинді  40 г суда ерітіп  темір (ІІІ) хлоридін қосады.   Ерітінді қара түске айналады және ерте кездегі жазуға қолданған сия алынады    2 тәжірибе . 0,3 г танинді сынауыққа салып 2­3 тамшы тұз қышқылын құйса  көздің жауын алатындай қып қызыл флабофен алынады.  3 тәжірибе . 2 %­ті  тұз қышқылына 0,3 г ванилин   және  0,1 г танин салса.  Ерітінді  таңқурай түске боялады. 2.3. рН ортасына байланысты шай түсінің өзгеруі.  Гибискус өсімдігінен  дайындалған «Каркаде» шайы керемет түске ие болады, ал оған түрлі жидектер қосылғанда құрамындағы қышқылдар немесе сілті  әсерінен оның түсі өзгереді. Антоциан түсі ерітіндіде қышқылдық, негіздік   ортаның болуына   байланысты өзгеріп тұрады. Шайдың түсінің қышқылдық негіздік ортаның әсерінен өзгеруі  Шай сорты Жасыл  Ерітінді  қараяды  Түсі  өзгермейді 12 Реактив сілті қара Ерітінді  қараяды қышқыл Түсі  өзгермейді «Каркаде» шайының түсінің қышқылдық негіздік ортаның әсерінен өзгеруі Ерітінді түсі қызыл рН 3,0 Ашық қызыл 5,0 6,0 Қызғылт қоңыр 7,0 Қара қоңыр 8,0 Қоңыр жасыл 10,5 Қою жасыл 12 жасыл Осы қасиетіне орай, «Каркаде» шайын индикатор ретінде қолдануға болады. [4­130б]  Жақсы өскен шай жапырағында С, В1, В2, А, Р дәрумендері бар деп, оны бет­ алды іше берсең, шай өңіңді өзгертіп, ұйқыңды қашырады. Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады.   Шай   тұнбасындағы  Р  дәрумені   адам   ағзасына  С  дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Шай   тұнбасы   қан   капиллярын   бекітеді,   жүйкені   жақсартады.   Сонымен, табиғат   шайдың   кішкентай   жапырақшаларынан       химиялық     заттардың қоймасын жасағанын білдік.Осы заттардың шипалық қасиеті бүлінбеуі үшін шайды дұрыс пайдаланып, жөндеп шығара білу қажет. Шай дымқылды және әр түрлі иісті өзіне оңай тартатындықтан, құрғақ әрі жабық   ыдыста   сақталғаны жақсы.   Сондықтан   шайды   беті   жабық   шыны   не фарфор ыдыста ұстаған жөн. Шайды металл шәйнекке демдегенде, дәмі бұзылады, оған тек шыны не  фарфор  шәйнек қолайлы. Шәйнекті алдымен ыстық сумен шайқап,  мөлшерлеп шай салған соң, 4­5 минут тындырып қойып, үстінен қайнаған  суды еселеп құю керек. Отқа қойып қайнатса, дәмі бұзылады. [1­130б]  Шайдың емдік шипасы: сүт қосылған қою және тәтті шай халық емінде  нашадан, дәрі – дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда, оның (уланудың)  бетін қайтаратын емдік сұйықтық ретінде пайдаланылады. Бал, қара бұрыш, қосылған шай зәр қуғыш және тыныс жолдарына суық  тигенде терлететін дәрі орнын басады.  Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы (1 стақанға шай қа­сық мөлшеріндегі  13 жүзім шарабы) тамызылған қара және көк шай қоспаларының қою,  салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп  қалуы, коньюктивит кезінде көзді жууға болады.  Жас шай жапырағының шырынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып,  үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды  шайнау – жүрек айнығанды және аяғы ауыр әйелдерде, автокөлікте  шайқалғаннан, теңіз сырқаттарынан болатын құсып, қатты лоқсуды басуға  жақсы кө мектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі  пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай  тұнбасы қан қысымын түсіреді. Кешегі шай бұзылмаған болса, оны тәнге тарту арқылы емдік мақсатқа  пайдалануға болады. Себебі бір тәулік тұрған шайда қышқылдар мен фтор  көбейеді. Тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға  ем ретінде қолданады. Ол өте пайдалы.  Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған.  Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу  үшін ішкен көрінеді.  Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек,  дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Шай қан құрамын,  жүрек жұмысын жақсартады.  Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды.  Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке  жүйесінің қызметін қоздырады, қан қы­сымын күшейтіп жібереді. Шай 18  градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын,  дәмдік татымдылығын жоғалтады,. Шай тұнбасы қан капилярын бекітеді, жүйкені жақсартады. Көк шайдың  пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық  еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шайда жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бай. Ол жүрек  тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге  шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуі­ не ағзада дәрумендер  мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай  құрамында поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба  құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге  қарсы күші де бар. Қытай, жапон елінде көк шай жоғары бағаға  ие. Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан  клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенол ДНК – ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге  бейімді болып шықты. Сонымен қатар, полифенолдың сау клеткаларды  қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет  14 пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге  үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе? Егер оны  шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір  бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш­қуат беретін  сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал  кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді. Жас шай жапырағының шырынымен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен  шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау — жүрек айнығанды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі  сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек  жараларын жазады. Шайды тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде,  іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Таңертеңгілік және кешкі уақытта тіс  тазалар алдында шай тұнбасымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды. Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар . Сонымен,  табиғат шайдың кішкентай жапырақшаларынан   химиялық  заттардың   қоймасын жасағанын білдік. Шай адамдардың күнделекті тұрмыс және қызмет барысында құрметтесіп, сыйласып ішетін сусын.Сонымен қатар   денсаулыққа  да зор пайдалы, айтар болсақ: шайда бір түрлі күшті әрі жағымды исі  болады  да, сарайды ашып, бойды жадыратады. Табиғатта қай нәрсенің болса  да өз мөлшерімен болғаны жақсы. Сол сияқты көк шайды да денсаулық  жағдайына байланысты орнымен ішкен жөн. Өйтпесе аса пайдалы деген көк  шайдың да кері әсер етуі мүмкін. Мысалы, көк шайдың құрамында зат алмасу  процесінің бұзылуына себепкер болатын улы несепнәр түзетін пуриндер де  көп мөлшерде кездеседі. Сол себепті буындарына тұз жиналған адамдарға көк шайдың пайдасынан гөрі зияны көбірек. Арнайы зерттеу кезінде буын  ауруларымен ауыратын адамдардың көпшілігі көк шай ішуді тоқтатқаннан  кейін жағдайларының анағұрлым жасарғаны байқалған. Жақында Ресей ғалымдары көк шайдың құрамында кофеин мөлшері көп  екенін анықтады. Ал кофеиннің зиян екені мәлім. Ол адамды өзіне тәуелді ете  алады. Қан қысымы жоғары адамдар оны көп ішкен сайын самайы жіпсіп, өзін  жеңіл сезінгенін айтып жатады. Сөйтіп көк шайды пайдалы деп шәйнектеп іше береді. Ал бұл уақытта кофеин «бұрыш­бұрышты» қуалап, ағза  қалтарыстарын мекендеп алады. Сөйтіп адам көк шайға тәуелді болып  қалғанын сезбей де қалады. Көк шай ішкенде ғана басының ауырғаны  басылатын адамдар шын мәнінде оған тәуелді дейді зерттеушілер. Көк шайдың құрамында адамның жүйкесін тыныштандыратын теанин атты  элемент бар. Көп ішкен жағдайда ол ұйқы шақырып, жүйкені әлсіретеді екен.  Ал алты кеседен артық ішкен адамның асқазан мен ішек қырындысын кетіруі  мүмкін. Ендеше зиян болмау үшін оны қанша мөлшерде ішу керек? 15 Дені сау адамның көк шайды күніне төрт­бес кеседен артық ішпеген жөн  көрінеді. Сонда оның құрамындағы пайдалы элементтер көздің көру қабілетін  жақсартуға, сүйектің сыну қаупін азайтуға сеп болады екен. Төрт кесе көк  шай остеопороз, Альцгеймер, Паркинсон дерттеріне қарсы әсерлі ем бола  алады. Тіпті қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады, жасөспірімдердің тіс  ауруын азайтады. Оның артынша бір апельсин жеу компьютер экранынан  таралатын радиациядан да қорғайтын қасиетке ие. Бірақ мұның бәрі жоғарыда аталған мөлшерде ғана ішілген жағдайда іске асады. Ал одан көбірек ішсеңіз  көк шайсыз тұра алмайтын халге жетуіңіз мүмкін. Ендеше көк шайды да  мөлшерімен ішкеніңіз жөн шығар Көк шайдың пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен  жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам  жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге  бай. Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын  емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада  дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал  көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал  ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол.  Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның  алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары  бағаға ие. Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан  клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал  ДНҚ­ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге  бейімді болып шықты.  Сонымен қатар полифенолдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін  дәрі алмақшы.  Егер, оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк  шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш­қуат  беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал  кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.Көк шай көңіл­күйді  жақсартады.        Шайдың құрамында   бактеряларға қарсы тұрып, қорытқыштық қасиеті  бар  катехиндер болады. Оның Р витаминдік қызметі жоғары, ұсақ қан  тамырлары қабырғаларын нығайтады, атеросклероздық процестің дамуын  тежейді. Катехиндердің тағы бір қасиеті адам организмінде аскорбин  қышқылының жиналуына жағдай жасайды.    Тамақ қабынса , қарлықса, бас  ауырса  қою  қайнаған  көк  шайға  секер  салып ішсе  тамағыңның   ауырғаны  басылып, тұмаудан айығасың.  Бұл ең қарапайым шай арқылы  16 тұмау емдеу әдісі есептеледі.  Күнделікті тұтынуға ыңғайлы, жылдам дайындалатын қаптамадағы  шайлардың өзіндік зияны да бар екен. Бұған әлем дәрігерлері көз жеткізді.  Вашингтон университеттік медицина мектебінің ғалымдары адам  денсаулығының қауіпсіздігі үшін шағын қаптамадағы қайнатылған шайды  күніне 5 кеседен артық қабылдауға болмайды деп ескертеді. Себебі фтордың  шоғырлануы, бойымыздың ықтималды шамасын жоғарылатып жібереді және  денсаулықтың бұзылуына сеп болады. Ғылыми деректер бойынша, қаптамадағы шай ағзада фтор шоғырлануының  жоғарылауына, сүйектің тығыздануына әкеп соқтырады және оның әлсіздігін  жоғарылатады. Ол аздай, сүйек тамырларының ауруына әкеліп соқтыратын  қаңқа флюорозы деген аурудың дамуына да қарапайым шайдың әсері мол  екен.  Қаптамаға салынатын шай жапырақтары қалпын жоғалтқан жапырақтар және  төменгі сападағы шай қалдықтарынан жасалады. Сондықтан мұнда шайдың  дәмі екінші сатыға ығысары анық. Дегенмен мәселе шайдың дәмінде емес,  қауіптісі ­ қаптаманың қағазы болуы мүмкін. Шай қаптамаларының көбі  пестицид ретінде пластиктың өндірісі үшін қолданатын құрылым ­  эпихлоргидринді қолдану арқылы өндіріледі. Бұл зат сумен байланысқа  түскенде 3­монохлорпропандиол (канцероген) түзеді. Әрине, бұл зат көп  мөлшерді құрамайды. Ал әңгіме қатерлі дертке келіп тірелгенде, құрап  отырған заттың мөлшері қызықтыратыны сөзсіз. Бұл жерде адам ағзасының  және иммундық жүйенің қалпы, күйі, адамның жас мөлшері, созылмалы ауруға шалдыққан шалдықпағандығы маңызды болып табылады.  Қаптамадағы шайға арналған қағаздарды өндіретін компаниялардың барлығы  дерлік эпихлоргидринді қоса бермейтінін атап өту керек. Алайда сіздің сүйіп  ішетін шай маркасында бұл заттың қолданыс тапқандығын анықтау қиын,  өйткені оралынған қаптамасында бұл көрсетілмеген.  Сондай­ақ сатылымға шығатын заттар арнайы лабороторияларда зерттеуден  өтетіні де даусыз. Санэпидемиологиялық зерттеу барысында шай  құрамындағы уытты (токсичный) элементтер, пестицидтер, зеңдер,  микробиологиялық элементтер тексеріледі.  Ал біз өз кезегімізде халықтың арасында кеңінен танылған жылдам әрі  ыңғайлы қаптамадағы шайлардың жайын ақпарат көздерінен іздеп көрдік.  Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік СЭҚ комитетінің Алматы  қалалық департаментінің азық­түлік нысандарының санитарлық және  гигиеналық қадағалау бөлімінің берген ақпаратына сәйкес, қаптамадағы  шайдың құрамында қорғасын мөлшері 10 мл­нан кг­ға, мышьяк­1 мл­нан кг­ ға , кадми­ртуть­0,1 мл­нан кг­ға артық болмауы керек. Ал шайдағы микро­ 17 токсиндерді тексерудегі белгіленген мөлшер: афлатоксин B1 0,00500,  пестицид (альфа­, бетта­изомері 0,01). Микробиологиялық көрсеткіш  сараптамасы бойынша көгерткіш зең (плесень) болмауы керек. Аталған  элементтер осы берілген мөлшерден аспауы тиіс. Ал алдрин, гептахлор  элементтері шай құрамында мүлдем болмауы керек. Осылайша әрбір зат  мемлекеттік стандарт тексерісінен өтеді. Аталған зат стандартқа сай келсе  ғана сертификат құжаттары, рұқсат қағазы беріліп, сатылымға қойылады.  Егер де сатылымда тұрған қандайда болмасын заттың рұқсат қағазы,  растайтын құжаттары болмаса, яки сақтау мерзімінен шығып қалған болса сол мезетте сөреде тұрған зат алынып тасталады.  Айталық, былтыр 2012 жылы 12 шай түрі және 1 кофе түрі зертханалық  сараптамадан (органолептикалық көрсеткіштерге, уытты элементтерге, уытты заттардың қалдық мөлшерін анықтауға және санитарлық­микробиологиялық  зерттеулер) өткізілді. Соның ішінде Қытайдың жапырақталған «Индира» көк  шайынан уытты зат гептахлор ­ 0,003 анықталған, дәл осындай жасмин  қосылған «Индира» көк шайынан уытты зат гептахлордың 0,01 мөлшері  анықталды. Сондай­ақ бұл шайлар сақтау мерзімінен де шығып қалған  болыпты. Бұл жағдайдан кейін шай өнімдері қатаң бақылауға алынған екен.  Ал биылғы 2013 жылда әзірге ондай олқылықтар анықталған жоқ­ деп  көрсеткен сала мамандары. Сонымен қатар салқын пластмасса және темір  бөтелкелерге құйылған шайлардың құрамы мен сапасы да даулы мәселелердің туйіні болып жүр. Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам  басына шаққанда әр қазақ жылына 1­2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың  шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зерттеуші  М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген  тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. [6­156б] Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды­солды шай іше беру денсаулыққа  зиян. Қандай кезде шай ішпейді?  Шай ішу де өзіндік өнер болғандықтан, оны ішетін, ішпейтін кездерді де  білген жөн. Мамандардың, дәрігерлердің ақыл – кеңесі бойынша, мынандай  жағдайда шайды ішпейді: 1. Ашқарынға суық шай ішпейді. Себебі ол ішке түскен соң өт пен асқазанды  салқындатуы мүмкін. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп,  сананы сейілтеді. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.  2. Арнайы зерттеу қорытындысы бойынша, температурасы 62 градустан  жоғары шай ішу асқазанға зиян. Шайдың температурасы 56 градустан аспауы  қажет. Өте ыстық шайдың кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға зиянын тигізуі  мүмкін. [4­62б] 18 3. Қою шайда кофейн мен теин көп. Ондай шайды ішсе басты ауыртып,  ұйқыны қашырады.  4. Шайды ұзақ қайнатпайды. Олай жасаса, шайдың фенолы, липоидтар мен  эфирлік қоспалары өз – өзінен қышқылданып, шай тұнығы, дәмінің сапасы,  хош иісі төмендейді. Содан сіңімділік қасиеті нашарлайды. Ұзақ қайнатылған  тұнық шайда қоршаған ортаның әсерінен түсетін микроорганизмдердің де  мөлшері көп. Сол себепті мұндай шайды ішуге болмайды.  5. Бірнеше рет қайнатылған шайды ішпейді. Үш ­ төрт рет қайнатқаннан кейін  шай жапырақтарынан ештеңе қалмайды. Бірінші қайнағанда шай  жапырақтарындағы пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда – 30  пайызы, үшінші қайнатқанда – 10 пайызы, төртінші қайнатқанда – 1­3 пайызы  ғана қалады. Одан әрі қайната берсеңіз, шай құрамындағы зиянды заттардың  шығуы да мүмкін. Бұл – мамандардың қорытындысы.  6. Тағамның алдында шай ішпейді. Ондай шай сілекейді қышқылдандырып,  оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің  протеинді сіңіруі уақытша да азайып кетуі ғажап емес. Негізінен, шайды  тамақтан 20 – 30 минут бұрын ішеді. 7. Тамақтан соң шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, 20 – 30 минут күтіңіз.  Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам  сіңімділігін төмендете түседі. 8. Дәріні шаймен ішпейді. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда  болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. «Шай дәріні бұзады»,  — дейді ежелгі қытай ойшылдары. [3­17б]  9. Кешегі шайды да ішпеу қажет. Бір тәулік бойы тұ­рып қалған шай  дәруменін жоғалтады, онда протеин мен қант көп болғандықтан, ол  бактериялар үшін таптырмайтын ортаға айналып үлгіреді. 10. Шайға шектен тыс қант қосып ішпейді. Сүтті шайға лимон салса, шай іріп  кетеді. Шайдың жеті түрі Ақ шай – шай жапырақшалары жұқа және ашық  түсті. Өте нәзік.  Осы тақырыпты зерттей отырып, мектеп оқушыларына сауалнама жүргізілді: Мектеп оқушыларымен жүргізілген сауалнама Шайды пайдалану  Шайдың түрлері  Қара  Сауалнамаға қатысқан  оқушы саны (%)  40 (80)  19 Қоюлығы  Стакан саны  көк  «Каркаде»  Қою  сұйық  1  3  көп  16 (20)  0  25 (50)  25(50)  2 (4)  35 (70)  13 (26)  Дені сау ұрпақ ­ жарқын болашақтың кепілі, олай болса, бүгінгі күні кез   ­келген тағамның сапасы, құрамы, ағзаға әсері туралы білу әрқайсымыздың  міндетіміз. Аталмыш тақырыпты зерттей отырып, күнделікті пайдаланып  отырған шай құрамындағы заттарды, олардың қасиеттерін, адам организміне   әсерін білдім. Болашақта фармацевт мамандығын таңдап, шайдың  құрамындағы  заттардың (эфир майы,шай витаминдері, фолий қышқылы,  танин, кофеин, катехиндер)  емдік қасиеттерін  толық пайдалану мақсатында  жаңа дәрілерді жасауды немесе қазіргі уақыттағы пайдаланып жүрген дәрі­ дәрмектерді табиғи емдік компоненттермен алмастыруға  жұмыстанғым  келеді.                    20 диета, термо  және   ылғалдылық  балансын  реттеуші • суықта жылытады,  ыстықта  салқындатады. • жүрек және қан  тамырлары жүйесінің  қызметін жақсартады Түрлі  инфекциялар  жараларға  мен  ем • күйік • экзема • жарақаттар • коньюктивит • тісжегі Рак,  радиацияға  қарсы уланудан  сақтайды • жүйке жүйесін  реттеуші,  • антистрессор  • антидепрессант   қан тазалайды,  адсорбциялық  қасиетке ие 21 Талапқа сай  өсіріп, өңделмесе  және сақталу  жағдайы дұрыс  болмаса Қою шайда  кофейн мен теин  көп, дұрыс  дайындалмаса Шектен тыс  немесе кез­келген  уақытта  пайдаланса Шай  зиянды Пайдаланылған әдебиеттер 1. Е. Н.Гусляров, «Бір кесе шай»,Алматы Қайнар, 1988ж, 238б 2.Е.Оразақов, «Денсаулық туралы кеңес», Алматы 1981ж, 133б 3.И.М.Скурихин «Дұрыс тамақтана білесіз бе?», «Қайнар» 1988ж,  248б 4.Т.Шарманов, «Ас ішудің әліппесі», Алматы 1990ж,49б 5.П.Е.Калмыков,М.Н.Логаткин, «Современные представления о роли  составных частей пищи» ­ Л, «Медицина», 1974ж, 240­бет 6.Ю.А.Шурыгин, П.О.Вязицкий,« Химический состав пищевых продуктов»­ Л, 1980ж, 263­бет 7.www.wikipedia.org 22 Иллюстрациялық суреттер   Әдебиеттермен танысу, материалдар жинақтау 23 Кофейнді алу     Танинді алу 24

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны

Шайдың пайдасы мен зияны
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2019